Ситуациялық есеп:
№1 есеп. Науқас 18 жаста. Шағымдары: жүрек тұсында салмақ сезілуі, мезгіл-мезгіл жүрек соғуы, физикалық жүктемеден соң ентігу, кешкі мерзімде дене қызуының көтерілуі, тізе буындарының ауруы. Анамнезінде: бала кезінде жиі баспамен ауырған, емделмеген. Қарағанда: кеуденің сол жағы 2-3 қабырғалар тұсының деформациясы, жүрек ұшы соғысы 6-ы қабырға аралығында, сол бұғана орта сызығынан 2 см тысқары. Аускультацияда: жүрек ұшы тұсында 1 тонның әлсіреуі, өкпе артериясында 2-і тон акценті, жүрек ұшында сол қолтыққа тарайтын систолалық шу. Симптомдарды синдромдарға топтастырыңыз.
№2 есеп. Жүрек ұшы тұсында диастолалық діріл анықталады, күшейген шапалақты 1-і тон, бөдене ырғағы естіледі. Бөдене ырғағын қалай түсіндіресіз? Қандай патология туралы ойлайсыз?
№3 есеп. Жүрек ұшы тұсында диастолалық шу естіледі, шу 2-і тоннан сәл кейін, бірте-бірте төмендеп, диастоланы түгел қамтиды. Пресистолалық күшеюі бар, ешқайда тарамайды. Бұл өзгерістер қай синдромда кездеседі?
Н ПРО БҚММУ 703-10-15. Сабақтар (практикалық, семинарлық, зертханалық) үшін әдістемелік нұсқамалар. Төртінші басылым.
Ф ПРО ЗКГМУ 703-10-15. Методические рекомендации для занятий (практических, семинарских, лабораторных). Издание четвертое
Достарыңызбен бөлісу: |