Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет16/19
Дата29.03.2017
өлшемі9,45 Mb.
#12535
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

1 - тапсырма

Тақырып: Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері және орындалған далалы жұмыстардың сапасын бағалау

Топырақты өндеу сапасы қолданған құралдың конструкциясына, агрегаттың жылжу жылдамдылығына, топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне байланысты болады. Оларға созымдылық, жабысқақтық, байланыстық, қаттылық және физикалық пісу жатады.



Созымдылық - топырақтың өз пішінін өзгертіп, ұзақ уақыт оны сақтау қасиеті. Ол анық ылғал ауытқуын да көрсетеді. Құрғақ күйінде топырақтың созымдылығы болмайды. Созымдылықтың жоғары шегі- топырақтың езіліп, аға бастағандағы, ал теменгі шек — топырақты жіпшеге айналдыруға болатын шегі. Созымдылық топырақтың механикалық құрамына, қарашірік мөлшеріне, топырақ сіңіру кешенінің негіздермен сіңірілуі топырақ құрылымына байланысты болады. Балшыкты топырақтардың созымдылығы ең жоғары болады. Құмды топырақтарда созымдылық болмайды. Топырақтың қарашірігі мен құрылымдылығы жоғары болған сайын созымдылық азаяды.

Жабысқақтық - топырақтың жанасқан заттарға және топырақты өндейтін құралдарға жабысу қабілеті. Құрғақ немесе шамадан тыс ылғалды кезінде топырақта жабыскақтык болмайды. Жабысқақтығы ең жоғары топырактар ол ылғалды күйлегі механикалық құрамы ауыр топырақтар. Жабысқақтық топырақтың құрылымдық күйі, кебірлігі және қарашірік мөлшері әсер етеді.

Біріктілік топырақтың сыртқы күштердің үзу әсерінен қарсы тұру қабілеті. Ол топырақтың механикалық құрамына, құрылымдылыққа, ылғалдану дәрежесіне, органикалық болуына байланысты болады. Ең төменгі біріктілік топырақтың физикалық піскен кезеңінде болады.



Қаттылық - топырақтың ішіне қысымның күшімен бір дененің кіруіне қарсы түру қабілеті. Ол арнайы приборлармен анықталады қаттылықты өлшегіштермен. Топырақтың аттылығы оның ылғалдануына, сіңірілген негіздердің құрамына, механикалық құрамына және топырақтың қарашірік мөлшеріне байланысты болады.

Топырақтың өзіндік қарсыластығы мен оның қаттылығы арасында тығыз байланыстылық бар. Жоғары қаттылығы бар топырақты өндегенде үлкен тоң кесектер пайда болады, агрегаттың өнімділігі төмендейді де жанар май шығыны көбейеді.



Топырактын физикалык пісуі — топырақтың жақсы уатылып, топырақты өндейтін құралдардың жұмыс органдарына жабыспайтын күйі. Топырақты өңдеудің жоғары сапасына оның физикалық пісуі кезеңінде жетуге болады. Сонымен қатар, піскен топырақты өндеуге өлдеқайда төменірек тарту қуаты қажетті болады.

Топырақтың физикалық пісу күйі ең бастысы оның ылғалдылығымен аныкталады. Топырақтардың көбінде ол шекті далалық су сыйымдылықтан (ШДСС) 60-тан 90%-ға дейін ауытқиды. Топырақты өндеу әдістерінің көбін тек қана топырақтың пісу кезеңінде ғана жасауға болады. Физикалық пісу кезеңіне дейін өндесе топырақ құралдарға жабысып жүгады, нашар уатылады. Құрғақ топырақтарды өңдегенде оны тозандатады, тоң кесектер пайда болады т. б.Физикалық пісуді қарапайым әдіспен анықтау үшін бір уыс топырақты қысып кеуде биіктігінен жерге тастау керек. Егер ол ұсақ бөлшектерге бөлінсе пісу кезеңі бар дегені. Әдетте, физикалық пісу кезеңінде топырақ айдарының үсті сөл құрғап тұрады да, олардың арасы болады.Топырақтың физикалық пісуін дәлірек анықтау үшін танапқа трактормен байқау үшін кіріл көру керек.

Физикалық пісуге лайықты пайда болу кезеңі мен ьшғалдылық ауытқуы топырақтың механикалық құрамына, жер бедеріне және беткей экспозициясына, құрылымдық күйіне, қарашірік мөлшеріне, агрегаттың жылжу жылдамдығына және топырақты өңдейтін машиналардың жұмыс органдарының типіне байланысты болады. Жеңіл топырақтарда ауыр топырақтарға қарағанда физикалық пісу ертерек пайда болады; су айрықтар мен оңтүстік беткейлер солтүстікке карағанда ертерек кебеді. Топырақтарды дискілі құралдармен және тегістеп қопсытқышпен сапалы өңдеу үшін қажетті ылғалдылық аралығы культиваторларға қарағанда әлдеқайда кендеу болады. Агрегаттың жоғары жылжу жылдамдығында, төмен жылдамдыққа қарағаңда ылғалдылығы жоғарылағанда топырақты өңдеуге болады.Егер агротехникалық әдістер онтайлы кезенде және жоғары сапамен жасалса, өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдай туады, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі артады.Далалық жұмыстардың сапасын бақылау дегеніміз агрономиялық қызмет жағынан агротехникалық талаптардьщ орындалуын үнемі бақылау.

Аңыздарды сыдыра жырту. Аңыздарды сыдыра жыртқанда өндеу терендігін, арамшөптерді кесу дәрежесін, топырақтың қопсуын және танаптың тегістігін бақылайды.

Өндеу тереңдігін агрегаттың бірінші бақылау жолында, ол 20-30 м өткеннен кейін металды немесе ағаш сызғышпен тексереді. Сызғыш кіргізетін жерді сәл тегістеп тығыздайды. Өткен жол ұзындығынан 25-30 өлшемнен кем болмау керек. Өңдеудің орташа фактілі тереңдігі берілген тереңдіктен 2 см-ден аспау керек. Дискілі батареяның көлденең біркелкілігін бір батареяның жолынан көлденең өндеу тереңдігін өлшеп анықтайды. Ауытқу ±1 см-ден аспау керек.Сыдыра жыртқыш өткен қатар білік арасының биіктігімен өңделген танап бетінің тегістігі анықталады, ол 8-10 см-ден аспау керек.Кесілген және кесілмеген арамшөп санын алқабы 1м2 (1х1м) рамка шегінде саналады. Рамкалар 10-15 орыннан кем емес жердің диагоналінен алынады. Арамшөптердің қиылу дәрежесін (Сп) мына формуламен анықтайды:



Мұнда, П - қиылған арамшөп саны, дана/м2,



Н - қиылмаған арамшөп саны, дана/м2.

Жырту тереңдігін өлшеу және отамалы дақылардың қатараралық өндеулері
Жырту сапасы тереңдігінен, тегістігінен, то4 кесектілігінен, өсімдік қалдықтарының толық енгізілуінен, аудару дәрежесінен, атжал болмауынан бағаланады. Өңдеу терендігін қарық өлшегігпен немесе сызғышпен ашық, қарықта (16-сурет) және жыртылған жердің диагоналынан анықтайды. 15-20 өлшемнен кем болмау керек. Жыртудың орташа тереңдік аутқуы берілгеннен + 2 см-ден аспау керек.



16 сурет. Жырту тереңдігін өлшеу. А. терендік өлшегішпен; 1 тірейтін жұқа тақтайша, 2 белуімен рейка, 3. қапсырмалар, 4. жылжитын жұқа тақтайша. Б. 2 сызғыштармен.



17 сурет Топырақ бетінің тегістігін 10 метрлі болуы бар баумен анықтау. А. Негізгі орнындағы бау тартылып тұр Б. Өңделеген танаптың бедерінің бау қайталайды.


Жыртылған жер бетінің тегістігін бау және рулетканың көмегімен (17сурет) анықтайды. Жыртылған танапта бір-бірінен 10 м қашықтыққа екі қазықша қояды. Олардың арасына ұзындығы 10 м бау салады, ол топырақ тегіс еместігін түгел қайталайды. Екінші қазақшаға жетпейтін бау бөлігі жалпы ұзындыққа пайызбен көрсетілетін тегіс еместік коэффициенті болып саналады.


18 сурет. Профилеметр арқылы (а) және сызғыш арқылы (б) топырақ бетінің айдарлығын анықтау, ұзындығы сәйкес 2 метр және 50 см. 1. жанынан қарағанда. 2. үстінен қарағанда.

Егістің ірі кесектігін көзбен және алқабы 1 м2 квадратты рамканың көмегімен бағалайды. Рамканы егістіктің үстіне салып, келденеңінен 5 см-ден ірі агрегаттар алып жатқан алқапты санайды. Дм2-пен көрсеті жөн ірі кесектер алып жатқан рамканың жалпы алқабынан пайызбен көрсетілген алқап ірі кесектік болады. Ол 15%- дан аспау керек.

Танап бетінің айдарлығын айдар биіктігін сызғышпен арқылы анықтайды. Ол үшін топырақ бетіне рейканы қояды (профилеметр болмаса), сосын айдардың астынан рейкаға дейінгі қашықтықты сызғышпен өлшейді . Айдар биіктігінің орташа мәні 7 см-ден аспау керек.

Жырту сапасының басқа көрсеткіштерін (қыртыс аударымы, қалдықтар енгізілуі, атжалдар болуы) жыртылған танаптың диагоналімен анықтайды.

Қопсыту. Қопсытқыштардың жұмыс сапасын өңдеу терендігіне, қарық түбінің тегістігіне, арамшөптердің толық кесілуіне және егістік атжалдығына қарай бағалайды.

Өндеу тереңдігін өлшеу үшін топырақ бетін тегістеп сызғышты қатты жерге дейін кіргізеді. Өлшемдердің орташа мәні 20 өлшемнен кем емес) берілген терендіктен 1 см-ден артық ауытқымау керек.


Топырақтың культивация жасалынған қабаттың түбі

19 сурет. Рейка және сызғыш көмегімен культиватормен өңдеген қабаттың тегістігін бақылау.
Қарықтың түбінің тегістігін сызғыш пен рейка арқылы анықтайды. Ол үшін екі-үш жерден топырақтың борпылдақ қабатын алады, қарықтың түбіне сызғышты салады (культиватордың алымының барлық еніне. Түбінін, тегіс еместігі 1 см-ден аспау керек (34 сурет). Арамшөптердің кесілу толықтығы алқабы 1 м2 рамканың шегінде кесілмеген арамшөптердің санауымен бақыланады. Сондықтан кесілмеген арамшөптер саны 1-3-тен аспау керек. Беткі қабаттың айдарлығын, қопсытудың басқа әдістегілеріндегіден басқа әдіспен 2-3 жерде бақылайды: профилеметрмен немесе сызғышпен агрегаттың жүрген жолына көлденең болады.

Отамалы дақылардың қатараралық өндеулері. Қатараралық культивацияның сапа көрсеткіштеріне қопсыту тереңдігі, қорғау аймағының ені, мәдени дақылдарға зақым келтіру дәрежесі, арамшөптерді қию дәрежесі жатады.

Культивация тереңдігін тексеру үшін қатар арасында топырақты тегістейді, қорғау аймағына рейка қояды, сосын өңделген жерге сызғышты қатты жерге дейін енгізеді. Рейканың астынғы жағынан қатараралықтың үш жерінен, кулътиватордың толық енінен қопсыту терендігін өлшейді, өндеудің орташа тереңдігін есептейді. Ол берілген теренділіктен ауытқымау керек; бір жақты табан үшін 1 см, жебе табан, қопсытатын табан үшін 2 см. Культиватордың жұмыс мүшелері қалдырған қарықтардың орташа тереңдігі гонның ұзындығымен өлшенеді. Ол 4 см-ден аспау керек.

Бақылау аймағының енін гонның ұзындығымен 3 жердең бақылайды. Қорғау аймағы қатардың ортасынан 10-15 см болу керек. Берілген қорғау аймақтың орташа енінен ауытқуы 2 см-ден аспау керек. Мөдени дақылдардың зақым келу дәрежесін анықтау үшін агрегат өткенге дейінгі қатардағы өсімдік санын және агрегат өткен соң зақым келген өсімдік санын санайды. Зақым келген өсімдіктер санын пайызбен бақылайтын қатардың ұзындығындағы жалпы санына көрсетіп, агрегатпен жасалынған өсімдіктердің зақым келтірілуін анықтаймыз.

Бірінші және екінші өңдеулерде ол 5-7%, кейінгілерде 15-20% - дан аспау керек. Өнделген алқаптың еніндегі барлық арамшөптер кесілген болу керек.



Тырмалау. Тырмалаудың сапасын үш негізгі көрсеткішпен анықтайды: өндеу терендігімен, топырақ кесектігі және бетінің тегістігімен. Копсыту тереңдігін сызғышпен танаптың диагоналымен алдын ала сәл топырақ бетін тегістеп 10 жерінен өлшейді, орташа тереңдіктің берілгеннен ауытқуы 2 см-ден аспауы керек.

Танап бетінің тегістігін көзбен анықтайды немесе сызғыштың көмегімен кем дегенде 10 жерден участок диагоналынан айдар биіктігін немесе қарық терендігін өлшейді. Ол 4 см-ден аспау керек.

Кесектер болуын кем дегенде 10 жерден загон диагоналінен 1 м2 алқапты рамка қойып және рамканың ішіндегі диаметрі 5 см-ден ірі кесектерді санап анықтайды. Кесек саны 5 дана/м –тан аспау керек.

Өскін шыққаннан кейінгі тырмалау. Кәдімгі егістікті тырмалады бағалауға қолданған көрсеткіштерге қосымша, өскін шыққаннан кейінгі тырмалауды бағалау үшін, далалы дақылдардың өскіндеріне зақым келуін тексереді, ол 5 %-дан аспау керек.
2- тапсырма

Топырақ қорғау техникасы мен өндеудің сапасын бақылау.
Топырақ қорғаушы машиналар жүйесінің бәріне қойылатын негізгі талап топырақта кесекті құрылым жасау, топырақ бетін минималды шандандыру және өсімдік қалдықтарын қалдыру.

35 кесте -Топырақ өңдеу үшін негізгі топырақ қорғаушы машиналар



Топырақ өндеу түрлері

Ауылшаруашылық машиналар маркасы мен аты

1

2

Таяз жазықтілігшті өңдеу

7-8 см,


6-12 см

Жазықтілгіш культиватор КПШ-9, КПШ-11,КПШ-5.

Ауыр культиватор КТС-10-1,КТС-10-2 штангалы дискілерімен

Машиналар ОП-8,ОП-12


Терең жазықтілгішті қопсыту

Жазықтілгішті – терең қопсытқыштар КПГ-250А, ПГ-3-100, ОП-3-5, Лемкен, Смарагд; топырақ өндеу жиынғыштар Морис,Флексикойл.

6-8 см тереңдікке культивация

Штангалы культиваторлар КШ-3,6 А, КЛШ -10,КЛШ-16, Себкіш – культиваторлар СЗС-2,1,СЗТС-6-12,Флекси- Коил5000 Джон- Дир, Конкорд, Хорш, Морис

1

2

Көпжылдық шөптердің қыртысын аудармай өндеу

ОПТ-3,5 машинасы, Лемкен, Смарагд

Топырақтың бетін өңдеу

Инелі тырмалар- мотыгалар БИГ-3А, БМШ-15,БМШ-20, Сыдыра жыртқыштар ЛДГ-10А, ЛДГ-15, ЛДГ-20 сфералы және тегіс дискілермен

Жүгеріден кейін топырақты дискілеу

Дискілі тырма БДТ-10, дискілі ауыр тырмалар БДТ-7, БДТ-10 БДН-3

Тілу

Тілгіштер ЩН-2-140, ЩН-5-40,Джон-Дир ЩР-2100,ЩР-915

Чизелдеу

Чизелді соқа ПЧ – 4,5

Жазықтілгішті топырақты өңдеу. Жазықтілгішті өңдеудің сапасын келесі көрсеткіштермен бақылайды: өндеу кезеңі қосыпту тереңдегі, өңдеу тереңдегінің тұрақтығы, аңыздардың зақымдану дәрежесі, танап бетінің айдарлығы, қитақтардың болмауы және арамшөптердің кесілу дәрежесі.

Өңдеу кезеңі оңтайлы болу керек және нықталы жағдайларға байланысты қойылады.

Қосыпту тереңдігі сызғышпен немесе металды стеренмен өлшеу арқылы анықталады. Ол үшін учаскенің диагоналінен жылжып отырып тіреудің ізінен 25-30 см аралықта 0,5 см-ден бөлуі бар стерженді кем дегенде 20 жерде кіргізеді. Қосыптудың орташа мәні берілгеннен егер қопсыту тереңдігі 16 см-ге дейін болса 1 см-ден, егер қопсыту тереңдігі 30 см болса 2 см-ден аспау керек. Өңдеу тереңдігінің орташа мәнін 25% топырақтың қопсығаны үшін азайту керек.

Өңдеу терендігінің тұрақтылығы қопсыту терендігін өлшеу негізімен анықталады. Ол үшін қопсыту терендігінің ең темеңгі және жоғарғы мәнін тауып, оны 25% азайтамыз, яғни 0,75 коэффициентіне көбейтіп шын қопсыту терендігін табамыз Саналған мәліметгер берілген қопсыту терендігінен 4-5 см-ден аспау керек.

Аңыздардың зақымдану дәрежесін анықтау үшін табан тіреуінің өнімен өнделген жердің енін өлшейді, ол зерттелген жердің шетіндегі тіреулер іздерінің арасына қосу жұмыс органының еніне тең болады. Сосын тіреу іздерінің енінің өлшемдерінің мәнін қосып, 100 көбейтеді де өңделген жердің жалпы еніне бөледі. Осы көрсеткіш аңыздың зақымдану дәрежесін пайызбен сипаттайды. Қопсыту терендігі 16 см-ге дейін болса 10-15% және қопсыту терендігі 30 см-ге дейін болса 15-20%-дан аспау керек.

Жазықтілгіш өткеннен кейін, табан тіреулерімен агрегат өтіл ұштасқан жерлерде пайда болатын танап бетінің айдарлылығын айдарларды өлшеу арқылы анықтайды. Сонымен қатар табак еткен жердегі қарықтардың терекдігін өлшейді. Айдарлар 5 см-ден темен болу керек, табан тіреуі өткен жердегі қарық ені 15-20 см, қарықтар терендігі —8 см-ден аспауы керек.

Атжалдардың болмауын әдетте көзбен анықтайды, бірақ дәлдік үшін олардың алқабын санап жалпы өнделген алқапқа пайызбен келтіруге болады. Атжал саны 0,1% - дан аспау керек.

Ұштасып жабылған жердің сақталуын бір сменада өнделген учаскенің 15-20 орнында анықтайды. Ол үшін агрегаттың кершілес өткелдеріндегі жазықтілгіштің шеткі тіреулерінен қарықтардың орталарының арасындағы енді өлшейді. Ұштасып жабылған жердің көлемін жазықтілгіштің тіреулерінің арасындағы базистік енінен ұштасқан қатар арасынын енін алумен анықталады.

Ұштасып жабылған жерде олардың агрегатының қатар өткелдерінің ені 10 м болса ойдағыдай болғаны.

Арамшөптер кесілу сапасын диагоналымен жүріп отырып алқабы 1 м2 рамканы салып отырып учаскенің 3-5 жерінде анықтайды. Арамшөптер түгел кесілген болу керек.



Инелі тырмалармен тырмалау. Инелі тырмалар жұмыс сапасын қопсыту тереңдігінен (см), аңыз санынан (дана/м2), уатылу дәрежесінен (%), беткі қабаттың тегістігінен (см), атжал қалуынан анықталады.

Қопсыту терендігін учаске диагоналінен 20-30 м сайын 20 жерде өлшейді. Орташа тереңдікті 15-20% азайтады (қопсу саны). Қопсудың орташа санынан ауытқуы 1 см-ден аспау керек.

Сақталып қалған аңыздарды санау үшін 3-5 жерде өндеуге дейін және агрегат өткен соң алқабы 1 м2 рамканы салып анықтайды. Өндеуден кейін қалған аңыздардың негізгі олардың санына қарағандағы пайыздың мөлшерін анықтайды. Зақым келу дәрежесі 20% аспау керек. Топырақтың уатылу дәрежесі ірі алып жатқан (5 см ірі агрегаттар) алқабын санау жолымен анықталады. Ол сан жалпы алқаптан 20%-дан аспау керек.

Беткі қабаттың тегістігі сызғыш және рейка арқылы тырмалардың секцияларының ұштасқан өткелдерілде және агрегаттардың қатар өткелдерінде 20 нүктеде, айдар биіктігін өлшеу жолымен анықталады. Айдарлардың орташа биіктігі 4-5 1 см-ден аспау керек.

Атжалдар көзбен немесе атжал алқабының жалпы өнделген учаскенің алқабына қатынасымен анықталады.

Шұңқырлау. Шұңқырлау сапасы шұңқырлар тереңдігінен, бір қатардағы шұңқыр арасындағы бөгет енінен, агрегаттың қатар өткелінің арасындағы ұштасқан алқап енінен, атжал болуымен бағаланады.

Шұңқыр терендігі агрегаттың енінен 0,5 см сайын және өнделген учаскенің диагоналінен 20-30 м сайын 10-15 рет сызғышпен өлшейді. Алынған орташа мән 2 см-ден аса ауытқымау керек.

Бір қатардағы шұңқыр арасындағы бөгет ені сызғышпен анықталады. Ол 90 см-ден кем болмау керек.

Агрегаттың қатар өткелдерінің арасынан ұштасқан алқаптар ені (шұңқырсыз) 45 см-ден аспау керек. Атжалдар өңделген алқаптан 2% аспау керек.



Тілу. Тілу сапасы куыс терендігінен, онын енінен және агрегатың қатар өткелдерінің қуыстарының арасындағы қашықтығымен бағаланады.

Қуыстың тереңдігі мен енін 10-15 жерден 90-80 м сайын учаскенің диагоналінен сызғышпен өлшейді, кейін орташа саньш есептеп шығарады. Қуыстың берілген терендігінен ±2 см-ден, ені + 1,5 см-ден аспау керек. Ұштасқан өткелдердегі қуыстар арасының ауытқуы 15 см-ден аспау керек. Сонымен қатар беткейдегі қуыстарды кесуінің бағытын (беткейге көлденең жасалу қажет) және атжалдардың болуын ескеру қажет.


3- тапсырма

Топырақтың құнарлығы және мәдени түрлері

Топырақ құнарлылығы.'Топырак құнарлылығы деп, оның өсімдіктердіц өсуі мен дамуы кезеңдерінде, барлық кажетті жағдайлармен үздіксіз қамтамасыз ету касиетін айтады.

Топырақ құнарлылығы тек кана оның касиеті емес, сол сиякты, оған өсірілетін дакылдарға, жүргізілген агротехниканың дәрежесіне, т. б. байланысты.! Әлеуметтік-экономикалык катынастардьщ өзгеруінен, ғылым меік техниканың дамуынан, топырақ құнарлылығы да езгеріп отырады. К. Маркс былай деп жазды: «...Қунарлы-лық топырактың объективті касиеті бола тұрса да, экономикалық тұрғыдан алғанда ол дегенмен белгілі қатынасты — агрокультураның химиялық жэне механикалык құралдары дамуынын, сол кездегі дәрежесіне катынасын үнемі көрсетеді де, осы даму дәрежесімен бірге өзгеріп отырады»1. Құнарлылық потенциалды (табиғи) және тиімді болып екі түрге бөлінеді. Топыракты құрайтын әр түрлі факторлардың әсерінен табиғат өзі кунарлылықтың потен­циалды мүмкіндік шегін жасап шығарады және ол топырактың механикалык құрамына, физикалық және химиялық қажеттеріне, қарашіріктің қорына және басқа жағдайларға байланысты,! Табиғи құнарлылық тың және тыңайтылған жерлерге тән. '

Құнарлылықтың тиімді формасы — ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсіпдамуына қолайлы жағдай туғызу мақсатымен, өңдеу құралдарын пайдаланғанда байқалады.( Тиімді құнарлылық егінші еңбегінің жемісі..Мұндағы ең басты фактор ғылым мен техникалық прогресс дамиған сайын топырақтың тиімді құнарлылығы да арта түсед.

Техникалык прогрестің әрекетінен жасанды құнарлық қалыптасады. "Ол дақылдардың дамуының нәтижесіңде өзіне берілген қасиетій табиғи құнарлылықпен жалғастырады. Келешекте жа­санды құнарлылық топырақтың өзіндік қасиетіне айналады да, тек ғана табиғаттын енімі емес, сонымен бірге адам еңбегінің жемісі болатын — құнарлылықтың жана сатысына көтеріледі. Құнарлылығы жақсы топыракты мәденилігі жоғары деп атайды.

Топырақ өндіріс процесі әсерінен үнемі жақсарып отырады. То­пырактың (жердің) андіріс кұралы ретінде, өнеркәсіпте пайдаланатын құрал-жабдықтардан (машиналардан, станоктардан) айырмашылығы осында. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазды: «Өндіргіш күш шапшаң дамыған жағдайда ескі машиналардың бәрі неғұрлым тиімді машиналармен алмастырылуға тиіс, яғни олар мүлдем лақтырылып тасталуға тиіс. Мұның керісінше, егер дұрыстап күтіп ұсталатын болса, жер үнемі жақсарып, құнарлана береді»1.

В. Е. Егоров, Б. А. Доспехов, А. М. Лыков және басқалардың пікірлері бойынша интенсивті егіншіліктегі құнарлылықтың ұдайы өндірісі жалпы егіншіліктің ұдайы ендірісінің міндетті шартына айналады.

Ғылыми-техникалык прогрестің әсерімен егіншілікті интенсивтендірген сайын топырақтағы органикалық заттардың мәні арта бермек. Мұны әр түрлі топырақты-климаттық аймақтарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отыр. Мәселен, К. М. Розынов, тағы баскалары тек органикалық заттардың тепе-теңдігін қамтамасыз еткенде ғана, азотпен үстемелеп коректендіру арқылы, мақтаның өнімін әрі қарай арттыру мүмкін деп санайды. Көптеген авторлар көміртегінің жағымды тепе-тендігі кажеттігін көрсетті.

Сонымен механикалық құрамы әр түрлі, тьщайткыш енгізілмеген шымкүлгінді топырақта, біржылдық дакылдарды узіліссіз немесе ауыспалы егісте егіп-өсіру, жырту кабатындағы органика­лық заттардың ұдайы кемуіне әкеп соғатыны анықталды. Дәнді дақылдарды егіп-өсіруде парлы ендеу тәсілін қолданғанда орга­никалық заттар мен нитратты азоттың елеулі мөлшері жоғалатының Канада мен АҚШ ғалымдары атап көрсетті. Бұдан топырақтағы органикалық заттарды есепсіз рәсуә етуді азайтатын жолды іздеудің, мейлінше аса маңызы бар,— деген қорытынды туады.

Топырак құнарлылығы оның пішіні бойынша төмендеп және азайып отырады. А. Н. Лебедев тіпті кара топырақтарда да топы­рак құнарлылығы жоғарыдан темен қарай азайып отыратынын дәлелдеді. Топырақтың барлық қалыңдығын ол жекелеген үш белімге беледі: 0—5 см; 5—20 см және 20—25 см. Сонымен, егер 40— 50 сантиметрдегі қабаттың құнарлылығы бірге тең деп қабылдасақ, онда 0—5 см кабатындағы құнарлылық 4,5 тек болады.

Бұл әсіресе шым-күлгін (күлгін қабатында) және сортаң топырақтарда (тұзды кабатында) ерекше байқалады. Мұны топырақ­ты еңдеу жольгн таңдағанда еске алу қажет. Мұндай жағдайды, қарашіріктің жоғарғы қабатта көп болуы — жарық пен құрғаудын, әрекетінен, физиологиялык активті заттар мен микроорганизмдердің болуынан, теменгі кабат топырағының физикалык және химиялық қасиеттерінін нашарлығынан деп түсінуге болады.

Мэдени топырақтың түрі. Ауыл шаруашылық дакылдарының өнімі мен топырақ құнарлылығын арттыру мақсатымен, адамның белгілі бір максатпен әрекет ету салдарынан топырақтың (агро-физикалық, агрохимиялық, биологиялық және агротехникалық) қасиеттерін өзгертуді — топыракты мәдени түрге келтіру деп түсінуге болады. Топырақты мәдени түрге келтіру арқасында шым-күлгінді жэне сортаң топырақтар жаксы өзгереді.

Топыракты мәдени түрге келтірудің мынадай керсеткіштерін атап етуге болады:


  1. Агрофизикалық — топырақ құрылымына және жырту қабатының құрамына, аэрацңясына (тұрақты санылаулығы ен кемі 15—20 процент болатындай) қолайлы жағдай жасау. Соның арка­сында жабдыкталатын су қасиеттері — су еткізгіштік, су ұстағыштың кабілетіне, жоғары су сыйымдылығына, суды кетерудің төмен қабілетіне ыңғайлы жағдай туғызу;

  2. Агрохимиялық — сіңірілген кальций мөлшері кебейгенде және сіңірілген сутегі, натрий азайғанда,'топырақ ерітіндісіне ко­лайлы реакция болғанда, коректену элементтерін қажетті мелшер­де жарамды формада сақтауға, зиянды химиялық қоспалар (те-мірдің шала тотығы, алюминийдің жылжымалы қосылысы, сода) жок болғанда топырақка жоғары сіңіру кабілетін беру (100 г топыракта 30—40 мг/экв);

  3. Биологиялық — топыракта қарашірік кеп болып, сапалық құрамының жақсаруымен (гуминдік қышқылдардын, мелшері көбейеді және фульвокышкылдардын мөлшері азаяды. Мұның өзі" органикалық заттардың тұрақтылығын арттырады) болатын ыдырау мен жуылып кетпеу процестерін тездетеді, онда ететін микробиологиялық процестерге жоғары белсенділік береді.

  4. Агротехникалык — арамшеп есімдіктерініц түқымы мен вегетативті органдарынан, зиянкестер мен аурулардан таза, жел жә­не су эрозиясына тезімді қуатты жырту қабатын жаса.

Зерттеуші Б. А. Доспеховтың пікірінше, топырақтың мәдени түрге айналуы — минералды тыңайтқыштар тиімділігінін манызды факторы. Мәдени түрге айналмаған топырақта азот тыңайтқышын (NH4NO3) пайдаланғанда тоқырау басталса, ал жақсы мэдени түрге келген топырақта, керісінше, тиімділік байқалады. Бірінші жағдайда тыңайтқыштар тиімділігі мынадай қатармен орналасса: Р, К, N; ал, екіншіде — N, Р, К.

Топырақтың еңделіп, мәдени жақсару дәрежесінің бірнеше классификациясы бар. Әр түрлі авторлар топырақтық мәдени дәрежеге келтірілуін бес, терт, үш дәрежеге беледі. Мәселен, В. А. Францессон, топырақтың мәдени түрге келу дәрежесі бойын­ша, терт топка беле отырып, оларды топыраққа сін.ірілген көңнің дәрежесімен байланыстырады. Осылай классификациялаудың біреуін мысал ретінде келтіреміз (22-кесте).

Топырақты мәдени түрге жеткізу үшін агрохимиялық, биологиялық және агрофизикалық негізгі үш тәсілдерді қолданады. Агрохимиялық тәсілдерде мынадай шаралар орындалады: минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану, әктеу, гипстеу. Биологиялыққа — ғылыми негізделген ауыспалы егісті енгізу, біржылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді егу, бұршақ тұқымдас өсімдіктерді жасыл тыңайтқышқа пайда­лану (сидерация), бактериялы тыңайтқыштарды қолдану (препараттарды), ең көп түсім беретін дақылдар мен сорттарды егіп-өсіру.

36- кесте. Шымды-күлгін топырақты мәдени түрге жеткізу классификациясы







Мәдени жақсару. көрсеткіштері

Мәдени түрге жету дәрежесі

жыртылу қабатының қуаттылығы, см

қарашірік %

тұз ерітіндісі, рН

100 г. топырақтағы жылжымалы фосфордың мөлшері мг, Кирсановтың одісі

Мәдени түрге жетуі әлсіз

Мәдени түрге жетуі орташа

Мәдени түрге жетуі күшті


20 азырақ

20—25
25-тен көбірек



2азырак

2—4
4



4—5

4,5-5,5
5,5 жоғары



5 азырақ

5—15
15



Агрофизикалық тәсіл — топырақты өңдеу, артық дымқылданумен күресу, суару. Топырақты мәдени түрге айналдыруда өңдеудің мынадай тәсілдерін жиі қолданады:

  • төменгі жатқан құнарсыз қабатты органикалық тыңайтқыштар мен әкті бір мезгілде коса отырып (біртіндеп) жырту. Бірақ жыртудың тереңдігі 2—3 см аспайды.

  • топырақ тереңдеткіші бар плугпен өңдеу. Оны қарашірінді орналасқан тереңдікке дейін жыртып, плуг корпусының артына орналасқан арнайы қопсыту табаны арқылы одан төмен жатқан, тығыздалған күлгін қабатты қопсыту.

  • аудармай терең қопсыту (генетикалық қабатты аудармай араластыру), сортаң топырақты мәдени түрге жеткізу үшін жиі қолданылады.

— текшелеп жырту (ортан ауыстыру) топырақтың шектес қа­йаттаоын араластырып, сонымен бірге аударыстырып отыру. Құияплы қабат төңкеріліп, өз орнында қалады да, ал одан темен жаткан сортан және әкті (карбонатты) кабат аударылып, езара ооын ауысады.

_ құмды топырақтарды 40—45 сантиметрге тереңдетің жыртумен бірге, көңді енгізу.

4- тапсырма
Топырақтың ауа режимі

Ауа — топырақтың негізгі құрамына жатады. Топырақтың қатты бөлшектері (минералдық және органикалық бөлшектері), сұйық (топырақ ерітіндісі) және газ тәрізді (топырак ауасы) бөлшектері бір-бірімен тығыз байланысты. Көптеген факторлар бүған біздік көзімізді жеткізіп отыр. Сіңіру құбылысының нәтижесінде бұл үш кезеннің аралығына қатан, шек коюға болмайды, оларды жеке бөліп қарау да қиын.

Топырақтың катты бөлшектері су мен газдың молекулаларын жұтып алады, сұйық .белшектерде газдар мен минералды қоспалар ериді. Мұнда кейбір коспалар топырақтың үш кезеңіне де қатысып, алмасып отырады. Топырақтың пайда болу процесінде (химиялық және биологиялық желге мүжілуі) және топырақ тіршілігінде ауаның үлкен мәні бар, оны баскамен ауыстыруға болмайды.

Топырақтын газдарды сіңіруі әр түрлі топырақ қар үшін 0,3— 0,5 көлемде болады. Топырақтың сінірген газдары, топырақтың биологиялық қызметі үшін негізгі кор болып саналады.

Топырактың газ тәрізді бөлігінің құрамында — өсімдіктердін қоректенуі мен биологиялық әрекетінің басты элементтері — отте-гі, көміртегі, азот болады. Олар барлык кезеңдердін. арасындағы айналымға үздіксіз катысып, өзара ауысып, алмасып отырады. Ауа — топырақ қүнарлылығының кажетті шарты.

Ауа режимі деп ауаның топыраққа ауысатын барлык құбылысының жиынтығын, оның топырақта жұмсалуы мен физикалық күйінің өзгеруін айтады.

Өсімдік тамырларының тыныс алатын негізгі көзі — топырақ ауасы. Егер есімдіктердің топырақ үстіндегі бөлігі (сабак және жапырактар жиынтығы) адамдардың катысуынсыз оттегімен қапағаттандырылса, онда жер астындағы бөлігін (тамырларды) онымен қамтамасыз ету егіншінің үлесіне тиеді.

Мәдени дақылдар үшін топырақтағы ауаның манызы, сумен қамтамасыз еткенмен бірдей. Оттегі — биологиялык процестердің жаксы етуі үшін, тамырлардың тыныс алуы үшін қажет. Ылғал көп болғанда және оттегі жетіспегенде тамыр түктері пайда бол­майды. Ол жетіспегенде келтеген есімдіктердің тұқымы өнбей қа­лады.

Топырақта оттегінің болуы — өсімдіктер үшін қоректену режимінің бірқалыпты өтуінің шарты. Топырақта су өте көп болса өсімдік оттегі мен азот корегініц жетіспеуінен зиян шегсді. Мәселен, X. Ф. Бергман аэрациялы қорегі бар ерітіндіде өсірілген сүлы, қыша, бұршақ, қарақұмық және күнбағыс көктерінін тамыр жүйелері

Алайда кемір қышкылы пайдалы роль атқарады. Ол тамырлардан белініп шығатын заттардың қүрамында бола түрып, топы­рак ерітінділерін, коршап түрған тамырларын, олардың түктерін қышкылдандырады және өсімдіктер үшін топыракта қиын еритін косылыстарды ерітіп, пайдаланатын түрге айналдырады. Сілтіленген топырақтарда көмір кышқылының болуы фосфаттардың еруін арттырады. Топыракта түзілетін көмірқышқылы, топырақ қырты-сына жалғасатын ауа қабатын байытады. Жердің үстіқгі бетінде С02 мөлшерінің артуы өсімдіктердің өсуін жылдамдатады және өнімін арттырадьц

Топырактың құрылымы мен жырту қабатының құрамы (жалпы саңылаулық шамасы, қылтүтікті және қылтүтіксіз бос орындардың ара қатынасы) топырақ пен топырак кыртысындағы газдын алмасуына әсер етеді. Ауа тұрақты тұратын бос орын көлемін аэ­рация немесе тұрақты аэрациясының бос орны деп атайды (37-кесте).

Топырақ агрегаты тым ірі болған сайын аэрацияның түтіктілігі сонша жоғары болады. Егер топырақ 0,5 мм кіші агрегаттардан

34 – кесте. Топырақтағы ауаның мөлшері, оның құрамы,оттегінің шамасы және ауа өткізгіштігі (А.Г.Дворянко )


Көрсеткіштер

Агрегаттар мөлшері,мм

0,5

0,5-1,0

1-2

2-3

3-5

Топырақ көлемімен салыстырғанда саңылаулық %


Топырақ көлемімен салыстырғанда ауа мөлшері, %

Топырақ ауасындағы оттеп мөлшері, 7о

Топырак көлемімен салыстырғанда, оттегшін мөлшері,

Ауа өткізгіштігі, %



44,8


2,7

5,4


0,14

0


25,5


24,5

18,6


4,6

4,2



25,1
29,6


19,3
5,7

100


24,1


35,1

19,1
6,7

93,2


23,9
38,7


19,4


7,5

100

онда ауа орналасатын бос орынныц үлесіне барлығы 2,7 *, процент ғана тиеді, ал ауа өткізгіштігі болмайды. Агрегаттардың f мөлшері 1—2 мм болғанда, ауа өткізгіштігі 100 процентке тең. г Топырақтың еркін газ алмасуы (аэрация), топырактың ең аз I су сыйымдылық шамасына дейін сумен қаныкканына дейін жүре-ді. Қөптеген авторлардың дерегі бойынша, мұндай жағдайда то­пыракта ауа орналасатын бос орын ең аз дегенде 15 процент бо­лады.^

Дж. Копецкий топырақтың көлемімен салыстырғанда, колайлы саңылаулық аэрациясы бидай мен сұлы үшін — 10—15 процент, ал кант кызылшасынікі 15—20 процент екенін аныктады. Оттегі кон-центрациясының тамырдын, өсуіне әсері 10-суретте жаксы сипат-талады.

(38 кесте)

38 кесте Агрегаттардың ірілігі мен ылғалдылығына байланысты гопырақтын ауа вткізгіштігі, % (А. Г. Дояренко)



Топырақ агре-гаттарының мөлшері, мм

Капиллярлық су сыйьгмдылықтағы топырақтық ылғалдылығы, %



құрғақ ауадағы

20,2

38,4

62,3

84,8

100

0,25

43,4

10,2













0,25—0,5

85,3

45,2

41,1







0,5—1

97,2

95,4

98,2

94,1

99,0

60,1

1-2

96,4

93,8

94,8

100

95,6

55,2

2

100

100

96,4

98,5

100

74,2

анаэробтылык жағдай, өсімдіктердің тамырлары мен азоттық жоғалуына зиянын тигізуі мүмкін.

Жалпы саңылаулық шамасы мен тұрақты қуыстылықтың көлемі топырақтың ауаға С02 бөліп шығуына эсер етеді. Н. П. Поясовтың дерегі бойынша, тек 8—11 про­цент қуыстылықтың бос болуы кемір қышқылының бөлініп кетуін тоқтатады.

Дегенмен бұл мәселе жәнінде бірыңғай пікір жоқ. Агрономиялық физика саласындағы үлкен маман А. Г. Доя-ренко былай дейді. «...Капиллярлық саңылаусыздыққа ие болған топыратар (тек 5—10 процент болғанныц езінде) капиллярлық су сыйымдылыққа толғанға дейін ылғалданғанда, топырак езінің ауа өткізгіштігін бірде-бір темендетпейді», одан әрі, шамасы 10 процент жоғары болғанда капиллярлык саңлаусыздық абсолюттік ауа еткізгіштікті толык қамтамасыз ететін шешуші кезеңге ие болады (7-таблица).

25-таблицада көрсетілгендей, егер агрегаттардың мөлшері 0,5— 1 мм және одан үлкен болса топырақтың ауа өткізгіштігі жаксарады. Тіпті толық капиллярлық су сыйымдылықта да ауа өткізгіштік 60,1 процент болады.

X. Ф. Бергман, т. б. кептеген зерттеушілер кәдімгі зиянды санырауқұлақтардың өсуі, олар өмір сүретін ортадағы оттегі немесе көмір қышқылының мөлшеріне байланысты екенін ғылми тәжірибемен дәлелдеп береді. Мәселен, С. Д. Гэррет бидайдың тамыр шіріндісімен (Ophyobolus qraminus) ауруы топырақтағы көмір кышқылының концентрациясына байланысты екенін көрсетіп бер-ді. С02-нің жиналуына әсер ететін топырақтағы жағдай, ол — би­дай тамырының бойымен сацыраукүлақтың тым шапшан өсуі және онымен далалык аурудың енуі болып табылады. Кейініректе ол, тығыз топырақта бос топырақка қарағанда СП2-ніц концентрациясы кеп екенін атап көрсетті.

Дегенмен Р. Л. Гриффите, егер дән түсетін алаңныц топырағы бос болмай неғүрлым тығыз болғанда, бидай өсімдігі тамыр ші-ріндісімен аз закымдалатынын анықтады. Өйткені, бұндай жағдайдың өзі бидай үшін па" тогенді даму лимитінені де мааызды болып саналады.


39 –кесте Әртүрлі дақылдар егетін ТСХА тәжірибе танабында 20 см тереңдік топырағыныц ауа-сындағы С02 мен 02 мөлшерінің топырақ кө-леміне қарағандағы орташа саны, % (Н. 3. Станков)

Календарьлық

күні


Дақылдар

темп

CO 2

O2

13/VIII

жүгері

18,0

1,8

20,0

14/ІХ

қант қызылшасы

17,5

1,6

18,2

15/VIII

арпа

17,0

3,2

18,7

3/ІХ

картоп

18,0

0,6

19 3

27/VIII

қ.ара пар

26,0

0,5

21,0

Топырақтық ауа режимін ретке салудың ең ен тиімді тәсілі топырақты өңдеу. Топырақтық күйіне байланысты оны еңдеудің өзі әртүрлі бо­лады: бетін және терең қопсыту, топырақ бетіндегі қабыршығын жою, тығыздау.

Топырактың аэрациясына ерекше күшті 2сер ететін парларды өңдеу. А. Г. Дояренконың дерегі бойынша қара пардың жыртылған қабатындағы топырақ ауасының қ9рамы тмосфера ауасsyа бара-бар. Кейбір топырақ-климаттық аймақтарда парлы танаптарда топырақтың жоғарғы аэрациясы нитраттардың көп жиналуына мүмкіндік туғызады.

Парды өңдеуді (терецдігі мен санын) минимум дәрежеде жүргізуден топырақ аэрациясы азаяды, нитраттардыц жиналуы төмендейді, мүны қолайлы жағдай деп бағалауға болады.

Әр түрлі биологиялық ерекшелігі бар және әр түрлі агротехниканы кажет ететін дақылдардың алмасуын ұштастыратын ауыс-палы егісті енгізу топырақ аэрациясына қолайлы әсер етеді (8-таблица).

Топырақта оттегінін ең көп мөлшері отамалы дақылдарда екені таблицадан белгілі болып түр. Оттегінің мөлшері атмосферада қандай болса, танаптағы пар топырағы ауасында да сонша бо­лады.

Топырақ аэрациясын жақсартатын басқа тәсілдерге: көп жылдық шөптерді егу, органикалық тыңайтқыштарды колдану, ауыл шаруашылық дақылдарын судан тұншығуынан қорғау, жасанды қүрылымдар жасауды жаткызуға болады.

Табиғатта түрақты әр түрлі интенсивті дәрежеде газ алмасу бір мезгілде өтіп түрады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы мыналар:

— атмосфера қысымының өзгеруі, мысалы, атмосфера қысымы сынап бағанасымен 20 мм төмендегенде немесе жоғарылағанда топырақтағы ауаның мөлшері 20/760 немесе 2,6 процентке өзгереді. Осыған сай оттегінің де мөлшері өзгереді.



  • тәуліктік температуранық өзгеруі. Гей-Люссактың зацы бо­йынша тұрақты қысым да газ температурасының ГС темендеуі не артуы, езімен бірге 0°С-дегі газдың 1/273 бөлігі көлемінің кішіреюіне немесе ұлғаюына әкеп соғады. Ауаның тэуліктік температурасы 20°С ауытқығанда, көлемніц кішіреюі немесе ұлғаюы 20/273 бөлігіне немесе 7,33 процентке өзгереді, яғни шамамен 13,5 күннен кейін ауа толығынан жаңарады деген сәз. А. Г. Дояренконын деректері бойынша, бұл газ алмасудың белсенді, тұрақты болатын факторы.

  • жауын-шашынның түсуі. 40 мм (400 м3) дейін жауын-шашын түскенде ол, топырактан ауаның осындай көлемін ығыстырып шығарады. Көлемі 2000 м3 жыртылу кабатының капиллярлы емес сацылауы 20 процент болса ондағы ауаның мөлшері 400 м3 болады деген сез, яғни іс жүзінде ол толығынан жаңарады.

  • газдардың араласуы (диффузиясы) зерттеуші И. Б. Ревут-тың пікірі бойынша бұл газ алмасуыныц негізгі факторы. Аэрацияның қуыстылығы 8—10 процент болғанда араласу баяулайды

  • .топырақтағы газдардың адсорбциялық, абсорбциялык және десорбциялық құбылыстары арқылы өсімдік тамырларының, микроорганизмдерінің оттегін жұтуынан көмір қышқыл газы, ауа бө-лініп шығады.

Газ алмасудың толық емес факторлары көрсеткеніндей табиғи жағдайда ауа режимін реттеу, ерекше жағдайда болмаса егіншіліктің бірінші кезектегі мәселесі бола алмайды. Ол бар болғаны басқа шешілетін мәселелермен бір мезгілде орындалып кетеді. Мысалы, арамшөптерді құрту ушін топырақты ецдегенде, су өткізгіштігін жақсартқанда және т. б. жұмыстарда ауа алмасуы өздігінен реттеледі.
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет