Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы а. Ж. Сарсенбекова


Физикалық және физико – химиялық қасиеті



бет17/39
Дата18.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#103123
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Сарсембекова А.Фармацевтикалық химия

Физикалық және физико – химиялық қасиеті

Цианокобаламин, оксикобаламин және кобамамидтің – сыртқы түрі қоңыр-қызыл түсті кристалды ұнтақ. Цианокобаламин суда жайлап ериді, 95%-ті спирте ериді, эфирде, хлороформда, ацетонда ерімейді. Кобамамид суда нашар ериді, оксикобаламин суда ериді.

Барлық дәрілік заттар УК және көрінетін спектр облысында жарықты сіңіреді. Сондықтан оларды анықтағанда спектрофотометрия қең қолданылады. Осы әдісті оларды индентификациялауда, сандық баға беру үшін, спектр сіңірілген қоспадан анықтау үшін қолданылады. Цианкобаламиннің сіңіру (жұту) спектрі 3 – сызықты: 278, 361 және 550 нм. 278 нм фрагменті 5,6-диметилбензимидазол болуын, ал 361 нм – 6 қабысқан қос байланыс бар коррин жүйені, 550 нм – кобальт атомының болуын көрсетеді.
Талдау әдістері

Спектральдік әдістен басқа, тазалығын зерттеуде кобальт және циан топтарына арналған реакциялар қолданылады.



Кобальты анықтау. Алдын ала кобальты иондық жағдайға түсіреді. Ол үшін дәрілік заттарды калий гидросульфатпен балқытады.

Содан кейін (қорытпаны) балқыманы – негізбен бейтараптандырады, оған сірке қышқылымен натрий ацетаттың (буферлік қоспа), содан кейін нитрозо-R-тұзының (1-нитро-2-нафтол-3,6-дисульфонат натрий) ерітіндісін қосады.



Нитрозо-R-тұзы (2 таутомерлі формада)

Осы ерітіндіге хлор сутек қышқылын қосып, қайнатқаннан кейін қызыл түске боялады. Пайда болғал III валентті кобальт реактивпен бірігіп, тұрақты комплексті тұз түзетінін көрсетеді.

Циан тобын анықтау. Цианкобаламин сынамасын пробиркада қымыздық қышқылын қосып қыздырғанда циан сутек қышқылы бөлінеді. Бензидин және мыс (II) ацетаты ерітіндісіне малынған фильтр қағазымен анықтайды. Көк түске боялған комплексті қосылыс түзеді.

Цианкобаламинді (оксикобаламин және кобамид) стандартты дәрілік заттарды пайдалана отырып, спектрофотометриялық әдіспен сандық құрамын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет