Меккель дивертикулы кіндікпен ішек арасындағы өзектің бітелмегендігі (ductus omphalo-entericus). Нәрестелердің 2% бұл өзек сақталып келешекте дивертикулит ауруына соғады. Дивертикулдың ұшы кіндікпен жалғасып кіндік жыланкөзін беруі, немесе аппендикс секілді іште бос орналасуы мүмкін. Басқа бір мүшемен жабысса ішек түйілуіне әкеледі.
Ересектерде ішек түйілуіне жиі ұшырататын аурулар – қысылған жарықтар және ішектер бітелуі, ішектердің жабысқақтануы.
Қарттарда - ішектер және басқа іш мүшелерінің қатерлі ісіктері, өт тастарымен ішектің бітелуі ішек түйілуінің жиі себептері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |