Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


СП -тің ауырлық дәрежесінің сипатбелгілері



Pdf көрінісі
бет30/92
Дата07.02.2022
өлшемі1,42 Mb.
#83024
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
Байланысты:
Конакбаева ЖКТ каз

СП -тің ауырлық дәрежесінің сипатбелгілері: 
Жеңіл ағымды:
 

Ӛршуі жиі (жылына 1-2 рет) және ұзақ емес, тез басылады; 

Әлсіз ауырсыну синдромы; 

Ӛршусіз кезінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық; 

Дене салмағын жоғалтуы жоқ; 

Ұйқы безі қызметі бұзылмаған;

Копрограмма қалыпты; 
Орташа ауырлық дәрежесі: 

Ӛршуі жылына 3-4рет, ұзақ типтік ауырсыну синдромымен ӛтеді; 

Панкреатикалық гиперферментемия; 

Ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметінің шамалы тӛмендеуі және 
арықтау; 

Стеаторея, креаторея, аминорея; 
Ауыр ағымды: 

Күшті ауырсыну синдромы мен ұзаққа созылатын ӛршу кезеңі және 
диспепсия синдромдары айқын; 


35 

«панкреатоогенді» іш ӛту; 

Кахексияға дейін дене массасының тӛмендеуі; 

Ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметінің бұзылуы айқын; 

Асқынулардың болуы: қантты диабет, ұйқы безінің кистасы және 
псевдокистасы, холедохтың бітелуі, он екі елі ішектің стенозы, ұйқы безі 
басының ұлғаюы, перипанкреатит және т.б. 
Созылмалы панкреатиттің жұмыстық жіктемесі (Циммерман Я.С., 2007) 
I. Этиология және патогенезі бойынша: 
1.
СП біріншілік формалары: а) алкогольды; б) тұқым қуалайтын; в) 
тропикалық; г) дәрілік; д) аутоимунды; е) метаболизмдік; ж) идиопатты; 
2.
СП екіншілік формалары: а) билиарлы тәуелді; б) он екі елі ішектегі 
патологиялық үдеріспен байланысты; в) инфекциялық (соның ішінде 
паразитарлық); г) ишемиялық; д) жарақаттық; е) радиациялық;
II. Клиникалық ерекшеліктері бойынша: 
1.
Ауырсыну: а) интенсивті қайталамалы ауырсыну; б) үнемі монотонды 
шамалы ауырсынумен; 
2.
Псевдотуморозды: а) бауырастылық холестазбен және сарғаюмен; б) 
созылмалы он екі елі ішек түйнелісімен; 
3.
Ауырсынусыз: а) ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігімен; б) ұйқы 
безінің эндокринді жеткіліксіздігімен; 
4.
Латентті
III .Морфологиялық ерекшілігі бойынша: 
1.
Кальцинозды;
2.
Обструкциялық;
3.
Инфильтративті фиброзды («қабынулық»); 
4.
Индуративті (фиброзды склерозды); 
IV. Функциялыққ ерекшелігі бойынша: 
1.
Ұйқы безінің экзокринді қызметінің бұзылысымен: а) гиперсекреторлық 
(гиперферментті 
тип); 
б) 
гипосекреторлық 
(гипоферментті, 
компенсирленген, декомпенсирленген тип); в) обтурациялық тип; г) ұйқы 
безінің секрециясының дуктулярлы типі; 
2.
Ұйқы 
безінің 
эндокринді 
қызметінің 
бұзылысымен: 
а) 
гиперинсулинизм; б) панкреатикалық қантты диабет.
V. Ауырлық ағымы бойынша: 
1.
Жеңіл ағымды 
2.
Орташа ауырлықты 
3.
Ауыр ағымды 
VI.СП асқынулары: 
1.
Ерте: 
а) 
бауырастылық 
сарғаюмен 
холестаз; 
б) 
портальды 
гипертензияның бауырастылық формасы; в) асқазан - ішектен қан кету; г) 
ретенционды кисталар және некроздан кейінгі жалған кисталар. 
2.
Кеш: а) дуоденальды стеноз (шектелген созылмалы дуоденальды 
түйнеліс синдромы); б) панкреатты стеаторея және креаторея; в) ұйқы 


36 
безінде локальды инфекциялық үдерістер (абсцесс, парапанкреатит және 
т.б.); г) басқалары (аяқтың артериопатиясы, остеомаляция). 
 
Диагнозды құрастыру үлгісі: 

Со
зылмалы билиарлы панкреатит, ауырсыну формасы, орташа ауырлық 
дәрежесі, ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметінің бұзылуымен. Ӛт 
тас ауруы. Созылмалы калкулезді холецистит,орташа ауырлық дәрежесі, 
ӛршу сатысы. Билиарлы жолдың дисфункционалды бұзылысы: ӛт қабының 
гипотониясы. Одди сфинктерінің гипертонусы.
 

Созылмалы алкогольды панкреатит, ауырсыну формасы, орташа 
ауырлық дәрежесі, ұйқы безінің ішкі секреторлық және сыртқы 
секреторлық қызметінің бұзылысымен, ӛршу сатысы. Екіншілік қантты 
диабет, декомпенсация сатысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет