Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Малдың жасына қарай дәрі дозасын есептеудің бағыт беруші кестесі



Pdf көрінісі
бет352/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова
Отсканированные документы, Программа снижения веса 1, Бердіхан Бахаргүл. РМ
Малдың жасына қарай дәрі дозасын есептеудің бағыт беруші кестесі 
(Мозгов бойынша) 
Жылқыға: 
3 – 12 жасқа дейін …………………………………….1 
15-20 жасқа дейін ……………………………………....¾ 
20 –25 жасқа дейін………………………………………½ 
2 жасар …………………………………………………...½ 
1 жасар …………………………………………………...1/12 
6 айға дейінгі құлынға:…………………………………..1/21 
Сыйыр малына: 
3-8 жасар …………………………………………………1 
10-15 жасар ……………………………………………….¾ 
15-20 жасар ……………………………………………….½ 
2 жасар ……………………………………………………½ 
1 жасар ……………………………………………………1/4 
Бұзау: 4-8 айлық …………………………………………………⅛ 


448 
1-4 айлық ………………………………………………….1/16 
Қой, ешкі: 2 жасар және одан үлкен …………………………...1 
1-2 айлық ………………………………………………….. ½ 
6-12 айлық …………………………………………………1/4 
Шошқа 1 ½ жасар және одан үлкен …………………………..1 
9-18 айлық …………………………………………………½ 
4-9 айлық …………………………………………………..1/4 
Мал салмағының 
да елеулі маңызы бар. Бір түлік жас мөлшері бірдей, 
бірақ салмағы әртүрлі малдарың дәріні қабылдауы да әртүрлі болатындығы 
туралы көптеген бақылаулар бар. Әдетте, дәрінің белгілі бір мөлшері салмағы 
ауыр малға емдеу (терапевтикалық), ал салмағы жеңіл малға уытты (зәрлі) 
немесе өлтіретін доза болып табылады. Сондықтан доза малдың килограмм 
салмағына шағып беріледі. Мысалы, егер дәрінің емдік дозасы 1 кг салмаққа 
1 мг болып белгіленетіні болса, 2 кг салмағы бар малға – 0,002 (2 мг), 10 кг 
салмағы бар малға дозасы 0,01 (10 мг), 400 кг салмағы бар малға 0,4 (400 мг) 
тағы басқадай болады. 
Малдың жалпы күйі.
Арық организмге семіз организмге қарағанда дәрі 
күшті әсер етеді. Шаршап шалдыққан малдар сергек және күшті малдардан 
гөрі дәрілерді нашар көтереді. Сау органдардан гөрі ауру органдар дәріні 
көбіне басқаша қабылдайтынын ескеру керек (Кравков Н.П., М.П. Николаев). 
Мысалы, камфора сау жүрекке мүлде дерлік әсер етпейді, бірақ ол қабынған 
жүректің жұмысын күшейтеді және жақсартады; алкоголь сау малдардан гөрі 
ыстығы көтерілген малдарға нашарырақ әсер етеді. 
Организмнің немесе органның физиологиялық күйі дәрілерге сезімдік 
әрекет туғызады. Мысалы, буаз жатыр қысыр жатырдан гөрі дәрі әсерін 
сезгіш келеді; қоздырғыш заттарды жүгіріп жүретін құстардың аяқтары мен 
бұлшық еттері, суда жүзетін құстардың көкірек бұлшық еттері жақсы сезеді 
т.б. 
Идиосинкразия, 
яғни дәріні бір жолы қабылдаған кезде пайда болатын 
организмнің айқын көзге түсетін және бұрмаланған реакциясы. Мысалы, 
сульфаниламид препараттарының әсерінен кейбір малдардың ыстығы 
көтеріледі, денесі бөртеді. Мұндайдың негізгі себебі нерв жүйесінің ерекше 
сезімталдығына деп жобалау керек. 
Дәрі тағайындау мерзімі.
Таңертеңгі тыныққан мезгілде кешкі 
шаршаған мезгілге қарағанда, малдың дәріге сезімталдығы төмендейді. Аш 
қарында берілген дәрі тоқ кездегіден гөрі бір жергілікті де және жалпы да 
едәуір күшті әсер етеді. 
Әсер туу үшін дәрілік заттарды 
енгізу жолдарының 
немесе әдістерінің 
де зор маңызы бар; мысалы, күретамырға енгізілген дәрі тері астына 
енгізілген дәріден гөрі күшті әсер етеді; дәл осы дәрі ішке қолданылғанда тері 
астына енгізгендегіден гөрі анағұрлым бәсең болады. 


449 
Дәрілік заттардың құрамды әсері. 
Синергизм 
(syn – бірге, ergo – жұмыс 
істеймін) – дәрілік заттардың физиологиялық бір бағыттағы әсері. Синергизм 
бойынша қоспаға кіретін жеке құрамды бөліктердің әсері жай ғана 
жинақталуы немесе жеке дәрілердің әсерін жинақталған дәрі нәтижесімен 
салыстырғанда сай келмей көбейіп кеткенде потенциялануы мүмкін. Тікелей 
және жанама синергизмдер бар: тікелей синергизмге әсер ететін бір ғана 
нүктелік дәрілер, ал жанама синергизмге әсер ететін түрліше нүктелік дәрілер 
жатады.
Антогонизм 
(anti – қарсы, agon – күрес) - бір дәрілік заттың әсерін 
екінші дәрілік заттың бәсеңдетуі немесе мүлдем тоқтатуы; химиялық және 
физиологиялық антогонизм болады. Химиялық антогонизм екі заттың 
химиялық өзара ықпал етуі нәтижесі болып табылады, мысалы, 
қышқылдарды сілтілер оқшаулайды, алкалойдтарды таннин тұндырады т.б. 
физиологиялық антогонизм екі зат бір түрлі (тікелей антогонизм), немесе әр 
түрлі (жанама антогонизм) ұлпа элементтеріне қарама-қарсы бағытта әсер 
еткен жағдайда кездеседі.
 
Тікелей антогонизмге орталық нерв жүйесінің стрихнин, кофеин, 
коразол туғызған қозуын наркотиктердің (хлороформмен, эфирмен, 
хлорамидтермен) жоюы мысал бола алады; наркотиктер орталық нерв 
жүйесін әлсіретеді, ал стрихнин, кофеин және коразол оны қоздырады. 
Жанама антогонизмге хлорлы барийдың ішекке тигізген әсерін 
адреналиннің жоюы мысал бола алады; хлорлы барий ішек қабілетін 
арттырады және ішектің тегіс мускулатурасына тікелей әсер ете отырып, 
оның перистальтикасын көбейтеді; адреналин симпатикалық нерв жүйесін 
қоздыра отырып, перистальтикаға бөгет болады. Сонымен ішекке әсер етуіне 
қарағанда хлорлы барий мен адреналин - антагонистер; бұл тікелей 
антогонизм емес, өйткені олардың әсер етерлік нүктесі әртүрлі болып келеді. 
Сондай-ақ бір жақты және екі жақты физиологиялық антогонизмдер 
болады; біржақты антогонизм бір заттың әсерін екінші заттың әсері қайтарған 
кезде байқалады; мысалы, атропин ареоколиннің әсерін қайтарады, бірақ 
атропиннің әсерін ареколин жоя алмайды. Екі жақты антогонизм дәрі 
әсерлерінің өзара бірін бірі жоюы нәтижесінде пайда болады; мысалы, 
стрихнин мен хлорформ бірінің әсерін бірі жояды. 
Дәрілердің қайталап қолданғандағы тигізетін әсері. 
Дағдылану.
(толеранттық, иммунитет). Кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қолданғанда 
организмнің оларға тигізетін реакциясы бірте-бірте әлсірейтіндігі байқалады. 
Бастапқы әсерге жету үшін енгізілетін заттың дозасын көбейтуге тура келеді. 
«Дағдыланбаған» организмді өлтірерліктей дәрі мөлшерін «дағдыланған» 
организмдер көтере алуы мүмкін. Бұл құбылысты дәрінің баяу сіңіуімен, тез 
бұзылуымен және оның тез бөлініп шығуымен, оған организмнің өзіне тән 
«иммунитет» жасап шығаруымен түсіндіруге болады. «Иммунитет» 


450 
жергілікті және жалпы болады. Мал мен адамның морфинге дағдылануы
жергілік «иммунитетке» мысал бола алады; оның кейде түрлік сыйпаты 
болады, мысалы, құстар стрихнинді көп сезбейді. Жергілікті «иммунитет» 
(ішектегі) мышьякты ішке ұзақ уақыт қолданғанда пайда болады; мұнда 
жалпы «иммунитет» кездеспейді, өйткені көрсетілген тәсілмен енгізілген 
дәрінің мал көтере алатын дозасын тері астына немесе қан жүйесіне 
жібергенде мал өледі.
Кумуляция, 
немесе шоғырлану, жиналу дәрілерді тіпті ең аз емдеу 
дозасымен қайталап енгізгенде байқалады; мұнымен қатар күшті 
фармакологиялық немесе уытты әсер ету белгілері көрінеді.
Кумуляция - материалдық және функционалдық яғни физиологиялық 
түрлерге бөлінеді. Материалдық кумуляция дәрінің денеден шығуы оның 
енуінен анағұрлым қалып қойған жағдайда, мысалы, ауыр металл тұздарын, 
стрихнинді, кейбір ұйықтатын құралдарды т.б. қолданған кезде пайда болады. 
Физиологиялық кумуляция деп белгілі органдардың немесе ұлпалардың 
сезгіштігінің күшеюін айтады. Дегенмен наперстянка, қорғасын тұздарын т.б. 
қайталап қолданғандағыдай, бұл жағдайда да дәрі организмде ретінде 
жиналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет