Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Қазақстан Республикасының ана мен бала денсаулығын қорғау саласында нормативтік-құқықтық құжаттары



бет5/36
Дата14.10.2023
өлшемі140,76 Kb.
#185432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
annotation211488

Қазақстан Республикасының ана мен бала денсаулығын қорғау саласында нормативтік-құқықтық құжаттары

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен медициналық көмекті дамыту тұжырымдамасында, Денсаулық сақтау саласындағы басқа да негіз қалаушы құқықтық құжаттарда оны дамытудың басым міндеттері арасында ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын сақтау және нығайту қажеттілігі айқындалған. Бұл міндетті шешу кезінде әйелдердің жалпы соматикалық және репродуктивті денсаулығына әсер ететін факторлардың барлық алуан түрлілігін ескеру қажет, соның ішінде: қолайсыз экологиялық және өндірістік жағдайлар, әлеуметтік-экономикалық мәртебе, жалпы және санитарлық мәдениет деңгейімен анықталатын өмір салтының ерекшеліктері. Сонымен қатар, халыққа акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұтымды ұйымдастыру маңызды рөл атқарады, оның үстіне бірқатар зерттеулердің деректері оны көрсетуде проблемалар мен ақаулардың едәуір санының болуын куәландырады. Сондықтан оларды талдау көмектің осы түрін жақсартуға, сондай-ақ әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын нығайтуға бағытталған шараларды әзірлеу үшін өте маңызды.


Кесте 1. Әйелдердің денсаулығын сақтау, жүкті және босанған әйелдерді диспансерлеу жөніндегі негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар


п/п

Құжаттың аталуы

Қабылданған күні және нөмірі

1

Қазақстан Республикасының Конституциясы

1993 жыл

2

Қазақстан Республикасының еңбек Кодексі

2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ

3

«Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

1997 жылғы 19 мамырдағы N 111-I

4

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі

2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193 IV

5

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

ҚР 21.05.2019 ж

6

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі

(04.05.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар)

7

«Қазақстан Республикасында біріншілік медико-санитарлық көмекті дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы»»

Бұйрық №461 от 27.07.2018 жыл

8

«Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығы

9

«Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (өзгертулерімен)»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 маусымдағы N 67 бұйрығы

10

«Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге және бала туу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы»

ҚР ДСМ 03.07.2012 жылғы № 452 бұйрығы

11

«Біріншілік медико-санитарлық көмек көрсету Қағидалары және біріншілік медико-санитарлық көмек ұйымдарына бекіту Қағидалары»



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығы

12

"Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы"



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2009 жылғы 10 қарашадағы №685 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

13

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

14

"Біріншілік медико-санитарлық көмек көрсету Ережесін және азаматтарды біріншілік медико-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу Ережесін бекіту туралы ".

ДСӘДМ бұйрығы № 281 жылғы 28.04.2015 ж. Бұйрығы ҚР ӘМ ҚР 04.06.2015 ж. №11268.

15

Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу ережесін бекіту туралы

ҚР ДСМ 11.02.2014 ж. № 77 бұйрығы

16

 " Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ТМККК шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы "

ҚР ДСМ 3.07.2010 ж. № 492 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР ДСМ 05.06.2014 ж. №302 бұйрығы

17

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығы.

18

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Бұйрығы

19

«Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара қарым-қатынас ережесін бекіту туралы » 



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 785 бұйрығы

Келтірілген кестеде көрсетілгендей, әйелдердің денсаулығын қорғауға байланысты нормативтік-құқықтық құжаттардың үлкен пакеті қабылданды. Қазақстан Республикасында нормативтік-құқықтық база үнемі дамып, жаңартылып отырады. ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің екінші тарауында Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері сипатталады. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік саясаты принциптерінің бірі- ана мен баланы қорғау болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет