1.3 Тікенді шағыртікен мен бұйра түйетікеннің анатомо-
морфологиялық құрылысы
1.3.1 Тікенді шағыртікен – Onopordon acanthium L.
Шикізаттың сыртқы белгілері
Кептірілген шөбі сабақ ұштарынан,жапырақтары мен гүл себеттерінен тұрады.Жапырақтары кезекті,отырмалы сабағын орай орналасқан,кейде олардың қысқа қанатты сағақтары болады,сопақша қияқты,шеттеріндегі тістері тегіс емес,түстері сұрғылт-жасыл,ал жапырақ негіздеріне қарай торлана-түктеніп әсіресе төмен жағына қарай шығыңқы жүйектер орналасқан. Гүл себеттері жеке-дара,жоғарғы жапырақтарының арасынан жартылай көрініп тұрады,төменгі жағы жоғары ұшына қарағанда кеңірек, гүл орамдары кең қияқты, тістері өткір, ішкілері етжеңді және өткір тікенектері бар.Гүлдерінің түсі күлгін,ортаңғы гүлдері түтік тәрізді формада, қос жынысты және бес салалы; шеткілері жыныссыз әрі үшсалалы. Гүл табаны жалпақ және тікенді-түктері бар; тұқымдарының қанатшаларында тікен басқан. Иісі жоқ, дәмі ащы.
Микроскопия
Жапырақтың жоғары бетінің эпидермис жасушаларының [1] бүйір қабырғалары әлсіз бүгілген; ал төменгі бетіндегілері едәуір бүгілген [2]; устьицалары екі жағында да бар оларда 3-5-тен ілеспелі жасушалар болады; түктері [4] жәй көп жасушалы; жұқа қабырғалы және де жүйекті көп жасушалы, жұқа қабырғалы және жүйекті көп жасушалы қысқа аяқты; жүйектері күрделігүлділер типтес.
Жапырақтың көлденең кесіндісінен [3] оның изолатеральды құрылысы көрінеді (екі жағынан палисадты ұлпа, ал ортасында кезекті ұлпа орналасқан); жапырақ жүйкелеріндегі түтікті-жіпше тәрізді шоқтары стереидтермен жалғасып жатыр. Тозаңқап дәндері домалақ, ірі, үстіңгі беттері нүктеленіп біткен [5]. Сабақтың көлденең кесінділерінен аздап үлкейту арқылы [6] түкті эпидермис, колленхима қабаты, паренхима, ксилема мен флоэмадан және қоршаған стереидтен тұратын өткізкіш шоқтар көрінеді; сабақтың өзегінде паренхималы ұлпалар орналасқан [сурет 4].
15
Сурет 4 - Тікенді шағыртікен – Onopordon acanthium L. шөбінің микроскопиясы
1. Жапырақтың жоғары эпидермисі (230х); 2. Жапырақтың төменгі эпидермисі; 3. Жапырақтың көлденең кесіндісі (230х); 4. Түкшелері: а-жай, б-безді (230х); 5. Тозаң (230х); 6. Сабақтың көлденең кесіндісі: а – эпидермис түкшелермен, б – колленхима, в – қабықтың паренхимасы, г – стереидтер, д – флоэма, е - өткізгіш шоқтардың ксилемасы, ж - өзек
16
Достарыңызбен бөлісу: |