Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет248/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

б) Гемоторакс - деп плевра куысына қан төгілуді атайды. Оның ең басты себебі өкпе не кеуденің жарақаттануына сәйкес қабырға арасы, кеуденің ішкі қан тамырлары, не өкпе қан тамырларының жыртылуы. Кейде сынған қабырғалардың аталған қан тамырларын жыртуы да гемотораксқа соғуы мүмкін. Гемоторакстың кеудеге жасалған операциядан соңғы түрі жиі кездеседі.
Кеудеге төгілген қанның мөлшеріне байланысты гемоторакстың болмашы, орташа және үлкен түрлерін бөледі.
Болмашы (малый) түрінде төгілген қанның жоғарғы мөлшері (рентгенмен, перкуссиямен анықталып) V қабырғадан төмен.
Орташа гемотораксте ІV— II қабырғалар арасында.
Үлкен гемотораксте — II қабырғадан жоғары (П.А.Куприянов).
Плевра қапшығымен одан шығатын экссудат төгілген канның ұюына карсы әсер көрсетеді. Сондықтан плевра куысына төгілген қан сұйық бойында сақталады. Жарақаттың алғашқы сағаттарында төгілген қан ұийды, ал біраз уақыттан соң плевра экссудаты әсерінен қайтадан сұйылады. Кейде ұйыған қан қайта сұйылмай қою қалпында қалады. Мүндай гемоторакс ұйыған деп аталады.
Плевраға төгілген канның екі түрлі ақыры кездеседі. Егер төгілген қанға инфекция дарымаса, азғана мөлшерлі қан денеге сіңіп, тарап кетеді. Көбінесе — төгілген қанға инфекция дарып, қан іріңдеп плевраның эмпиемасына айналады.
Гемоторакстың диагнозы онша киын емес. Үлкен гемоторакста ағзаның қаңсырау көріністері анықталады (қан тамыры соғуы жиілейді, қан қысымы төмендейді, дене бозарады, шөлдеу, суық тер, гемоглобин азаяды т.б.) төгілген қанмен өкпенің қысылуы және көкіректің орнынан жылжуы байқалады.
Болмашы гемоторакста аталған жалпы көріністер байқалмауы мүмкін. Аускультация, перкуссия, рентгенмен тексергенде плевраның төменгі бөлімінде азғана сұйықтың жиналғаны анықталады.
Егер плевра куысына қанға қоса ауа жиналса (гемопневмоторакс), сұйықтың жоғарғы шебі анық көлденең жол, деңгей береді. Бұл деңгейдің шебі дене қозғалуына сай өзгеріп отырады.
Ал егер плевра қуысында пневмоторакс болмаса, не төгілген қан ұйып қалса, перкуссияда жуан дыбыс, рентгенде плевра қуысында деңгейсіз гомогенді қараңғылық байқалады. Плевра қуысының пункциясымен сұйық қан алынады. Егер төгілген қан ұйыса пункция нәтиже бермейді, болмаса - шприцке азғана ұйыған қан сорылады.
Гемоторакс көріністері төгілген қан мөлшеріне, өкпенің жарақаттарымен қысылуына, көкіректің орнынан жылжуына байланысты.
Үлкен гемотораксқа ұшырағандардың жағдайы ауыр - ентігу, кеуде ауырсынуы күшті, жөтел, қан түкіру, кейде қан кұсу, дененің бозаруы, көгеруі, қан тамыры соғуы жиі, күші нашар, қан қысымы төмен, науқас жатып дем ала алмайды, отыруға талпынады, қиналады. Гемотораксті - өкпенің кеуденің, көкіректің не жүректің жарақатының анық қөрсеткіші санап плевраның пункциясын орындау қажет. Пункциядан соң науқасты қандай тәсілмен емдеуді шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет