Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі ғылыми жұмыс тақырыбы


Зерттеу жұмысымның негізгі болжамы



бет5/13
Дата08.02.2022
өлшемі490,95 Kb.
#124919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ғылыми жұмыс АЛОЕ

Зерттеу жұмысымның негізгі болжамы:
1. Егер оқушының салауатты өмір сүру салтын арттырса, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
2. Денсаулық нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі алоэны пайдалану жолдарын жүзеге асырады.

Зерттеу жұмысымнан күтілетін нәтиже:

  1. Емдік қасиетіне байланысты «Үй гүлдерінің королі» алоэны баптап күтуге атсалыса білу.

2. Алоэ шырынын әр түрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу.


Зерттеу жұмысымның әдістемелері:

  • Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

  • Тәжірибелер жүргізу;

  • Емделушілер арасында сауалнамалар жүргізу;

  • Бақылау;

  • Зерттеу;

  • Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану.


«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»


(Халық даналығы).

Ауасы таза,суы сарқыраған,теңізі терең,орманы жарқыраған “Қазақстан” деген жерде дүниеге келгеніме шексіз бақыттымын.Себебі,Қазақстан жері табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағынан да көңіл бөлген.Республика аймағында 6000 — ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып - білудің маңызы зор.


Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.
Әбу - Насыр әл - Фараби, Әбу - Әли ибн - Сина, Беруни. Әл - Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген тағы өзге ғылымдар халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті.

Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктерде жатады. Сондай - ақ, бау - бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып, 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды.


Ерте заманнан – ақ, ата - бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келе, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі - дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.


Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі - дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі - дәрмектерге қарағанда дәрілік өсімдіктердің артықшылығы өз алдында.
Өсімдіктерден жасалатын дәрі - дәрмектердің адам организміне әсерін анықтау үшін ең алдымен оларды жан - жануарларға қолдану жолымен тәжірибе жасау арқылы зерттеп тексереді.

Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектерінің қайнар көзі - ұлы табиғат және табиғат дүниесіндегі хайуанаттар мен жәндіктер. Нақтылап айтқанда бұлар 3 топқа бөлінеді.


1.Өсімдіктер
2.Хайуанаттармен жәндіктер
3.Минералдызаттар
Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шәйірі және тұқымынан дәрі - дәрмекке жасалады. Хайуанаттардың сүйегі, еті, сүті, майы, жүні, тб. дәрі - дәрмекке пайдаланылады. Мысалы: аю еті, бұғы мүйізі, жолбарыс сүйегі, сиыр сүті, шаян, сүлік т. б.
Сол сияқты мыс, сынап, күкірт, ашудас тәрізді минералдық заттардың да емдік қасиеттері бар.
Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.
Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ:



  • жүрек ауруларын емдейтін дәрі - дәрмектің 78%-і,

  • ішек - қарын, бауыр дәрілерінің 75%-і,

  • жатыр ауруларының шипалы дәрі – дәрмектерінің 80%-і,

  • қақырық түсіретін дәрілерінің 80%-і,

  • қан тоқтататын дәрілердің 65%-і

тек өсімдіктен алынады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ. Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін. Алайда бәрін зерттеу мүмкін емес. «Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып, алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған — түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде алоэ өсімдіктің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Мен өз зерттеу жұмысымда осыны дәлелдегім келеді.

Мен бөлме өсімдіктерінің ішінде дәрілік қасиеті бар алоэні зерттеуге алдым.Оның химиялық құрамын, түрлерін, емдік қасиетін,морфологиялық сипатын зерттедім.Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.Жинақтаған деректерімді қорытындылай келеқоспалар жасауды да үйрендім.Емдік қасиеттерінің өте күшті екеніне көз жеткіздім.Оны өзіме жасаған кішкене тәжірибемнен еш қорықпастан айта аламын.Менің асқазанымда, нақтырақ айтар болсам, он екі елі ішегімде жара пайда болған еді,дәл сол сәтте түрлі дәрілерден(омез,омепразол) гөрі алоэның пайдасы айтарлықтай оң әсер берді.Оны тіпті дәрігерлердің де қолдайтынына толық көзім жетті,алайда бұл өсімдік елімізде тек үй жағдайларында ғана өсірілетіні мені алаңдатты.Оның үлкен көлемде өсірілетін жерлері Африка,Индия және Мадагаскар екен.Яғни өсімдіктің суккулентті және ыстық аумақтарда өсетінін байқауымызға болады,бірақ елімізде де ыстық аймақтар да,суккулентті өсімдіктер де бар.Топырағын салыстырар болсақ,дәл сәйкес келмегенімен оны өңдеу жолдарымен сәйкестендіруге болады.


Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайым алоэдан жасалған сұйықтықты жаққан екен. Дәрігер Диоксид: "Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады" деп жазып кеткен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет