Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы а. Ж. Сарсенбекова



бет4/39
Дата18.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#103123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Сарсембекова А.Фармацевтикалық химия

Фуразолидон − Furazolidonum

N-(5-Нитро-2-фурфурилиден)-3-аминооксазолидон-2. Сары немесе жасыл-сары ұнтақ. Суда және эфирде таза ерімейді, 95%-ті спиртте нашар ериді.

Дәрілік түрі: таблеткалар (мөлшерлі қатырылған дәрі).

Бактерияға және протозойтқа қарсы зат.


Фурагин − Furaginum

N-(5-Нитро-2-фурил)-аллилденаминогидантоин. Сары немесе қызғылт-сары ұсақ кристалды ұнтақ. Суда және 95%-ті спиртте таза ерімейді.

Дәрілік түрі: таблеткалар (мөлшерлі қатырылған дәрі).

Бактерияға қарсы зат.


Ерігіш Фурагин – Furaginum solubile (Солафур)

Фурагиннің калий тұзы.

Дәрілік түрі: таблеткалар, капсулалар. Сыртқы ортада қолданылатын ертінді дайындау үшін (құрамында 10%-ті фурагин және 90%-ті натрий хлориді ерітіндісі болу керек).



Қышқылды-негіздік қасиеттері
5-нитрофуран туындылары қышқылдық қасиет көрсетеді. Фурацилиннің қышқылдық қасиеті семикарбазид қалдығы бар амид тобындағы сутек атомының қозғалғыштығына негізделген.

Фурадонин гидантоинның фрагментіндегі кето-енолды және лактим-лактамды таутамері арқылы қышқылдық қасиет көрсетеді:



Лактим-лактамды таутомері фурагиннің екі формада − қышқылды (лактамды) және тұзды (лактимді) болуына мүмкіндік береді.

Осы топтадағы басқа дәрілік заттарға қарағанда фуразолидонның қышқылдық қасиеті әлсіздеу.

5-нитрофурон туындылар тобының қышқылдық қасиеті келесі заттармен әрекеттескенде анықталады:

− негіздің сулы ерітіндісімен;

− протофильді еріткіштермен (пиридин, диметилфармалид);

− ауыр металдар иондарымен.

Осы топтағы барлық дәрілік қосылыстар натрий гидроксид ерітіндісімен түрлі-түске боялған қосылыстар түзеді. Сондықтан негізбен реакциясы жалпы топтың реакциясы болып саналады. Фурацилин 10%-ті натрий гидроксид ерітіндісінде еріткенде қызғылт-сары-қызыл түсті ерітінді береді. Осы жағдайда NH-қышқылдық ортаның депротондалуы электрон тығыздығының ығысуы салдарынан, онда зат ионизацияланады және жаңа қабысқан екі байланысты жүйенің пайда болуына әкеліп соғады.




Фурадонинге натрий гидроксидімен әсер еткенде, оның күңгірт-қызыл түске боялуы гидантоин ядросындағы таутомерлік өзгерістің болуынан, сонымен бірге қосымша қос байланыс пайда болады да, ионизациялануын тудырады.

Фуразолидонды 30%-ті натрий гидроксид ерітіндісінде қыздырғанда қоңыр түске боялады, ол дегеніміз лактон циклінің (оксазолидон ядросы) үзілуі мен иондалған тұздар алуына әкеледі.




Топтың реагент реакциясы − натрий гидроксидінің ерітіндісі негізінде 5-нитрофуран тобындағы дәрілік заттардың құрамын сандық фотометриялық әдіс арқылы анықтауға болады.

Қышқылдық қасиет көрсетуіне байланысты 5-нитрофуран протофильді еріткіштерде (пиридин немесе диметилформамидте) ерігенде, боялған аниондар пайда болып, олар сілтілік металдар катиондармен әр түсті тұздар түзеді. Затты айырымдау (дифференцировать) үшін қолдануға болады.

5-нитрофуран туындыларының қышқылдық қасиеті ауыр металл катиондарымен (Сu2+, Co2+, Ag+) комплекс түзілу реакциясына қатысады. Бұл арнаулы емес реакция.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет