Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшiн өтемақы



бет48/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшiн өтемақы 
                төлемi

      Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiледi.

__ 124 ____________________

      111-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс

      1. Еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде оған жалақы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн. 
      2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалады. 
      3. Жұмыс берушi: 
      1) неке тiркелген
      2) бала туылған; 
      3) жақын туыстары қайтыс болған
      4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезiнде қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде күнтiзбелiк бес күнге дейiн жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.

__ 125 ____________________

      112-бап. Оқу демалысы

      1. Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервтi даярлау бағдарламасынан өту үшiн оқу демалыстары берiледi.


      2. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.
      Ескерту. 112-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 126 ____________________

      113-бап. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет