Тәжірибелік дәрігерлерге клинико-фармакологиялық сипатын ескере отырып, ең тиімді және қауіпсіз деген дәрілік заттарды ұтымды таңдау сұрақтары бойынша кеңес беру.
Дәрілік заттардың жанама әсерлерін болдырмау, диагностикасы мен коррекциясы, сонымен қоса, дәріге тұрақтылық жөнінде дәрігерлерге кеңес беру.
Анықталған жанама әсерлер жөніндегі ақпаратты уақытында жинап, оларды тіркеп, талдап, денсаулық сақтау Комитетінің тиісті бөлімдеріне хабарлама жібереді.
Дәрілік заттарды клиникалық зерттеуден және апробациядан өткізу, хаттамаларды, есеп беру құжаттарын Фармакологиялық комитеттің талаптарына сай дұрыс жүргізу.
Күрделі клиникалық жағдайларда (аллергия, көптеген қосымша патология) дәрілік заттарды таңдау қиындағанда немесе дәрілік заттарға төзімділік болған жағдайда ақыл-кеңес беру.
Тәжірибелік дәрігерлерді жаңа және қайтадан тіркелген дәрілік заттар, медикаментозды терапияның жаңа технологиялары туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.
Дәрілік формулярды, емдеу стандарттарын құрастыру немесе қайта қарауға қатысу.
Емдеу-алдын-алу мекемесінде қолданылатын дәрілік заттардың өзара әсерлесуі, жанама әсерлері, ұтымды қолдану сұрақтары жөнінде тақырыптық конференциялар, семинарлар өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |