9. Сындарлы оқыту
Оқушы мен мұғалімнің кері байланысын күшейте түседі. Бұл оқытудың маңызы алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру жүреді, бұл жағдайда оқушылар жаңа сабақты тез түсіне алады.
Таза тақта әдісі, Миға шабуыл әдісі арқылы, “бастау сабақ” әдісі, Бастау сабақ әдісінде мұғалім сабақ басталмас бұрын тақтаға қткізілген және жаңа тақырып терминдерін жазады. Оқушылар олардың қай тақырыпқа жататынын анықтайды, және қосымша сол терминдерге оқушылар жауап береді.
10. Проблемалы оқыту
Проблемалы оқыту оқушының ойлау деңгейін анықтау үшін, ой-өрісін кеңейтіп, оқушыны ойлауға талпындырады. Проблеманы шешу жолының бір немесе бірнеше жолын оқушылар таба алуы қажет. Бұл оқыту т.рі оқушыларда ойлау дағдысын арттырады, өткізілген тақырыпты жаттанды түрде түсінудің алдын алады.
Кейс-стади әдісі-проблемалы сұрақтар ортаға қойылады, оқушылар проблема шешімін табудың бірнеше жолдарын іздейді.
“Қабырға газеті” әдісі-оқушылар топпен ол жерге проблемалық сұрақтар іледі, әрбір топ қарап шығып оны шешуге тырысады.
11. АҚТ-ны пайдалана отырып оқыту
Оқушы үшін: ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етіледі,
Мүғалімдер үшін: пайдалануды дағдыға айналдырады, бұл арқылы оқушыларды қызықтыра алады, түрлі әдістермен байланыстыра алады.
Заманауи технлогиялық програмалармен сабақ өту. Zoom арқылы немесе күнделікті интернеттен видео-бейнелер көрсету, Inshot бағдарламасымен видео дайындау, топтық жұмыс..
Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады.
Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: |