Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Фармакокинетикалық полиморфизмнің клиникалық сипаттамасы



бет56/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дін әлеуметтануы, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт, Ödev 24 .
Фармакокинетикалық полиморфизмнің клиникалық сипаттамасы

ДЗ фармакокинетикасының барлық этаптарын, атап айтқанда, сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын (метаболизімін) шығарылуын белгілі бір гендер бақылайды. Бұл гендер ДЗ биотрансформациясына жауапты ферменттерді және транспортерларды кодтайды.

Генетикалық полиморфизм биотрансформацияның І және ІІ фазаларының ферменттерін кодтайтын гендерге тән. Биотрансформацияның І фазасына жауапты ферменттерге цитохром Р450 изоферменттері, дигидропиримидиндегидрогеназа, бутирилхолин эстераза, параоксоназа жатады (кесте 19). Биотрансформацияның ІІ фазасына жауапты ферменттерге N–ацетилтрансфераза, тиопурин-S-метилтрансфераза, эпоксид гидролаза, уридиндифосфат глюкуронилтрансфераза, глутатион SH-S-трансфераза жатады (кесте 20). Осы аталған ферменттердің синтезіне жауапты гендердің өзгерісі ДЗ биотрансформациясы жылдамдығының өзгерісіне (баяулауына немесе жылдамдауына) әкеліп соғады. Осыған байланысты, биотрансформация ферментінің белсенділігін анықтай отырып, науқастарды төмендегідей топтауға болады:


  • экстенсивті метаболизаторлар (extensive metabolism – EM) – белгілі бір ДЗ биотрансформациясы қалыпты жылдамдықпен жүретін науқастар. Бұл топқа тұрғындардың көп бөлігі жатады.

  • баяу метаболизаторлар (poor metabolism – PM) – белгілі бір ДЗ биотрансформациясы баяу жүретін науқастар. Бұл науқастарда ДЗ биотрансформациясына жауапты фермент түзілмейді не болмаса фермент ақаулы болады, соның салдарынан ДЗ ағзада жоғары мөлшерде жинақталып, жанама әсерлердің дамуына немесе улануға әкеліп соғады. Сондықтан да баяу метаболизаторлар тобына жататын науқастарда ДЗ мөлшерін төмендеткен жөн.

  • белсенді немесе жылдам метаболизаторлар – (ultraextensive metabolism – UM) – белгілі бір ДЗ биотрансформациясы жылдам жүретін науқастар. Бұл науқастарда ДЗ терапевтік концентрациясы төмендеп, қажетті фармакологиялық эффект дамымайды. Сондықтан да жылдам метаболизаторлар тобына жататын науқастарда ДЗ мөлшерін әдеттегіден жоғарылатқан жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет