Фурацилин − Furacilinum
5-нитрофуролды семикарбазон.
Сары немесе жасылдау – сары ұсақ кристалды ұнтақ. Суда өте аз ериді, 95% -ті спиртте нашар ериді, эфирде таза ерімейді, негізде ериді.
Дәрілік түрі: таблеткалар (мөлшерлі қатырылған дәрі), жақпамай.
Бактерияға қарсы зат.
Фуродонин − Furadonin
N-(5-Нитро-2-фурфурилиден)-1-аминогидантоин. Сары немесе қызғылт-сары ұсақ кристалды ұнтақ. 95%-ті спиртте және суда нашар ериді, ацетонда аз ериді.
Дәрілік түрі: таблеткалар (мөлшерлі қатырылған дәрі).
|