ФАРМАКОКИНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ
Фармакокинетика – ДЗ ағзаға енгізілуі, сіңірілуі, таралуы, байланысуы, биотрансформациясы және ағзадан шығарылуын зерттейтін клиникалық фармакологияның бір саласы.
Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары
ДЗ әсер ету орнына түсуі (мысалы: қабыну ошағына), жалпы емнің тиімділігі оның енгізу жолына байланысты. Барлық енгізу жолдарының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Көбінесе ДЗ ағзаға энтеральды жолмен енгізеді:
ішке (per os);
сублингвальды;
буккальды;
ректальды (per rectum).
Бұл енгізу жолының парентеральды енгізу жолымен салыстырғанда өзіндік артықшылықтары бар. Атап айтқанда, қолдануға ыңғайлы (медициналық персоналдың көмегін қажет етпейді), салыстырмалы қауіпсіз, ДЗ парентеральды қолданғанда дамитын асқынулардың болмауы. Энтеральды жолмен енгізілетін ДЗ жергілікті (кейбір микробқа қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы ДЗ) және жүйелі әсер көрсетеді (кесте 2).
Достарыңызбен бөлісу: |