Кіндік айналасында еттер және шандырлар жоқтығынан бұл аймақ іш бетінің әлсіз аймағының бірі болып саналады. Кіндік тұсы тек тері мен тыртықтанған тіндермен және ішпердемен жабылған.
Іштің ақ сызығы - іштің тік еттерінің жалпақ шандырынан құралған. Бұл сызық төс шеміршегінен басталып кіндікке одан әрі шап сүйегіне дейін жетеді.
Келесі әлсіз аймақ Спигель жолы - көлденең бұлшық еттің жарты айшық секілді шандыры тұсында орналасқан.
Пти және Грюнфельд үш бұрыштары тұстары да дененің әлсіз орындары болатындығынан осы орындарда да жарық байқалуы мүмкін.
б) Жағдай туғызушы себептер - тұқым қуалаушы, жынысы, жасы, дене құрылысы, ішкі мүшелердің орналасуы, дене бұлшық еттерінің жағдайы. Көбінесе жарық 20-40 жас арасындағы ер адамдарда (85%) кездеседі.
Ішкі мүшелердің ұзын жалғамалары мен шажырқайларының ұзындығы, олардың қозғалғыштығы, адамның жүдеп-жадауы да себеп болады.
в) Жарықты туғызатын себептер - жоғарыда аталынған жағдайлар орын алған сәтте келесі тудыратын себептер (ауыр жұмыс және іш қуысындағы қысымның көтерілуі) әсер етсе жарық ауруы басталады. Іш қысымы жөтелгенде, түкіргенде, айкайлағанда, зәр-дәрет шығарғанда көтеріледі.
Жарық ауруы халық арасында жиі тараған. П.И.Тихов бұл ауруы адамдардың 3-4% кездеседі деп санаған.
Достарыңызбен бөлісу: |