Тақырыптың өзектілігі: Қоршаған орта мен адам өмірінің сабақтастығы және өсімдіктердің адамзат денсаулығы мен саламаттылығына тигізетін пайдасы өзектілігін ешқашанда жоймайды.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: 1.Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді.
2.Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.