ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Дәріс № 4
Тақырыбы: Даму мен өсудің негізгі заңдылықтары. Балалар мен жасөспірімдер дамуы мен өсуіне әсер ететін факторлар.
Лектор: Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы
Шымкент 2014ж.
«Гигиена – 1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы.
Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 5В 110400- «Медициналық-профилактикалық іс»
Мақсаты: дене дамуы, дене дамуының акселерациясы мен ретардациясы, балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының көрсеткіштерін зерделеу және бағалау әдістерімен таныстыру.
Дене дамуы денсаулықтың бастауыш көрсеткіштерінің бірі. Денсаулықтың басқа да көрсеткіштері дене дамуы денгейіне тәуелді, Ф.ФЭрисман балалардың физиологиялық дамуынын көп бөлігін зерттеген алғашқы ғалым деп есептелінеді. 1879 жылы әр түрлі жастагы балалар мен жас өспірімдер арасында антропометриялық тексерулер жүргізіп, болашақ ұрпақтардың дене дамуы жөнінде алғашқы мәліметтер алды. XX ғасырдың алғашқы жартысыңда (1926 жылы) А.В.Мольков атындағы алғашқы антропометриялық бөлім ашылды.
Өлшеу әдістері бірқалыпқа келтірілді, болашақ ұрпақтардың дене дамуын зерттеу басталды және балалардың дене дамуының алғашқы өлшемдері қалыптасты. Бұл жұмыстар тәжірибесі денсаулық сақтаушылардын балалар мен арнайы балалар тобының өсуі мен дамуында дәрігерлік бақылау ісін жеңілдетгі. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы, морфологиялық және функционалдық жағдайының қасиеттері мен сапасы, сондай-ақ биологиялық дамуының дегейі - олардың биологиялық жасын көрсетеді.
Баланың өмірінің әрбір кезеңіндегі дене дамуы - бұл ағзасының биологиялық дамуда жеткен жасы мен жұмысқа қабілеттілігін сипаттайтын морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы.
Дене дамуы термині жағдайдың сол уақыттағы сипатын емес даму динамикасын бейнелейді. Бұл көзқарас бойынша дене даму дегенді бала ағзасының, дене өлшемдерінің, дене құрылысының, сыртқы келбетінің, бұлшықет күшінің және еңбек қабілетілігінің жасына сай болуымен түсіндіреді. Бой өсуінің тежелуі, немесе, бой ұзындығы мен салмақ қатынастарының өзгеруі айқын көрінгенмен, көптеген созылмалы аурулардың бастапқы кезеңінде,өзіне тэн белгілері мен арнаулы симптомдары білінбейді
. Яғни, морфологиялық аурулары бар балалар да, патологиялық өзгерістер жиі анықталады. Дене салмағының жетіспеушілігі мен ауру дамуының арасында төзу корреляциялық байланыс бар.
Осындай балалардың өмірлерінің алғашқы жылында, басқа балаларға қарағанда өлім саны 4 есе көп.
Дене дамуының көрсеткіштері көптеген үдерістердің диагностикасында қолданылуы мүмкін. Сондықтан медициналық зерттеулерде, жеке адамның және ұжымның дене дамуын бағалауға үлкен мән беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |