Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы а. Ж. Сарсенбекова



бет24/39
Дата18.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#103123
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Сарсембекова А.Фармацевтикалық химия

1.4.1 Анальгин


  1. Тотығу реакциясы. Анальгин айқын тотықсыздандырғыш қасиетін көрсетеді, оның себебі тұрақсыз бөлшектерге гидрленген пиразолин жүйесі мен гидразин топшалары бар болуына байланысты. С4 радикалында реакция қаблеттілігі жоғары. Тотығу реакциясының қабілеттілігі индентификациялауды, сандық талдау әдісі және сақтау жолын анықтайды.

Анальгинді индентификациялау үшін тотықтырғыш ретінде мына қосылыстарды қолданады: темір (III) хлориді, күміс нитраты, натрий нитриді, калий йодаты және т.б.

Анальгин күміс нитраты ерітіндісімен алғашқыда күміс тұзының ақ тұнбасы, содан кейін күміс металлы мен тотығу өнімінің боялған тұнбасы түзіледі.

Анальгинді калий йодатымен қышқылдық ортада әрекеттестіргенде, алғашқыда (анальгиннің тотығу өнімі) қызғыл түске боялады да, содан кейін, йодат калий бос йодқа дейін тотықсызданып, перйодидтің қоныр тұнбасы түседі.

Анальгин берлин лазурінің түзілу реакциясын да көрсетеді.



  1. Гидролитті ыдырау реакциясы. Анальгинді қыздырғанда қышқылдық, бейтарап және негіздік ортада гидролитті ыдырау реакциясын көрсетеді. Қышқылдық гидролиз реакциясы анальгинді ерекшелендіру үшін қолданады: күкірт (IV) оксиді мен формальдегидтің исінен анықтайды. Сонымен формальдегид түзілгендігін, оны хромотроп немесе салицилқышқылымен реакцияға түсіреді, пайда болған аурин бояуымен дәлелдейді.

.

  1. Анальгиннің тұрақтылығы оның гидролитті ыдырауымен тотығуына байланысты. Сулы ерітіндіде анальгин біртекті жүйе құрайды. Онда дәрілік заттар мен оның ыдырау өнімдері – оксиметил туындылары, натрий гидросульфиті, формальдегиді, метиламиноантипирині және соңғы екі заттың әрекеттесінен түзілген аминаль кіреді.

Оксиметильді туынды



Метиламиноантипирин Аминаль

Жарықтың және ауадағы оттегінің әсерінен анальгин тотығады. Сондықтан МФ гидролиз реакциясы негізінде − қышқылдығына және негізділігіне, мөлдірлігіне назар аударады.

Анальгиннің тазалығын тексеру үшін кептіргенде массасының азайғандығы, оның кристаллогидрат екендігін көрсетеді.



  1. Сандық анықтау. Анальгиннің тотығу қаблеттілігі негізінде сандық құрамын йодометрия әдісімен анықтайды. Осы реакцияда күкірт сульфитдінің күкірт сульфатына дейін тотығуына негізделген. Алдын-ала дәрілік зат гидролизге түспеу үшін, сынаманы спиртте (кебу колбада) ерітеді, анальгинді ыдырату үшін 0,01 н хлор сутек қышқыл ерітіндісін қосады да, 0,1 н йод ерітндісімен сары түске дейін титрлейді. Натрий метиленсульфанатының қалдығын гидролизденуіне және бөлінген формальдегид тотығып кетпес үшін қышқылды қосады (альдегид негіздік ортада тотығады).

Жалпы химиялық теңдеу мынадай:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет