Пәні: дүниетану
Ортақ тақырып: Өзім туралы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.Мен және қоғам
Бөлімше: 1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Күн тәртібі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру
1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Күн тәртібі туралы айтады.
Көпшілік оқушылар:
Күн тәртібін құрастырады.
Кейбір оқушылар:
Жұмыс және демалыс уақытын жоспарлайды.
|
Ойлау деңгейлері
|
Түсіну, білу, қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
1. Күн тәртібі туралы айту
2.Күн тәртібін құрастыру
3.Жұмыс және демалыс уақытын жоспарлау
|
Тілдік мақсат
(тілдік емес пәнге)
|
Оқушылар:
- басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра үйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады;
- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.
|
Пәндік лексика және терминдер
|
Күн тәртібі – распорядок дня, working day; тәулік – сутки, eartday
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Күн тәртібі туралы не білесің?
Күн тәртібін сақтаудың маңызы неде деп ойлайсың?
Сен демалыс күніңді қалай өткізесің?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылардың жауапкершілік, еңбек пен шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау рухани құндылықтарын дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Жаратылыстану «Адам» тарауы, математика «Менің бір күнім» жұмыс дәптері
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар ата- аналар, балабақша, ақпарат құралдарынан алған білімдері арқылы пәннің мақсаты мен ерекшеліктерін ашудағы алғашқы сатысымен таныс. Баланың отбасы мүшелері, достары, туыстары, өзі жақсы көретін ойыншығы, өзіне ұнайтын іс-әрекет түрлері туралы білімі болады.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Дерексөздер/
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1. Шаттық шеңбері
Мақсаты: Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру
Шарты: Оқушылар шеңбер бойында «Мен - ... (балаларымның сүйікті анасымын, оқушымын, адаммын, т.б.)» сағат тілі бойынша сөйлемді толықтырып айтады.
Тиімділігі: Оқушының сабаққа қызығушылығы, ішкі уәжі, белсенділігі, отбасындағы рөлі артады, оқушыларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға және сындарлы оқыту теориясы негізінде алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыруға негіз болады.
2. «Кіріспе сұрақ» әдісі (ұжымдық жұмыс)
Мақсаты: Оқушылар «Күн тәртібі туралы не білесің? сұрағы аясында өз ойларын білдіреді, сабақтың тақырыбын болжайды, сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік береді.
3.Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатын және міндетін түсіндіру; бағалау критерийімен таныстыру
|
Суреттер
|
Сабақтың ортасы
Бағалау критерийі
Күн тәртібі туралы айту
Бағалау критерийі
Күн тәртібін құрастыру
Бағалау критерийі
Жұмыс және демалыс уақытын жоспарлау
|
1.«Кім тапқыр?» әдісі
(бүкіл сыныппен орындалатын жұмыс)
Жұмбақ шешу; тосын сый дайындау (қораптың ішіне сағатты салып, жұмбақты шешу арқылы тапқызу)
Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат.
(Сағат)
(Бір күнгі уақытты сағаттың көмегімен дұрыс бөлуге болады. Бір күн тәулік деп аталатынын түсіндіру)
2.Әңгіме құрастыр
1.Суреттерге мұқият қара. Асланның күн тәртібін әңгімеле. Ол таңертең, кешке және түнде не істейді?
2.Барлық іске үлгеру үшін уақытты бағалай білу керек екенін түсіндіру; оқулықтың 12-бетіндегі мәтінді оқу
Күн тәртібі – бір тәулік ішіндегі іс-әрекеттердің дұрыс реті. Онда демалуға да уақыт бөлінеді. Күн тәртібін сақтау маңызды. Ол уақытты дұрыс пайдалануға көмектеседі.
ҚБ «Отшашу»
3.Кеңес бер (жұптық жұмыс)
1.Оқулықтың 13-бетіндегі сурет бойынша жұмыс; сұрақтарға жауап алу
Неліктен бала сабақта ұйықтап отыр деп ойлайсың?
Оған қандай кеңес бересің? (1-2 жұптың жауаптарын тыңдау)
2. «Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқу
Ұйқы – адамның демалу сәті. Түнгі ұйқы кезінде миымыз тынығып, күш жинаймыз. Ұйқысы қанған баланың оқуға да қабілеті артады.
ҚБ «Бас бармақ»
4.Ойлан
«Нехочуха» мультфильмінен үзінді; сұраққа жауап алу
Сен демалыс күніңді қалай өткізесің?
ҚБ «Бағдаршам»
5.Орындап көр
Күн тәртібіңді жоспарла.
Күн тәртібін кім сақтайды?
Күн тәртібі не үшін қажет?
Дескриптор. Күн тәртібінің қажеттілігін
түсіндіреді (1 балл).
Демалыс уақытын жоспарлайды
(1 балл).
ҚБ «Баспалдақ»
6. Дәптермен жұмыс
4-жұмыс парағы. Менің бір күнім
Оқушылар тәулік мезгілдерімен сол уақытта жасалатын іс-әрекеттің суретін сәйкестендіреді.
сәйкестендіру
5-жұмыс парағы. Қызықты демалыс күні
Оқушылар сызықтың көмегімен балалар қайда бара жатқанын анықтайды.
|
Қорап, сағат
Оқулық (12-бет)
Оқулық (13-бет)
Жұмыс дәптері
6-бет
Жұмыс дәптері
7-бет
|
Сабақтың соңы
( 5 минут)
|
1 . «Бір минуттық әңгіме» әдісі (1 минут)
Иен Майлс бойынша
Мақсаты: Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.
Шарты: Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Жаңа білімді бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.
Тиімділігі: Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді, СТО, диалогтік оқыту жүзеге асады.
2. Кері байланыс
«Желкенді кеме» әдісі бойынша білім алушылар оқудың қай сатысында екенін кеменің желкенін бояу арқылы білдіреді.
Жасыл түс-түсіндім, сары түс-орташа, қызыл түс-маған көмек қажет.
|
Кеме суреті бейнеленген үлестірме
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
5-тапсырманы белгілі бір уақыт шеңберінде қарқынмен орындайды; қолдау көрсетемін.
|
Бағалау-оқушы
білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
ҚБ «От шашу», «Бағдаршам», «Баспалдақ» әдістері
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастығы, достық көмек беруі
|