18) жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың
болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
19) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде
шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып,
профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
20) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың,
зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін
жүргізуге;
21) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен
денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге
де заңдарына сәйкес өтеуге;
22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы
жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi
қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң,
жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының
сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым
оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
23) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші жұмыскерлердің тегі, аты,
әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы,
күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз
етуге;
24) жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және
оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге
асыруға;
25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға
міндетті.
3. Жұмыс берушінің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де
міндеттерді атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: