Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата
скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің
эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Бағдарламаның басқа мақсаты білім алушыларға ақпараттық технологияларды
пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми,
коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын
түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.
4. Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы,
сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері
мен перспективалары туралы түсінігін
қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық
қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің
өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің
негізгі қағидаларын түсінуін
қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға
әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және
үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу
және ортақ заңдылықтарды
табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер
табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы
ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның
мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және
терминологиялық лексиканы
байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық
құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім
алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын
дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны
арттыру;
Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған
білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге
деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: