Панкреатитті консервативті емдеудің жалпы талаптары.
1. Шок және интоксикациямен күресу,
2. ауырсыну сезімімен күресу,
3. бездің әрі қарай іріп-шіруіне жол берме,у
4. инфекциямен күресу.
Шокпен күресу тәсілдері шоктың барлық түрлеріндегідей. Панкреатитті шоктың басты себебінің бірі-ауырсыну болатындықтан басқа шаралармен қатар ауыруды басуға бағытталады. Бірақта панкреатиттегі ауыруды басу өте қиын. Тіпті морфий егудің өзі баспайды, ал кейде тіпті ауыруды күшейтеді. Бұған себеп морфийдің Одди сфинктерін тарылтатындығы және оның әсерінен без шырынының ағынының қиындануы. Бұнымен қоса морфий кұсықты күшейтіп, өттің ұйқы безі өзегіне енуіне әкеп соғады. Сондықтан көптеген мамандар панкреатитпен науқасқа морфий егуден бас тартады.
Одди спазмын басу және ұйқы безінен шығатын шырынның мөлшерін басу үшін папаверин 1% - 1-3 мл., атропин, 1-2% промедол егіледі, екі бұйрекгер тұсының новокаинды қоршау орындалынады. Безге тыныштық беру үшін 3-4 тәулік бойы ауруға ауыз арқылы тағамдар ішкізілмейді. Қарынды зонд арқылы сілтілі сумен жуады. 3-4 тәуліктіқ ашығудан соң көмірсулы диета (қайнатпалар, кисельдер, сүтке пісірілген ботқа, майсыз сүт) беріледі. Жедел панкреатиттің барлық түрін емдегенде антибиотиктер егіледі. Кандидозға қарсы нистатин пайдаланылады.
Жедел панкреатитті консервативті емдеу принциптері:
Ауырсыну сезімін жою (аналгетиктер, блокадалармен).
Бездің секреторлы қасиетін мүмкіндігінше бәсендету.
Протеолитті ферменттер белсенділігін төмендту.
Су тұздар арасындағы және қышқыл- сілті бұзылыстарын түзету.
Жүрек, қан тамырлар жағдайын жақсарту.
Уланумен күресу.
қабыну процестерінің алдын алу және оларды емдеу.
Панкреатитті операциямен емдеу - келесі жағдайларда қажет:
1) Перитонит және оның салдарынан ағза улануының дамуы.
2) Консервативті емнің нәтижесіздігінде.
3) Панкреатитпен қоса деструктивті холециститтің дамуы.
4) Операциямен емделуі қажет іштің басқа мүшелерінің ауруларында.
Достарыңызбен бөлісу: |