Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 022 жылғы сәуірде №27414 болып тіркелді


"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы



бет2/3
Дата24.11.2023
өлшемі79,7 Kb.
#193413
1   2   3
Байланысты:
терроризмге қарсы2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі




"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі




"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік қатынастарға осал объектілер терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің объектілеріне, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған Білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерге қолданылады.
Осы Нұсқаулық білім және ғылым саласындағы қызметті, қарамағында осы объектілер бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі өзге де нұсқаулықтармен регламенттелген терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын объектілерге қолданылмайды.
3. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бейнебақылау жүйесі - жұмыс істейтін бейнеарналар жиынтығы, бейне деректерді жазуға және сақтауға арналған бағдарламалық-техникалық құралдар, сондай-ақ бір-бірімен ақпарат алмасатын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару;
2) жарықтандыру жүйесі - бейнебақылау жүйесі үшін жарықтандырудың қажетті деңгейін, адамдар мен көлік құралдарының объектіде түнде көрінуін қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығы;
3) күзет қызметінің субъектілері - бұл Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері және жеке күзет ұйымдары;
4) объектінің потенциалды қауіпті бөлігі – жарылғыш және өрт қаупі, қауіпті химиялық заттар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер, улы заттар мен препараттар, технологиялық тізбектер элементтері, жүйелер, жабдықтар немесе құрылғылар, пайдаланылатын, сақталатын немесе қолданылатын аумақтық бөлінген аймақтақтар (учаскелер) объектінің конструктивтік және технологиялық элементтері, сондай-ақ, объектіде адамдардың жаппай келу ықтималдығы, оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге ықпал етуі мүмкін терроризм актісін жасауы, апат болуы, қауіпті әлеуметтік-экономикалық салдарлармен төтенше жағдай қатерін туғызу; терроризм актісін жасау үшін оларды одан әрі пайдалану мақсатында қауіпті заттар мен материалдарды ұрлау болуы мүмкін объектінің қауіпті аймақтары;
5) объектінің периметрі - құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;
6) оқу (профилактикалық) іс-шаралары - алғашқы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында нұсқаулар және жаттығулар түрінде жүзеге асырылатын персонал мен күзетті оқытудың превентивті тәсілдері;
7) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын тұлға;
8) рұқсаттама режимі - адамдардың санкцияланбаған кіру (шығу), көлік құралдарының кіруі (шығуы), мүліктің кіруі (шығарылуы), кіру (әкетілу) мүмкіндігін болдырмайтын, белгіленген тәртіпті реттейтін ережелер жиынтығы;
9) терроризмге қарсы қауіпсіздік паспорты - бұл оның антитеррорлық қауіпсіздігінің жай-күйін бейнелейтін және террористік актілерге осал объектідегі террористік актілердің салдарының алдын-алу, жолын кесу, азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық ақпаратты қамтитын ақпараттық-анықтамалық құжат;
10) террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, адамдар көп жиналатын объектілер, терроризмге қарсы қорғауды міндетті ұйымдастыруды талап ететін күзетілетін объектілер;
11) хабардар ету жүйесі - террористік актілерге осал объектідегі төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи апат, шабуыл, терроризм актісі) кезінде және іс-қимыл туындаған жағдайда дабыл туралы жедел хабарлауға (жарық және (немесе) дыбыстық хабарлама) арналған техникалық құралдар жиынтығы.
4. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар объектілер аумағында терроризм актілерін жасауға кедергі келтіретін жағдайлар жасауға (олардың жасалу қатерін азайтуға), террористік қатерлердің салдарларын барынша азайтуға және (немесе) жоюға бағытталған ықтимал.
Қорғаныс шараларын ұйымдастыру алдын алу, сараланған тәсіл, сәйкестік және күрделілік қағидаттарына негізделген.
5. Объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігі келесі жағдайларды жасау арқылы қамтамасыз етіледі:
1) шаралар қабылдау арқылы қол жеткізілетін объектілерге заңсыз кірудің алдын алу:
объектілерге кіруге рұқсаттама орнату және оны қатаң сақтау;
объектіге заңсыз кіруді анықтау арқылы объектіні инженерлік-техникалық тұрғыдан нығайту.
2) терроризмге дайындық және (немесе) акт жасау белгілерін анықтау мынадай шараларды қабылдау арқылы жетіледі:
күдікті адамдар мен заттарды анықтау үшін объектілердегі және қоршаған аумақтағы жағдайды бақылау;
білім алушылар арасындағы экстремизм профилактикасы (құқықтық оқыту, экстремизмге жағымсыз эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыру);
объектілерді инженерлік-техникалық жарақтандыру тұрғысынан материалдық-техникалық базаны жақсарту;
3) объектілерде терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу:
объектінің дайындалған қызметкерлерінің күшімен объектілерді күзетуді жүзеге асыру немесе күзет қызметі субъектілерімен шарт жасасу;
келушілердің объектілер мен көлік құралдарына кіруінің белгіленген тәртібін тұрақты бақылауды ұйымдастыру;
ұжымның, соның ішінде педагогтердің және білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін, терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;
объектілердің антитеррорлық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық іс-шараларды бақылау;
4) объектілердегі ықтимал террористік қатерлердің салдарын азайту және жою, оған келесі шараларды қабылдау арқылы қол жеткізіледі:
білім және ғылым объектілерінің сипаттамаларына сәйкес келетін террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге жауап беру алгоритмдерін әзірлеу;
күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін, қызметкерлерді, білім алушыларды, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарының (заңды өкілдерінің) олардың терроризм актісін жасау кезіндегі және одан кейінгі әрекеттеріне қатысты тиісті дайындығы;
уәкілетті органдарға, қызметкерлерге, білім алушыларға уақытылы хабарлауды ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) объектіде терроризм актісі туындаған кезде олардың әрекеттері туралы хабарлау;
объектінің терроризмге қарсы қауіпсіздік паспортын уақытылы жасау және жаңарту, оны тиісті түрде сақтау.
6. Объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін мекеменің бірінші басшысы ұйымдастырады.
7. Басшының бұйрығымен объектінің антитеррорлық қауіпсіздігі шараларының орындалуын қамтамасыз ететін тұлға анықталады.
Объектінің антитеррорлық қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді таңдау және тағайындау терроризмге қарсы іс-қимылдың ерекшеліктеріне барынша сәйкес келетін соңғылардың құзыреті мен лауазымдық міндеттерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Объект басшысы тиісті бұйрық шығарады, функциясы лауазымдық міндеттеріне енгізіледі.
8. Объектілердің иелері, меншік иелері, басшылары немесе басқа лауазымды тұлғалары жалға алынған ғимаратқа (бөлмеге) орналасқан кезде объектінің терроризмге қарсы қауіпсіздік паспортын жасайтын, объектіні күзететін, заманауи инженерлік-техникалық құралдармен жабдықтайтын тараптардың жалға алу келісім шартында анықталуын қамтамасыз етеді, олардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қадағалайды, өткізу режимін ұйымдастырады және іс-шараларды қаржыландырады.
2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
9. Осы тарау объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келетін объектілердегі өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды.
10. 6-тараудың 77-тармағына сәйкес 3-топқа жатқызылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін объектілердің меншік иелеріне, иелеріне, басшыларына қолданыстағы заңннама шеңберінде күзету қызметін көрсетуге, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге лицензиясы бар күзету қызметінің субъектілерімен күзет қызметін көрсету туралы кемінде үш жыл мерзімге шарт жасалынады.
Күзет қызметінің субъектісімен көрсетілетін күзет қызметі туралы шарт жобасы қамқоршылық (ата-аналар) кеңесімен келісіледі.
11. Күзету қызметінің субъектілерімен күзет қызметін көрсету туралы шарт жасасу кезінде объектінің меншік иесі, иесі, басшысы күзет қызметі шартында терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз ету бойынша күзет қызметі субъектісі іске асыратын іс-шараларды және тиісті қауіпсіздік деңгейін көрсетеді, оған мыналар кіреді:
1) қызметкерлерге, педагогтерге, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне), көлік құралдарына объектіге немесе оның бөлігіне (аймағына) рұқсат етілген кіруді ұйымдастыру;
2) объекті аумағында заңға қарсы ниеті бар адамдарды, сондай-ақ заттар мен құралдарды, оларды іске асыру үшін пайдалану мүмкіндігін анықтау;
3) объектіні күзету, объектінің ықтимал қауіпті учаскелерін және қауіпті аймақтарды (бақылау) қорғау, оның ішінде оларда бөтен адамдардың бақылаусыз болуын болдырмау;
4) жасалған терроризм актісінен туындайтын техногендік қауіптерді азайтуға және жоюға бағытталған алғашқы іс-қимыл шараларын іске асыру бойынша объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдармен оқу іс-шараларын ұйымдастыру;
5) осы Нұсқаулықтың 6-тарауында көзделген терроризмге осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру талаптарына сәйкес объектіде орнатылған техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану.
12. Объектіге кіру режимі объекті әкімшілігі әзірлейтін және басшының бұйрығымен бекітілетін кіру және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Ұйым басшысы өткізу режимінің тәртібін, оны ұйымдастыруға және бақылауға жауапты тұлғаларды анықтайды. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы келісімшарт болмаған жағдайда, өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамды тағайындау қарастырылады.
14. Объектілерге арналған өткізу режимін ұйымдастыру тәртібінде:
объектілерде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс кестесі және олардың жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта кіру тәртібі;
келушілерді объектіге өткізу тәртібі;
материалдық құндылықтарды әкелу (әкету), енгізу (шығару) тәртібі;
егер өзге құқықтық актілерде көзделмеген болса, объектілерге алып өтуге тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізбесі;
объектілердің ықтимал қауіпті учаскелерінің тізбесі (кіру қақпасы, кіру есігі, қосалқы шығу, бірінші қабаттың терезелері, жертөле үй-жайы және т.б.).
кіру учаскесі (кемінде екі негізгі аймақ белгіленеді: бірінші аймақ - қызметкерлерге, білім алушыларға, ата-аналарға және өзге де келушілерге кіруге шектеу қойылмаған ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар; екінші учаске белгілі бір санаттағы адамдарға кіруге рұқсат етілген ғимараттар мен үй-жайлар, электрщиттер, қазандықтар, химия және физика зертханалық кабинеттері, жоғары оқу орындарында – күрделі техникалық жабдықтары бар үй-жайларды көздейді.
15. Білім беру объектілері үшін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі осы тараудың 14-тармағында санамаланған мәліметтерден басқа мыналарды көздеуі тиіс:
тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымдардың объектілеріне өткізу тәртібі;
үзіліс кезінде білім алушыларды оқу сабақтарына, сабақтан тыс қызмет түрлеріне, үйірмелер мен секцияларға, үзіліс арасында өткізу тәртібі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды өкілдерін) білім беру объектісіне өткізу тәртібі;
білім алушыларды сабаққа жаппай өткізуді жүзеге асыруға арналған орындар (негізгі және қосалқы) және оларды бақылау тәртібі;
16. Білім беру ұйымдарына әкелуге және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 22857 болып тіркелген).
17. Әрбір объектіде өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібінің негізінде, оған тән ерекшеліктерді ескере отырып, ұйымның басшысы немесе жеке күзет ұйымының басшысы (объект басшысының келісімі бойынша) міндетті түрде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі лауазымдық нұсқаулықты әзірлейді:
1) ұйымға кіру кезінде жеке басын куәландыратын тиісті құжаттарын тексеру;
2) объектінің аумағына автокөлік құралдарын өткізу кезінде әкелінетін жүктердің тиісті құжаттарын және сипатын тексеру;
3) қызметтік істер бойынша объектіге баратын адамдардың құжаттарын және басқа ұйымдардан келу мақсаттарын тексеру, келушілер кітабына тиісті жазбалар жасау;
4) ішкі үй-жайларды тексеру, объектінің периметрін тексеру және қоршауларды бүліну тұрғысынан тексеру, бөгде, жарылу қаупі бар және күдікті заттарды анықтау тұрғысынан объектілердің аумағын үнемі аралау;
5) барлық анықталған бұзушылықтар туралы объект басшысына және күзет кәсіпорнындағы өзінің тікелей бастықтарына дереу хабарлау;
6) белгіленген қағидаларды бұза отырып, объектінің аумағына кіруге және (немесе) қызметкерлерге, педагогтерге, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге қатысты, объектінің периметріне тікелей жақын жерде ұзақ уақыт тұрақтаған белгісіз автокөлік анықталған кезде құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға тырысатын адамдар анықталған кезде нақты объектінің жарақтандырылуын негізге ала отырып, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғаларының іс-әрекеттері.
18. Білім беру объектілерінде осы тараудың 17-тармағында көзделген іс-шаралардан басқа объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың лауазымдық нұсқаулығы:
1) қызметкерлердің, педагогтердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жұмысқа және сабақтарға жаппай (жалпы) келуі және шығуы, олардың жұмыс пен сабақ аяқталғаннан кейін кетуі кезінде кіру және шығу үшін кіру есіктерін еркін ұстауды;
2) белгіленген тәртіпке сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды өкілдерін), өзге де өкілдерін объектіге өткізуді жүзеге асыруды көздейді;
19. Лауазымдық нұсқаулық жеке сипатқа ие және әр объекті үшін оның ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.
20. Объектіде өткізу режимін сапалы ұйымдастыру мақсатында күзет қызметкерінің (қызметкерлерінің) орнын қарастыру қажет.
21. Азаматтардың құқықтарын шектейтін, объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалары талаптарының заңдылығын түсіндіретін өткізу режимінің негізгі қағидалары туралы хабарламаларды объектінің әкімшілігі көруге болатын жерлерге орналастырады (объектіге кіру кезінде).
3-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет