Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы а. Ж. Сарсенбекова



бет25/39
Дата18.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#103123
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Сарсембекова А.Фармацевтикалық химия

1.4.2 Пропифеназон
Пропифеназонның антипириннен айырмашылығы тотықсыздану қасиетін көрсетуі. Пропифеназон (анальгин сияқты) әлсіз тотықтыр-ғыштармен де тотығады. Пропифеназонның сулы – спиртті ерітіндісіне бірнеше тамшы темір (III) хлорид ерітіндісін қосқанда қызыл–қоңыр түске боялады, оған хлор сутек қышқылын қосқаннан кейін сары түске өзгереді.
1.4.3 Фенилбутазон
Химиялық құрылысы бойынша бутилмалонды қышқыл және 1,2-дифенилгидразин циклді гидразин болады.

Фенилбутазон УК және ИҚ – спектр облысында жарық сіңіреді, осы қасиеті оны ерекшелендіруде қолданады. УК – спектрінде бір жолақ сіңіру максимумы 240 нм бейтарап - қышқылдық ортада, ал 264 нм – негіздік ортада.



  1. Қышқылды – негіздік қасиеті. Фенилбутазон (CH – қышқыл сияқты) қышқылдық қасиет көрсетуі, С4 – атомының қасындағы сутек атомының қозғалғыштығынан, оның жанында орналасқан электр терісті карбонил тобымен және кето–енолді таутомер түзу қабілеттілігіне байланысты болады. Негіздік ортада СН – қышқыл ортасында депротондалады да, мезомерлі – тұрақты иондар пайда болады.




Амбидентті ион

Сонымен, негіздік ерітіндіде фенилбутазон амбидент ион түрінде болады.

Қышқылдық қасиетімен фенилбутазон ауыр металдар ионымен ерімейтін боялған комплексті тұзын түзеді. Мыс (II) сульфат реакциясымен фенилбутазон тазалығын анықтайды (сұр–көк түсті тұнба болуымен) анықтайды.

Алкалиметрия әдісі фенилбутазонның қышқылдық қасиетіне негізделіп, сандық құрамын анықтауда қолданылады. Фенилбутазон сынамасын ацетонда ерітіп, 0,1 М стандартты натрий гидроксид ерітіндісімен титрлейді. Түзілген натрий тұзының гидролизін тежеу үшін, дәрілік затты ацетонда ерітеді.



  1. Тотығу реакциясы. Фенилбутазон пиразол туындылары сияқты, толық гидрленген тотығуға тұрақты жүйе. Оны өте қатаң жағдайда тотықтырады, мысалы: кристалды натрий нитриттің концентрлі күкірт қышқылы (H2SO4) қатысуында қыздыру арқылы тотықтырады. Осы реакцияда фенилбутазон циклді гидразид сияқты гидролиттік ыдырауға ұшырайды да, қышқыл бутилмалон және гидразобензолды түзеді. Бутилмалон қышқылы декарбоксилденеді (СО2 – газы шығуынан байқалады), ал гидразобензол азобензолға дейін тотығады да, шие – қызыл түске боялады:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет