Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы Жаңа және перспективті дәрілік өсімдіктер. Астерлер


Бұйра түйетікен – Carduus crispus L



бет3/3
Дата01.04.2017
өлшемі3,83 Mb.
#13091
1   2   3

1.3.2 Бұйра түйетікен – Carduus crispus L.
Шикізаттың сыртқы белгілері
Өсімдіктің жер үсті бөліктерін гүлдері мен жапырақтарынан тұратын биіктігі 40см сабағы құрайды. Жапырақтары ойық-тісті немесе қалақша, ойық тісті қалақшалардан тұрады. Төменгі жапырақтары қысқа сағақты ал қалғандары отырмалы ұзындықтары 4-8, ені 2-5см, төменгі беттері торланып біткен. Жапырақ шеттерінде жұқа тікенектері орналасқан. Жапырақтарының түктері біркелкі емес: үстіңгі қабаттың жапырақтары торланып түктелген, ал төменгілері түгел жалаңаш. Сабақтары тік, жоғары бөліктері тармақтанып, аздап торланған, қанатты, қанаттары ойық-тісті, шеттерін жұқа тікенектер жауып тұр. Гүл шоғырлары ұсақ гүл себеттерінен тұрады, олардың гүл диаметрлері 1,5-3см, гүлдері тік сабақ ұштарында тығыз орналасқан, олардың қанаттары бар және шеттерінде тікендер орналасқан. Гүл орамдары ұзын біз тәрізді, аздап шалқайыңқы, түп жағының ені 1-1,5мм, жоғары жартысының ішкі және сыртқы бетін ұсақ, жатыңқы торлана біткен түктер басқан, сыртқылары шалқайыңқы жасыл, ішкілері тік күлгін түсті.
Микроскопия
Жапырақтарын үстіңгі бетінен қарағанда эпидермис жасушалары анық көрінеді, олар ірі қабырғалары тік немесе аздап майысыңқы (1А-сурет), жапырақтың астыңғы жағының эпидермистері қатты айналмалы жасушалардан тұрады. Кей жерлерде жасушалар анық көрінетін қалың қабықтан тұрады (1Б-сурет).Жапырақ саңылауларының саны көп, олар домалақ не сопақ болып келеді. Бұларды 3-5-6-дан тұратын устьицааралық жасушалар қоршап тұрады (көбіне 3-тен), бұл жасушалар өз эпидермалық жасушаларынан формасына қарай ажыратылады.Түктері сирек орналасқан, жәй 3-4 жасушалардан тұрады (1А,Б-сурет). Түктерінің түп жағы үстіңгі беттен көтеріңкі орналасқан. Түктері қысқа жасушалармен өте ұзын жіңішке өте майысқан жасушалардан тұратын көп жасушалы аздаған бірқатардан тұратын жасушалы негізден тұрады. Соңғы жасуша жиі үзіліп отырады сондықтан дайындалған препараттан түктердің негіздерін жиі жатыңқы мүшелермен байқауға болады. Жүйке бойына эпидерма жасушалары созылып жатады, түктері де сол тәрізді. Бірақ олардың негіздері көптеген жасушалардан тұрады [5-6] (1В-сурет). Мезофиллдері аздап созылған.Қоршағыш паренхима бір қатарлы, жұмсақ. Олардың жасушалары үлкен емес, биік олар жапырақтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Ал мезофиллдың қалған бөліктерін бос кеуекті паренхима алып жатыр, ал олар қалақ тәрізді орналасып ірі жасушааралық аэренхима типтес кеңестік түзеді (1А-сурет). Жапырақтың шеттерінде көп клеткалы түктер қоршап тұр. Кейде ақырғы жасушаларда жатыңқы мүшелермен бірге ядролары жақсы көрініп тұрады (1Г-сурет) [сурет 5].

17

Сурет 5 - Бұйра түйетікен – Carduus crispus L. жапырағының жоғарғы (А), төменгі (Б, В) эпидерма және жапырағының шеті (Г)

Белгілер: Эп. – эпидерма; Қ.т. – қарапайым көпжасушалы түк; Қ.а.т. – қарапайым айналмалы түк; Аэр. – аэренхима; С – саңылау-лар; Я - ядро
18

1.4 Тікенді шағыртікен және бұйра түйетікен өсімдіктерінің химиялық құрамы
Біз зерттеп отырған өсімдік туралы бұдан бұрынғы зерттеу мәліметтерін қарастыра келе білгеніміз оның химиялық құрамы аз зерттелген.

Төменде Тікенді шағыртікеннің химиялық құрамын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарына талдау келтірілген. Бұл жұмыстарда Onopordon acanthium L. өсімдігінің құрамында инулин, сапониндер, аздаған мөлшерде алкалоидтар (0,5%) және сесквитерпенді лактон- аркциопикрин бар екендігі көрсетілген. Бұл жұмыс авторлары Тікенді шағыртікен тұқымдарында 33%-ға дейін майлы кебуші майлар, ал жапырағында аз мөлшерде алкалоидтар және сесквитерпенді лактон-аркциопикрин – С19Н21О6 бар деп жазады. Грисюк Н.М. авторластарымен бірге өсімдіктің жер үсті бөліктерінде сапониндер, ақуыздық заттар, көмірсулар мен аскорбин қышқылы, ал бір жылдық өсімдік тамырларында крахмалдың едәуір мөлшері бар деп көрсеткен. Шағыртікенге фитохимиялық зерттеу жасаған автор өсімдіктің жер үсті бөліктерінде биологиялық белсенді заттардың бағалы комплексы бар деп жазады, алдын-ала зерттеулерден үштерпенді сапониндер, флавоноидтар, алкалоидтар, моно-, олиго- және полисахаридтер, сонымен қатар органикалық қышқылдар табылған. Авторлар жұмысында тікенді шағыртікен өсімдігінің гүлдері мен жапырақтарында алкалоидтар, лактон-аркциопикрин, сапониндер, ащы заттар бар деп жазады. Зерттеушілер тікенді шағыртікен жапырақтарынан лактон С19Н24 О6 бөліп алған және оның құрылысы мен конфигурациясын анықтаған.

Бұл өсімдіктің тұқымдарының химиялық құрамын зерттеуде біршама көп жұмыстар жасалынған. Бұл бағыттағы Өзбекстан ғалымдарының соңғы үш онжылдықта жасап отырған жұмыстарын айта кету керек.

Ульченко Н.Т. өзінің әріптестерімен бірге өсімдіктің (Onopordon acanthium L.) ұсақталған тұқымдарын экстракциялау арқылы май алған, кейіннен бұл майдан парафинді көмірсулар: С33 – С25 ; С18 – С17; олефинді көмірсулар: С18:1; С18:2; С18:3; С17:1; С17:2; С17:3; майлы қышқылдардың этилды эфирі С32:0; С31:0; С30:0; С29:0; молекулярлық салмағы 412,414 және 400 болатын стериндер, спирттер α-амирин және лунеол мен олардың табиғи ацетаттары бөлініп алынды. Майлы қышқылдар: С31:0, С29:0 алғаш рет табиғи қосылыстар ретінде анықталған. Тұқымдардың нейтралды липидтерінің құрамы анықталған, сонымен қатар липидтерге моноэпокси және моногидроксиацил-

глицериндер формасында кездесетін эпокси-гидроксиқышқылдарының құрамы мен құрылысы зерттелген. Зерттеліп отырған тұқымның липидтер қорының гидроксиацилглицериндерінің құрамында ұзындығы С14-ден С18- дейін күрделі изомерлі құрамды қос байланыстар саны 0-2, 24-моногидроксиқышқылдар бар екендігі анықталған.

Onopordon acanthium L. өсімдігінің химиялық құрамын зерттеу туралы басқа мәліметтерді бізге белгілі әдебиеттерден кездестірмедік.


19

Сонымен, қолда бар әдеби мәліметтерді сараптай отырып бізге белгілі болғаны, бұл өсімдіктің халық медицинасында түрлі ауруларды емдеуде кеңінен қолданылатындығына қарай бұл өсімдіктің құрамының күрделі және онда көптеген заттардың бар екендігіне күмән жоқтығына қарамай бұл өсімдіктің химиялық құрамына систематикалық тұрғыдан зерттеулер жүргізілмеген. Осыдан барып біздің алдымызда туындайтын өте маңызды үлкен мәселенің бірі ол – тікенді шағыртікеннің құрамын жете зерттеп ондағы жаңа заттарды тауып анықтау арқылы оның фармакологиялық қасиеттерін негіздеу.

Әдебиеттерде бұйра түйетікеннің химиялық құрамы туралы мәліметтер аз берілген.Авторлардың жұмысында бұл өсімдіктің тамырларында инулин, тұқымында 21-29 %-ға дейін майлы, жартылай кебетін майлар бар делінген. Бұл жайында басқа да авторлардың жұмыстарында жазылған.

Carduus nutans L. және Carduus acanthoides өсімдіктерінің химиялық құрамы туралы біраз мәліметтер берілген. Біздегі қолда бар әдебиеттерде бұйра түйетікеннің химиялық құрамы туралы мәнді ештеңе келтірілмеген.

Біздің зерттеуіміздің негізгі міндеттерінің бірі бұйра түйетікеннің химиялық құрамын оның құраушы бөліктерін анықтау жолында терең зерттеу жүргізу болып отыр.
1.5 Шағыртікеннің және түйетікеннің фармакологиялық қасиеттері
Әдебиеттердегі зерттеу мәліметтеріне қарағанда Тікенді шағыртікен препараттарының жүрек жұмысын жақсартатын, жүрек қағысының күшін жиілететін, артериялық тонусты жақсартатын, перифериялық қан тамырларын тарылтатын қасиеті бар. Аз дозада бұл өсімдік препараттары орталық нерв жүйесін қоздырады, ал үлкен дозада тәжірибе жүзінде оны тежеп отырады. Шағыртікеннен алынатын сөлдің антимикробтық белсенділігі бар және оның стафилакоккпен басқа да микроорганизмдердің өсуін тежейтін қасиеті бар. Бұл препараттар жұмсақ бұлшық еттің тонусын жоғарлатады. Сонымен, өсімдік препараттарының қан тоқтататын, жараны жазатын, ісікке қарсы, тырысуға қарсы, тыныштандырғыш, несеп айдайтын, микробқа қарсы әсері бар.

Жапырақтары мен гүл себеттерінен алынатын қайнатпасы орталық нерв жүйесін қоздырады, жүректің жұмысын жақсартады, несептің бөлінуін күшейтеді, жұмсақ бұлшық еттердің (асқазанның, ішектің, өт қабының) тонусын көтереді, аздап қан қысымын көтереді, қан тоқтататын, микробқа қарсы әсер етеді.

Тәжірибе жүзінде шағыртікеннің препараттары зиянсыз және ұзақ уақыт қолдану барысында жанама әсер бермейтіндігі дәлелденген.

Тікенді шағыртікен өсімдігінің фармакологиялық қасиеттері туралы мәліметтердің аз жарық көруіне қарап бұл өсімдіктің осы уақытқа дейін мамандардың зерттеу объектісі болмағанын айтуға болады. Сондықтанда бұл


20

өсімдікке деген қызығушылық бізде ерекше және де бұл өсімдік бізге жақын, себебі біздің регионда өте кең таралған.

Сонымен, біздің зерттеуіміздің міндеттерінің бірі тікенді шағыртікеннің жер үсті бөліктерінің (жапырақтары, гүлдері, гүл себеттері) препараттарын фармакологиялық зерттеу.

Информациялық зерттеулердің нәтижесінде біз зерттеп отырған Carduus crispus L. өсімдігінің қабынуға қарсы әсері бар екендігі туралы айтылған

жұмыс табылды, бұған қосымша өсімдіктің тырысуға қарсы қабілеттері бар екендігі туралы мәліметтер де белгілі.

Біздегі қолда бар әдебиеттерден мұнан басқа мәліметтер табылмады. Осыдан келіп,біздің зерттеуіміздің негізгі міндеттерінің бірі бұйра түйетікенді егжей- тегжейлі терең фармакологиялық зерттеу болып отыр.



1.6 Шағыртікенді және түйетікенді ресми және халық медицинасында қолдану
Тікенді шағыртікеннің емдік қасиеттері туралы халық медицинасына өте ерте кезден белгілі.Абу Али ибн Сино өз кезеңінде өсімдіктің тамырынан жасалған қайнатпаны әйелдерге қан кетуде, асқазан мен бауыр ауруында пайдалы деп есептеген.

Кейбір алыс шет елдердің халық медицинасында шағыртікеннің жас сөлін қатерлі ісікті алып тастағаннан кейінгі метастазаның профилактикасы, яғни алдын-алу үшін (терінің қатерлі ісігінде), асқазан және 12-елі ішектің жарасында, скрофулезде, тері туберкулезінде, теміреткіде пайдаланған.

Шағыртікеннің жапырақтары мен гүлдерінен алынған тұнбасы немесе ұнтақ несеп қапшығы мен несеп жолдарының ауруларында, сонымен бірге қабыну кезінде, офтальмологиялық тәжірибеде де қолданылады.

Өсімдіктің тамырларынан алынатын қайнатпаны бырыстырғыш ретінде және несеп айдайтын қасиетіне қарай пайдаланады. Тәжікстан халық медицинасында тікенді шағыртікеннің жапырақтарын бырыстырғыш, несеп айдағыш, жараны жазатын қасиеттері ретінде: іріңді жараларда,фурункулдарда, экземада, лишайларда өсімдіктің жас жапырақтарын сүтке салып езілген күйінде жараға жағу арқылы пайдаланады. Тікенді шағыртікеннің үлкен сүйелшөппен қосылып іріңді жараларда қолданылатыны туралы және жеке өзінің жөтелде, демікпеде, сарпта, сіреспеде кең қолданылатыны туралы да мәліметтер белгілі.

Шағыртікеннің жапырақтары мен гүл шоғырынан алынған тұнбалары мен қайнатпаларының іріңді жараларға, қабынудан болатын ісінулерде сыртқа компресс ретінде немесе жараларды жууға пайдаланады. Жапырақтары мен гүлдерінен алынатын тұнбаны көздің сырқаттарын емдеуге пайдаланады.

Болгария халық медицинасында шағыртікен шөбінен алынған қайнатпаны жүрек қаққанда, жөтелде, демікпеде, тері сырқаттарында пайдаланады.

21

Өсімдіктің жапырақтары мен гүл себеттерінен жасалынған қайнатпаны халық медицинасында онкологиялық ауруларда қолданылады деген мәліметтер де бар.



Мысалы, жатыр ісігінде төменде берілген технология бойынша дайындалған қайнатпаны пайдаланған дұрыс: 20г.құрғақ гүл себеттері мен жапырақтарына 200мл су құйып, 10 мин. қайнатып, суытып, сонан соң оны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдау арқылы қатерлі ісіктерді емдеуге, сонымен бірге жүрек әлсіздігін, сарапты, несеп қапшығының қабынуын, көтеуді емдеуге болады. Осы қайнатпаны сыртқы жараларды, ұзақ жазылмайтын жараларды жазуға қолданады.

Бұл өсімдіктің жапырақтарының тұнбасы несеп қапшығының және несеп жолдарының қабынуында, түрлі ісінулерде, қабынуда, көтеуде қолданылатыны туралы мәліметтер белгілі. Мұндай жағдайларда тұнбаны төмендегі әдіспен дайындайды: 2 ас қасық құрғақ шикізатқа 1 стакан ыстық су құйып, су моншасында 15 мин қайнатып, 45 мин. суытып, оны сүзіп алады. Тұнбаны 1/3 стаканнан күніне 3 рет тамақтан кейін ішеді. Несеп қапшығының қабынуы кезінде бұл тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Осы көрсеткіш бойынша жапырақтарының ұнтағын (тікендерінен тазартылған) күніне 3 рет 1 шәй қасықтан ішеді. Осы тұнбаны сыртқы іріңді жараларға, тері ауруларында компресс күйінде пайдаланады.

1 ас қасық ұсақталған жапырақтары мен гүлдерінің жинағын алып, оған 1 стакан қайнаған су құйып,оны 10 минут тұндырып,бұдан күніне 3-4 ас қасықтан ішу арқылы несеп қапшығының қабынуында, суық тиіп қабынғанда, сарпта емдеуге болады.

Шөбінен алынған жас сөлін теміреткі мен қышыманы емдеуге пайдаланады. Болгар халық медицинасында тікенді шағыртікеннің экстрактысын ағзаның тонусын көтеруші ретінде пайдалануды ұсынады. Бұл экстракт аз дозада орталық нерв жүйесін қоздырады, ал жоғары дозада керісінше тежейді.

Өсімдіктің жапырақтарынан алынған жас сөлімен фурункулезді,ал гүл себеттерімен денеге бөрітіп шыққанда және тері инфекциясының қайталануында пайдаланады.

Төменде беріліп отырған рецепт кеңінен таралған және әсері де пайдалы. Тікенді шағыртікеннің 3 гүл себетіне 400 мл қайнаған су құйып, бірнеше сағат тұндырамыз да, оны ыстық күйінде сүзгіден өткізіп алып, күніне 4 рет кофе ішетін ыдыспен ішу керек.

Ал Стояновтың (1973 ж.) рецепті бойынша: өсімдіктің жер үсті бөліктерінен ұсақталған шикізатының 2 ас қасығын алып, оған 500 мл су құйып, оны отқа қойып, 10 мин. қайнатады, суытып болған соң оны сүзгіден өткізіп алып, алынған тұнбаны (тәулік ішіндегі дозасы) күні бойы ішеді. Тұнбаның суық тигенде қабынуға қарсы, несеп қапшығының қабынуында, сарпта пайдасы зор.
22

Жоғары келтірілген мысалдарды сараптай келіп біздер тікенді шағыртікеннің жер үсті бөліктерінен (шөбі, жапырақтары, гүлдері) алынған түрлі дәрілік формалардың әлем елдерінің халық медицинасында кеңінен қолдануына қарай бұл өсімдіктің халық медицинасынан ғылыми медицинаға енгізіліп отырғандар қатарына жатқызуға болады. Демек, осыдан келіп Астерлер тұқымдасына, соның ішінде тікенді шағыртікеннің медицинада қолданылуын ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында оны егжей-тегжейлі түрде оқып зерттеу міндеті туып отыр.

Әдеби мәліметтерден анықтағанымыздай түйетікен туысының өсімдіктері дәрілік зат ретінде көптеген елдердің халық медицинасында кеңінен қолданылады, әсіресе оның Carduus nutans L.- иілген түйетікен деген түрі жиі қолданылады.

Carduus crispus L. халық медицинасында дәрілік өсімдік ретінде кеңінен қолданылатыны туралы кейбір мәліметтерде келтірілген, онда өсімдіктің тамырынан алынған қайнатпасын Удмуртияның халық емшілері тыныштандырғыш қасиетін балалар конвульсиясында, орталық нерв жүйесінің нашарлауында, қорыққанда,эпилепсияда, ұйқы бұзылғанда, тырысуда, тері ауруларында (псориазда,экземада) қолдануға кеңес береді. Өсімдіктің препараттары ішуге және сыртқа қолданылады.

Тамырынан алынған қайнатпаны түйетікеннің гүл себеттері мен жапырағынан алынған тұнбасымен бірге қолдана беруге болады. Шағыртікеннің гүл шоғырынан алынған тұнбаның ағзаның сыртқы ортаның кейбір қолайсыз факторына (тұрақтылығын) төзімділігін жоғарылататынын эксперименттер дәлелдеп берді.

Орыс халық медицинасында шөбінің қайнатпасын қан тоқтататын ретінде, нервтік қозуларда, гонореяда, ал гүл шоғырының және жапырақтарының қайнатпасын мысқыл ауруында қолданады. Батыс пен Шығыстың көптеген елдерінің халық медицинасында тамырларының қайнатпасын неврозда, ұйқысыздықта, эпилепсияда қолданады. Беларуссияның халық медицинасында және де нанай халық медицинасында қорыққан балаларға құрғақ шөбінің түтінін темекі ретінде тартқызады немесе шөбінің ваннасына нервісі шаршаған балаларды шомылдырады. Өсімдіктің жоғары жағынан алынатын қайнатпаны конвульсия кезінде балаларға береді. Демікпе кезінде шағыртікеннің кептірілген, ұсақталған жапырақтарынан темекі тарту не жапырақтарын бықсыған көмірге салып, оның түтінін иіскеуді ұсынады. Қытай медицинасында гүл шоғырын суықтағанда, жөтелде және сарыпта пайдаланады. Тибет және Забайкал халық медицинасында гүл шоғыры немесе тамырларының препараттарын гастроэнтеритте, іш өткенде, суыққа қарсы, бронхитте, өкпе қабынуында және де құсуға қарсы тағайындайды. Жапырақтарынан алынған жас сөлін іріңді жаралар мен созылмалы жаралардың тез жазылып кетуі үшін жуады.Осы мақсатта жараға оның жас жапырақтарынан ұсақтап ботқа жасап оны жараға жағып тастауды ұсынады.


23

Сонымен,Түйетікен туысының өсімдіктері,яғни оның көп таралған түрлері: бұйра және иілген түйетікендердің медицинада белгілі бір қолдану аймағы бар деп айтуға болады. Әдеби мәліметтерден түйетікеннің кең тарлған түрлеріне шет ел ғалымдары үлкен көңіл аударатынын білуге болады.

Мысалға алсақ, Carduus Benedictus өсімдігінен алынған дәрі-дәрмектер туралы мәліметтер Ұлыбритания патенттерінде берілген.

Сонымен, әдеби мәліметтерді сараптау біз зерттеп отырған өсімдік туралы мәліметтердің көп еместігін көрсетеді, бірақ жалпы шолу жасай келе Астерлер тұқымдасының түйетікен туысы дәрілік өсімдіктерінің халық медицинасынан ғылыми медицинаға ауысу тенденциясының мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді.


1.7 Дәрілік өсімдік шикізаттарын алдын ала өңдеу және дайындау
Өсімдіктің жер бетіндегі бөлдіктерін қауыздану кезеңінде жинайды. Бұл кезге дейін өсімдіктің жер үсті бөліктері едәуір өсіп ондағы әсер етуші заттардың мөлшері де көбейеді. Шикізат ретінде өсімдіктің жоғарғы жапырақтарының ұшын, бүйір сабақтарын (ұзындығы 30-40 см) және жапырақтарын жинайды. Оларды қолмен жинайды немесе пышақпен не орақпен кесіп алады. Жиналған шөпті ашық ыдыстарға (жәшіктер мен себеттерге) салып кептіру орнына жеткізеді.
1.8 Қорғау шаралары мен тиімді пайдалану
Шикізатты жинау кезінде оны тамырымен жұлып жинауға болмайды, себебі жер асты бүршіктеріне зақым келуі мүмкін. Өсімдіктің кейбір өркендерін көбею үшін тұқымдыққа қалдырады. Бір егістіктен жылды өнім алуға болмайды. Өсімдіктің жиналған шөбін брезентке жұқалап жайып кептіреді. Кептірудің алғашқы кезеңінде шикізатты жиі аударыстырып тұрады. Кептіргіштерде кептіру кезінде 35-40°С жылуда қыздырады. Жапырақтары сабағынан тез кебеді, сондықтан кептіруді сабақтары майысқақ емес, сынғыш болғанға дейін жалғастырады. Өсімдіктің әрбір жиналған 100 кг-нан 18 кг жеңіл шикізат алынады. Тікенді шағыртікеннің дайын шикізатты бүтін күйінде 2-3 гүл себеттерінен және сабақтардан тұрады. Гүл орамдары піспеген гүл себеттерінің ішінде көк жапырақшалардан тұрады, жапырақтарының шеттері кірпікті, жоғары ұшы үшкір, түсі сарғыш болып келген. Гүл тәжі күлгін не алқызыл түсті. Тұқымдары сұр-қоңырқай, сарғыш түктері бар. Сабақтары торлана түктелген немесе жалаңаш болып жоғары қарай қанаттанып орналасқан, қанаттары кең үшбұрыштанып және ірі қатты сары тікенмен біткен. Жапырақтары әртүрлі, төменгілері ұзын кең жұмыртқа тәрізденіп сағағына қарай жіңішкеріп барып біткен, ортаңғылары мен жоғарғылары жұмыртқа тәрізді. Барлық жапырақтары қауырсынды салалы шеттері тісті, тістері өткір тікенге ауысқан, жапырақ тақталары екі жағынан да торлана түктелген, иіссіз, ащы дәмді.

24

1.9 Сақталуы


Дәрілік өсімдік шикізаты құрғақ, таза, жақсы желдетілген, қамба зиянкестерінен тазартылған жарық түспейтін бөлмелерде сақталуы керек. Қоймаларда шикізаттар жер бетінен 15 см биіктікте орналасқан сөрелерде сақталуы керек. Шикізаттарда қоймада жыл сайын аударыстырып отырады. Қойма бөлмелері әр уақыт дезинфекцияланып отыруы керек. Дәріханаларда жәшіктерде, ыдыстарда сақталуы дұрыс. Тікенді шағыртікен шөбін қышқылдармен, сілтілер мен аммиакпен бірге сақтауға болмайды.

Шикізаттың сақталу мерзімі 2 жыл. Тікенді шағыртікен шөбін қабынуға және өт ауруларына қарсы қолданады.

Демек, жоғарыда айтылғандардың бәрін қорыта келе Астерлер тұқымдасына жататын осы туыстың өсімдіктерін ары қарай жете зерттеу яғни тікенді шағыртікенді ресми медицина қолдануды ғылыми түрде негіздеу мақсатында оны терең оқып зерттеу қажеттілігі туралы заңдылықтар туындап отыр.

25

Қолданылған әдебиеттер тізімі


1 Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений СССР/Под ред. П.С.Чикова. – М.: ГУГК, 1980.- 340 с.

2 Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана.- Алматы: Ғылым, 1994. – 99 с.

3 Адекенов С.М. Химическое изучение растительного сырья Казахстана- источника фитопрепаратов // Разработка и внедрение новых лекарственных средств и организационных форм фармацевтической деятельности: сб. науч. тр.- Томск, 2000.- 63 с.

4 Абу Али ибн Сино Канон врачебной науки.- Т.: изд-во мед. лит. им. Абу Али ибн Сино, 1996.- В 10 т. Т. 6-3-е изд.- 320 с.

5 Abdallah O.M., Ramadan M.A., Et-Shanawany M.A. Phytochemical study of Carduus nutans L. (Asteraceae) // Bull. Fac. Sci., Assiat Univ. – 1989. – Vol. 18, №2. – P. 69-76.

6 Андрейченко Ф.И., Сюзева С.Ф., Огурцова Л.Н. и др. О химическом составе и фармакологическом действии чертополохов поникающего, крючочкового и курчавого // Материалы 3-го Всероссийского съезда фармацевтов.- Свердловск, 1975.- С. 291-292.

7 Барнаулов О.Д., Лимаренко А.Ю. Оценка некоторых фармакологических свойств препаратов и растений, применявшихся в народной медицине // Тезисы докл. науч. конф. – Ереван, 1982. – 35 с.

8 Беркман А. Об осбенностях и перспективах развития фармацевтической и медицинской промышленности республики Казахстан // Фарм. бюллетень.- 1997. №9.- 5 с.

9 Ботанический атлас – под общей редакцией члена –корр. АНСССР Б.К.Шишкина – изд.Сельско-хозяйственной литературы, журналов и плакатов.– Москва, 1963.- 263 с.

10 Беленовская Л.М., Корхов В.В., Мац М.Н. и др.(ред.). Растительные ресурсы СССР: Цветковые растения, их химический состав, использование; семейство Asteraceae (Compositae).- Санкт-Петербург: Наука,1993.- 352 с.

11 Баймухамбетов М.А., Орынбасарова К.К. Химический состав, фармакологические свойства и применение растений родов Onopordon L. и Carduus L. // Вестник ЮКГМА.-1998.-№1.- С. 75-77.

12 Баймухамбетов М.А., Рахимов К.Д., Алимгазинова Б.Ш., Нургожин Т.С. Фитотерапия сердечно-сосудистых заболеваний.- Алматы, 2000.- 320 с.

13 Бендер К.И., Гоменюк Г.А., Фрейдман С.Л. Указатель по применению лекарственных растений в научной и народной медицине. / Саратовский ун-т.- С., 1988.- С. 84-92.

14 Выделение и анализ природных биологически активных веществ / Краснов Е.А., Березовская Т.П., Алексеюк Н.В. и др. Под ред. Сироткиной Е.Е. – Томск: Изд-во Томск. Ун-та, 1987. – 180 с.


26

15 Георгиевский В.П. и др. БАВ лекарственных растений. – Москва, 1990.- 23 с.

16 Георгиевский В.П., Комиссаренко Н.Ф., Дмитрук С.Е. Биологически активные вещества лекарственных растений.- Новосибирск: Наука, Сиб. отд-ние, 1990.- 333 с.

17 Гончарова Т.А. Энциклопедия лекарственных растений.- Москва, 1997.-Т.2.- 528 с.

18 Грисюк Н.М., Грингак И.Л., Елин Е.Я. Дикорастущие пищевые, технические и медоносные растения Украины.- Киев:Урожай, 1989.- С. 123-137.

19 Зимин В.М. Библиотечка лекарственных растений. 400 лекарственных растений.- Санкт-Петербург АО:Дорваль, 1993.-Т.1.-201 с.

20 Иллюстрированный определитель растений Казахстана.(Байтенов М.С., Васильева А.Н., Рамаюнова А.П.).-Алма-Ата:Наука, 1972.- Т.II. – С.414-420.

21 Кривенко В.В., Дудченко Л.Р., Хмелевская А.В. Лекарственные растения – защитники от радиационного воздействия.- К.: ОКО, 1991.- 16 с.

22 Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рахимов Қ.Д., Исамбаев Ә.И., Сауранбаев Б.Н. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы.- Алматы: Ғылым, 1998.- Б.161-162.

23 Култаева А.К., Пак Р.Н., Адекенов С.М. Противовоспалительное свойства фитокомпозиции этанольных и эфирных масел // Фармация Казахстана.- 2004.- № 6.- 60 с.

24 Куркин В.А. Расторопша пятнистая-источник лекарственных средств // Хим.-фарм. журн.- 2003.- № 4.- 27 с.

25 Калинкина Г.И., Березовская Т.П., Дмитрук С.Е., Сальникова Е.Н. Преспективы использования в медицинской практике эфиро-масляничных растений флоры Сибири // Химия растительного сырья.- 2000.- 90 с.

26 Калошина Н.А., Глызин В.И., Баньковский А.И. О флавоноидах Carduus nutans // Химия природ. соедин.-1975.- № 5.- С. 654-655.

27 Қожабеков М., Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер.- Алматы, Қазақстан, 1982.- 56 б.

28 Лекарственные растения Казахстана, обладающие профилактическими и противовоспалительными свойствами (Махатов Б.К., Аширматова М.Н., Абдуллабекова Р.М.).- Алматы, 1999.- 62 с.

29 Лекартственные растения Казахстана и их использование.- Алматы:Ғылым, 1996.- 179 с.

30 Муравьева Д.А. Фармакогнозия.- Москва: Медицина, 1991.- 560 с.

31 Мичник О.В. Исследование химического состава татарника колючего с целью получение лекарственных препаратов // Тезисы докл. Всес. конф. по нов. лекарств. препаратов из раст. Сибири и Дал. Вост. – Томск, 1989.- вып.2- 112 с.

32 Manavalan R., Singh J. Chemical and some pharmacological studies on leaves of Piper longum Linn. // Indian J. Pharm. – 1979. – Vol. 41, №5. - P. 297-305.

27


33 Максютина Н.П., Комисаренко Н.Ф., Прокопенко А.П., Погодина Л.И. Растительные лекарственные средства.- Киев:Здоровья, 1985.- 103 с.

34 Павлов Н.В. Флора Казахстана.- Алма-Ата:Наука, 1966.- Т. IX. - 347 с.

35 Пастушенков Л.В., Пастушенков А.Л., Пастушенков В.Л. Лекарственные растения.- Лениздат-соц.-ком.фирма:Человек, 1990.- 253 с.

36 Поиск стимулирующих препаратов среди растений рода бодяка и чертополоха.- изд.Естеств. науч. ин-та при Пермск. ун-те, 1973.- № 1.- С. 120-124.

37 Рахимов К.Д. Фармакологическое изучение природных соединений Казахстана.- Алматы, 1999.- 75 с.

38 Селезненко Л.В., Осетров В.Д. Виды рода эхинацей как иммуностимуляторы // Тезисы докл. II Респ. конф. по медиц. ботанике.- Киев, 1988.- С. 399-400.

39 Токсанбаева Ж.С., Орынбасарова К.К. Комплексное изучение некоторых растений семейства Астровых с целью создания эффективных лекарственных средств // Материалы Международной конференции «Новые технологии в медицине и фармации».- Астана, 2001.- С. 405-406.

40 Тотров В.К. Уникальные рецепты по излечению раковых и других заболеваний.- Москва, 1994.- 44 с.

41 Ульченко Н.Т., Гигиенова Э.И., Абдуллаев У.А., Умаров А.У. Неглицеридный комплекс масла семян Onopordum acanthium // Химия природ. соедин.- 1979.-№5.- С. 612-615.

42 Ульченко Н.Т., Гигиенова Э.И., Сейтаниди К.Л., Умаров А.У. Глицеридный комплекс масла семян Onopordum acanthium // Химия природ. соедин.- 1978.-№6.- С. 699-707.

43 Ушбаев К.У., Никонов Г.К. Лечебные свойства растений Казахстана.- Алматы, 1994.- 114 с.

44 Фармацевтический бюллетень.- 1997. №5- 4 с.

45 Фармацевтический бюллетень.- 1997. №3.-3 с.

46 Frydman B., Deulofeu V. Studies on Argentina Plants – XIX. Alcaloids from Carduus acanthoides L. Structure of Acantoine and Acantoidine and synthesis of racemic Acantoidine // Tetrahedron. – 1962. Vol. 18. – P. 1063-1072.



47 Шкарина Е.И., Максимов Т.В., Никулина И.Н. и др. О влиянии биологически активных веществ на антиоксидантную активность фитопрепаратов // Хим.-фарм. журн. -2001.- № 6.- 95 с.


28

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет