4. Пәнаралық байланыс
Оқушылардың ой-өріс ауқымын кеңейтуге бағытталған. Әрі өзінің оқып жатқан ғылыми-пәнін толық меңгеру үшін пәнаралық байланыстың маңызы зор. Пәнаралық байланыс арқылы оқушы жан-жақты ғылымнан хабардар болады.
Оқушыларға тақырыпқа байланысты жеке тапсырмалар беру, оқығаны бойынша талдау жасау, пәнаралық байланысты қамтамасыз ету үшін зертханалық жұмыстар (химия), сарамандық жұмыстар да әртүрлі әдістерді қолдану.
5. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
Маңызы: оқушыларды қажетті біліммен қамтамасыз ету, оқушы қойған сұрақтарына жауап беру, оқушының сабақ барысында қажеттіліктерін қанағаттандыру, бұл оқытудың маңызы өте зор.
Оқушылардан сабақты қалай өткісі келетін анықтап, соған байланысты тапсымалар дайындау. Поле Чудес, Кубик әдістері және т.б
6. Оқу әңгімелері (диалог)
Диалогтық әдіс жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұнын құрайды, оқу әңгіме оқушының ойлауы деңгейін арттыруға, мұғалімнен немесе құрдасынан еш қысылмауға үйрете алады. Оқушы әңгімелесу барысында өзінің жеке ойын да тақырыпты қорытындылау үшін қолдана алады, бұл арқылы оқушы да өзіндік ой-пікір қалыптасады. Егер бала ұяң болса, онда бұндай оқыту арқылы оқушыны сөйлетуге, өз ойын айтқызуға тез бейімдеуге болады.
“Әңгіме дүкені” ойыны, Галерея әдісі, “Қонаққа бару” әдісі, Ауыспалы жұптар әдісі, “Ғалымдар саяхаттайды” әдістері және т.б
Кезбе тілші әдісі
7. Электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану
Оқушы электронды оқулықтармен жұмыс жасауды меңгереді, электронды сауаттылығы дамиды, оқушылар сабақты өте тез қабылдауды үйренеді.
Слайд арқылы тапсрмалар, Kahoot, онлайн тест, FLipitI бағдарламасы бойынша шардағы сұрақтарды айналдыру және бұл бағдарлама бойынша оқушыларды автоматты түрде топқа бөлу, оларға дайын тапсрма беру
8. Модельдеу
Оқушы үшін: Белгілі бір жүйемен оқытылады, оқушылар нақты білім алады, тапсырмалар орындайды, оқушылардың шығармашылығын дамытуда маңызды;
Мұғалім үшін: мұғалімдер білім беруді нақтыландырады, белгілі бір модуль бойынша білім береді.
Көрнекіліктер арқылы сабақ өту. “Кім біледі”, ерекше биологиялық диктант, “муляжды сипаттау”, фишбоун әдісі және т.б
Достарыңызбен бөлісу: |