Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


 Ас қорыту жолдарын қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет29/92
Дата07.02.2022
өлшемі1,42 Mb.
#83024
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
Байланысты:
Конакбаева ЖКТ каз

4. Ас қорыту жолдарын қалпына келтіру 
үшін екі - үш аптадай орташа 
 
терапиялық дозада ферментті препараттар қолданылады. 
Фитотерапия СТХ кезінде келесідей шӛп қайнатпаларынан 
құралады: ӛршу кезінде –дәрілік валериана, түймедағы, мия. СТХ -пен 
науқастарға ӛршу болмаған кезде санаторлы - курортты емдер (Есентуки, 
Железноводск, Пятигорск,Трускавец, Моршин) кӛрсетіледі. 
 
СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ 
 
Созылмалы панкреатит - экзокринді бӛліктердің үдемелі 
сегментарлы немесе диффузды дегенеративті, деструктивті ӛзгерістерімен; 
бездік элементтердің (панкреоциттер) атрофиясымен және олардың 
дәнекер (фиброзды) тінмен алмасуымен; ұйқы асты безі түтіктерінде 
кисталардың және тастардың түзілуімен; ұйқы безінің экзокринді және 
эндокринді қызметінің әр түрлі дәрежедегі бұзылысымен сипатталатын 
ұйқы безінің созылмалы қабыну ауруы. 
Диагностикалық сипатбелгілері: 
1.
Ауырсыну синдромы. Егер қабыну үдерісі ұйқы безі проекциясының 
басында орналасса ауырсыну эпигастриден оң жағында, оң қабырға 
астында, VI – XI омыртқа аймағына беріледі; денесі зақымдалған кезде - 
эпигастриде, құйрығы зақымдалса - сол қабырға астында орналасады. 
Ұйқы безі тотальды зақымдалса «белді буындырғандай» ауырсыну тән. 
Ауырсыну майлы, қуырылған тамақтан кейін алкогольды, газдалған 
сусындарды қабылдағаннан кейін басталады. Ауырсынудың тәуліктік 
ырғағы бойынша: түске дейін ауырсыну аз мазалайды, түстен кейін және 
кешке қарай интенсивтілігі күшейеді. Ауырсыну жатқанда күшейеді де 
денені алға еңкейтіп отырғанда азаяды. 
2.
Диспепсиялық синдром: жүрек айну, жеңілдік әкелмейтін құсу, 
тәбетінің тӛмендеуі, метеоризм, ситофобия (тағам қабылдар алдындағы 
қорқыныш). 
3.
Іштің пальпациясы кезінде ұйқы безі проекциясында ауырсыну 
анықталады. Денеде созылмалы панкреатитке тән рефлекторлы 
ауырсынатын аймақатр мен нүктелерді анықтауға болады (қосымша 8). 
Кӛптеген науқастарда Грот симптомы «оң» мәнді - ұйқы безі 
проекциясындағы тері асты шел май қабатының атрофиясы, «қызыл 
тамшы» симптомы - іштің, кеуденің, арқаның терісінде қызыл дақтардың 
болуы, сонымен қатар ұйқы безі аймағын үстінгі терісі қоңыр түстес. 
4.
Ұйқы 
безінің 
сыртқы 
(экзокринді) 
секреторлық 
қызметінің 
жеткіліксіздік симптомы – асқазандық (тәбетінің тӛмендеуі не болмауы, 
тез тойыну сезімі, жүрек айну, құсу, кекіру) және ішектік диспепсиялық 
(іштің кебуі және шұрылдауы, тұрақсыз нәжіс) кӛрінісі ретінде пайда 
болады. Асқазандық диспепсия СП-тің псевдотуморозды және латентті 
формаларында жиі кездеседі. Ауыр формаларында асқорытудың 
(мальдигестия) тұрақты, айқын (диареямен, унитаздан қиын жуылатын 
ботқа тәрізді майлы нәжіс, айқын арықтау) бұзылыстары дамиды. 


33 
Капрограммада: ботқа тәрізіді консистенция, қорытылмаған тағам 
қалдықтары, стеаторея, креаторея, амилорея. 
5.
Экзокринді қызметінің бұзылуының зертханалық сипатбелгілері: 

СП ӛршуі кезінде зәрде α-амилазаның жоғарылауы; 

СП фиброзды - склерозды түрінде (СП-тің гипоферментемиялық типі) 
зәрде α -амилазаның тӛмендеуі; 

«қанда панкреатикалық ферменттердің жоғарылау» феномені - қанда α -
амилазаның, липазаның, трипсиннің (гиперферментемиялық типі) 
жоғарылауы; 

Нәжісте эластаза-1 құрамының 200-мкг/г-нан тӛмендеуі; 
6.
Эндокринді жеткіліксіздік синдромы кӛмірсу алмасуының әртүрлі 
бұзылыстарымен, тіпті қантты диабеттің дамуымен кӛрінеді; 
7.
СП ӛршуі кезінде жалпы қан анализінде шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ 
жоғарылауы, анемия; қанның биохимиялық анализінде холестаз кӛрінісі, 
С-реактивті ақуыздың және фибриногеннің жоғарылауы, гипокоагуляция, 
гипопротеинемия, гипоальбуминемия анықталуы мүмкін; 
8.
СП диагностикасының аспаптық сипатбелгілері: 
СП ультрадыбысты белгілері: 

контуры тегіс емес, эхогенділігі жоғарылаған (фиброз) және тӛмендеген 
(ісіну), құрылымы біркелкі емес; 

панкреатикалық түтіктерде кальциноздар және тастар; 

вирсунг түтігі біркелкі емес кеңейген; 

СП псевдотуморозды вариантында ұйқы безі басының ұлғаюы (4см 
және одан жоғары) және тығыздалуы; 

ұйқы безі кӛлемінің ұлғаюы не кішіреюі; 

дем алғанда ұйқы безінің ығысуы шектелген және эхоскопиялық 
пальпацияда ауырсыну байқалады; 

Эндоскопиялық ультрасонография вирсунг түтігін нақты кӛрсетіп, 
кистанын және жалған кисталардың, сұйықтықтың жиналғанын 
анықтайтын маңызды зерттеу әдісі;
 

Компьютерлік томография УДЗ- дің орнын баса алмайды, КТ және УЗД
бірге қолдану ұйқы безін морфологиялық зерттеуімен бірдей. 
Эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография (ЭРХПГ) 
СП кезінде бұл тәсілмен анықтауға болады: 

негізгі ұйқы безі түтіктерінің диаметрінің, контурының біркелкі 
еместігін, тарылуын және дилатациясын, ретенционды киста кезінде 
«кӛлшіктер» тәрізді кӛрінеді;
 

Түтік қабырғасының ригидтілігін, тастардың болуын, түтіктің бүйірлік 
тармақтарының кеңеюін, олардың қысқаруын;
 
Сонымен қатар бір уақытта бауырдан тыс ӛт жолдарының бейнесін алады.
 
Асқазанды және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеу кезіндегі 
рентген белгілері тӛмендегідей: 

Дуоденостаздың болуы; 


34 

Сілемейлі қабаты рельефінің ӛзгерістері, тӛмендемелі бӛліктің ішкі 
контурының және он екі елі ішектің жоғарғы контурының басылуы; 

Қайтымды үштік симптом «ε»; 

Ішектің тӛмендемелі бӛлігінің тарылуы;
 
СП - тің әр түрлі формаларының клиникалық ерекшеліктері 
Ауырсыну формасы: 

Тұрақты немесе интенсивті, қайталамалы, монотонды, шамалы 
ауырсыну; 

Ӛршу кезінде құсу болуы мүмкін, ұйқы безінің ісінуі және ұлғаюы 
байқалады, қанда және зәрде а амилазаның жоғарылауы; 
Ауырсынусыз формасы


Ауырсыну әлсіз немесе болмауы мүмкін;
 

Ұйқы безінің ішкі және сыртқы секреторлық қызметіінің бұзылуының 
клиникалық және зертханалық кӛріністері;
 
Латентті формасы :
ауырсыну, сонымен қатар ұйқы безінің ішкі және 
сыртқы секреторлық қызметінің бұзылу кӛріністері болмайды;

Псевдотуморозды формасы: 

Механикалық сарғаю белгілер (терінің қышынуы, нәжістің түссізденуі, 
зәрдің қараюы, холестаз зертханалық индикаторларының жоғарылауы); 

Ауырсыну эпигастри аймағында, кӛбіне оң жақта; 

Ішкі 
секреторлық 
қызметтің 
жеткіліксіздігімен 
негізделген 
диспепсиялық бұзылыстар; 

Ұйқы безі басының ұлғаюы (УДЗ, КТ, рентген зерттеулердің 
кӛрсеткіштері бойынша). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет