Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ



бет62/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

__ 162 ____________________

      145-бап. Жұмысқа орналастыру кезiндегi мемлекеттiк 
                кепiлдiктер

      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға: 


      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанынан қорғауға және кәсiп пен жұмыс алуда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етуге; 
      2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
      2-1) күшi жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      3) шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге; 
      4) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; 
      5) кәсiптiк-бағдарлау қызметтерiн көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге; 
      6) кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға; 
      7) жұмыс күшiн мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес өңiраралық қайта бөлуге; 
      8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және iске асыруға; 
      9) инвестициялық келiсiм-шарттарда инвестордың кәсiптiк даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөнiндегi мiндеттерiн белгiлеуге; 
      10) кәсiптiк даярлықты, қайта даярлықты және бiлiктiлiктi дамытуға тiкелей ұйымдарда жағдай жасауға; 
      11) жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жұмыс берушiлермен өзара iс-қимылына; 
      12) нысаналы топтарға кiретiн адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жағдайлармен қамтамасыз етуге кепiлдiктер бередi. 
       Ескерту. 145-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

__ 163 ____________________

       146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет