Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі



бет58/113
Дата02.05.2023
өлшемі155,5 Kb.
#175833
түріКодекс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113
Байланысты:
Еңбек кодексі

117-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі

1. Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын жазудан тұрады.


Салалық біліктілік шеңбері орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімінің, машығы мен құзыретінің сипатына қарай деңгейлер бойынша салада маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайды.


Кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.


2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) салалық біліктілік шеңберлері негізінде жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітеді.


2-1. Мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды
әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.

3. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия бекітеді.


4. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары мен жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) жүргізеді және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді.


5. Реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растауды және біліктілік беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген ұйымдар жүзеге асырады.


Реттелетін кәсіптер бойынша сәйкестікті растау және біліктілік беру тәртібін тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары айқындайды.


6. Реттелетін кәсіптердің тізбесін әзірлеуді және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия бекітеді.


Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет