Тромбоэмболияны емдеу үш түрлі әрекеттен құралады:
1. Тромбоциттердің агрегациялануына қарсы
2. Фибриннен тромб пайда болуына қарсы.
3. Тромбты еріту.
1. Тромбоциттердің агрегациясына қарсы (ацетилсалицил қышқылы, курантил, персантин). Тромбоциттердің адгезия және агрегациялық қасиеттерін төмендететін препараттар (ацетилсалицил қышқылы, бутадион, индометацин, реополиглюкин, аминазин, қурантил, папаверин, никотин қышқылы) қанның қоюлану үрдісіне және фибринолизге онша әрекет жасамайды. Олар тек тромбоциттердің адгезивті — агрегациялы қасиетін азайтады.
2. Антикоагулянттар:
а) тікелей әсерлі - қанның қоюлануына қарсы адамның ағзасында және ағзадан тыс жағдайда әсер ете алады. Бұлар гепарин, натрий цитраты.
б) тікелей емес әсерлі - қанның қоюлануына тек ағзада әсер етуші препараттар. Бұлар — неодикумарин, пелентан, синкумар, финилин, амефин.
Гепарин – жан- жақты антикоагулянт. Тромб пайда болу үрдісінің барлық фазаларына қарсы әсер етеді (тромбопластин, тромбин, фибринге қарсы). Ағзада гепарин толық деп аталатын торшаларда пайда болып, қан қоюланып тромб пайда болуы қаупі туғанда қан тамырына көптеп түсіп, қанның сұйықтығын сақтауға қатысады. Осымен қатар фибринолизді үрдісін күшейтіп, пайда бола бастаған тромбтерді ерітеді. Гепарин және де дене ауыруын азайтады, гипоксияға қарсы, регенерациялық үрдісті күшейтеді, қабынуға қарсы, қан қысымын төмендетеді, диурезді молайтады.
Гепаринді қан тамырына, бұлшық ет арасына, терінің астына жіберуге болады. Денеден гепарин 2-6 сағаттан соң бүйрек арқылы шығады. Натрий цитраты қандағы калъцийдің иондарын байлап, ерімейтін қоспа пайда болуына әкеп соғады да, осы арқылы қан қоюлануына қарсы әсер етеді. Сондықтан 4—5% натрий цитраты донордың қанын консервирлеуде қолданылады.
Неодикумарин, пелентан синкумар, фенилин, амефин т.б. синтетикалық антикоагулянттар- қанның қоюлануына ғана қарсы емес, олар қан тамырларының сіңіру-өткізу үрдістерін күшейтеді, қан тамырын кеңейтеді. Ауруды ұйықтатады, дене ауыруын азайтады, зәрді көбейтеді, өт шығуын көтереді, ферментті және иммунды үрдістерді төмендетеді. Бұл бұрмалы антикоагулянттар ауыз арқылы ішіледі. Өйткені олар толығымен ішек-қарында сіңеді. Канға қосылғаннан соң олар алъбуминмен байланысып, кумулятивті әсер етуі мүмкін. Бұлардың әрекеті 24-48 сағаттан соң байқалады. Емдеу курсынан соң препараттарды пайдалану біртіндеп, ақырындап тоқтатылады. Тез тоқтатқанда "тоқтату синдромы" деп аталатын ауыртпалы жағдай кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |