Жалпы сипаттамасы
Алоэ
|
|
Ғылымитоптастыруы
|
Дүниесі:
|
Өсімдіктер
|
Бөлімі:
|
Гүлдіөсімдіктер
|
Табы:
|
Дара жарнақтылар
|
Сабы:
|
Asparagales
|
Тұқымдасы:
|
Xanthorrhoeaceae
|
Кішітұқымдасы:
|
Asphodeloideae
|
Тегі:
|
AloeL.
|
|
Алоэ, жүзжылдық (лат. Aloe) – шырыштар тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.
Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі.Алоэ,әдетте,оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады.Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына әкеліп соғады. Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің су сақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды. Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептіріп, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға не жайпақ тәрелкеге отырғызады.
Ағаш тәріздес Алоэ(Aloe arborescens)
Алоэ вера(Aloe verа)
Алое Брума (Aloe Broomii)
Алое остистое (Aloe aristata)
Алоэ (жүзжасар:Aloe)-үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы, әрі кең тараған өсімдік түрі.Үйде өсетін алоэнің ағаш тәріздес,сондай-ақ ақ жолақты жапырақты сәндік түрі болады.Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады.Алоэнің ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.
А)Алоэ(variegata)деген түрінің жапырағы қою жасыл ақ жолақты,жапырағы үшбұрышты пішінді болып келеді.
Ә) Ағаш тәріздес Алоэ(arborescens)деген түрінің ағаш тәрізді тікенекті, жапырақтары ұзын сабағында орналасады.
Б)Алоэ(arictata)-осьтік алоэнің түрі кішілеу болады,жапырағы 10 см мөлшерде шар тәріздес розеткалар түзеді.
В)Алоэ(humilis)-приземистое түрі көкшіл-жасыл түсті жапырағы бар ұшы тілімделген болады. Бүгінде алоэнің бұл түрінің ғылымға белгілі болған 180-дей түрі бар.
Қазақстанда ағаш тәрізді түрі алоэ(arborescens) бөлме өсімдігі ретінде қолдан өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |