31
Бұл топқа холма тұзы (солянки холмовой) экстрактынан тұратын,
ӛсімдік текті ӛнімнен алынған отандық препарат «Салсоколлин» лайықты.
Препарат ӛт айдайтын және спазмолитикалық әсер кӛрсетіп, билиарлы
жолдардың тонусын және моторикасын қалпына келтіреді, сонымен қатар
гепатопротекторлық, антиоксиданттық әсерге ие. Салсоколлинді қабылдау
нәтижесінде
ӛттің
литогенді
қасиеті
азаяды
не
жойылады,
холатохолестеринді және фосфолипидті холестеринді коэффициент
жоғарылайды. Препаратты ӛт қабының және Одди сфинктерінің
дисфункциясымен жүретін СТХ-те, бауырдың майлы дистрофиясында,
сонымен қатар бауырдың функциялық сынамаларының ӛзгеруі кезінде
қабылдау кӛрсетілген. Салсоколлинді тағамнан бұрын 1таблеткадан күніне
3 рет 2-3 апта бойына тағайындайды.
Су
компоненттерінің
(гидрохолеретики)
салдарынан
ӛттің
секрециясын күшейтетін препараттарға салицил қышқылының ӛнімдері,
валериана препараты, минералды сулар жатады. Осы топқа ӛт
жолдарының
және
Одди
сфинктерінің
жазық
бұлшық
етіне
спазмолитикалық әсер ететін, ӛт қабының моторлық белсенділігіне әсер
кӛрсетпейтін одестон (гимекрамон) препаратын жатқызуға болады.
Гимекрамон 200-400мг-нан тәулігіне 3рет 2-3 апта бойына
тағайындалады.
Холецистокинетиктер
ӛт қабының гипокинезі кезінде ӛт айдағыш
заттармен бірге тағайындалады. Күнбағыс не зәйтүн майы, ксилит, сорбит,
магний сульфаты және т.б. тағайындалады. Күнбағыс және зәйтүн майын
бір ас қасықтан тағамнан бұрын жүйелі түрде қабылдау ӛт қабының
жиырылуын күшейтіп, ӛт жолдарында іркілістің болмауына кӛмектеседі.
Билиарлы гипертензияға күдік туғанда және СТХ - тің ӛршуінің алғашқы
жеті күніндегі науқастарға холецистокинетиктерді беруге болмайды,
себебі ол ауырсынуды және қабынуды күшейтеді. Ӛт қабының
гипокинезиясынан кейін дамыған СТХ-пен науқастарда ауырсынуды және
қабынуды басқаннан кейін ксилитті, сорбитті 30% магнезий ерітіндісін
және минералды суды қабылдау керек. Аптасына 1 рет 6-8 тюбаждан.
Достарыңызбен бөлісу: