2.5. ІШЕК ҚАРЫННЫҢ ДАМУ АУЫТҚУЛАРЫ - (АНОМАЛИЯЛАРЫ).
Параэзофагеальды жарықтар- эпигастральды аймақтың, төс астының ауыруымен, өңеш қыжылдауымен, құсықпен сипатталады.
Пилоростеноз - қарын буылтығының етінің қалындауы салдарынан оның тесігінің тарылуы. Нәрестенің ғұмырының 2-4 тәулігінде құсық басталады, Нәресте жүдейді, денесі құрғайды, зәрі азаяды, іші кебеді. Қарынның қозғалысы күшейеді. Рентгенмен тексергенде қақпаның тарылуы анықталады.
Науқас экстрамукозды пилоропластикамен емделеді.
Қарын және ұлтабар ішегінің дивертикулы- аурудың пульсионды және тракционды түрлерін бөледі. Пульсионды түрі ішек-қарынды ішінен қысатын әсерден, ал тракциондылар ішек-қарын қабырғасының сырттан тартылып созылуынан басталады.
Дивертикулдер ұзақ уақыт симптомсыз өтеді. Тек дивертикулит (катаралды, ойық жаралы, флегмонозды) басталғанда белгілі клиника береді. Дивертикулден қан ағуы, оның перфорациялануы мүмкін.
Диагноз рентгенографиямен және эндоскопиямен анықталады. Асқынған дивертикулит операциямен емделеді.
Дуоденостеноз- ұлтабар ішегінің органикалы және функциональды бұзылыстары әсерінен ішек арқылы тағам пассажының нашарлауы. Дуоденостаздың себептері - ұлтабар ішегінің және ұйқы безінің аномалиясы, немесе төмен салбырап, Трейц байламының тұсында ішектің бүгілуі, немесе жоғарғы шажырқай артериясымен қысылуы.
Консервативті емдеу- церукал, реглан, спазмолитикттер, витамин В-12, ұлтабарды жуып тазарту. Хирургиялық емдеу- дуоденостаздың себебін жою, гастроеюностомия немесе дуоденогастростомия.
Достарыңызбен бөлісу: |