Таралу көрсеткіштері
Алғашқы концентрация (Со) – көктамыр ішіне енгізген соң, сол мезетте мүшелер мен тіндерге таралған, қан плазмасындағы препараттың концентрациясы.
ДЗ қандағы максимумды концентрациясы (Сmax) – парентеральды немесе пероральды енгізген соң дамыған қан айналым жүйесіндегі препараттың максимальды концентрациясы.
Стационарлы (тұрақты) концентрациясы (Css) – ағзаға үздіксіз, тұрақты жылдамдықпен түсіп отырғандағы препараттың қан плазмасындағы концентрациясы.
ДЗ таралу көлемі (Vd) - бұл қан плазмасынан препараттың тіндермен ұсталыну дәрежесі. Таралу көлемін Vd=D/Co формуласымен есептейді, мұнда Vd - қан сарысуындағы препараттың бастапқы концентрациясына тең (Co) концентрацияны алу үшін, ағзаға түскен ДЗ мөлшерін (D) ерітуге қажетті, сұйықтықтың салыстырмалы көлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |