Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет137/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Ішек түйілуінің жеке түрлері
а) Обтурация - ішек бітелуі жедел және созылмалы басталуы мүмкін.
Созылмалы түрінде ішектің кедергіден жоғары бөлімі созылып кеңіген, онда нәжіс пен газ жиналған, ішектің етті қабаты қалыңданған. Анда-санда ішектің перистальникасы күшейіп ішек түйілуі байкалады. Кейінірек метеоризм, лоқсу, құсу қосылады.
Іш перкуссиясы мен тимпанит және онымен аралас жуан дыбыс анықталады.
Жедел түрінде - науқас шапшаң аз уақыт ішінде іштің қатты ауырсынуына, құсыққа, нәжіс және газдың шықпауына ұшырайды.
Клизмадан соңғы нәжіс шығуы науқастың жағдайын түземейді. Улану, шок, қан қысымы төмендейді, зәр азаяды. Аурудың жалпы жағдайы шапшаң нашарлайды. Тыныс жиілейді, нәжісті құсық қосылады. Бұндай ауруға жедел көмек көрсетілмесе оның өлімі жақын.
б) Странгуляция - ішек түтігінің жабылуымен қоса ішек шажырқайының қан тамырлары қысылып аз уақытта ішектің шіруіне ұшыратады. Ішек түйілуінің бұралу, қысылу, байлану, күрмелу және тромбпен қан тамырларының бітелуімен байланысты түрлері бар.
г) Бұралу (volvulus) - ішек өзінің түбірінде айналып бұралады. Бұралу ішектің ең қозғалғыш бөліктерінде ащы ішек пен сигма ішегінде кездеседі. Кан айналысының тоқтауы және ішек түйілуі бұралу мөлшеріне байланысты. Ішектің 1800 бұралуы ішек түйілуіне әкелмейді. 270-3800 бұралу ішекті және шажырқай қан тамырларын толық бітеп, тез арада ішек гангренасына әкеледі.
д) Жабысқақтар және тыртықтар - ішектегі қабыну үрдісінен және операциядан соң пайда болады.
е) Күрмелу (Nodus) - странгуляциялық ішек түйілуінің ең ауыр түрі. Күрмелу ащы ішек арасында, немесе ащы және тоқ ішек арасында пайда болады.
Бұндай науқастар 12 сағат арасында өліп кетуі мүмкін. Бұл байланған, күрмелген ішектің шапшаң гангренаға шалдығуымен байланысты. Күрмелуге ішектің көп бөлімінің қатынасуы күшті экссудацияға, шокке соғады. Егер ішектің көп бөлшегі күрмелсе метеоризм шамалы. Ішек күрмелуіне ұшырағандардың өлімі 40-50% жетеді.
ж) Инвагинация (Invaginatio) - ішектің - ішекке енуі - жоғары немесе төменгі бағытта кездесуі мүмкін. Егер ішекке ішек толық енсе оны орталық енуі, ал бір ішекке екінші ішектің тек қабырғасы ғана енсе оны шеткергі, қабырғалы инвагинация деп атайды. Көбінесе ащы ішекке ащы ішек енуі, ащы ішектің тоқ ішекке енуі кездеседі, тоқ ішектің тоқ ішекке енуі өте сирек.
Инвагинацияда ішек түйілуінің екі түрі орын алады - бітелу (обтурация) және қысылу (странгуляция ).
Науқастың жасына байланысты инвагинацияның клиникасы әр түрлі. Нәрестелер инвагинациясы өте ауыр. Қарт адамдардың инвагинациясы созылмалы болып басталады. Кейде ішекке енген ішек бөлшегі шіриді, кейде олар бір-біріне жабысып ішек обтурациясына әкеледі. Тарихта 3 метрлік шіріген ішек инвагинатының тік ішек арқылы шыққандығы белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет