1. Ауырсыну синдромын жою. Одди сфинктерінің гипертонусымен
және абдоминальді ауырсынумен қосарласқан созылмалы тассыз
холециститпен науқастарға миотропты спазмолитиктер қабылдау
кӛрсетілген (дротаверин 2%-2-4 мл тамыр ішіне немесе бұлшықетке не
ішке 1-2таблетка; папаверин 2%-2 мл тері астына не бұлшықетке) және М
холинолитиктер (атропин 0.1 %-1мл, платифиллин 0.2%-2мл, метацин
0.1%-1мл). Айқын ауырсынулар кезінде баралгин 3 мл тамыр ішіне не
бұлшықетке жібереді. ӚШЖ - ның жазық бұлшықет тонусын реттейтін
прокинетиктер (метаклопромид, домперидон, цизаприд). Селективті
холеспазмолитиктер ұсынылады: пинаверия бромиді (дицетел) 50 мг- нан
3-4рет тәулігіне, мебеверин (дюспаталин) 200мг- нан 2 рет тәулігіне тамақ
қабылдаудан 20 мин бұрын беріледі.