Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi



бет25/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

              бұзу тәртiбi

      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудiң анағұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе, жұмыс берушi осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бiр ай бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi. Қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен еңбек шартын бұзу ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн.

__ 741 ____________________

      2. Кәсiптiк одақтың мүшесi болып табылатын қызметкерлермен осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу, сондай-ақ осы Кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртiппен, осы ұйымның кәсiптiк одағы органының дәлелдi пiкiрiн ескере отырып жүргiзiледi.

__ 742 ____________________

      3. Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу үшiн қызметкердiң осы жұмысты жалғастыруына кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық қорытындымен расталған болуға тиiс.

__ 743 ____________________

      4. Еңбек шартын осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзу осы Кодекстiң 73-бабында көзделген тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi және 74-бабының талаптары сақтала отырып жүргiзiледi.

__ 744 ____________________

      5. Еңбек шарты осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келiскен жағдайда жұмыс берушi оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиiс.

__ 745 ____________________

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, қызметкер бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендiктен, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешiмiне негiзделуге тиiс, оның құрамына қызметкерлер өкiлi қатысуға тиiс. 


      Қызметкерлердi аттестаттау тәртiбi, талаптары мен кезеңдiлiгi ұжымдық шартта, ал ол жоқ болған жағдайда қызметкерлердiң өкiлдерiмен келiсiм бойынша шығарылған жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады.

__ 845 ____________________

      7. Қызметкердiң жұмыста осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген жай-күйде болуы медициналық қорытындымен расталуға тиiс.

__ 846 ____________________       Қызметкердi медициналық куәландыруға жiберу туралы шешiмдi жұмыс берушi уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға қабылдайды.

__ 847 ____________________       Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасалады.

__ 848 ____________________       8. Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзуға, қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейiн жол берiледi.


      Ескерту. 56-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 66 ____________________

      57-бап. Қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу

      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушiге кемiнде бiр ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзiнiң бастамасы бойынша бұзуға құқылы.

__ 746 ____________________

      2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзылуы мүмкiн.

__ 747 ____________________

      3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкiндiгiнiң болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтiнiште көрсетiлген мерзiмде бұзу туралы жұмыс берушiге жазбаша ескертедi.

__ 748 ____________________

      4. Қызметкер жұмыс берушiнiң еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жазбаша хабарланған күннен бастап жетi күн мерзiм өткен соң жұмыс берушiнiң еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жұмыс берушiге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.

__ 749 ____________________

      5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзiмi iшiнде еңбек шартын бұзу туралы өтiнiшiн жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.

__ 750 ____________________

      6. Осы бапта көрсетiлген ескерту мерзiмi өткен соң қызметкер жұмысты тоқтатуға құқылы, ал жұмыс берушi қызметкерге еңбек қызметiне байланысты құжаттар мен оған тиесiлi ақшалай төлемдердi беруге мiндеттi.

__ 751 ____________________

      7. Осы Кодексте қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн еңбек шартын қызметкердiң бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртiбi көзделедi.


      Ескерту. 57-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 67 ____________________

      58-бап. Тараптардың еркiнен тыс мән-жайлар бойынша 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет