Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет3/20
Дата03.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#8730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


SYLLABUS (ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ)

Оқытушылар жөнінде мәлімет

1 Әленов Жұмабай Нүрсейітұлы,а/ш ғ.к., «Өсімдік және мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының доценті.

С.М: Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылық институтын 1973 жылы аяқтады.

Кандидаттық диссертацияны 2002 С.Сейфулин атындағы ҚазМАТУ қорғады, доцент атағы 2005 жылы берілді. Кафедрада 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

2.Пән туралы мәлімет

Пәннің жүргізілу орны – Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттінің

№ 5 корпусы.

Мекен жайы: Куанышев көшесі, 192  (201,131)

3. ПӘН АТАУЫ: Ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктер селекциясы және тұқымшаруашылығы

Қысқаша мазмұны. Көбею жолдары және гүлдеу биологиясы. Бастапқы материал тәсілі. Бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық дақылдардың жеке селекциясы. Тұқымтанудың теориялық негіздері. Тұқым дамуының биологиялық ерекшеліктері.



ӨТКІЗУ ОРНЫ: сабақ кестесі бойынша

ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ:

Курс


Семестр

Кредит саны

Дәріс, сағат

Зертханалық

сабақ, сағат



Практикалық

ОБСӨЖ сағат

СӨЖ, сағат

Барлығы, сағат

Бақылау түрі

3

5

4

30

30

15

30

75

180

Емтихан

4. ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: а) Егіншілік, өсімдік шаруашылығы

ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: а) Астық өнімділігін бағдарламау

5. ПӘНДІ СИПАТТАУ

5.1 Ауылшаруашылық мәдени өсімдіктер селекциясы және тұқымшаруашылығы

пәнінің мақсаты – студенттерді ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінің , дәнді дақылдарыдың генетикасы мен жаңа сорттармен будандар шығару жолдарымен таныстыру .

5.2. Ауылшаруашылық мәдени өсімдіктер селекциясы және тұқымшаруашылығы

пәнінің міндеттері – селекциялық сызбалар жасай білу,

-дәнді дақылдардың ерекшеліктерін ажырата білу.

-тұқымтану және ауылшаруашылық мәдениетінің селекция негіздерінен дағдылары болу;

-ауылшарушылық мәдениетінің себу апробациясын өткізе алу;

-тұқымның себу алқабының есебі және өнімділік көлемінің моделін құрастыра алу;

ауылшаруашылық мәдениеті тұқымдарын сақтаудың және өндеудің негізгі технологияларын қолдана алу;

түсіндірілген ауылшаруашылық мәдениеті, олардың биологиялық, сапалық және шаруашылық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайына байланысты талаптары туралы білімдерін көрсету;


  • 5.3 Студент білу керек – Селекциялық жұмысты жүргізу кезінде практикалық дағды қалыптастыру. Өсімдіктер систематикасы. Көбею түрлері мен гүлдеу биологиясы. Бастапқы материал тәсілдері. Біржылдық, екіжылдық, көпжылдық шөптердің жекеменшіктік селекциясы жоғары сапалы тұқымды алу технологиясынан білімін көрсету;

Пәндік-арнайы:

  • өндірісте жұмыс орындарының аттестациясын өткізу;

  • қауіпсіздік ережелері, еңбек қорғау және қоршаған орта бойынша нұсқаулықты оқыту және өткізу;

  • ауылшаруашылық мәдениеттің егіншілік және өнімділік мәдениетін көтеру амалдарын жетілдіру;

қауіпсіз еңбек жағдайын және апатты жоюды ұйымдастыру дағдыларын игеру;

Дәнді дақылдардың селекциялық үрдістерін, жүргізу әдістемесін, жаңа селекциялық сорттарды көбейту, олардың шаруашылық және морфо-физиологиялық белгілерін сақтау.


6. САБАҚ ЖОСПАРЫ

6.1 Аудиторлық сабақтардың оқу-дәнніңтық жоспары

Бөлім №

Мазмұны


(дәннің және сұрақтар)

Сағат көлемі


Оқу және әдістемелік әдебиеттерге шолу

Дәріс,

сағат


Зертхана-лық жұмыс, сағат




1 Бөлім. Селекция




1

Дәннің 1.1 . : Селекция және тұқым шаруашылығы пән ретінде. Селекциялық жұмыстардың негізгі бағыттары және оны ұйымдастыру

Сұрақтар:

1.1. Селекция және тұқым шаруашылығы туралы ұғым. Селекцияның негізгі әдістері.

1.2. Солтүстік Қазақстанда селекциялық жұмыстарды ұйымдастыру және қысқаша тарихы.

1.3. ТМД-да селекциялық жұмыстардың нәтижелері және негізгі бағыттары



2

1

ОЛ 1-3,ДЛ 1





2

Дәннің 1.2 : Сорт туралы ұғым

2.1 Сорт анықтамасы

2.2 Өндірісте сортқа қойылатын негізгі талаптар

2.3. Өсімдіктің эколого-географиялық систематикасы

2.4 Өсімдіктің қасиеттері және белгілері



2

1

ОЛ 1-3,ДЛ 1





3

Дәннің 1.3 Гибридизация.

Аналитикалық селекция

Ситетикалық селекция

3.1. Гибрид, гибридизация туралы ұғым.

3.2. Гибридизация туралы ілімнің дамуы

3.3 Гибридизация түрлері




2

2

ОЛ 1-3,ДЛ 1





4

Дәннің 1.4 Алшақтатылған гибридизация .

4.1 Алшақтатылған гибридизация және алшақтатылған гибридизация әдісімен шешілетін мәселелер .



    1. Межвидовая и межродовая гибридизация

4.3 Алшақтатылған гибридизацция кезінде туатын қиындықтар және оларды шешу жолдары..

4.4 Дақылдарды көбейту жолдарына байланысты жұмыстың нәтижелілігі және өзгешелігі



3




ОЛ 1-3,ДЛ 1





5

Тақырып 1.5 Полиплоидия мен гаплоидияны өсімдіктер селекциясында қолдану

    1. 5.1 Полиплоидия және селекция

    2. 5.2 Полипоидтар түрлері және олардың селекциялық құндылығы

    3. 5.3 Полиплоидты формаларды алу әдістері




3

1

ОЛ 1-4, ДЛ 1-2




6

Тақырып 1.6 Эксперименталды мутагенез және оны селекцияда қолдану.

6,1 Мутациялық өзгері және оның селекциядағы мәні

6.2 Мутацияны қолдану әдістері


2




ОЛ 1-4, ДЛ 1-2




7

Тақырып1.7 Мутациялық үдістік заңдылықтары процесса.

7.1 Мутанттар мен өзін-өзі тозандандырышыларды шығарудағы ерекшеліктер және өсімдіктердің вегетациялық көбеюі

7.2 Эксперименталды мутагенезді өсімдіктер селекциясында қолдану жолдары


2

1

ОЛ 1-4, ДЛ 1-2




8

Тақырып 1.8 Мутация классификациясы.

8.1 Мутация классификациясы

8.2 Физикалық мутагендер

8.3 Химиялық мутагдер

8.3 Шаруашылық құнды, аяқасты және жксперименталды мутагенез нәтижесінде алынған, сорттар мен формалар,


2




ОЛ 1-4, ДЛ 1-2




9

Тақырып 1.9 Гетерозис және оның селекциядағы мәні

9.1 Гетерозис туралы ұғым

9.2 Герерозистің пайда болу заңдылықтары


2




ОЛ 1-4, ДЛ 1-2




10

Тақырып 1.10 Сұрыптау және оның әдістері

10.1 Сұрыптау әдістері

10.2 Сұрыптау жүргізу кезіндегі бөгеттер мен қиындықтар

10.3 Жаппай сұрыптау

10.4 Жекеленген сұрыптау


2

2

ОЛ 1-4, ДЛ 1-3





11

Тақырып 1.11 Селекциялық материалды бағалаудың әдістері .

11.1 Өнімділікті бағалау

11.2 Қысқа төзімділігін бағалау

11.3 Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау

11.4 Ауруға төзімділігін бағалау

11.5 Зиянкестерге төзімділігін бағалау

11.6 Өнімді жинауға және механизациялық өңдеуіне байланысты бағалау


1

4






12


Тақырып 1.12 Селекциялық үрдістің техникасы және оны ұйымдастыру

12.1 Питомниктерді орналастыру техникасы және әдістері, олардың құрамы

12.2 Тәжірибенің нақтылығын арттыру жолдары

12.3 Селекциялық үрдіс сызбасы және селекциялық үрдісте егістік жұмыстар техникасы

12.4 Сортсынау


1

1






13

Тақырып 1.13 Мемлекеттік сортсынау және сорттар мен гибридтерді аудандастыру.

13.1. Мемлекеттік сортсынауды ұйымдастыру

13.2 Мемлекеттік сорт сынау арқылы жүзеге асатын өндірістік сорт сынаулар

13.3 Селекциялық жұмыс және мемлекеттік сорт сынау

13.4. Мемлекеттік сортсынауға жаңа сорттарды қосу тәртбі

13.4. Сорттарды аудандастыру.



1









Бөлім № 2: Тұқым шаруашылығы




14

Тақырып2.14 Тұқым шаруашлығы жүйесі.

14.1 Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және мақсаттары.

14.2 Мемлекетіміздегі тұқым шаруашылығының негізгі даму сатылары.

14.3 Бастап тұқым шаруашылығы.

14.4 Сорт және өсімдіктердің тозаңдану тәсілдері.

14.5 Биологиялық, шаруашылық белгілердің азаю себептері

14.6 Сорт ауыстыру және сорт жаңарту


2

1

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3




15

Тақырып 2.15 Егістік дақылдардың тұқым шаруашылығындағы сорттық бақылау.

15.1 Сорттық бақылау және оның мақсаттары.

15.2 Апробация әдістері туралы жалпы түсінік.

15.3 Егістік дақылдардың апробация ерекшеліктері.

15.4 Сорттық егістер және тұқымдардың құжаттамалары



2

1

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3




16

Тақырып 2.16 Өндірістік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және оның міндеттері.

16.1Тұқым шаруашылығының специализациясы және концентрациясы



16.2 Тұқым шаруашылығын жоспарлау

16.3 Тұқым өндірісінің технологиясының негіздері.

16.4 Егіс жинағаннан кейінгі тұқымды өңдеу.


1




ОЛ 2-4, ДЛ 1,3







Барлығы:

30

15(30)




6.2. ӨБСӨЖ оқу-дәнніңтық жоспары


ӨБСӨЖ


ӨБСӨЖ сағат

Оқу және әдістемелік әдебиеттерге шолу

Басқа да әдебиеттер (электрондық, )




1

2

3

4

5

1

Тақырып 1.

Өндіруге рұқсат етілген бидай сорттарының сорттық белгілері

Сорт сипаттамасы


2

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3

сайты

2

Тақырып2.

Өндіруге рұқсат етілген қара бидай сорттарының сорттық белгілері

Сорт сипаттамасы


1

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3

сайты

3

Тақырып 3.

Өндіруге рұқсат етілген арпа сорттарының сорттық белгілері

Сорт сипаттамасы


2

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3




4

Тақырып 4.

Өндіруге рұқсат етілген сұлы сорттарының сорттық белгілері

Сорт сипаттамасы


2

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3




5

Тақырып 5.

Өндіруге рұқсат етілген жүгері сорттарының сорттық белгілері




1

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3




6

Тақырып 6.

Өндіруге рұқсат етілген қарақұмық сорттарының сорттық белгілері

Сорт сипаттамасы


2

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3




7

Тақырып 7.

Өндіруге рұқсат етілген тары сорттарының сорттық белгілері

Сорт сипаттамасы


1

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3




8

Тақырып 8.

Өндіруге рұқсат етілген асбұршақ сорттарының сорттық белгілері

Сорт сипаттамасы


1

ОЛ 2-4, ДЛ 1,3




9

Тақырып 9.

Өндіруге рұқсат етілген картоп сорттарының сорттық белгілері

Сорт сипаттамасы


2

ОЛ 2-4, ДЛ 1-4




10

Тақырып 10.

Өндіруге рұқсат етілген рапс сорттарының сорттық белгілері



Сорт сипаттамасы

1

ОЛ 2-4, ДЛ 1-4




6.2.1. СОӨЖ арналған тапсырмалар



Тақырып атауы және мазмұны

Тапсырма

Бөлім №1: Селекция

1

Тақырып 1.1 Тақырып: Селекция және тұқым шаруашылығы пән ретінде. Селекциялық жұмыстардың негізгі бағыттары және оны ұйымдастыру

Бастапқы көзбен жұмыс. Қазақстандағы селекциялық жұмыстардың жетістіктері мен негізгі бағыттары

2

Тақырып 1.2 Тақырып :Сорт туралы ұғым

Мәдени өсімдіктердің систаметкасына салыстырмалы баға беру

3

Тақырып 1.3 Тақырып : Алшақтатылған гибридизация және оның мәні

Жеміс дақылдарының селекциясында алшақтатылған гибридизацияның қолданылуына мысал келтіру

4

Тақырып 1.4 Өсімдіктер селекциясында полиплоидия және гаплоидияны қолдану.

Жеке дақылдар селекциясында полиплоидияны қолдану

5

Тақырып 1.5 Экспериментальды мутагенез және оның селекцияда қолданбауы.

Расписать методы получения мутантных форм и особенности выявления мутантов у перекрестноопыляющихся и вегетативно размножающихся растений

6

Тақырып 1.6 Гетерозис және оның селекиядағы мәні.

Жүгері гибридтерінің типі

7

Тақырып 1.7 Сұрыптау - селекцияның негізгі әдісі

Сұрыптауды өткізу сыздасын жасау

8

Тақырып 1.8 Селекциялық матриалға баға беру әдістері

Өнім сапасына қарай селекциялық материалға баға беру жұмыстарын жасау

9

Тақырып 1.9 Селекиялық үрдістің техникасы және оны ұйымдастыру

Питомниктерде жүргізілетін бақылаулар мен есептер

10

Тақырып 1.10 Мемлекеттік сортсынау.

Ауыл шаруашылық дақылдардың гибридтері мен сорттарын өндірістен шығару және енгізу

Бөлім №2: Тұқымшаруашылығы

1

Тақырып 2.1 Тұқым шаруашылығы ғылым ретінде және ауыл шаруашылығығының бір саласы ретінде.

Элита туралы ұғым, репродукциясы және сатылары.

2

Тақырып 2.2 Өндірістік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, оның міндеттері..

Шаруашылық ішілік және шаруашылық аралық тұқым шаруашылығының әр түрлі специализациясын анықтау

3

Тақырып 2.3 Научные производственные объединения/НПО/.

Қазақстандағы тұқымшаруашылығы және оның даму жолдары

4

Тақырып 2.4 Сортовой и семенной контроль в семеноводстве полевых культур.

Дәнді дақылдардың аумақтарының апробациясы


6.2.1. ОБСӨЖ дәнніңтары бойынша берілетін тапсырмалар: реферат жазу, ауызша мазмұндама, рейтингке дайындық, жазбаша конспектілеу
6.3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы

№ р.с.

Оқулықтар

Баспа тілі

Автор, шығарылған жылы

Дана саны

Электрондық оқулықтар

кафедрада

кітапханада

1

Селекция және тұқымшаруашылығы

қаз

Нұрғасенов Т.Ү , СулейменовА.А

1

жоқ

-

2

Частная селекция полевых культур

орыс

Профессор

Коновалов Ю.Б.



1

бар

-

3

Өсімдік

шаруашылығы және селекция



қаз

Аубекеров Т.А.

Жұмагулов Ж.Ж.



1

бар

-



Өсімдік генетикасы

қаз

Ќалиев Е.,

Жұмабеков Е.Ж



1

бар






Негізгі және қосымша әдебиеттер


ӘДЕБИЕТТЕР

р/с

НЕГІЗГІ

р/с

ҚОСЫМША

1.

Селекция және тұқымшаруашылығы

1

Генетика

2.

Егістік дақылдардың жеке меншік селекциясы

2

Практикум по генетике

3.

Өсімдік

Шаруашылығы және селекция



3

Задачник по генетике

4

Генетика программированое обучение






7. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тапсырма берілген апта №

Сабақ тақырыптары

СӨЖ тапсырмасы

Қолданылатын әдебиеттер

ӨБСӨЖ бақылау түрі

Тапсыру апта №




1

Өсімдіңтің экология-географиялық систематикасы

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

2

2

Өсімдіктің белгілері мен қасиеттері

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

3

3

Табиғи полиплоидтарды селекцияда қолдану

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

4

4

Жүгері гибридтерінің типтері

конспект

О.Л.(3)

ауызша сұрау

5

5

Жеке және жаппай сұрыптаудың оң және теріс жақтары

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

6

6

Ауыл шаруашылық дақылдардың сорттары мен гибридтерін өңдеуге енгізу және шығару

конспект

О.Л.(5)

ауызша сұрау

7

7

Қазақстандағы тұқымшаруашылығы және оның даму жолдары

конспект

О.Л.(5)

ауызша сұрау

8

8

Сұрыптауды жүргізу сызбасы

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

7

9

Селекция мен тұқымшаруашылы-ғының дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың жұмыстары

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

9

10

Аналитикалық және синтетикалық селекцияның негізін қалаушылар.

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

10

11

Гендік инженерия арқылы алынған ауыл шаруашылық сорттардың сипаттамасы

конспект

О.Л. (1)

ауызша сұрау

11

12

Жүгерінің гибридті тұқымдарын және де т.б. ауыл шаруашылық дақылдардың гибридтерін алу әдістері

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

12

13

Репродукция, категория, класс


конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

13

14

Шаруашылық ішілік және шаруашылық аралық топырақтық-климаттық жағдайына байланысты тұқымшаруашылығының специализациясын анықтау.

конспект

О.Л.(1)

обсуждение

14

15

Жүгері гибридтерінң типтері

конспект

О.Л.(1)

ауызша сұрау

15



8. Бағалау ақпараты

Бақылау түрлері (ағымдық, аралық, қорытынды):

Ағымдық бақылау І – Семестрдің алғашқы жеті аптасы.

Аралық бақылау І – қазан айы, 2013 ж.

Ағымдық бақылау ІІ – Семестрдің 14-15 аптасы.

Аралық бақылау ІІ – желтоқсан айы, 2013 ж.

Қорытынды бақылау – желтоқсан айы, 2013 ж.

Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тестер):

1. Ауызша: сұрақтарға жауап беру, ой қорытынды жасау.

2. Жазбаша: бақылау жұмысы, тестік жұмыс.

3. Реферат, баяндама жазу және қорғау.

4. Глоссарий.

5. Картамен жұмыс.
9. Бағаны қою саясаты

Объективтілігі (бағалау жүйесінің нақты эквиваленті )

Айқындылығы (хабарлануы).

Ыңғайлылығы (әртүрлі бақылау формасын ескеру)

Жоғары дифференциация (көп ұпайлық бағалау шкаласының көмегімен жоғары

дифференциациялау ).

Студенттерге оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалану ережесін және ағымдық, аралық,

қорытынды ұпайлардың критерийін уақытында айту (семестр басында, сабақ басында,

бақылау жұмысының алдында).

Бағаны қою саясаты 100 ұпайлық (100%) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей

бөлінуін қарайды.

Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

Ұпайлық, пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау



A

4,00

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,00

80-84

B–

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,00

65-69

C–

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлық емес


10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика


  • Барлық студенттер үшін әрбір сабаққа дайындалу және өздік жұмыстар мен семинар тапсырмаларын орындау міндетті түрде;

  • Сабақтарда белсенділік таныту, ұжымдық тапсырмаларды орындауға қатысу қажеттілігі ескеріледі;

  • Сабаққа кешікпеу, сабақты себепсіз босатпау, себепсіз сыртқа шығып келуге сұранбау, сабақ уақытында басқа дәнніңтарға және ұялы телефонмен сөйлеспеу, т.б. жағымсыз қылықтардан аулақ болу;

Оқу тәртібін бұзғаны үшін, себепсіз сабақ босатқаны немесе үнемі кешіккені үшін аралық бақылау кезінде студенттердің ұпайы кемітіледі.

Ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктер селекция және



тұқым шаруашылығы терминдердің қысқаша түсіндірмесі
3 – курс ішкі оқу студентеріне арналған
(мамандық «Агрономия»)


Көкшетау 2015

С. Садуакасов атындағы Аграрлы- техикалық институты

Өсімдік шаруашылығы, топырықтану және агрохимия кафедрасы




Ауылшаруашылық мәдени өсімдіктер селекция және

тұқым шаруашылығы терминдердің қысқаша түсіндірмесі

3 – курс күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін

(мамандық «Агрономия»)

I .Глосарий






Терминдері

Анықтама

1. Сорттар

1.

Ауыл шаруашылық дақылдардың сорттары

Мәдени дақылдардың жиынтығы. Селекциялық жолмен шығарылған, белгілі бір тұқым қуалаушылықтың морфологиялық және шаруашылық құнды белгілері мен қасиеттеріне ие.

Ескерту: Бұл сорт өндіріс құралы болып табылады.

2.

Жергілікті сорт

Халықтық селекция нәтижесі, бір егістікте ұзақ уақыт өсірілген.

3.

Селекциялық сорт

Селекцияның айқындалған методтары арқылы, тұқым өсіретін станциялардан өткен және мемлекеттік сорт сынаумен алынған.

4.

Селекционер

Селекцияның әдістері мен методтарын игермен, жаңа сорттар шығарушы немесе ауыл шаруашылығында бар дақылдардың сорттары мен гибридтерін жақсартушы маман.

5.

Гибридті сорт

Гибридтеу методымен екі немесе одан да көп сәйкес таңдалған ата-аналық формаларын будандастырудан жасалған сорт.

6.

Популяциялық сорт

Генетикалық әр текті, өсімдіктердің өзін-өзі тозаңдандыратын немесе көбінесе айқас, алмасып, тозаңдандыратын сорттарын іріктеу арқылы шығарылған.

7.

Линиялы сорт. Т.с.* Сорт-линия

Жеке іріктеу әдісімен алынған және өзін-өзі тозаңдандыратын өсімдіктердің тұқым қуалаушы сорттары болып табылады.

8.

Стандартты сорт

Сорт сынаудың барлық түрлеріне қатыстырылатын немесе тәжірибелер жүргізгенде бақылау жұмыстарына және басқа сорттармен, гибридтермен, сондай-ақ түрлермен салыстырып, бағалауда қолданылатын аудандастырылған сорт.

9.

Дефицитті сорт, гибрид

Кең таралмаған, аудандастырылған, тез көбейтуге арнап ұсынылған бағалы сорт, гибрид.

Ескерту: Дефицитті сорттардың, гибридтердің тізімі жыл сайын тиісті министерліктерде айқындалады.

10.

Перспективті сорт, гибрид Т.с.

Жаңа, әзірге аудандастырылмаған сорт немесе гибрид, алғашқы жылғы мемлекеттік сорт сынауда аудандастырылған сорт немесе гибридтерден шаруашылықтық құнды белгілері мен қасиеттерінің анақұрлым асып кетуі.

Ескерту: Перспективті сорттар мен гибридтердің тізімі жыл сайын тиісті министерліктерде айқындалады.

11.

Иммунды сорт

Патогенді инфекциялық қоздырғыштарды немесе инвазинді ауруларды қабылдамайтын сорт.

12.

Сорт сынау

Бұл сортты, гибритті зертеу және баға беруді аудандастырылған сортпен, гибридпен белгілі методика арқылы салыстырып сынау.

13.

Ауылшаруашылық дақылдарын мемлекеттік сорт сынаудан өткізу

Сорт сынауды, еліміздің әр түрлі топырақ-климаттық аймақтарының мемлекеттік сорт-учаскелуріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорт сынаудағы комиссия атқаратын жұмысын айтады.

14.

Сорт, гибридтерді өндірістік сынаудан өткізу

Өндірістік сорт сынау деп, селекциялық-тәжирибе мекемелерінің, мемлекеттік ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарын сынау комиссиясының колхоздар мен совхоздардың өндірістік жағдайында конкурстық немесе мемлекеттік сынаудан өткізуді айтады.

15.

Сорттарды, гибридтерді аудандастыру

Облыс, өлке және республикалардың топырақ-климаттық аймақтары шекараларын айқындау, онда белгіленген тәртіп бойынша жаңа сорт, гибридтермен толықтыру немесе ескісін ауыстыру ұсынылады.

2. Бастауыш тұқым шаруашылығы

16.

Өсімдіктер генотипі

Барлық гендердің жиынтығы, өсімдіктердің даму белгілері мен қасиеттерін айқындаушы.

17.

Өсімдіктер фенотипі

Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайына байланысты бірлескен даму процесі генотипі негізінде қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтағы.

18.

Өсімдіктердің тұқым қуалаушылығы

Өсімдіктердің дамуындағы өз ерекшеліктерін сақтау және келесі ұрпағына беру қасиеттері.

19.

Өсімдіктердің құбылмалылығы

Өсімдіктердің дамуында өз аталық-аналық ерекшеліктерінен алшақтап кету қасиеттері.

Ескерту: Өсімдіктердің құбылмалылығы генотиптік және фенотиптік болады.

20.

Сорттардың ішкі құбылмалылығы

Өсіру және мутациялық жағдайлардың ықпалымен болатын сорттық белгілердің артауы.

21.

Өсімдіктерді гибридизациялау (будандастыру)

Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттерін қайта қисындастыру жолымен будандастырудың қорытындысында жаңа формаларын жасау процесі.

22.

Гибридті популяция (жерсіндіру)

Белгілі дара түрлердің генетикалық айырмашылық жиынтығы, табиғи немесе жасанды жолдармен қалаптастырылған.

23.

Гибридті өсімдіктер Т.с. Қоспа

Генетикалық айырмашылақтары бар аталық-аналық формаларды будандастыру нәтижесінде алынған өсімдік.

24.

Сортлиниялы гибрид

Сортты өзддігінен тозаңданатын тұрақты линиямен немесе қарапайым линияаралық гибридтік сортпен будандастырғанда алынатын гибрид.

25.

Сортаралық гибрид (будан)

Әр түрлі сорттардан будандастыру арқылы алынған гибрид.

26.

Линияаралық гибрид

Екі немесе бірнеше тұрақты, өздігінен тозаңданған линияларды будандастырғанда пайда болған гибрид.

27.

Қарапайым линияаралық гибрид

Екі тұрақты өздігінен тозаңданған линияларды будандастыру арқылы алынған гибрид.

28.

Екі линияаралық гибрид

Екі қарапайым линияаралық гибридтерді будандастыру нәтижесінде алынатын гибрид.

29.

Үш линияаралық гибрид

Тұрақты өздігінен тозаңданатын линиялармен қарапайым линияаралық гибридтерді будандастыру арқылы алынатын гибрид.

30.

Өсімдікті ксенегіиялық (бөтендік)

Эндоспермдегі аталық организм немесе аналық өсімдіктердің гибридті тұқымының жемісінде пайда болатын бөтендік белгілер.

31.

Тозандану

Өсімдік гүлшесінің аналығына тозаң жеткізу.

32.

Алмасын тозандану. Қайта тозандану.

Басқа өсімдік гулдерінің аналық гүл шоғына тозаң жеткізу.

33.

Өсімдіктерді қосымша, жасанды тозаңдандыру.

Дәнденуді ұлғайту үшін бір өсімдіктен екінші өсімдікке жасанды жолмен тозаң жеткізу әдісі.

34.

Айқас тозаңданғыш өсімдік.

Өсімдіктердің сол түрінің басқа гүл тозаңдарымен жел мен жәндіктер арқылы тозаңданып, қалыпты ұрпақ (тұқым) алу.

35.

Өсімдіктердің гетерозисі

Т.с. Гибридтік күш



Өсімдіктердің бірінші ұрпағында басым байқалатын, гибридтің аталық-аналық дамуы кезеңдерінің белгілері мен қасиеттерінен асып түсу құбылысы.

36.

Комбинациялық икемділік

Линиялардың сорттардың немесе гибридтердің белгілі бір комбинациялық будандастырудан гетерозисті ұрпақ беру икемділігі – спецификалық комбинациялық икемділік немесе әр түрлі генотиптермен будандастуру – жалпы комбинациялық икемділік.

37.

Өсімдіктердің өз-өздігінен тозаңдануы

Өсімдіктердің өзіндегі бір гүлшесінің ғана немесе сол өсімдіктің өзіндегі басқа бір гүлшесінде тозаңдану.

38.

Өзін-өзі тозаңдандыратын өсімдіктер. Өсімдік - өзін-өзі тозаңдандырғыш

Аналығын өз гүлшесінің немесе сол өсімдіктің басқа гүлшесінің тозаңымен тозаңдандырғанда қалыпты ұрпақ алынатын өсімдік.

39.

Өсімдіктің линиясы. Т. с. Таза линия

Жаныстық жолмен жаңадан жасалатын, генетикалық біртектес бір өсімдіктің ұрпағы.

40.

Өздігінен тозаңданған линия

Ерексіз өздігінен тозаңдаңдырудың нәтижесінде алынған, айқас тозаңданғыш бір өсімдіктің ұрпағы.

41.

Аналық линия

Ұрықтандыруға қатысатын аналық жыныстық клеткалардың гибрид алудағы будандастырудың бір компоненті болу линиясы.

42.

Аталық линия.

Гибрид алудағы будандастырудың бір компоненті ретінде тозаңдарының ұрпақтандыруға қатысатын линиясы.

43.

Өсімдіктің фертильділігі

Өсімдіктердің жыныстық қөбеюінің өміршең ұрпақ берудегі икемділігі.

44.

Өсімдіктің өзіндік фертильділігі. Т.с. Өсімдіктің автофертильділігі

Өсімдіктің өз гүлшесінің тозаңымен немесе сол өсімдіктің басқа гүлшесінің тозаңымен ұрықтанғанда тұқым байлау икемділігі.

45.

Өсімдіктің фертильділігін қалыптастырушы

Формалық будандастыруда фертильділігі қалыптастырылған тозаңдардың ұрпағын беретін, цитоплазмалық аталық стерильділікті иеленген сорт немесе линия.

46.

Өсімдіктің стерильділігі

Өсімдіктің қалыпты қызмет етуші геметалары сен тұқым байлауының жартылай немесе толық құруындағы қабілетсіздігі.

47.

Өсімдіктің өздігінен стерильденуі. Т.с. өсімдіктің автостерильденуі.

Өсімдіктің өз гүлшесінің тозаңымен немесе сол өсімдіктің басқа гүлшесінің иозаңымен тозаңданған-да тұқым байлау қабілетсіздік себептілігі.

48.

Өсімдіктің аналық стерильділігі

Өсімдіктің қалыпты өсу қызметіне аналық гаметтерінің жартылай немесе толық қабілетсіздік себептілігі.

49.

Өсімдік аталық стерильділігі. Т.с. Тозаңдардың абортивтілігі

Өсімдік тозаңдарының тіпті болмауы немесе оның қалыпты қызмет істеуінің қабілетсіздігі.

50.

Аталық цитиплазмалық стерильділігі

Ядродан тыс, цитоплазмалық факторларға байланысты немесе кейбір гендер мен цитоплазмалардың өзара байланысты болуы, стерильділігі.

51.

Молдовалық өсімдік типіндегі цитоплазмалық аталық стерильділік

Цитоплазмалық аталық стерильдік, молдовалық жүгері тегінің үлгісінен табылған.

Ескерту: Бұл өсімдік типінен кей кезде құрғак, қатпарлы және қара, өмір сүруге бейім емес немесе, бейім, бірақ жарылмайтын тозаңдар бөлінеді.

52.

Техастық өсімдік типіндегі цитоплазмалық аталық стерильдік

Цитоплазмалық аталық стерильдік, техастық жугері тегінің үлгісінен табылған.

Ескерту: Бұл өсімдік типінің стерильділік тозаңшалары әдетте, бөлінбейді.

53.

Стерильділікті бекіту

Цитоплазмалық аталық стерильділікке ие формамен будандастырғанда, стерильді тозаңды ұрпақ беретін сорт немесе линия.

54.

Өсімдіктерді будандастыру

Өсімдіктерді табиғи немесе қолдан тозаңдандыру.

55.

Өсімдектерді сортаралық будандастыру.

Селекциялық процестер мен тұқым өсірудегі гетерозис ықпалын пайдалануға арналған қорытынды материалдар алу үшін, бір түрлі өсімдіктердің әр түрлі сорттары арасында жүргізілетін будандастыру жұмыстары.

56.

Өсімдіктердің аналық формасы

Тұқым беретін өсімдік.

57.

Өсімдіктің аталық формасы.

Тозаңын басқа аналық өсімдікті ұрықтандыру үшін пайданалатын өсімдік.

58.

Өсімдіктерді іріктеу.

Сорт, гибрид ұрпағының айрықша белгілері мен қасиеттерін сақтау мақсатымен, нәтиже беретін өсімдіктерді болып алу.

59.

Өсімдіктерді табиғи іріктеу

Нақты өмір сұру жағдайына анағұрлым бейімделген, адамның қатысуынсыз, табиғи, ұдайы жүріп жататын өсімдіктердің іріктелуі.

60.

Өсімдіктерді қолмен (жасанды) іріктеу

Екпе (мәдени) өсімдіктердің жаңа сорттары мен гибридтерін шығаруда, сондай-ақ тұқым өсіру шаруашылығында сорттардың ерекшеліктерін сақтау үшін, адам қолымен атқарылған өсімдік іріктеу.

61.

Өсімдіктерді жаппай іріктеу

Сорттың типтілігін сақтау үшін, көп өсімдікті типті, аурудан сау, өнімді, соңыра көп молшердегі тұқымдарын біріктіріп іріктеп қосу.

62.

Өсімдіктерді негативті іріктеу.

Өсімдік сорттарының типсіз белгілері мен қасиеттеріне байланысты қорытындысында өсімдіктерді бракқа шығарып іріктеу.

63.

Өсімдіктерді жеке іріктеу.

Ең жақсы өсімдіктерді соңыра олардың ұрпақтарын (тұқымдарын) өнімділік пен басқа да шаруашылықтық құнды белгілеріне жеке сынау жүргізу мақсатымен іріктеу.

64.

Өсімдіктерді демеу үшін іріктеу.

Сорттық тазалығы мен типтілігіне және оның шаруашылықтық құндылық сапасын сақтау бағытында тұқымдық өсімдіктерді іріктеу.

65.

Өсімдіктерді жеке семьялық іріктеу.

Тұқымдық жекелей іріктеу, мұнда әр элиталық өсімдіктің тұқымын соңыра тұқымдық тексеру және олардың ең жақсы тұқымдарын біріктіру үшін жеке себеді.

66.

Өсімдіктерді семьялық-топтық іріктеу.

Тұқымдық жекелей іріктеу, мұнда іріктеліп алынған өсімдіктер ұқсас топтарға бөлінеді және соңыра ең жақсы тұқымдарын біріктіру үшін әр тұқымды жеке себеді.

67.

Өсімдік семьясы.

Бір өсімдіктің тұқымдық ұрпағы.

68.

Өсімдіктің клоны.

Бір өсімдіктің вегетативті көбеюінің ұрпағы.

69.

Клонды іріктеу.

Вегетативті көбеюі өсімдіктеден жекелей іріктеу.

70.

Алғашқы тұқым өсіру шаруашылығы.

Алғы элиталық тұқым өсірудің, қорытынды материалдары іріктеуге енетін, оның тұқымдық және көбеюін бағалаудың алғашқы тармағы.

71.

Сорт ішіндегі будандастыру.

Өсімдектердің өздігінен тозаңданатын бір сорты мүмкінділігінде ғана қолмен (жасанды) будандастырылуы жататын әдіс.

Ескерту: Бұл агроәдістер: ұластыру, бұтау, Бұл агроәдістер: ұластыру, бұтау, қырқу және мөлшерлеу терминдерін анықтауды қамтиды.

72.

Өсімдіктерді пинцировкалау (шырпу)

Өсімдіктердің тез пісуі және өнімділігін арттыру мақсатымен шырпылау жұмыстарын атқару.

Ескерту: Бұл агроәдістер: ұластыру, бұтау, қырқу және мөлшерлеу терминдерін анықтауды қамтиды.

73.

Өсімдік тұқымын немесе бірінші жылдық клондары сынау питомнигі. Т.с. Іріктеу питомнигі.

Бұл питомникте тұқымдық өсімдіктер өсірудің, алғы элиталық суперэлиталық, себуден және тұқым көбейту питомнигінен өсімдіктің тұқымдық-ұрпақтық және өсімдіктерді егіп-өсіру жолдарын зерттеу үшін таңдап алынған өсімдіктердің типті ең жақсы тұқымдарының сорттары үшін егіледі.

74.

Өсімдік тұқымын немесе екінші жылдық клондары сынау питомнигі. Т.с. Тұқымдық питомнигі.

Бұл питомникте бірінші жылдық питомникте өсірілген өсімдіктер таңдап алынып, жеке егіледі және тұқымдық ұрықтары сыннан өтеді. Мұнда типті тұқымдар мен ең жақсы семьялары немесе клондары кейінірек өсімдіктерді егіп өсіру үшін біріктіледі, кейінірек тұқымдарын асылдандыру мақсатымен көбейтіледі.

75.

Көбейтіп өсіру питомнигі

Бұл питомник сынау питомниктерінен таңдап алынған өсімдіктердің ең жақсы семяларының, клондарының және линияларының тұқымдарын егіп өсіруге, көбейтуге арналған.

76.

Суперэлиталық тұқымдар. Суперэлита.

Элиталық тұқым мен егіске арналған егіс пен сорттылығының мемлекеттік сапа стандарты талабына сай, суперэлита егісінің өнімдерінен жиналған және элита егісіне лайықты тұқым.

77.

Элиталық тұқымдар. Элита.

Арнаулы элиталық-тұқымдық өсімдік өсіру мен агротехникалық методтарын және әдістерін пайдаланып, сондай-ақ элита тұқымдарына арналған мемлекеттік сорттылық пен егістік стандартына сай жауап беретін элита егістігінен алынған тұқымы.

78.

Элита тұқымын аттестациялау.

Селеқциялық-тәжірибе мен элиталық-тұқымдық өсімдіктер өсіру шаруашылықтарында өсірілетін, элиталық, суперэлиталық және тұқым көбейту питомниктеріндегі тұқымдардың сорттылығы мен егістік сапалалығын куәландыратын сорттық айыру құжаты.

79.

Тексеру питомнигі.

Өсімдік тұқымының стерильділігін қалпына келтіру және нығайту қабілеттілігін анықтау үшін, өздігінен тозаңданатын линия немесе сорттық стерильді формаларымен будандастырылған тұқымдарды тексеруге арналған питомник.

80.

Аналықтар.

Қайта отырғызу және тұқым алу мақсатымен, екі жылдық өсімдіктердің бірінші жылындағы тұқымдарынан өсірілетін тамыржемістер, пияз бастары, капуста қаудандары.

81.

Өсімдіктерді көшеру.

Екі жылдық өсімдіктердің екінші жылында тұқым алу мақсатымен өсірілетін аналық өсімдіктер.


Теориялық бөлім. Дәріс тезистері


Ауылшаруашылық мәдени өсімдіктер селекциясымен тұқым шаруашылық пәнінің дәрістері

3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған

(мамандық «Агрономия»)





Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет