Паркс-Вебер синдромы - артерио-венозды дисплазия, артерио-венозды жыланкөз. Олар аяқ- қол, кеуде, мойын, бас тамырлары арасында орналасады. Симптом дене дірілімен, артерия кеңеюі, қан тамырынан систоло- диастолалы шу, аяқтың ұзаруы немесе жуандануымен, терісінің қызуымен, онда трофикалық бұзылыстармен сипаттанады. Диагноз үшін ангиография маңызды.
Емдеу: артерио - венозды жыланкөзін жою.
10.5. КАН ТАМЫРЫ ІШІНДЕ ҚАННЫҢ ҰЮ МЕХАНИЗМІ МЕН СЕБЕПТЕРІ
Қан тамыры ішінде қанның ұюының казіргі уақытта жиі кездесуіне және мұндай жағдайға душар болған адамдардың бірсыпырасының өлуіне байланысты оны уақтылы анықтау және емдеу медицинаның өте жауапты проблемаларының біріне айналып отыр.
Тромбтар артерия, вена қан тамырларында, жүректің ішінде пайда болуы мүмкін. Егер олар өзінің бірінші пайда болып "өскен" орнынан кан ағынымен басқа денеге көшсе, оны тромбоэмболия деп атайды.
Тромб пайда болуы себептері көп және бір уақытта бірнеше мүшелердің қызметі бұзылуымен байланысты. Осыған қоса атеросклероз, гипертония, ревматизм, семіздік, диабет, өкпе аурулары, қан аурулары және стресс (кейіту, ренжіту), адинамия (аз қозғалу, қара жұмыс жасамау) т.б.
Осы жағдайларға қоса қан тамырларының интимасы бұзылса, склерозға айналса эндотелийдің коллагені тромбоциттердің "жабысқақтығын" күшейтіп, тромб пайда болуына әсер етеді.
Тромбоциттер адреналин, норадреналин, серотонин шығарып, фибриногеннің фибринге айналуын тездетеді.
Тромбоциттердің адгезиялық - жабысқақтық (жыртылған қан тамырына, лейкоциттерге) қасиеті бар. Бұл ағзада қорғаныс қызметін орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |