Варикозды аурудың түрлері
Алғашқыдан шынайы варикоз.
Екінші- басқа себеп-салдарынан: тромбоздан, жарақаттан, қан ағуының қиындауынан пайда болатын варикоз.
Тері астының көк тамырының варикозының түрлері:
Магистральды түрінде үлкен немесе кіші тері асты көк тамырының негізгі сабағы кеңиді.
Бұтақталынған - бұл түрінде қан тамырының ұсақ бұтақтары кеңейеді.
Аралас тамыр стволдары және бұтақтары қоса кеңиді.
Ағашқыдан варикозданудың себептері:
Конституционалды кемістіктер тұқым қуалау.
2. Клапандар кемістігі.
3. Эндокринді- гормоналды және механикалы әсерлер.
4. Инфекциялық аурулар.
5. Мамандық ерекшеліктері.
Көк тамырлар созылып кеңейуіне семіздік және табандармен башпайлар деформациялары жағдай туғызады. Бұнымен қатар басты себеп - гиподинамия- жаяу жүрмеу, аз қозғалу, қан айналысына, қан тамырлары тонусына, жүрекке зиянды әсер көрсетеді.
Бастапқы варикоз ауруының клиникалық көріністері: тері арқылы кеңейген көк тамыр түйіншіктері көрінеді.
Көбінесе варикоз үлкен тері асты тамырында, аяқтың ішкі бетінде, сирегірек -тірсектің сыртқы бетінде орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |