Апробация
22.1 Шет мемлекеттердегі тұқым шаруашылығы
22.2 .Ауыл шаруашылығы дақылдардың тұқым сапасын анықтау әдісі мен техникасы.
21.3 Жеке дақылдарды арнайы апробациядан өткізу
22.1 Шет мемлекеттердегі тұқым шаруашылығы
Тұқымшаруашылығының ғылыми әдістемелік негізі барлық мемлекетгерде бірдей. Бірақ ұйымдастыру негізі мен тұқымшаруашылығын құрамының элементтері айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Тұқым мемлекеттердің экономикалық әртүрлі секторларында: жеке, мемлекеттік, кооперативтік өндіріледі. Кейбір мемлекеттерде тұқымшаруашылығы жеке секторларда жүргізіліп, мемлекеттік селекциялық және тәжірибелік станциялар өзінің қызметін бастапқы селекциялык (партия) тұқымды алумен шектелсе, кейбіреулерінде - тұқым өндіруді мемлекетгік тәжірибе станциялары және тұқым шаруашылығы мекемелері арқылы тігелімен мемлекет қамтамасыз етеді.
Алайда көптеген елдерде тұқым шаруашылығы: жеке шаруашылык, жеке және мемлекеттік секторлардың аралығында жүргізіледі. Шығарылатын тұқымның категориясы тұқымшаруашылығының кез келген ұйымдастыру түрлерінде бірдей болады.
Көп елдерде қабылданған тұқымның негізгі категориясьш өндіру схемасы.
Селекциялык элита (bpeeder seed)- сортты шығарған селекциялык станция өндіреді
Базистік тұқым (foundation seed) -селекциялык элитаның көбеюінен алынады
Сертификациялық тұқым (certified seed) - базистік тұқымның көбеюінен алынады
Тұқымды өндірістік мақсатта сату
Негізгі тұқым өндірушілер оларды екі категорияда шығарады: базистік және сертификациялық. Алғашқыда базистік пен сертафикациялық тұқым арасында аралық категория болтан, ал казір ол жойылды.
Халықаралық ереже бойынша, кез-келген тұқым партиясының сертификаты және белгілі бір түсі бар этикет қағазы болуы керек. Базистік тұқым - ақ этикет қағазы.
Сертификациялық тұқым, 1-ші арпақ – көгілдір этикет қағазы
Сертификациялық тұқым, 2-ші арпақ - қызыл этикет қағазы.
Базистік тұқымды тұқымшаруашылық мекемелер өндіреді, ал сертификациялық соққы ұрпақ тұқымды алуда фермерлерге келісімшарт жағдайында береді.
Алынған тұқым белгілі бір талапка сай, сонымен катар сорттық тазалығына да байланысты болуы керек.
Төменде бидай, арпа, сұлы және күріштк тұқымының тазалығын анықтайтын көрсеткіштер келтірілген.
Тұқым категориясы Сорттық тазалығы, %
Базистік 99, 9
Сертификациялық,
1-ші Арпақ 99, 7
2-ші немесе Арпақ келесі 99,0
Селекция (жаңа сорттарды шыгару). Тұқым өндіргіш (алғашкы тұқымшаруашылық, тұқым көбейту) Тұқымды сатуға шығару тұқымды пайдалану.
22.2 .Ауыл шаруашылығы дақылдардың тұқым сапасын анықтау әдісі мен техникасы.
Тұқым шаруашылығының ең маңызды білімікін бірі - сорттық тұқымның сапасын мемлекеттік және шаруашылығын өзінде бақылау. Мемлекеттік бақылау мынандай әдістер арқылы атқарылады:
егістік анықтау;
лабораториялық бақылау;
жер қыртысын бақылау.
Дәнді және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды далалық сынаулардан өткізу өнімді жинау алдында өткізіледі.
Сынауда апробация өткізу үшін:
а) дайындық жұмысы,
ә) апробация жасайтын бума алу,
б) алынған бумаларды талдау;
в) сынаудың қорытындысы бойынша құжатарды беру.
Апробация жүргізуге арнайы дайындақтан өтуі және апробация жүргізуге бар деген куәлігі болуы кажет. Апробацияны апробатор астық оруға дейін жасап егістікті есепке алып, аңа сынақшыға қол қойғызып, шаруашылыққа сынақ құжаттарын тапсырады.
Апробация жүргізу және егістікті есепке алу үшін шаруашылықта жергілікті селекция тұқымымен және будан тұқымымен себілген деген құжаттары болуы кажет, (сынау актісі, сорттық куәлік, тұқым куәлігі, тұқым аттестаты немесе жергілікті сорт туралы куәлік, анықтама.
Есепке алу актісі себілген тұқымның құжаттары бойынша беріледі. Істелген есеп жұмыстарын арнайы журналға жазады, оған есепке жататын жер көлемі, апробацияның қорытындысы, апробация құжаттары берілген мерзімі жазылады.
Ғылыми-зерттеу орьшдарында, оку-тәжірибе шаруашылықтарында суперэлита, элита және бірінші қалыптастыру (репродукция) апробацияларын арнайы құрылған комиссия жүргізеді.
22.3 Жеке дақылдарды арнайы апробациядан өткізу
Күздік және жаздық бидайды, күздік және жаздық арпаны және сұлыны апробациядан еткізу егістіктің балаусызданып пісу кезеңінің басында, ал тарыны-гүлшоғының ұшындағы гүл қабыршағы гүлденген кезде жүргізеді. Егістің сорттылығының анықтау үшін сынау бумасын алады. Оны біркелкі уыспен, біркелкі қашықтықта қиғаш бойынша аз дегеңде 150 жерден (орыннан) алу керек.
Кең қатарлы әдіспен егілсе қиғаш бойынша басқыш тектес жүріспен жүріп отырып алады. Апробациядан отетін егістіктің көлемі дәнді дақылдар үшін 450 га, тары үшін -350 га-ға дейін. Әрбір сынау бумада сабақ саны 1500 данадан кем болмауы керек.
Ғылыми-зерттеу орыңдарыңда, оқу-тәжірибе, шаруашыльпстарда элита-тұқым және тұқымды әр танаптан екі сынау бума алады, әр қиғаштан бір-бірден бумаларды және оларды араластырмай, әрқайсысын жеке сынап, жеке-жеке акт жасайды. Жер көлеміне карамай әр бумада 1500 жақсы жетілген сабақ болады. Екі буманың көрсеткішіне байланысты сорттық тазалығынан басқа сапа көрсеткіштерінің орташа санын есептейді.
Шаруашылықтарда бір тұқыммен себілген кішігірім танаптардан бір ғана бума алса да болады.
Тұқымдастығына, алғы дақылының бірдей екеніне қарамастан тұқымға арналған танапты жеке сынайды да, жалпы егістікті жеке сынайды.
Апробатор бума алу мен бірге егістіктегі карантинді арам шөптердің түрлерін, ластану дәрежесін мына шкала бойынша анықтайды:
арамшөптер жок - 0;
аздап ластанған - 1;
орташа ластанған - 2;
- оте ластанған - 3
Сынау бумасын буып, ішінен де, сыртынан да этикет қағазын байлайды.
Этикет қағазында шаруашылықтың аты, ауыспалы егістіктегі танаптын орны, жер көлемі, дақылға аты, сорты және алыну мерзімі көрсетіледі. Сынау бумасын алғннан кейін екі тәуілік арасында талдау жүргізу кажет. Талдаудың нәтижесінде мыналар айкьщдалады:
1. Сынайтын дақыл сортын жақсы жетілген сабақтығы саны (жарақаттанбаған).
2. Бумадағы басқа сорттық, түрлердің, түршелердің саны.
3. Кінұраттармен, зиянкестермен жарақаттанған сабақтардың саны.
Сабағы жақсы ажыратылмайтын дақылдар сабақтары.
Жақсы ажыратылмайтын арамшөп сабақтары.
Карантин арамшөптердің сабақтары.
Күнігі (злостный) арамшөптер сабақтары.
Улы арамшөптердің сабақы.
Аса жетілген негізгі дақыл сабақтары.
Барлық міндеттерді бөліп шығарған соқ егістіктің сорттық тазалығын, аралас қоспа сорттармен, ұқсас басқа дақылдармен ластануын, өте ұқсас арамшөптермен ластануын, кінұраттармен жарақаттануын анықтайды. Апробация өткен соқ, фракцияларды жеке буады, содан соқ бүрін бір бумаға буады, өзінің (негізгі дақылдардың, сорттық) этикет қағазын байлайды және сынау актісінің нөмірін, сорттық тазалығын (%) көрсетеді. Мысалы: күздік бидайдың Наз сортының сынау талдауы:
а) негізгі сорттық жақсы дамыған сабағының саны - 1570.
б) баска сорттық және түршелердің сабағаның саны- 5,
в) негізгі дақылдардың қаракүйемен жарақаттанған сабағының саны - 6, оның ішінде тозанды каракүйемен жарақаттанған сабақ - 2, кдтты қаракөйемен -4.
г) сабағы өте ұқсас басқа дақыл сабағы - 4, оның ішінде қарабидай-4.
д) сабағы өте ұқсас арамшөп сабағы -3.
с) жақсы жетілген күздік бидай сабақ -20. Осыдан барып сорттық тазалығы шығады:
Сорттық ластануы:
Тозанды қаракүйемен жарақаттануы:
Қатты күйемен жарақаттануы:
Басқа сабағы ұқсас дақылдармен ластануы:
Сабағы ұқсас арамшөптермен ластануы:
Талдаудың қорытындысын сынау актісінің "талдаудың қорытындысы" деген графаға жазады. Егер карантинды арамшөп болса сынау актісіне оның атының және санын көрсетеді:
Сабағы ұқсас басқа дақылдарға жататыңдар: арпада - бидай, сұлы;
күздік бидайда-қара бидай, арпа;
сұлыда - арпа.
Сабағы ұқсас арамшөпке жататындар: бидайда - түлкі құйрығы ақмия, сібір бастышөбі, көккүз шөп, тышқаншөп, татар қарақұмықы;
сұлыда - арпада: қара сұлы, мысық құйрық, итқонақ;
тарыда - ірі тұқымды күріш тарысы, көккүз шөп, жатақан үкікіре, сүйелжазар (гелиотроп), итқонақ.
Карантин арамшөптерге жататындар: ойраншөптің барлық түрлері, арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұққыласы (заразиха) ценхрус, жатақан үкекіре, тікенек алқа, каролинский.
Кәнігі арамшөптерге жататындар: құмай, түлкі құйрықты ақ мия, сәлем шөп (сыть), пасталюм двурядый, көккөз шөп, жүнсабалақ, тікенкурай, далашырмауығы, сүттіген, крупка шытырмақ, бидайық (пырей), жау қияқ (острец), қарасұлы, дала калуені (осот).
Дәннің сорттық куәлігіне күнігі, карантин және улы арамшөптердің бар-жоғын көрсетеді.
Тұқымдыққа жарамайтын егістіктер:
а) Ұқсас дақылдармен ластануы - 5%-тен жоғары;
б) Ұқсас арамшөптермен ластануы - 3%-тен жоғары;
в) бидай мен арпаның тозанды қара күйемен жарақаттануы 2% жогары, қатты қара күйемен жарақаттануы - 5%-тен жоғары; ал сұлы егістігінің барлық қара күйемен жарақаттануыі - 5%-тен жоғары; тарының егістігі тозанды кара күйемен жарақаттануы - 5%-тен жоғары болса. Егер тозанды кара куйе 0, 1%-тен, қатты қара күйе - О, 05%-тен жоғары болса элита егістігі, элита болып есептелмейді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бараев А. И. Яровая пшеница. М.: Колос, 1978.
2. Бараев А. И. Яровая пшеница в северном Казахстане. Алма-Ата, Қайнар, 1976.
3. Вавилов Н. И. Теоретические основы селекции. М.: Наука, 1987.
4. Гулзев Г. В., Гужов О. Л. Селекция и семеновдства полевых культур. 3-ое издание, М.: Агропромиздат, 1987.
5. Дарвин Ч. Прохождение видов. М.: Сельхозиз, 1952.
6. Жуковский П. М. Мировой генофонд растений для селекции. М.: 1970. 7. Жуковский П. М. Прохождение культурных растений. М.: Знание, 1957. Серия «Сельское хозяйства».
8. Полимберова Ф. А. Морозоустойкость озимой пшеницы в Казахстане. Алма-Ата, Кайнар, 1986.
9. Тимирязев К. А. Земледелие и физиология растений. I т., М.: 1957.
10. Уразалиев Р. А., Зусманова Т. Г. 4с Новый сорт Багарная 56». Селекция и семеноводства, № 6, 1980.
11. Уразалиев Р. А. и др. Задача селекңии озимой пшеницы на юго востоке Казахстана». Алматы, 1976.
12. Уразалиев Р. А. «Казақстан бидайы». Алматы, Кайнар, 1984.
13.НұрғасеновТ.Н., Ә.Қ. Қойшыбаев –Егіс дақылдардың
селекциясы Алматы 1993 159б
14. НұрғасеновТ.Н.,Ә.Х. Қалиев Генетика, селекция және тұқым шаруашылығы Алматы 2007 285б
15. НұрғасеновТ.Н.,С. Сүлейменова, т.б. Сорттану, тұқым шаруашылығы және тұқымтану Алматы 2005 138б
Зертханалық-тәжірибелік бөлім
Ауылшаруашылық мәдени өсімдіктер селекциясымен тұқым шаруашылық пәнің зертханалық тәжрибелері
3 – курс ішкі оқу студентеріне арналған
(мамандық «Агрономия»)
Зертханалық- тәжірибелік сабақ №1
Тақырыбы: Селекциялық үрдісті жоспарлау
Сабақ мақсаты:.Селекциялық үрдістің құру және жоспарлау
Сабақ жоспары:
1.Селекциялық үрдістің сұлбасы
2. Селекциялық үрдістің сұлбасын жоспарлау кезеңі
1. Селекциялық үрдістің сұлбасы
Бастапқы матрериал және алу жолдары.
I Белгілі түрлер және сорттар.
1.1 Жабайы түрлері
1.2 Жергілікті сорттар
1.3 ВИР үлгілері
II Селекционермен шығарылған
2.1 Гибридті популяции
2.2 Мутанттар
2.3 Полиплоидтар
1-сурет. Селекциялық үрдістің сұлбасы
Коллекция
Будандастыру көшеттігі
F1;F2-Fn- Будан көшеттігі (гибридный питомник (ГП))
Селекциялық көшеттік (селекционный питомник (СП))
Бақылау көшеттігі (Контрольный питомник (КП))
Алдын ала сорт сынау көшеттігі (Предварительное сортоиспытание (ПСИ))
Конкурстық сортсынау көшеттігі (Конкурсное сортоиспытание (КСИ))
2. Селекциялық үрдістің сұлбасы жоспарлау
Селекциялық үрдістің сұлбасын жоспарлау келесі кезеңдерді қамтиды:
1.Селекция материалдармен жұмыс жүргізудің негiзгi тәсiлдерiн айқынду: коллекциялық материалдың зерттеу сипатына сәйкес (популяцияларды құру үшiн алынған үлгiлердi мұқият зерттеу, ұзақ уақыт зерттеу, сонымен қатар үлгілердің санын айтарлықтай шектеу, т.б), популяциалар санын және популяцияларды құру тәсiлдерi, және т.б.
2.Селекциялық процестiң сұлбасын анықтау: оның буындарының саны және қолданыс бағыты, олардың орналасу орыны (дала, жылыжай), сонымен қатар қай талым санын, себу мөлшері, танап ауданы, қайталымда үлгілерді орналастыру тәсілі.
3. Көшеттіктер мен сортты сынаудағы көшеттіктеріндегі мөлдектердің техникалық мәлiметтерлерiн, мөлдектегі қатардың санын, қатараралықтардың, мөлдектердің аралық және алқапаралық жолдар енінің ұзындығын анықтау.
4. Әр түрлi буындарда жарамсыздықтың шама пайызын, будандастыру көлемін, популяциялардың көлемiн және оның iшiнен таңдау, және сорттықсынаулар көшеттіктердің көлемін анықтау.
5.Есептеу және бағалау, бақылау жүйесiн анықтау.
Селекциялық материалмен жұмыс істеу тәсілдері дақылға, аймаққа және селекционердің жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Коллекцияны терең зерттеу үшін 2-3 жыл керек. Ол зерттелетін популяциялардың санын көбейте отырып олардан сұрыптауларды жақсы жүргізуге, жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді
Популяцияларды құрастыру тәсім дақылға байланысты. Мысалы, арпамен жұмыс істегенде будандастыру және мутагенез жақсы көрсеткіштер береді. Бидайдың селекциясында будандастыру кеңінен қолданылса автополиплоидтар нәтиже бермейді. Ал қара бидайда автополиплоидтардың селекциялық мағнасы зор.
Сұрыптауға ұрпақтар таңдау белгілі генетикалық заңдылықтарға байланысты. Жас будандық ұрпақтардан сұрыптау біріншіден тиімді, бірақта гетерозиготалар көп болады, сондықтан өздігінен тозаңдатып тағыда сұрыптау керек. Кейбір жағдайларда, Ғ3-Ғ4 сұрыптаған тиімді Ғ2 қарағанда. Кеш будандық ұрпақтардан (қайта себу әдісі) сұрыптау аталық өсімдіктерді бөлуді кешіктіргенімен гомозиготалық түрлердің пайызын көбейтеді. Қайта себу әдісін қолданғанда көп дәндер жиналады, сондықтан көптеген популяциялардан құтылу керек. Оны жалпы сұрыптау жүргізіп жақсы өсімдіктерді қалдырады. Бұл жұмыстарға көп еңбек кетер. Ол жағдайды түзету үшін, популяцияларды сынауға болады, ол үшін өнімі әлде басқа көрсеткіштері төмендерді жойып отырады. Кейбір жағдайларда сұрыптауды бірінші ұрпақтан бастайды, мысалы, жатып қалатын, ауруларға шалдыққан т.б, өсімдіктерді жою. Климаттық жағдайлары қолайсыз жерлерде төзімді генотиптерді табиғи сұрыптаудың әсерімен қалдыру үшінде қайта себу әдісін қолдануға болады. Мысалы, қуаңшылыққа төзімділерді қалдыру үшін.
Мутанттарда сұрыптауды ерте ұрпақтарда жүргізген дұрыс. Өйткені рецессивті мутациялар екінші мутанттық ұрпақтан басталады.
Селекциялық үрдістің схемасы, Ғ1 бастап селекциялық көшеттікке дейін, мөлдектің көлемімен, қайталау санымен, себу мөлшері және көбею коэффициентімен анықталады. Селекциялық көшеттікке дейін бөліктер саны егістік материалдың санымен емес, ал коллекцияларды сынаумен және популяцияларды қайта егуге байланысты. Қайта себу әдісін қолданғанда будандастыру көшеттігін көбейту керек, өйткені ол бірнеше бөліктен тұрады, будандық ұрпақтарға сәйкес. Бұл жерде популяцияларды сынауды бақылау көшеттігі әлде сорт сынау тәрізді өткізуге болады. Егер Ғ2 сұрыптау жүргізілсе, онда будандық көшеттікте Ғ1 және Ғ2 егеді.
Кесте 1.
Жаздық жұмсақ бидайдың селекциялық процессін жоспарлау
Буын
|
Себу мөлшері
|
Көбейту коэффициенті
|
Себу тәсілі
|
Мөлдек ауданы, м2
|
Жарамсыздық пайызы
|
Топтама (Коллекция)
|
50-80 дана/м
|
15-25
|
СР-1,СКС-6-10
|
1-2
|
20-50-жыл бойы
|
Будандастыру көшеттігі
(Питомник гибридизации)
|
30-50дана/м
|
|
Сызғыш бойымен СР-1 қолмен
|
Будандастыру көлеміне байланысты
|
|
F1
|
10-20дана/м
|
50-80
|
Сызғыш бойымен СР-1 қолмен
|
Будан тұқымының санына байланысты
|
5-20
|
F2
|
50-80дана/м
|
15-20
|
СР-1,СКС-6-10, СН-10Ц
|
Егістік материалға және сұрыптауға қажетті материал көлеміне байланысты
|
5-20
|
СК 1-жылғы (селекциялық көшеттік)
|
20-50дана/м
|
20-30
|
Сызғыш бойымен СР-1 қолмен
|
0,15-0,4
|
90-95
|
СК 2-жылғы (селекциялық көшеттік)
|
50-60дана/м
|
15-25
|
СР-1,СКС-6-10
|
1-2
|
80-85
|
Бақылау көшеттігі
|
4,5-5 млн.шт/га
|
10-15
|
СР-1,СКС-6-10, СН-10Ц
|
2-4
|
70-80
|
Алдын ала сорт сынау көшеттігі
|
5-6 млн.шт/га
|
10-15
|
СКС-6-10, СН-10Ц
|
10-20
|
60-75
|
Конкурстық сорт сынау көшеттігі (КСИ)
|
5-6 млн.шт/га
|
10-15
|
СКС-6-10, СН-10Ц
|
25 ( 6қайталым)
50 (4қайталым)
|
50-75
|
Элиталық өсімдіктерді сынау дәнділікті талап етеді. Сондықтан мөлдектердің көлемдері дұрыс болу керек, ал конкурстық сортсынауда төрт әлде алтықайтармалы қайталаумен жүргізу керек. Селекциялық үрдістің аяқ жағында мөлдектерге керек дәндердің саны көбею коэффициентімен себу мөлшеріне байланысты. Егер көбею коэффициенті көп болып себу мөлшері аз болса схема қысқарады. Онда схеманың кейбір бөлігі қысқарады (мысалы, алдын-ала сортсынау), егер ұзарса-қосымша бөліктер енгізіледі (мысалы, 2-ші жылғы селекциялық көшеттік, 2-ші жылғы бақылау көшеттігі т.б.).
Көбею коэффициенті дақылға, топырақ-климаттық жағдайға және агротехникаға байланысты.
Селекциялық үрдістің, көбінесе, бөліктері егіс танаптарында орналасады, егер сортты шығаруды жылдамдатқымыз келсе, онда кейбіреуін жылыжайда орналастырады. Бұл жерде шағылыстыруды және Ғ1 өсіруге болады.
2-кесте. Селекциялық үрдістің схемасын жоспарлағанда келесі жұмыс кестесін қолданған ыңғайлы:
Селекциялық үрдістің бөлігі (көшеттік)
|
Мөлдек көлемі, м2
|
Қайталау
|
Себу мөлшері, дана/ м2
|
Егуге керек дәннің саны, дана
|
Көбею коэффициенті
|
Дәннің өнімі, дана/ м2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Егістіктің техникалық көрсеткіштері егуге, күтуге және жинауға қолданатын құралдар мен машиналарға байланысты. Дақылдардың механикалық баптауға және жинауға икемділігінде ұмытпау керек.
Селекциялық үрдістің бастапқы кезінде егуге өте күрделі құралдар қолданылмайды. Көбінесе қолмен егіп қолмен жинайды.
Барлық көшеттіктер жіңішке жолдармен, ал сортсынау мөлдектері қабаттап орналастырылады. Мөлдектерді қабаттарға көлденең орналастырады. Қабаттардың араларына 50 см жол қалдырады, ал егер комбайн мен тракторлар қолданылса 4-5 м ол қолданылатын кіші габаритті техникаға байланысты.
Будандастыру комбинацияларының саны (мутагендермен, колхицинмен өңдейтін үлгілердің саны) бастапқы материалдың зерттеуіне және зертханалардың (мамандардың саны мен біліктігіне) мүмкіншілігіне байланысты. Будандастыру комбинацияларының саны болашақ жұмыстардың көлеміне әсер етеді.Көбінесе жылына 50-200 будандастыру комбинацияларын жүргізеді.
Комбинациялар санын жоспарлау үшін 1-ші жылғы селекциялық көшеттіктердегі үлгілердің санын қолдануға болады, өйткені ол сынаудың барлық бөлігіне әсер етеді. Мысалы, егер бөлімнің мүмкіншілігі селекциялық көшеттікте 10000 үлгілер ұстауға жараса және әр комбинация орташа 100 элиталық өсімдіктер берсе, онда комбинациялар саны болады – 10000:100=100.
Комбинация көлеміндегі будандастырылатын масақтар (гүлдер, гүл шоғырлары) саны Ғ2 популяцияларды жоспарлау көлеміне, көбею коэффициентіне және шағылыстырудың пайдалы тиімділігіне байланысты.
Мысал.
Піштірілген масақтағы гүлдер саны - 20
Шағылыстырудың пайдалы тиімділігі - 60
Ғ1 көбею коэффициенті -50
Ғ2 егетін дәндер саны (одан сұрыптау жоспарланды) – 10000
Будан дәндердің керек саны-10000:50=200
Ол үшін піштірілетін гүлдер саны - 200·100 =333
60
Комбинациядағы піштірілген масақтар саны – 333 ≈ 17
20
Ғ2 көлемі көбінесе 1000-10000 өсімдіктер.
Мутанттық популяциялардағы бірінші ұрпақтың өсімдіктер саны болжаулы пайдалы мутацияға және мутагендермен өңдеген дәндерден шығатын өміршең өсімдіктердің шығу пайызына байланысты.
Сұрыптаулардың көлемі бағалы генотиптердің кездесуіне байланысты. Олар сирек кездесуімен және тұқым қуалаушылық ерекшеліктері (өнімділік, оны құрастырушылар) модификациялық өзгерістермен көлеңкелетіндіктен сұрыптағанда 5-15 % өсімдіктерді алады.
Зертханада дәндерді зерттей отырып 30-50% үлгілерді жояды. Қалған өсімдіктер 1-ші жылғы селекциялық көшеттіктің көлемін анықтайды, ол қазіргі селекциялық мекемелерде 5-30 мың үлгіге тең.
Келесі бөліктердің брактау пайызы алдыңғы бөлікке байланысты. Болашағы жоқ үлгілерден ертерек құтылған жөн. 1-ші жылғы селекциялық көшеттікте 90-95 % үлгілерді брактайды, ал конкурстық сортсынауда жылына 75-50 %. Бірақта, мемлекеттік сортсынауға бірнеше үлгілер жетеді.
Коллекциядағы үлгілер саны 100-ден 500-ге дейін болады.
Қайта себу әдісін қолданғанда сыналатын будандық популяциялардың біраз көлемі бракталады. Брактау пайызы будандық комбинацияларды орынды жүргізуге байланысты. Есептелген брактау 50 % комбинациялардан, яғни Ғ1 – ден сұрыптау жүргізілетін ұрпаққа дейін.
Бағалау жүйесі келесі жолдармен жүргізіледі: селекциялық үрдіс аяғына жақындаған сайын бағалау жұмыстары көбейіп дәлдене түседі. Селекциялық көшеттікте үлгілер көп болғандықтан бағалаулардың барлық жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, өйткені оған көп уақыт кетеді. Ке!бір бағалаулар үлгінің тапшылығынан жүргізілмейді. Мысал, бидайды наубайханалық бағалау. Селекциялық көшеттікте көптеген дәл бағалаулар керек жоқ. Көптеген үлгілердің ақаулары көрініп тұрады, сондықтан олар бракталу керек. Ал конкурстық сортсынауда көзқарас басқаша, өйткені бұл кезеңде ең жақсылары жиналады. Сондықтан жан-жақты анық бағалаулар керек және мемлекеттік сортсынауда қолданылатын бағалаулар керек.
Тапсырма.
Жаздық бидайдың селекциялық үрдісін келесі жағдайларға жоспарлау керек .
Коллекцияны терең зерттеу керек, Ғ2 сұрыптау жасалады.
Коллекцияны терең зерттеу керек, қайта себу әдісін қолданып Ғ2 сұрыптап және популяцияларды сынау керек.
Коллекцияны қысқаша зерттеу керек, Ғ2 сұрыптау жасалады.
Коллекцияны қысқаша зерттеу керек, қайта себу әдісін қолданып Ғ5 сұрыптау керек.
Студенттер тапсырма бойынша селекциялық үрдістің схемасын келтіреді және келтірілген формаға өз көрсеткіштерін жазады:
___________бөлік атауы
3-кесте
Жүргізілген жері (егістік, жылыжай)
|
Үлгілердің саны (шағылыстыру комбинациялары және комбинациядағы масақтар, элиталық өсімдіктер популяциядан сұрыпталған)
|
Мөлдек көлемі, м2
|
Қайталау және үлгілерді қайталауда орналастыру
|
Егу тәсілі, сепкіш
|
Себу мөлшері, дана/м әлде га/млн дана
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Мөлдектегі қатар саны
|
Қатараралығы, см
|
Мөлдек
ұзындығы
|
Мөлдекаралық жолдардың кеңдігі, см
|
Суыртпақ (полоса) аралық жолдардың кеңдігі, см, м
|
Өсіп-даму кезеңдері
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Өнімділік және оның көрсеткіштері
|
Қуаңшылыққа, жатып қалуға, төгілуге төзімділік (баллмен есептегенде)
|
Аурулар мен зиянкестерге төзімділігін есептеу (аурудың әлде зиянкестің түрі, есептеу тәсілі: зақымданған өсімдіктердің пайызын есептеу, шкала әлде баллмен анықтау)
|
12
|
13
|
14
|
|
|
|
жалғасы
Дәннің сапасын бағалау (талдау түрі)
|
Брактау пайызы
|
Егіс ору тәсілі
|
15
|
16
|
17
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Селекция үшін қандй ресурстардан бастапқы материал алынады.
2. Селекциялық үрдісті жоспарлаудың негізгі кезеңдерін ата.
3. Әрбір көшеттік қандай тұқымдық материалдан қалыптасады.
Зертханалық-тәжірибелік сабақ № 2
Тақырыбы : Селекциялық үрдісті белгілеу.
Сабақ мақсаты: Селекциялық материалдарды таңбалануын талдау және белгілеп үйрену
Сабақ жоспары:
1. Селекциялық үрдістерді белгілеу
Барлық селекциялық үлгілер белгілену керек. Ол жұмыс атқарылмаса шығу тегі анықталмайды және жүргізілген бағалаулар есептелмейді. Екі түрлі белгілеу өте тиімді, яғни осы жылғы мөлдектің нөмірі және үлгінің жеке нөмірі. Бірінші – тұқымның өсірілген жылын және бөлігін, ал екінші шығу тегін көрсетеді. Мөлдек нөмірі бірақ рет қойылуы мүмкін коллекциядан конкурстық сорт сынауға дейін және әр бөлікке жеке нөмір беріледі.
Егер көшеттікте (сортсынауда) қайталаулар болса, онда мөлдектерді жеке нөмерлеуде мүмкін бөліктерде нөмерлену әлде қайталауда нөмірлену. Қайталауда нөмірлеудің мысалы, 148-3, яғни 148-мөлдек үшінші қайталауда.
Бастапқы материалдың көрсеткіштері каталогқа енгізіледі. Каталогтің формасы төменде келтірілген.
4-кесте.
Каталог №
|
Үлгі атауы
|
Түрше
|
Құрастырылған орны (мекеме, ел)
|
Келген жылы
|
Қай жерден келген
|
Мінездемесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
Басқа көшеттіктегі үлгілердің жеке нөмірі будандық комбинацияның (әлде мутанттық комбинацияның) нөмірімен құрастырылады: б-5, б-161 ж.с.с. (М1,М25 ж.с.с.) және, егер сұрыптау элиталық өсімдіктен жүргізілсе мысал, б-15-16. Егер сұрыптау қайталанса онда сызықшадан жаңа элиталық өсімдіктің нөмірі қойылады. Мысал, б-15-16-4. Будандық комбинациялардың (аталық және аналық формалары) нөмірлерінің түсінігі шағылыстыру туралы каталогте келтіріледі, мутанттық популяциялардікі – мутанттық популяциялардың каталогіне. Ол жерде әр комбинациядан сұрыпталған элиталық өсімдіктердің саны келтіріледі. Каталогтың формасы төменде.
5-кесте.
Будандық комбинацияның №
|
Шағылыстырған жыл
|
Шағылы-стыру тәсілі
|
Аналық формасы
|
Аталық формасы
|
|
|
|
атау
|
Алғашқы материалдың каталогы №
|
Атау
|
Алғашқы материалдың каталогы №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Гүлдер саны
|
Будандық дәндердің саны
|
Дән байлану пайызы
|
Дәннің толықтығы
|
Қай ұрпақтан сұрыпталды
|
Сұрыптал-ған элиталық өсімдіктер-дің саны
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
|
|
|
|
|
Үлгінің жеке нөмірімен мөлдектің нөмірі егістік тізімде, далалық журналда, технологиялық және биохимиялық зертханаларға зерттеуге түскен үлгілердің тізімдерінде, пакеттерде, баулық және қапшықтық этикеткаларда жазылады. Пакеттерде, баулық және қапшықтық этикеткаларда қарандашпен жазады. Мөлдектерге арналған этикеткаларда тек мөлдектің нөмірі жазылады. Ал стандартты «ст» әлде «St» деп белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
Үлгілерді белгілеудің негізгі функциясын және маңызын атаңыз
Белгілердің оқылуын толық жазыңыз.
-
СП-1-86
|
КП-87
|
КСИ-86
|
К-85
|
22875
|
127-1
|
12-6
|
127-2
|
h187-28-3
|
M128-14
|
h2-170-2-5
|
Белорусская 80
|
Зертханалық-тәжірибелік сабақ № 3
Тақырыбы: Егуге дайындық.
Сабақ мақсаты: Егінді жинақтау-үлгілерді егуге дайындау және себуге қажетті тұқым санын анықтау, әрбір сұрыптау үрдісінің буынындағы алғы егісін анықтау.
Сабақ жоспары:
Егуге дайындық жүргізу
Егуге дайындық дегеніміз үлгілерде егуге дайындау және олардың нақты санын анықтап селекциялық үрдістің қандай бөлігінде себілетінін бекіту.
Егуге дайындықты әр бөлікте бағалау мен брактау аяқталған соң бастайды. Зерттелуі аяқталмаған, былтырғы жылғы және жаңадан келген үлгілерден коллекция құралады.
Будандық, көшеттікке аналық және аталық формаларды дайындайды. Ол көшеттік шағылыстырудан (Ғ1) алынған үлгілерден және бракталмаған ұрпақтардың үлгілерінен құрастырылады. Мутанттар көшеттігі әртүрлі мутанттық ұрпақтардан құрастырылады. Әр бөліктегі сыналатын элиталық өсімдіктердің саны алдыңғы бөліктегі үлгілердің санымен анықталады, ал 1-ші жылғы селекциялық көшеттікте-егуге алынған элиталық өсімдіктердің санымен. Конкурстық сортсынауды зерттеу керек деген үлгілерден және алдыңғы бөліктерден құрастырамыз.
Бақылау көшеттігінде және алдын-ала сортсынауда кейбір үлгілер қайтадан қалдырылады, егер келесі бөлікке ауыстыруға күмәндансақ, ал брақтауға айқындық жоқ.
Үлгіні егердің алдында қоспалардан (топан, мекен), әлжуаз, езілген дәндерден тазалап мөлдектерге егуге керек дәндердің мөлшерін дайындайды. Элиталық өсімдіктердің (мақсаттар) және шағылыстырудан (F1) алынған дәндерді қолмен тазартады. Ал үлгі саны көбейген сайын әр – түрлі механикалық тазартқыштарды қолданады.
Аз үлгілердің (1- ші жылғы селекциялық көмектік, бірінші будандық ұрпақ) дәндерін талдау тақта мен шпательдің көмегімен есептейді.
Сурет 2. Жинамалы тақта және қалақша
2-ші жылғы селекциялық көшеттіктен бастап санау мен өлшеуді қолданған дұрыс. Егер үлгіні қайталаулармен себсе, онда жақсылап араластырғаннан кейін бірінші қайталауға керек санын санап алып оны өлшеу керек, сонан соң басқа қайталауларға сондай өлшемдер жасау керек. Егер мөлдектер үлкен болса онда 1000 дәннің массасын анықтағаннан кейін егіске керек дәндердің массасын есептейді. Конкурстық сортсынауға 1000 дәннің массасын стандарт негізінде анықтайды. Бірақта бақылау көшеттігіне, ертерек бөліктеріне қысқартылған тәсілді қолдануға болады. Үлгіні араластырғаннан кейін 50 дән санайды, одан кейін екі қайталайды. Саналған дәндерді (150 дана) өлшейді, көрсеткішін 6,67 көбейтеді.
Мысал
150 дәннің массасы-6,3г.
1000 дәннің массасы-6,3х6,67=42г.
Коллекцияға арналған, қайта егу, сынау және сұрыптау популяцияларының дәндер мөлшерін 2-ші жылғы селекциялық көшеттіктегідей-конкурстық сортсынаудағы мөлдектеріндегідей есептейді. Будандастыру көшеттігіне керек дәндердің мөлшері үлгіні шағылыстыруда қанша қолданумен байланысты, яғни комбинациялар көп болса мөлдек те кең болады.
Сортсынауда себу мөлшерін есептегенде өнгіштікті ескереді. Өнгіштікті стандарт негізінде анықтайды.
Егуге дайындалған үлгілерде ластағыштар (бүлінген, фузариозды, арамшөп дәндері) болмауы керек, егер 1% көп болса онда ескеру керек. Тазалықты стандарт негізінде анықтайды. Себу мөлшерін өнгіштікті және тазалықты ескере отырып былай анықтайды:
1000 дәннің массасы-35,6г
Дәннің өнгіштігі-95%
Дәннің тазалығы-98,01%
1 га себу мөлшері-6 млн
мөлдек көлемі- 25м2
25м2 себу мөлшері =6000000 х35,6 х 100 х 100 х 25 = 6000х95,6х25 =574г
1000 95 98,01 10000 95 х 98,01
Мөлдектерде егілетін дәндерді пакеттерге салады. Пакеттерді белгілеп егу тәртібіне сәйкес қатарлайды.
Сурет 3. Егiс науқаны жәшiгi ; жiпте оңнан солға — пакеттер
Көшеттікке әлде сортсынауға дәндер дайын болғанда, үлгілердің саны туралы егуге дайындық тізіміне жазылады. Сонымен қатар қайталау саны және мөлдекке керек дәндер туралы жазылады.
6-кесте. Егуге дайындық тізімі __________________ жыл
Көшеттік
(сортсынау)
|
Үлгілер саны
|
Қайталау саны
|
Мөлдекке керек дәннің мөлшері, дана,г
|
стандартсыз
|
стандартпен
|
|
|
|
|
|
Тапсырма.
1. І жылғы селекция көшеттiгіне себуге әрбір 10 номер сайын стандарт орналстыру арқылы 20 тұқым үлгісін дайындау. Пакеттерді таңбалау.
2. Бақылау көшеттiгі үшiн 5 үлгiлердi дайындау. Мөлдек ауданы - 4м2 , себу мөлшері 5 млн/га. 1000 тұқым массасын ықшамдалған тәсiлмен есепте. Пакеттерді таңбалау.
3. Байқаулық сортты сынау үшiн үш үлгiнi дайындау. Себу мөлшері 6 млн.өнг.тұқ./га мөлдек ауданы 25 м2, мың тұқымның массасы- 35, 1; 40, 2 ; 32, 8. Өнгіштігін (92, 95 және 99 %) тең деп және тазалығын (97, 20 ; 98, 41 ; 99, 29 %)тең деп түзетулер енгізу. Пакеттерді таңбалау.
Бақылау сұрақтары:
Егуге дайындық жүргізу.
Себу мөлшерін қалай анықтайды?
1000 тұқымның массасын анықтау әдістемесінің ықшамдалған түрі.
Зертханалық- тәжірибелік сабақ № 4
Тақырыбы: Егістік тізімді және егістің схемасын құрастыру. Егістік журналдарды толтыру. Селекциялық егістіктерді орналастыру жоспарын жасау. Егістік танапты бөлу
Сабақ мақсаты: Егістік тізімді және егістік схемасын құрастыруды үйрену. Егістік журналдарды жүргізуді және селекциялық егістіктерді орналастыруды уйрену. Танапты бөлуді және оған қажетті құралдарды қолдана білу.
Сабақ жоспары:
Егістік тізімді және егістің схемасын құрастыру. Егістік журналдарды толтыру.
Селекциялық егістіктерді орналастыру жоспарын жасау.
Егістік танапты бөлу.
Сепкішті себу мөлшеріне қою
Егістік тізімді және егістің схемасын құрастыру. Егістік журналдарды толтыру.
Әр көшеттікке (сортсынауға) егістік тізім құрастырылады. Онда мөлдек нөмірі, үлгінің жеке нөмірі және мөлдектегі қатар саны. «Ескертуге» қайталаулардың, жолақтардың (қат-қабаттардың) басталуы, сонымен қатар егістіктердегі олқылықтарды көрсетеді. Егістік тізімді толтырғанда үлгілер салынған пакеттердегі белгілеулерді жазады.
7- кесте. Егістік тізім ___________________(бөліктің атауы және жыл)
Мөлдектің №
|
Үлгінің №
|
Қатарлар саны
|
ескерту
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қайталаулары бар бақылау көшеттігін сортсынауға, бастапқыда егістің схемасын жасайды, онда үлгілердің егуге дайындағансоң- егістік тізімді, оған үлгілердің егілу қатарын жазады.
Егістік тізімінің көрсеткіштерімен егістік журналдарды толтырады. Әр көшеттікке әлде сортсынауға өз журналын толтырады. Журналға бағалаулардың, брактаулардың, фенологиялық байқаулардың көрсеткіштері жазылады. Егіс уақытында егістік тізіммен қолданады, ол журналдар зертханада сақталады. Басқа уақытта көрсеткіштер журналдарға жазылады.
Журналдың сыртында көшеттіктің атауы, жыл және жауапты адамның аты-жөні. Төменде конкурстық сортсынауда қолданылатын журналдың формасы келтірілген.
8-кесте.
Мөлдек №
|
Үлгінің жеке №
|
Еккен күн
|
Фенофазалар уақыты
|
Егін ору уақыты
|
Жатып қалуға төзімдік
|
өскін
|
|
Масақ-тану
|
Дәннің пісуі
|
|
|
|
Басталуы
|
Толық болуы
|
Түптенудің басталуы
|
басталуы
|
Толық болуы
|
Сүттеніп
|
қамырланып
|
Толық
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Төгілуге төзімділік
|
Ауруларға төзімділік
|
Зиянкестерге төзімділік
|
Өнімділік
|
Естелік
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мөлдектен
|
Стандарттық дымқылдыққа шаққанда, т/га
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Журналда қайталаулар мен жолақтардың (полоса) басталуы жазылады. Ол үшін үлгілер туралы жазбалардың арасында орын қалдырады.
2. Селекциялық егістіктерді орналастыру жоспарын жасау
Үлгілер егуге дайын болғаннан кейін көшеттіктер мен сортсынауларды егіс танаптарында орналастыру жоспарын жасайды. Ол үшін егіс танабының көлемін және ерекшеліктерін білу керек, сонан соң масштаб бойынша жоспарда егіс танабының көшірмесін жасау керек. Жоспарда егуге жарамайтын жерлерді көрсету керек, яғни ескі жолдар, су тұратын жерлер т. с. с.
Үлгілерді жақсы салыстыруды, бүлдіруден орынды қорғауды және механикаландырып егу, күту және ору жұмыстарын еске ала отырып көшеттіктер мен сорт сынау көлемдерін жоспарда дұрыс көрсету керек. Миллиметрлік қағазбен және 1:200 (0,5 см 1м) масштабпен қолданған ыңғайлы болады. Жұмысты келесі жолмен жүргізген дұрыс. Жоспарда төртбұрышты сызғанда жарамсыз жерлер сыртында қалу керек, ал төртбұрышта көшеттіктер мен сортсынауларды орналастыруда ұзындығы мен көлденеңін ескере отыру керек.
Егістік танапты бөлу
Егістік танаптың жоспарын іс жүзіне асыру егістік танапты бөлу деп аталады. Бөлгенде жіппен, рулеткамен, ал тік бұрышты бөлгенде эккермен қолданады. Учаскенің, көшеттіктің (сортсынаудың), қат-қабаттың шеңберлерін көрсеткенде тақтайшаларды (колышки) қолданады.
Басында тәжірибеге керек көлемді бөледі. Яғни көшеттіктермен сортсынаулардың шеңберлерін, сосын қат-қабаттардың, сепкіштердің жүретін жолын. Егер егінді сепкенде маркерді әлде трактордың ізін қолданса, онда сепкіштің жолын бөлмейді. Сондықтан ондай егістікте сепкіштің және қалдыратын жолдың көлемдері егіс біткеннен кейін белгілі болады.
Сепкішті себу мөлшеріне қою
СР-1 сепкіші. 2 м жерге егетін дәндердің бірнеше мөлшерін санайды. Жерде (асфальтта) екі метрді белгілейді. Дақылға сәйкес сепкіш дискті тексереді. Сепкішті екіметрліктің басына қояды, яғни сошник басында тұру керек. Сепкішке дәндерді салып екі метр жүргізеді. Егер сепкіште дәндер қалса себу мөлшерін көбейтеді, ал жетпесе-азайтады. Себу мөлшерін шкивтағы ременнің жылдамдығын өзгертумен қояды. Егер шкивтің екі бөлігінің арасын көбейтсек онда ремень ортасына түсіп жылдамдықты азайтады, онда себу мөлшеріде азаяды, ал егер екі бөлікті жақындатсақ ремень шығынқырайды да тезірек айналады, сонымен себу мөлшерін көбейтеді.
Басқа маркалы сепкіштердіңде себу мөлшерін қою жоғарғыға ұқсас.
Тапсырма.
1. Селекциялық және бақылау көшеттіктерін егуге егістік тізімдер жасаңыз.
2. 12 үлгілерді (стандартты қоса) үш қат-қабатта, алты қайталауда конкурстық сортсынауда егудің схемасын жасаңыз;
3. Егістіктің жоспарын қолдана отырып танапты бөліңіздер. Яғни далада тәжірибеге қалдыратын жерді, оның ішінде көшеттіктердің (сортсынаудың) және сепкіштердің көлемдерін.
Бақылау сұрақтары:
Танапты бөлу кезінде қолданылатын құралдар.
Үлгілерді танапқа орналастыру.
Зертханалық – тәжірибелік сабақ № 5
Тақырыбы: Себу. Егістік танаптарды белгілеу. Мөлдектердің шеттерін түзеу. Конкурстық сортсынауда алаңшалар бөлу
Сабақ мақсаты: Селекциялық көшеттіктерде себу жұмыстарын жүргізудің әдіс тәсілдерімен танысу
Сабақ жоспары:
Себу
Егістік танаптарды белгілеу. мөлдектердің шеттерін түзеу.
Конкурстық сортсынауда алаңшалар бөлу.
1. Себу
Селекциялық үрдістің бас кезінде (Ғ1, 1-ші жылғы селекциялық көшеттік) қолмен себу қолданылады. Әртүрлі егістік құралдарды қолдана отырып дәндерді біркелкі себуге болады. Егістік сызғышпен хлопушканы қолданып егуді қарастырайық.
Мөлдектің бір жағына жіп тартады, оның бойымен маркер-қарықжасаушымен қарықтар жасайды. Олар дәннің жататын тереңдігіне жасалады. Қарықтардың ұзындығы қатардың ұзындығынан сәл ұзын болады. Маркердің тістерінің арасы қатараралыққа сәйкес болу керек.
Сурет -4. Маркер-қарықжасаушы (1) Сурет -5. Хлопушка
Жіпті байлауға арналған ақа (шпилька) (2)
Егістік сызғыш (3)
Қат-қабаттарды белгілеп болғаннан кейін, олардың бұрыштарының тіктігін анықтайды. Сосын дәндер салынған пакеттерді нөмірлеріне сәйкес таратады. Одан кейін егістік этикеткаларды таратады. Олардың дұрыс таратылғанын тексереді.
Егістік сызғышты қолданып еккенде егушілер жұптасып істейді. Біріншісі пакеттер жатқан жағымен жүреді, екіншісі жіп тартылған жағымен. Дәндерді бөліп сызғыштағы көрсетілген белгілерге қарсы орналастырады, салынып болғаннан кейін дәндерді жабады. Егіп болғаннан кейін этикеткаларды қояды.
СР-1 сеялкасымен егу. Бұл жағдайда екі адам егіске қатысқан дұрыс. Біреуі дәндерді салып егу сапасын қарайды, екіншісі сепкішпен жұмыс істейді. Ол сошникті тереңдетуді, жылдамдықты байқау керек. Егіп болғаннан кейін этикеткалар қойылады.
Егістік танаптарды белгілеу. мөлдектердің шеттерін түзеу.
Барлық селекциялық егістіктерді танаптық этикеткалармен белгілейді. Кеңінен тараған этикетка-ағаштан жасалған, оған бояумен мөлдекке сәйкес нөмір жазылады. Этикеткалар алюминийден, пластмассадан жасалады.
Қолмен егілген мөлдектерді егісімен белгілейді, ал сепкішпен егілгенді өскін көрінгеннен кейін. Оның алдында мөлдектердің шеттерін түзейді жіп қолданып.
Селекциялық үрдістің бас кезінде мөлдектердің саны көп болғандықтан әрқайсын белгілеп керегі жоқ. Ең ыңғайлысы стандартты белгілеу және оны «St» әлде «ст» деп белгілейді.
Конкурстық сортсынауда алаңшалар бөлу.
Далалық өнгіштікті, өсімдіктердің өміршеңдігін және өнімнің құрылымын (және аурулармен, зиянкесткрмен зақымдалуын, сорттық тазалықты анықтауға) есептеу үшін конкурстық сортсынауда алаңшалар бөледі. Екі қатар емес қайталауда әр сорттың мөлдегіне үш алаңшадан бөледі. Астық дақылдарының алаңша көлемі 1/12 м2. Шеткі қатарларда алаңшалар болмайды. Алаңшаларды мөлдектің диагоналімен орналастырады.
Егісте алаңшаларды былай бөледі. Мөлдектің басталуы мен алаңшалардың басталуы мен аяқталуының ұзындығын есептейді.
Есеп.
Мөлдектің ұзындығы-23,8м
Арақатардың жалпақтығы-15см.
Алаңша ұзындығы- 10000см2 =28 см
12х2х15
Үш алаңшаның ұзындығы-28 смх3+84см.
Мөлдектегі алаңшалардың ара қашықтығы – 23,8-0,84= 7,65м
3
Мөлдектің басынан бірінші алаңшаның басына дейінгі мөлшер 7,65м=3,82м .
2
Мөлдектің басынан бірінші алаңшаның аяғына дейінгі мөлшер-3,82м+0,28м=4,10м.
Мөлдектің басынан екінші алаңшаның басына дейінгі мөлшер-4,10м+7,65м=11,75м.
Мөлдектің басынан екінші алаңшаның аяғына дейінгі мөлшер-11,75м+0,28м=12,03м
Мөлдектің басынан үшінші алаңшаның басына дейінгі мөлшер-12,03+7,65м =19,68м.
Мөлдектің басынан үшінші алаңшаның аяғына дейінгі мөлшер-19,68м+0,28м=19,96м.
Сортсынау мөлдектерінің көлдеңінен жіп тартады, алаңшалардың басымен аяғын белгілеп сосын колышкалармен белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Селекциялық үрдістің буындарында үлгілерді себу тәсілдері.
2. Егістік танаптарда белгілеу қалай жүргізіледі?
Зертханалық – тәжірибелік сабақ № 6
Тақырыбы: Конкурстық сынаудағы көшеттіктен алынған өсімдіктерді талдау
Сабақ мақсаты: Конкурстық сортсынауда алынған өсімдіктерге құрылымдық талдау жасау әдістемесін үйрену және танысу.
Сабақ жоспары:
Конкурстық сортсынауда алынған өсімдіктерге құрылымдық талдау
Алаңшалардан алынған өсімдіктерді талдау бірнеше мақсатпен жасалады: өнімнің құрылымын анықтауға, үлгінің аурулар және зиянкестермен зақымдалуан анықтауға, сорттық тазалықты анықтауға.
Дәнді дақылдарда талдау жүргізілу келтіріледі. Өскін көріне бастағанда алаңшаларда олардың санын есептейді. Есептеуді ерте әлде кеш жүргізуге болмайды, өйткені ерте жүргізгенде жаңадан өсетін өскіндер ескерілмеуі мүмкін, ал кеш жүргізгенде түптелген өсімдіктер есептелуі мүмкін. Есептелген өскіндердің санын егістік журналға жазады. Әр мөлдектің 1м2 өсімдіктердің санын есептеп олардың орта санын анықтайды. Өнгіш 1м2 өскіндердің санын есептеп олардың орта санын анықтайды. Өнгіш дәндердің 1 га себу мөлшерін ескере отырып өскіндердің толықтығын есептейді.
Есеп.
1м2 өскіндер саны – 452.
Өнгіш дәндердің себу мөлшері – 6млн. 1 га
Өскіндердің толықтығы (полнота всходов) –
452*10000*100 = 452 = 75,3%
6000000 6
Сортсынаудың өнімін жинарда алаңшалардағы өсімдіктерді тамырымен жинап алып әр мөлдектің өсімдіктерін бір бауға байлайды. Бидайда, арпада, сұлыда қуыршақтану ауруымен зақымдалған өсімдіктерді бөлек есептейді. Аталған аурумен және зиянкеспен зақымдалған өсімдіктерді сыртқа шығарып көміп тастайды. Зақымдалу пайызын есептегенде ескергенмен сорттық тазалығының пайызын есептегенде санамайды.
Болашақ талдаулар үшін барлық қайталаулардың үлгілерін бір бауға байлайды. Этикеткаға жазады: «КСИ-(өнім жылын) » мөлдек нөмірін.
Талдауды негізгі дақылдың өсімдіктер санын санаудан бастайды, оның ішінде, аурулар және зиянкестермен зақымдалған және өнімсіз әлде өнімі нашар масақтары бар, кіреді. Сосын өнім беретін өсімдіктерді (аурумен зақымдалғанда қоса) бөлек есептейді. Ол көрсеткіш егін оруға дейінгі сақталған өсімдіктер пайызын көрсетеді.
Егер бауларда қиын бөлінетін мәдени өсімдіктер болса, онда оларды бөліп алып бөлек санайды. Болашақ талдауларға тек негізгі дақылдың өсімдіктері қалдырылады.
Баулық үлгіден 100 масағы бар сабақтарды талдап алып (өісмдіктердің бірлігін бұзбай), оларды көккөз шыбынбен, егеушыбынбен, зақымдалғанын анықтайды. Талданған өсімдіктерді қайтадан баулық үлгіге қосады.
Сорттық тазалықты және қосымша көрсеткіштерін анықтау үшін, сонымен қатар негізгі сорттың өсімдіктерін талдау үшін баулық үлгіні келесі фракцияларға бөледі: негізгі сорттың өнім беретін өсімдіктері; сол дақылдардың (басқа түршелері әлде сорттары) өнім беретін өсімдіктері; негізгі дақылдың тозаңды, сабақ, қатты қаракүйелерімен зақымдалған өсімдіктері; жетіліп дамыған өсімдіктерді.
Негізгі сорттың өсімдіктерін түптену орнымен қатарлап олардың ортаншы ұзындығын өлшейді (түптену орнынан масақтың басына дейін). Егер қосымша өркендер екінші қатар құрастырса, онда олардыда өлшейді. Алынған көрсеткіштерді жазып алады.
Негізгі сорттың өсімдіктер санын, негізгі сорттың сабағының санын және өнім беретін сабақтар санын есептейді. Негізгі сорттың өнім беретін сабақтар санының осы фракцияның осы өсімдіктер санына қатынасы өнімдік түптенуді береді, ал барлық сабақтардың барлық өсімдіктерге қатынасы жалпы түптенуді береді.
«Негізгі сорттың өнім беретін сабақтары» фракциясында ақ зеңмен (қара бидайда), қара дақпен (бидайда) зақымдалған сабақтарды есептейді. Олардың пайыздық көрсеткішін есептейді.
Келесі талдау көрсеткіші – сорттық тазалықты және басқа көрсеткіштерді анықтау. Оны апрабация жүргізгендей есептейді, бірақта есепке өсімдік емес сабақтары алынады.
Баудағы негізгі сорттың өнім беретін сабақтарының тамырын кесіп тастайды. Одан 50 масақ (шашақгүл) алады сосын олардың ұзындығын өлшейді, қылтықтарын есепке алмайды. Масақтың орташа ұзындығын есептейді. 25 масақтағы жалпы масақша сандарын және өнім беретін масақшаларды есептейді. Олардыңда орташа көрсеткіштерін есепке алады.
Масақтың ұзындығы және масақшалардың санын анықтауға алған масақтарды қосып бауды өлшейді, сосын бастырады. 200 дәнді санап алып олардың, дәннің сұр көбелегімен, астық қоңызымен, бақашық қандаламен, ал арпа мен сұлының – швед шыбынымен, зақымдалғанын анықтайды. Көрсеткіштерін пайызбен көрсетеді. Топанын (дәнді дақылдарды бастырып тазартқаннан кейін қалатын сабақ, жапырақ, масақтың ұнтақталған қалдығы) алып тастап барлық дәндерін өлшейді, онымен дәннің шығымын анықтайды бауға шаққанда. Сабан мен топанның 1 га шығымын есептейді (т/га) дәннің өнімі мен шығымын (%) ескере отырып, мына формуланы қолданады:
дәннің өнімі (100-дәннің шығымы)
дәннің шығымы (%)
Бір масақтың және өсімдіктің дәндерінің орташа массасын, негізгі сорттың дәндерінің массасын өнімдік сабақтарға әлде өсімдіктер санына бөліп, анықтайды. 1000 дәннің массасын анықтайды.
Бір масаққа әлде өсімдікке келетін дәндердің орташа санын анықтау үшін бір масақтағы әлде өсімдіктегі дәндердің орташа массасын 1000 дәннің массасына бөліп 1000 көбейтеді. Алынған қортындыны өнімді масақшалардың (масақтағы) санына бөліп масақшадағы дәндердің орта санын табады.
Талдауды қысқартуға болады. Мысалы, сорттық тазалықты анықтамайды, егер үлгі келесі жылы көбейтілмесе, аурулар және зиянкестермен зақымдалғанын анықтамайды, егер олар болмаса.
Алаңшалардан алынған көрсеткіштерді келесі кестелерге енгізеді.
9-кесте. Өнім құрылымы
Үлгі
|
1 м2
өскіндердің саны
|
Өскендер толықтығы, %
|
Өнім беретін өсімдіктердің саны (қуыршақталғандарды, швед шабынымен зақымданғанды қоса есептегенде)
|
Егін оруға сақталған өсімдіктердің пайызы
|
Негізгі сорттың сабағының ұзындығы, см
|
Негізгі сорттың өсімдіктер саны
|
қайталау
|
Сомасы
|
Орта саны
|
Бірінші
|
Екінші
|
Үшінші
|
Төртіеші
|
Бесінші
|
Алтыншы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Негізгі сорттың сабақтар саны
|
Жалпы түптену, %
|
Негізгі сорттың өнімдік сабақтарының саны
|
Өнімдік түптену, %
|
Масақтың орта ұзындығы, см
|
Масақтағы масақшалардың орта саны
|
Негізгі сорттың өнімді сабағы
|
Барлығы
|
Өнімдік
|
Баудың массасы, г
|
Дәндердің массасы, г
|
Дәндердің пайызы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Дәннің өнімі
|
Сабан мен топан шығымы
|
Дәннің орташа массасы, г
|
1000 дәннің массасы, г
|
Дәндердің орташа саны
|
т/га
|
өсімдіктегі
|
Масақтағы
|
|
өсімдіктегі
|
Масақтағы
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
|
|
|
|
|
|
|
10-кесте. Бауды талдау негізінде алынған аурулар және зиянкестермен зақымдану көрсеткіштері.
Үлгі
|
Негізгі дақылдың өсімдіктері, зақымдалған
|
Дақыл-дық өсімдік-тер саны, дана
|
«Ұсақ жапырақтану» (жаздық бидай,арпа,сұлы)
|
«қуыршақтану» (жаздық бидай, арпа, сұлы)
|
Швед шыбынымен (арпа)
|
Дана
|
%
|
дана
|
%
|
дана
|
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Зақымдалған сабақтар пайызы
|
Негізгі дақылдың өнімдік сабақтарының қаракүйемен зақымдалғаны
|
Дақылдың өнімді сабақтарының саны, дана
|
Көккөз шыбын
|
Егеу шыбыны
|
бұзғынша
|
тозаңды
|
қатты
|
Сабақ
|
дана
|
%
|
дана
|
%
|
дана
|
%
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Негізгі сорттың өнімдік сабағы, зақымдалған.
|
Сорттың өнімдік сабағы-ның саны, дана
|
Дәннің пайызы, зақымдалған
|
дана
|
%
|
Дана
|
%
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
Құрылымдық талдауды қандай көрсеткіштер бойынша жүргізеді?
Жалпы және өнімді түптену дегенді не?
Құрылымдық талдаудың бұршақ тұқымдас дақылдарға жүргізу тәртібін айт.
Зертханалық – тәжірибелік сабақ №7
Тақырыбы: Егінді жинау. Өнімділікті талдау.
Сабақ мақсаты: Егінді жинау әдістемесімен және жинау қарсаңындағы ылғалдылығымөлшерімен, талаптарымен танысу
Сабақ жоспары:
1. Селекциялық үрдістің ерте кезінде қолмен жинау.
2. Өнімділікке талдау.
Селекциялық үрдістің ерте кезінде қолмен жинау.
Бұл бөліктерге коллекциялық және будандық көшеттіктер (егер олар кішкене мөлдектерге орналасса), селекциялық көшеттік жатады. Егінді жинардың алдында егістік брактау жүргізеді. Жарамсыз мөлдектер жеке жиналмайды (артынан комбайнмен бөлек жинайды). Коллекциялық көшеттікте егістік брактау жүргізілмеуі мүмкін, кейбір жағдайларда жарамсыз мөлдектерден дәндер алынуы мүмкін, егер бір талдауларға керек болса. Будандық көшеттіктерде бракталған популяциялардың пайызы төмен. Селекциялық көшеттікте бұл көрсеткіш жоғары (1/2,3/4). Аурулар мен зиянкестерге қатты шалдығатын, жатып қалатын, кеш пісетін т.б. Өнімі төмен үлгілерді де брактайды.
Егістік брактауды келесі жолмен жүргізеді. Селекционер мөлдектерді қарап шыққаннан кейін, үлгілердің өсіп-даму кезіндегі алған бағаларымен салыстырады. Екі көрсеткіштерді салыстыра отырып шешім шығарылады. Егер бракталса ол үлгі туралы журналға жазады.
Егінді жинар алдында баулық этикеткаларды таратады. Ол төрт бұрышты болады., бас жағына шпагат өткізілген этикеткаға карандашпен көшеттік және өнім алынған жылын жазады (мысалы, СП-1-87, яғни селекциялық көшеттік 1-ші , 1987ж өнім алынған).
Сурет-6. Баулық этикетка
Жиналған бауларды арнайы сымдарға іледі, ал ылғалдылығы 18-20% жеткенде бастыруға кіріседі. Ол үшін селекциялық бастырғышты қолданған дұрыс. Әр баушадан алынған дәндерді пакетке салады, ал пакетке көшеттіктің атауын, өнім жылын, мөлдектің нөмірін жазады. Бір үлгінің баушаларын бастырып болғаннан кейін бастырғышты тазалау керек, басқа үлгілерді ластамау үшін.
Селекциялық үрдістің соңғы бөліктерінде егін жинауға машиналар қолдану. Бұл бөліктерге сортсынау жатады. Сортсынауларда егістік брактауды қолданбайды, тек сорттық тазалау жасалады. Оны масақтың бояуы анық көрінгенде өткізеді. Мөлдектің бойымен жүріп отырып сорттық ластауыштарды (басқа түршеге жататын әлде биіктігімен, масақтың формасымен т.с.с. көзге түсетін өсімдіктерді),сонымен қатар басқа мәдени өсімдіктерді жұлып тастайды. Қиын бөлінетін арамшөптерді де жұлып тастаған дұрыс. Жұлынған өсімдіктерді аңыздың сыртына шығарады.Егер өсіп-даму кезеңінде мөлдектердегі өсімдіктерді су басса, мал таптаса, онда ол жерлерді бөлу керек. Ол бөлінген жерлер төрт бұрышты болу керек, оларды қазықтармен белгілейді. Бірақта, бөлінген жерлер мөлдектің жартысынан көп болса, ол мөлдекті брактайды.
Дәнді, дәнді-бұршақты, жарма дақылдарын кіші габаритті селекциялық комбайндармен жинайды. Ору алдында этикеткалар мен қазықтарды жинап алады. Ол үлгінің мөлдектерін бөлек орады. Әр мөлдектің дәндерін бір қапқа салып кендір жіппен байлап этикеткалайды. Оған бөліктің атауы, өнім алынған жыл, мөлдектің нөмірі жазылады. Ондай этикетка қаптың ішіне салынады.
Өнімділікті талдау.
Өнімділікті талдаудың мақсаты- осы көрсеткішімен, стандартты нақты басым түсетін, үлгілерді бөлу. Селекциялық үрдістің бастапқы кезінде, үлгінің бір тобы өз стандартымен болғанда, ол топтың дәндерінің массасы сол стандартқа шағылып пайызбен есептеледі. Үлгінің өнімділігінің деңгейін бір көрсеткішке келтіреді,одан төмен болса брактайды, мысалы 120%. Ол деңгейді алғанда барлығы бракталмау керек, яғни үлгілердің бірнеше пайызы қалу керек, мысалы селекциялық көшеттікте 5%. Есте сақтайтын жағдай, кейбір үлгілер өнімділігі сәл төмен болсада басқа көрсеткіштерімен (ақуыздылық, ауруларға төзімділік) көзге түсуі мүмкін, сондықтан оларды сақтап қалу керек.
Егер көшеттікте қайталаулар болса, онда брактауды әр қайсында жүргізген дұрыс, ол көрсеткіштердің көрсеткіштерін салыстыра отырып қана шешім шығару керек. Бұл жағдайда вариациялық – статистикалық талдау жүргізген дұрыс.
Болашағы бар үлгілерді 3 жыл сынайтындықтан, оларды мемлекеттік сынауға беру әлде брактау туралы шешімді, сол көрсеткіштердің негізінде жасайды. Егер сортсынау (әлде бақылау көшеттігі) стандарттық әдіспен жүргізілсе, онда дисперсиялық талдау жүргізер алдында, үлгілердің өнімін орта стандартқа келтіру керек.
Мысалы:
11-кесте.
Қайталаулар
|
Бірінші
|
Екінші
|
Сорттар
|
А St Б
|
А St Б
|
Өнімділік т/га
|
4,01 3,54 5,03
|
5,02 4,04 5,58
|
St пайыздалғанда
|
113 100 142
|
124 100 138
|
Орта стандарттың өнімділігі: 3,54+4,04 = 3,79 т/га
2
А сортының өнімділігі, орта стандартқа келтірілгенде, бірінші қайталауда:
3,79 • 113 = 4.28 т/га
100
Екінші қайталауда: 3,79 • 124 = 4,70 т/га
100
Б сортынада солай есептеледі.
Бақылау сұрақтары:
Қай көшеттіктерде егінді жинау қолмен жүргізіледі?
Қай көшеттіктерде егінді жинау машиналармен жүргізіледі? Машиналарды атаңыз.
Зертханалық-тәжірибелік сабақ №8
Тақырыбы: Будандастыру
Сабақ мақсаты: Будандастыруды жүргізу жолдары және әдістемесімен танысу
Сабақ жоспары:
1. Будандастыру жоспарын құрастыру
2. Будандастыруды жүргізу жолдары және әдістемесі
Будандастыру – сұрыптауға популяциялар құрастырудың бір жолы. Оны жүргізудің жолдары көп, олар дақылға, сыртқы жағдайларға, будандық материалдың тазалығын бақылау деңгейіне, техникалық мүмкіншіліктерге, мамандардың біліктілігіне байланысты.
1.Будандастырудың жоспарын құрастыру
Будандастырудың жоспарын егістікке дейін жасайды. Онда шағылыстырудың комбинациялары қандай көлемде және әдіспен жүргізілетіні көрсетіледі. Шағылыстырудың комбинацияларын анықтағанда сорттың моделін, алғашқы материалдың мінездемелерімен донарлық белгілерін ескеру керек. Өйткені аталық пен аналықтар белгілері бірін-бірі толтыру керек. Көбінесе бір аталық ретінде жергілікті селекция сортын алады, өйткені климат пен топырақтың ерекшеліктеріне бейімделген. Оларды басқа экологиялық жағдайдан шыққандармен шағылыстыру жақсы нәтижелер береді, трансгрестік формалар пайда болады. Негізінде жергілікті селекция сорттарын аналық ретінде қолданады.
Төменде будандастырудың жоспарының үзіндісі келтірілген.
12-кесте. Жаздық бидайдың будандастыру жоспары______ жыл.
Будандастыру комбинациясының №
|
Аналық форма
|
Аталық форма
|
Масақтар саны
|
Тозаңдандыру тәсілі
|
1
|
Московская 35
|
Белорусская 80
|
10
|
Шектеулі бос
|
2
|
Московская 35
|
Родина
|
10
|
Шектеулі бос
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
112
|
Эритроспермум 11
|
Безенчукская 98
|
5
|
Зорлап
|
Будандастыру техникасы
Будандастыру техникасы көп салалы, бірақта көп жағдайда мыналардан құрастырылады: гүл шоғырын (өсімдікті) дайындау, піштіру, тозаңдандыру.
Бидайда будандастыруды былай жүргізеді. Аналық сорттың жақсы дамыған масақтарын алады, жаңа ғана жапырақтың қынабынан шыққан тозаңдықтармен мен аналық ауыз тез піседі, сондықтан піштірілетін масақтарды жапырақ қынабынан шықпағанын алады. Үстінгі масақшаларды қайшымен кеседі, ал төменгілерін пинцетпен жұлады. Ортаңғы масақшаларды 6-дан 12-ге дейін қалдырады. Ол масақшалардағы жоғарғы гүлдерді пинцетпен жұлады, ал жақсы дамыған 1-ші және 2-ші гүлдерді қалдырады. Ал қылтығы бар сорттардың қылтығын алып тастайды.
Сурет-7. Бидай масағын будандастырумен және піштіруге дайындау реті
Масақты дайындағаннан кейін тозаңдықты жұлады (піштіреді). Масақтың біржағындағы масақшалардағы әр гүлдің үш аталығын жұлады. Ол жұмысты екінші жағында жүргізеді. Масақты сол қолмен, ал пинцетті оң қолмен ұстайды. Аталықтарды жұлғанда аналық ауыздарды зақымдамау керек.
Піштіру аяқталған соң масақты оқшаулайды. Әртүрлі оқшаулауыштар қолданады.Оған қарандашпен аналық форманың атауын, піштірген уақытты және оны жүргізген адамның аты-жөнін жазады.
Тозаңдандыруды аналық ауыз піскенде жүргізеді. Ол піштірілгеннен кейін 2-3 күннен соң (ал құрғақ және ыстық жылдары келесі күнде). Тозаңдандыруды кештетуге болмайды, өйткені көрсеткіштер нашарлайды.
Тозаңдандыруды әртүрлі тәсілдермен жүргізеді. Ең нәтижелі, бірақта көп жұмыс тілейтін зорлап тозаңдандыру. Гүлдері гүлдей бастаған немесе гүлдейін деп тұрған, аталық сорттың масақтарынан пинцетпен тозаңдықтарды жинайды. Тозаңдықтар сары болу керек, бірақта ашылмаған. Оларды бюкске әлде қағаз стақандаврға салады. Тозаңдықтарды көп жинауға болмайды, өйткені уақыт көп кеткенмен қатар тозаңдардың өміршеңдігі төмендейді. Аналық сорттардың масақтарынан оқшаулауышты алып тастап тозаңдатуды бастайды, тозаңдықтарды пинцетпен піштірілген гүлдерге салып. Кейбір жағдайларда екі тозаңдықты салады. Тозаңдандырылып болған соң оқшаулауышты кигізеді.
Шектеулі еркін тозаңдату өнімділеу. Бұл жағдайда гүлдеуге дайын тұрған сабағы ұзын аталықтың масағын қиып алады. Піштірілген масақтардан оқшаулауышты алып аталық форманың масақтарын биіктеу орнатады аналықтардан. Бір аналыққа екі аталықтың масағын алады. Оқшаулауышты кигізгеннен кейін аталықтарға суы бар ыдыс қояды. Керек болса суды құйып отыру керек және бастапқы 2-3 күнде күніне 2-3 рет оқшаулағышты қозғап отыру керек, онда тозаңдану жақсы жүреді.
М.Барлаустің ұсынған, шектеулі еркін тозаңданудың біртүрі «твел» әдісі. Бұл жағдайда, аналық масақтың қабықшасын кеседі. Ал аналық масағын кесіп алып оны оқшаулауыштың үстіңгі жағынан кіргізіп аналықтың үстінде айналдырады. Одан кейін масақты алып оқшаулауышты жабады.
Тозаңдану аяқталған соң, оқшаулауышқа аталықтың атауын, тозаңды жүргізген күнмен жүргізген қызметкердің аты-жөні жазылады.
Еркін тозаңдануда, оқшаулауыш қолданбайды. Бұл жағдайда уақыт үнемделгенмен басқа жоспарланған формалардың тозаңдары тозаңдандыруға араласуы мүмкін. Оны азайту үшін аналықтарды аталықтармен бір алаңда өсіреді. Ал аталықтар 2-3 күн кеш гүлдегені дұрыс. Аналықтардың масақтарын піштіреді, ал піштірілмегендерін жояды. Істелген жұмыстар туралы этикеткаларға жазып піштірілген сабақтарға іледі.
Айқас тозаңданатын дақылдарда будандық тұқымдар алу. Бұл дақылдардың түрлері қос үйлі, ұялас, қосжынысты болуы мүмкін. Сондықтан айқас тозаңданатындарда піштіруді аутостерильділік сирек немесе жоқ болса жүргізеді.
Қос үйлі өсімдіктерде (кенепшоп, құлмақ (хмель) гүлдегенше аналық сорттың аталық өсімдіктердін жояды, ал қалқан аталықтарды тозаңдандыруға қолданады. Оларды бір оқшаулауды астында ұстайды. Ұялас өсімдіктерде бір жынысты гүлдердің аталық гүлшоғырын аналықта жояды, ал тозаңдыруға аталықты қолданады.
Жәндіктермен тозаңданатын өсімдіктерде піштірілген гүлдерге оқшаулаушылар кигізеді; желмен тозаңданатын өсімдіктерде де оқшаулаушылар қолданады.
Тапсырма.
Сорттардың ерекшеліктерін ескере отырып, бір модель сәйкес, будандастырудың жоспарын жасау керек:
а) жаздық бидайға, б) арпаға в) тарыға т.б.
Бақылау сұрақтары:
Будандастыру түрлері.
Ата-аналық жұптарды таңдау принциптері.
Тозаңдану түрлерін ата. Мысал келтір.
Зертханалық-тәжірибелік сабақ № 9
Тақырыбы: Өсімдіктердің полиплоидтық түрлерін алу және біркелкілеу.
Сабақ мақсаты: Өсімдіктердің полиплоидтық түрлерін алу және біркелкілеу жолдарымен танысу
Сабақ жоспары:
Өсімдіктердің полиплоидтық түрлерін алу және біркелкілеу
Көптеген а.-ш. дақылдарының полиплоидтық сорттары өндірісті кеңінен қолданылып жатыр. Полиплоидтарды алу үшін көбінесе колхицин алколоидын қолданады, өйткені көптеген а.-ш. дақылдарында полиплоидтық түрлер пайда болуға әсер етеді.
Колхициннің ертіндісімен құрғақ, өніп келе жатқан және өнген дәндерге, немесе өсімдіктердің өсу нүктесіне әсер етеді.
Колхицинмен әсер етудің көптеген тәсілдері бар. Біз кейбіреуін қарастырамыз.
Қара бидайдың құрғақ әлде өніп келе жатқан дәніне әсер етіп тетраплоидтарын алуға болады. 1-2% негізгі ертіндіні (қараңғыда ұстайды) 0,01% концентрацияға жеткізіп онымен құрғақ дәндерді өңдейді және 3 сағаттан 3 тәулікке дейін (концентрацияға байланысты). Уақыт өткеннен кейін дәндерді сумен жуады, сосын егеді.
Өніп келе жатқан дәндерге әсер еткенде де жоғарыда айтылған жолмен әсер етеді.
Колхицин тамыр жүйесіне әсер етпеу үшін өсу нүктесін өңдеу керек. Ол жағдайда, өніп келе жатқан дәндерді темір торшаларға орналастырады. Торшаны су құйылған жерге қойып бетін жабады. Тамыршалары 1-1,5 см өскеннен кейін торшаны дәндермен аударып өсу нүктелерін колхицинге тигізеді. Тамыршалары кеппеу үшін, оларды дымқыл камераларға қояды. Колхициннің 0,2 % ертіндісінде 16-24 сағат ұстайды. Одан кейін 2-3 сағат сумен шаяды, бір тәулік суда ұсталғаннан соң жарнағының қалтасы жуандаған, ол полиплоидтықтың көрсеткіші,, өсімдіктерді топырақ және құм қосылған жәшіктерге отырғызылады. 2-3 жұмадан кейін жәшіктерді яровизациялауға (-1оС) 60 күнге қояды. Сол жәшіктерде піскенше қалдырады.
Басқа өсімдіктермен жұмыс істегенде тамшылар әдісін қолданады. Бұл жағдайда өсу нүктесіне әлсін-әлсін колхицинді тамшылатып отырады.
Қант қызылшасында тетраплоидтар «қосқұлақ» кезеңінде өңдегенде көп шығады. Өңдеуді жылы жайда 16-180С температурада 60-80% дымқылдықта жүргізеді. Жәшіктерге егілген дәндерді 6-10 күннен кейін өңдейді. Әр 2-3 сағат сайын 0,2 %-ды концентрациялық колхицинді пипеткамен тамызып отырады. Өңдеу 12-20 күнге созылады. Тетраплоидтық белгілері бар өсімдіктерді мөлдекке егеді.
Колхицинмен жұмыс істегенде абайлау керек, колхицинді денеге тигізуге болмайды.
Өсімдіктерді колхицинмен өңдеген жылы әртүрлі плоидты дәндер пайда болады, ал біздің ісіміз тетраплоидтық жасушалары бар өсімдіктерді көбірек сұрыптау.
Бақылау сұрақтары:
Полиплоидтарды алу жолдары
Колхицин дегеніміз не? Колхицинге сипаттама бер.
Өсімдікті колхицинмен өңдеу тәсілі.
Зертханалық-тәжірибелік сабақ № 10
Тақырыбы: Өсімдіктердің мутанттық түрлерін алу және талдау
Сабақ мақсаты: Өсімдіктердің мутантақ түрлерін алу жолдарымен танысу.
Сабақ жоспары:
Мутагендермен әсер ету арқылы жаңа популяция алу.
Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бағалы формаларын алу тәсілі ретінде, экспериментальдік мутагенез, селекциялық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Физикалық және химиялық мутагендерді қолданады. Физикалық мутагендер ретінде кеңінен иондаушы сәулелерді қолданады: гамма, рентген және жылдам нейтрондар. Селекционерлер сәулелеуді жүргізбейді. Оны арнайы мамандар – физиктер жүргізеді. Құрғақ дәндерді сәулелеген дұрыс. Кейбір дақылдардың сәулелеу мөлшері кестеде келтірілген.
13-кесте. Рентген және гамма – сәулелерімен сәулелеу мөлшерінің жоғарғы деңгейі
Дақыл
|
Мөлшер деңгейі,кР
|
Дақыл
|
Мөлшер деңгейі, кР
|
Жұмсақ бидай
|
15-20
|
Қара бидай
|
10-15
|
Арпа
|
20-23
|
Жүгері
|
10-15
|
Сұлы
|
25
|
Ас бұршақ
|
5-15
|
Рентген, гамма – сәулесімен әлде жылдам нейтрондармен сәулелеген дәндерді жедел егу керек.
Химиялық мутагендер ретінде этиленимин, этилметансульфонат, гидроксиламин, нитрозоэтилмочевиналар қолданылады. Оларды аз концентрацияларда (0,0001-3%) қолданады. Концентрация мутагенге, зарзатқа (обьект) және экспозицияға байланысты. Экспозиция – 3-18 сағат.
14- кесте. Тұқым өңдейтін химиялық мутагендердің концентрациясы,%
Дақыл
|
Мутаген
|
этиленимин
|
Этиметансульфонат
|
Нитрозометилмочевина
|
Бидай
|
0,01-0,06
|
0,5-1,5
|
0,0001
|
Арпа
|
0,03-0,06
|
0,5-1,0
|
|
Ас бұршақ
|
0,02-0,06
|
0,15-0,5
|
0,0001
|
Дәндерді өңдегеннен кейін сумен шәйіп егуге болады. Ал химиялық заттарды арнайы жерлерде қолдану керек, егер теріге тисе ол жерді жедел сумен жуу керек.
Бірінші мутанттық ұрпақта (М1) доминанттық мутациялар болады, олар рецессивтіктен сирек. Ал рецессивтік мутациялар М2 пайда болады. Сондықтан М2 егілген өсімдіктерді қарап шығып сыртқы пішінімен сұрыптайды.
Әр мутагеннің тиімділігін анықтау үшін М1 өсімдіктердің дән байлағанын егілген дәндерге шағып пайызын табады.
Сұрыпталған өсімдіктерді келесі ұрпақтарда қолданады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мутациялар типтері.
2. Мутацияларды тудыру әдістері.
3. Өсімдік селекциясында мутацияның ролі.
Зертханалық-тәжірибелік сабақ № 11-12
Тақырыбы: Сұрыптау
Сабақ мақсаты: Жаппай және жеке сұрыптау тәсілімен танысу.
Сабақ жоспары:
Сұрыптау түрлері.
Қара бидайда жаппай сұрыптау.
Бидайда жеке сұрыптау.
Сұлыда жеке сұрыптау.
Сұрыптау түрлері.
Сұрыптау– селекциялық жұмыстың міндетті этапы. Сұрыптаудың екі негізгі түрлерін бөледі – жалпы және жеке. Өсімдіктерді жалпы сұрыптағанда популяциялардан бір үлгі жасайды, жұмысты жеңілдетіп, бірақта селекционер ұрпақтық бағалауды дұрыс жүргізе алмайды; ал жеке сұрыптағанда - әр өсімдіктің ұрпағы бөлек саналады. Селекциялық тәжірибеде жеке талдау басымды. Жалпы талдауды, алғашқы тұқым шаруашылығында, айқас тозаңданатындардың селекциясында, ал өздігінен тозаңданатындарда белгілері біркелкі өсімдіктер алғысы келгенде, қолданады. Талдауды арнаулы егістіктерде жүргізген дұрыс, егілген тұқымдарының фракциялары, рельефі мен құнарлығыда біркелкі болу керек. Мөлдектердің шеткі қатарларын талдауға қолданбайды. Егістік жағдайда талдау жүргізуге уақыт тапшы болса, онда өсімдіктерді тамырымен жұлып алып бір бауға байлап қыста талдайды.
Селекцияда талдауды бірнеше белгілерге жүргізеді. Талдауды дұрыс жүргізу, селекционердің уақыты мен еңбегін, үнемдеу керек. Өсімдіктермен талдау бағалауға кең ақпарат береді.
Қара бидайда жаппай сұрыптау.
Қара бидайдың элиталық өсімдіктерін іріктегенде келесі белгілергі көңіл бөлу керек:
Өскен жағдайда қалыптасқан биіктікке
Бірнеше жақсы дамыған өнімді масақтардың болуы, шамамен бір қатар болатын және бір уақытта пісетін;
Жаңа өскен сабақтардың аздығы (әлде тіпте болмауы)
Жапырылуға төзімді сабағы бар
Масақтардың жапырылмауына
Дәннің ірілігіне қарамай олардың көбірек жабық болуына
Алақат дәнділік болмауына
Аурулар және зиянкестермен зақымдалуы болмауына
Іріктеп алынатын өсімдіктердің саны келесі есептен алынады. Қара бидайдың бір масағынан, орта есеппен, 1 г алуға болады. Сондықтан, мысалы, 3 кг тұқым алуды жоспарласақ, онда 3000 масақ жинау керек. Егер әр өсімдікте орта есеппен төрт өнімді сабақ болса, онда 750 өсімдік жинаймыз.
Жаппай сұрыптауды қысқартып жүргізгенде барлық алынған өсімдіктер бірге бастырылады. Әрқашан іріктелген өсімдіктер терең талданады зертханалық жағдайда.
Талдауды зертханада қысқаша өткізуге болады, кейбір мағыналы көрсеткіштерін көзбен бағалап, әлде терең өткізуге болаы – санап, өлшап, таразылап.
Зертханалық талдауды қысқаша өткізгенде тек дәндерді қарайды. Ол үшін әр өсімдікті бөлек бастырып дәндерін тәрелкеге салады, сосын оларды байқап шығып баға береді. Егер дәндері кейбір көрсеткіштермен нашар болса, ол өсімдікті жарамсыздандырады.
Дәннің келесі бергілерін ескереді: а)ірілігін; б)толықтығын; в)біркелкілігін; г)дәндерінің санын; д)бояуын.
Дәннің ірілігін жоғары өнім бермейтін өсімдіктерді жарамсыздандырады. Ал орташа және ірі дәні бар өсімдіктерді қалдырады. Керек жоқ дәндерді бір қол дорбаға салып егіске дейін сақтайды.
Келтірілген жаппай сұрыптау өте тиімді, оны қиындатып керек жоқ. Ал зертханалық сабақтарда студенттермен іріктелген өсімдіктерді терең талдауға болады.
Іріктелген өсімдіктердің зертханалық талдауын төменгі келтірілген кестемен жүргізеді.
Кестеде келтірілген көптеген көрсеткіштер бидай және арпада сұрыптау жүргізгенде сипатталған. Сондықтан бұл жерде жоғарыда қарастырылмаған белгілерге көңіл бөлеміз.
Масақ діңгегі мүшелерінің санын оның ұзындығына (см) бөліп масақ тығыздығын анықтаймыз. Масақ борпылдақ болып есептеледі егер 3,2 төмен болса; орташа – 3,2 ден 3,5 дейін; орташадан жоғары 3,6 дан 3,9 дейін; жоғары – 4 және одан көп. Масақтағы дамыған масақша санын 2 көбейтіп масақтағы гүл санын білеміз. Масақтың барлық гүлдерін мұқият қарастырып ұрықсыз гүлдердің санын есептейміз (масақшалардың үшінші гүлдері есептелмейді). 10 және 11 бағандардың негізінде алақат дәндердің пайызын есептейді.
Ең жақсы масақтың дәндерінің массасын таразыда өлшеп анықтайды.
Егер дәннің ұзындығының 1/3 гүл қабыршағымен жабылмаса, онда дән ашық болып есептеледі. Егер дәннің басы көрініп тұрса, онда орташа ашық болып есептеледі. Гүл қабыршағынан шықпай тұрған дән жабық деп аталады.
Қара бидайдың дәні мөлшері бойынша ұзын, орташа, қысқа болады, пішіні бойынша ұзын және сопақ. Ұзындығы мен жалпақтық қатынасы 3,3 тен көп болса ұзынша деп есептейді, ал бұл қатынас 3,3 және одан аз болса сопақ.
Барлық өсімдіктерді талдап болғанна кейін әр өсімдік бойынша қорытынды жасау керек, яғни қандай өсімдіктің тұқымдарын, қалдыру керек, ал қандайын жарамсыздандыру керек. Бұл жағдайда мына негізгі жағдайларға көңіл бөлу керек, дән өнімділігі мен сапасын көтеретін.
Ол белгілер мыналар: масақтардың бірқатарлығы, алақат дәнділіктің пайызы, ең жақсы масақтың және өсімдіктің дәндерінің массасы, 1000 дәннің массасы, дәннің толықтылығы мен буркелкілігі, аурулар мен зиянкестерге зақымдалуы, дәндердің жабықтығы. Осы көрсеткіштермен салыстары отырып 24 бағанда «қалдыру керек» әлде «жарамсыз» деп жазады. Өсімдіктердің зерханалық талдауын келесі түрде жүргізуге болады.
15-кесте. Қара бидайда жаппай сұрыптау жүргізу.
Өсімдік №
|
Өсімдікпен бағалау
|
Ең жақсы масақпен бағалау
|
Өнімді түптенуі
|
Жаңа өскен сабақтардың саны
|
Жалпы түптенуі
|
Сабақтардың бірқатардығы
|
Аурулар мен зиянкестер мен зақымдануы
|
Масақтың діңгегінің ұзындығы, см
|
Діңгектегі масақшалардың саны
|
Масақтың тығыздығы
|
Саны
|
Масақтағы гүлдердің
|
Масақтағы дәнсіз гүлдер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалғасы
Ең жақсы
|
Өсімдіктердің дәндерін бағалау
|
Қорытынды
|
Алақат дәнділік٪
|
Ма-ақтағы дәндердің мас-сасы, г
|
Дән ашық, орташа ашық, жабық
|
Өсімдіктегі дәндердің саны
|
Өсімдіктегі дәндердің массасы, г
|
1000 дәннің массасы, г
|
Толықтылығы
|
Біркелкілігі
|
бояуы
|
Мөлшері
|
Пішіні
|
Аурулар мен зиянкестерге зақымдалуы
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бидайда жеке сұрыптау
Элиталық өсімдіктерден алынған дәндерді араластырмай бөлек қол дорбаларда сақтау және бөлек мөлдектерде егу жекек сұрыптаудың жайпай сұрыптаудан айырмашылығы. Бұл әдісте селекциялық көшеттікте мөлдектердің саны (стандарт мөлдегін есептемегенде) іріктелген элиталық өсімдіктердің санына сәйкес. Жеке сұрыптау әдісінде селекцияның негізгі қағидасы ең толық жүргізіледі, яғни элиталық өсімдіктерді ұрпағымен бағалау.
Элиталық өсімдіктерді егін орар алында іріктеген дұрыс. Егер сұрыптау алғашқы материалдар көшеттігінде жүргізілсе, онда белгіленген мөлдектерден ең жақсы өсімдіктерді таңдап оларды тамырымен жұлып алады. Бір мөлдектен алынған өсімдіктерді бөлек байлап этикеткасына мөлдектің және үлгінің нөмірлері жазылады.
Зертханада баулардан элиталық өсімдіктерді іріктейді. Бұл жерде баудағы әр өсімдікті мұқият қарастырып және олардың ең жақсысын элиталық ретінде іріктейді.
Элиталық өсімдіктер келесі белгілермен көзге түсу керек:
1)осы жылға сәйкес өсімдік биіктігімен;
2) жақсы өнімділік түптілігімен, барлық масақтары біркелкі пісіп және бір биіктікте болу керек;
3) жаңа өскен сабақтары жоқ әлде аз болуы керек;
4) жапырылуға төзімді сабағымен;
5) аурулар мен зиянкестерге шалдыққандры жоқтығымен;
6) дәндердің құйылмауымен, оны масақтарды жеңіл сілкілеумен анықтайды.
Объективтік көрсеткіштер терең талдау жүргізбейді, ал тек өсімдіктерді бөлек бастырып және өсімдіктің дәндерін көзбен бағалайды.
Өсімдіктер әлде кесілген масақтар арнайы зерханалық бастырғышта бастырылады, олар бір әлде бірнеше масақтарды бастыруға арналған. Егер олар болмаса бастыру және ұшыруды қолмен істейді. Әр өсімдіктің дәндерін бөлек тәрелкеге салады. Әр тәрелкеге, алынған өсімдіктерден үлгінің бар этикетка салады. Сосын дәнімен бағалайды. Ол үшін бір алғашқы үлгінің дәндері бар тәрекелерді қатарлап қояды. Стөлге тік күннің көзі түспеу керке, онда дәнді бағалау нашарлайды. Әр өсімдіктің дәндерін бағалағанда қай дән қалдырылатыны, қай дән жойылатыны анықталады. Элиталық қатарына алынатын өсімдіктердің әр өсімдігінде және масағында дән саны неғұрлым көп және олар толық, біркелкі, ірі әлде орта ірі, шынылы болу керек.
Өсімдіктегі және масақтағы дәннің өнімі өнімділіктің көрсеткіші сондықтан лған көп магына беріледі. Өйткені көлемнен шығатын өнімдікке әсер етеді.
Дәннің толықтығы(толысуы)-бұл өте мағналы белгі, өйткені онымен осы өсу жағдайына икемділігін анықтауға болады.
Дәннің ірілігімен біркелкілігі басқа белгілепмен мағыналы. Егер бір өсімдіктің дәні, біркелкі болса, ол өтек жақсы.
Дәннің ірілігі өте зор белгі болғанымен басқа белгілері жақсы болса тек ірі болмағандықтан оны қатардан шғаруға болмайды. Яғни орта ірін қалдырып, тым ұсақты сырт қалдырады.
Дәннің консистенциясы шынылы, орташа шынылы, ұнды болады.
Басқа белгілермен қатар дәннің пішінінің мағынасы бар. Дөңгелек пішінінің мағынасы бар. Дөңгелек пішінді ұзыншаларға қарағанда ұнның шығымына әсер етеді.
Дәнді барлық белгілермен бағалайды, олардың ішінде ең мағыналысы толықтық. Көрсетілген белгілер бойынша дәндерді көзбен бағалай отырып тектейді. Тектелген дәндерді бірге қосады. Әр тәркелкеде қалдырылған дәндерді бөлек қағаз пакетикке салып бөлінген линияға нөмер береміз. Линияларды нөмірлейтің бірнеше тәсілдер бар. Ең ыңғайлысына тоқалайық. Естелік, селекционерге келген әр үлгі негізгі катологке енгізіледі және келесі нөмір беріледі. Бұл үлгіден элиалық өсімдіктер бөлінсе бұл нөмірге тағы нөмір қосылады, ол бірден басталады. Мысалы, негізгі каталогке енгізілген №496 үлгіден төрт элиталық өсімдік бөлінеді. Оның біреуі(оның тұқымы) №496/1 болады, екіншісі №496/2, үшіншісі №496/3,төртіншісі №496/4 болады. Бұл нөмірлер линияларда селекциялық станцияларда жұмыс істелгенде сақталады. Тұқымдарды пакетиктерде еккенше сақтайды және әр элиталық өсімдіктің дәннің бөлек мөлдекке селекциялық көшеттікте егеді.
Жеке сұрыптаудың қысқаша тәсілінде мына жұмыстар жүргізіледі:
Танапта әлде зертханада баулардан мына белгідермен өсімдіктерді іріктеу:
а) өсімдіктердің масақтардан жақсы дамуы;
б) масақтардың бір қатарлығы;
в) жаңа өскен сабақтар болмауы;
г) жапырылмауы;
д) құйылмауы;
е) аурулар мен зиянкестерге зақымдалмауы;
2. Іріктелген өсімдіктерді бастыру және этикеткаларға алғашқы үлгілердің нөмірлері мен бастырылған масақтардың санын жазу.
3. Мына белгілермен дәнді тектілеу;
а)өсімдікке және масаққа келетін дәннің саны;
б) дәннің біркелкілігі;
в)дәннің толықтығы;
г)дәннің ірілігі;
д)дәннің шынылығы.
4. Пакеттерге линиялардың нөмерлерін жазу және іріктелген тұқымдардың салу.
Жоғарғы келтірілген элиталық өсімдіктерді қысқаша сұрыптау әрқашан тиімді болмайды. Сондықтан, объективтік көрсеткіштер керек болғанда өсімдіктерді терең талдау керек. Өсімдіктердің зерханалық талдауын келесі түрде жүргізуге болады.
16-кесте. Бидайда жеке сұрыптау жүргізу
Өсім-дік
|
Өсімдікпен бағалау
|
Ең жақсы масақпен бағалау
|
Түрше-сі
|
Өнімділік түптенуі
|
Жаңа өскен сабақтардың саны
|
Жалпы түптенуі
|
Сабақтар-дың биіктігі, см
|
Өсімдік биіктігі, см
|
Ауру және зиянкестермен зақымдану
|
Масақ діңгегінің ұзындығы, см
|
Діңгектегі масақшалардың саны
|
Масақтың тығыздығы
|
Масақтағы жетілген масақшалардың саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалғасы
Өсім-дік
|
Ең жақсы масақпен бағалау
|
Өсімдіктің дәндерін бағалау
|
Кор-тын-ды
|
Масақ-тағы дәндердің саны
|
Масақша-дағы дәндердің орта саны
|
Масақ-тағы дәндердің массағы, см
|
Өсімдіктегі дәндердің саны
|
Өсімдіктегі дәндердің массасы, г
|
1000 дәннің массасы, г
|
Толы-қтығы
|
Бір-кел-кілігі
|
Кон-систен-циясы
|
Аурулар және зиянкес-термен зажым-далуы
|
1
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өсімдік жататын түршені айырғышпен анықтайды.
Өсімдіктің биіктігін ең ұзын сабақты өлшеумен анықтайды.
Тығыздылығымен масақтар тығыз, орташа және борпылдақ болады. Жұмсақ бидайдың 1 см діңгегіне 1,6 масақша келсе брпылдақ болып есептеледі: орташа- 1,7 ден 2,2 дейін тығыз- 2,3-2,8: өте тығыз - 2,8 масақшадан көп. Қатты бидайда борпылдақ масаққа 1 см діңгекке 2,4 масақша келеді, орташа- 2,5-2,9 ; тығызына- 2,9дан көп. Әр өсімдіктің өнім беретін масақтарын санап өнімділік түптену анықтайды. Жаңа өскен сабақтард масақтар болмайды, әлде өнімсіз болады. Өнуі және өнімсіз масақтардың саны жалпы түптенуді береді. Сабақтардың бір қатардағы көзбен анықтайды, яғни , жақсы орташа не нашар болады. 8 және 22 бағандарда зақымданулардың бары әлде жоғы келтіріледі.
Масақ діңгегінің ұзындығы сызғышпен өлшеп анықтайды. Оны масақ діңгегінің ең төменгі кемерінен басына дейін өлшейді. Егер де бірде бір гүлде дән болса олард дамығна масақшаға жатқызады.
Масақтағы дәндердің санын бастырғыннан кейін санайды. 13 бағанның көрсеткішін 12 бағанның көрсеткішіне бөлгенде масақшадағы дәндердің орта санын табамыз (14 баған).
Өсімдіктің дәндер санын есептеумен, ал салмағын таразыда өлшеп анықтайды. Дәннің толықтығы мен біркелкілігі көзбен анықталады. Дән толық бүркіскен, әлжуаз болады, ірілігімен біркелкі және әртүрлі болады. Өсімдіктерді талдау аяқталған соң, кестенің көрсеткіштерін және тәреклкедегі дәндерді қарап, тектілеу мен қорытынды жасайды. Қорытынды 23 бағанға жазады. Тектіленген дәндерді бірге қосып егуге қолданбайды. Ал қалдырылған дәндерді бөлек пакеттерге слып сыртына элиталық өсімдіктердің нөмірін жазады. Сосын егістік тізімге еңгізіп келесі егіске дейін сақтайды. Элиталық өсімдіктердің дәндерін селекциялық көшеттікке егеді.
Сұлыда жеке сұрыптау
Сұлыда элиталық өсімдіктерді бидайдағыдай іріктейді. Іріктегенде көңіл бөледі: өсімдік биіктігіне, өнімділік түптенуіне, жаңа өскен сабақтардың болмауына, сабақтың жапырылып қалмауына, аурулар мен зиянкестерге зақымдалмауына, дәннің құйылмауына.
Сұрыпталған өсімдіктерді бөлек бастырып және дәні бойынша көзбен жарамсыздандыру жүргізеді.
Өсімдік пен шашақгүлдегі дәндердің өнімі аз болса, дәні ұсақ және толық болмаса, өсімдіктер, аурулар мен зиянкестерге зақымдалса, әлде көп бос және қосалқы дәндері болса онда ол өсімдіктер жарамсыз болып есептеледі.
Сұлыда бос дәнді деп тек гүл қабыршығы дәндері бар және дәні кейбір жағдайларға байланысты қалыптаспағанды айтады.
Қосалқы дәндер – бұл масақшалар, олардың ішінде дән бірінші дәннің гүл қабыршағына қондырылғандай сонымен дән қалыптастырмаған.
Іріктелген өсімдіктерді әділ бағалау үшін өсімдіктер мен дәндерді терең талдау керек. Оны келтірілген кесте бойынша жүргізу керек.
Сұлының өнімділік түптенуі және өскен сабақтары жалпы түптенуі және сабақтардың біркелкілігі бидайдағыдай анықталады.
17-кесте. Сұлыда жеке сұрыптау
Өсімдік №
|
Өсімдікпен бағалау
|
Ең жақсы шашақгүлімен бағалау
|
Саны
|
Бір шашақ гүлдің дәндерінің массасы, см
|
Өнімді түптенуі
|
Жаңа өскен сабақтардың саны
|
Жалпы түптенуі
|
Өсімдік биіктігі, см
|
Сабақтардың бірқатардығы
|
Дамыған масақшалардың
|
Шашақ гүлдегі дәндердің
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
жалғасы
Өсімдік бойынша дәнді бағалау
|
Өсімдіктің дәндерін бағалау
|
Өсімдіктегі дән саны (а)
|
Өсімдіктегі дән массасы,г
|
1000 дәннің массасы,г
|
Қосалқы дәннің саны, (б)
|
Қосалқы дәннің пайызы ٪
|
Бос дәндер
|
Бос дәннің саны (ұрықсыз гүлдер)
|
Гүл қабыршағы ның бояуы
|
Қылтық тылығы (жоғары, орташа, төмен, жоқ)
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жалғасы
Қылтық сипаты (дөрекі орташа, төмен, жоқ)
|
Дән пішіні
|
Аурулар және зиянкестермен зақымдалуы
|
Қорытынды
|
19
|
20
|
21
|
22
|
|
|
|
|
Ең ұзын сабақты өлшеп өсімдіктің биіктігін анықтайды. Қалыптасқан масақшалардың санын ең жақсы шашақгүлмен анықтайды. Бос масақшаларды есептепмейді.
8 бағанды толтыру үшін ең жақсы шашақгүлдің дәндерін есептейді, бостарын есепке алмайды.
Шашақгүлдің дәндерінің массасын таразыда өлшеп анықтайды. Бос дәндерді өлшемейды, бірақ есептеуге қалдырады.
10-21 бағандарды толтырғанда өсімдіктің барлық шашақгүлдерінің дәндерін есептейді.
10 және 11 бағандардың көрсеткішімен 1000 дәннің массасын табады. Қосалқы дәндердің пайызын былай табады:
Мұнда а-өсімдіктегі дәндердің саны (10 баған)
б-қосалқы дәндердің саны (13 баған)
бос дәндердің пайызын былай табады:
Мұнда в-бос дәндердің саны (15 баған)
а-өсімдіктегі дәндердің саны (10 баған)
Қылтықтық дәрежесін бірінші дәндермен анықтайды. Қылтықтық болады: а)жоғары, егер дәндердің саны барлық санға қарағанда 50 пайыздан көп болса; б)орташа – 25-50 пайыз; в)төмен – 25 пайыздан аз.
Үш түрлі қылтық болады:
қылтық күшті дамыған, дөрекі, бұратылған және қара боялған
қылтық орташа, буындары жоқ, түбі бұратылғ,ан және боялған (орташа дөрекі)
қылтық сәл дамыған, қысқа, ақ, тік, кейде сәл бұратылған (нәзік)
Пішіні бойынша дәндердің келесі түрлері бар: москвалық, харьковтік, ине тәрісдес, ұзын қауызды және шатиловтік.
Өсімдіктерді талдау аяқталған соң, кестенің көрсеткіштерін және тарелкедегі дәндерді қарап, тектілеу мен қорытынды жасайды. Қорытындыны 22 бағанға жазады.
Өсімдіктерді бағалағанда барлық белгілерді ескереді. Бірақта олардың ең мағыналысы: сабақтардың біркелкілігі, шашақгүлдің және өсімдіктің дәндерінің салмағы, 1000 дәннің массасы, қосалқы және бос дәндердің пайызы, аурулар және зиянкестермен зақымдалуы.
Жарамсыздандырылған дәндерді бірге қосады, егуге қолданбайды. Қалдырылған дәндерді бөлек пакеттерге салып, оларға элиталық өсімдіктердің нөмірін береді. Барлық пакеттерді егіске сақтайды.
Тапсырмалар:
Қара бидайда жаппай сұрыптау жүргізіңдер
2. Бидайда жеке сұрыптау жүргізіңіздер
3. Сұлыда жеке сұрыптау жүргізіңіздер
Бақылау сұрақтары:
Жаппай сұрыптау
Жекелей сұрыптау
Жаппай және жекелей сұрыптаудың негізгі айырмашылықтары.
Жаппай және жекелей сұрыптау кезінде есепке алынатын сандық және сапалық көрсеткіштерді ата.
Зертханалық – тәжірибелік сабақ № 13
Тақырыбы: Вегетациялық кезең ұзақтығын есепке алу
Сабақ мақсаты: Фенологиялық бақылау жүргізу әдістемесімен танысу. Вегетациялық кезең ұзақтығын есептеу.
Сабақ жоспары:
Фенологиялық бақылаулар
Фенологиялық бақылаулар өсімдіктердің тіршілік ету фазаларының түсу күндерін белгілеуге мүмкіндік береді, яғни өсімдіктердің белгілі бір мүшелерінің қалыптасуымен тығыз байланысты – егін көгі, көпжылдық шөптердің қыстап шыққаннан кейінгі қайтадан өсіп шығуы, жапырақтарының, сабақтарының, гүлдерінің, жемістерінің және т.б., ішкі морфологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Өсімдіктердің тіршілік фазаларына бақылау жүргізудің екі негізгі әдістерін пайдаланады: толық егін көгі фазасындағы өсімдіктердің санын есептеу және тәжірибе мөлдектерінде тіршілік фазаларының түсу уақытын көз мөлшерімен анықтау.
Бағдарламаға, тәжірибенің міндеттеріне және зерттеу объектісіне байланысты өсімдіктердің даму фазаларының басы және толық фазасы тіркеледі (белгіленеді), сонымен қатар белгілі бір даму фазаларының басын, осы фазаға өсімдіктердің 10%-ы жеткенде ғана белгілейді, ал толық фазаны осы фазаға өсімдіктердің 75%-ы жеткенде белгілейді. Тәжірибеде фенологиялық бақылауларды бір адам жүргізген дұрыс.
Танаптық тәжірибелерде жекелеген дақыл топтары үшін келесідей даму фазаларын белгілеп, бақылау жүргізу қабылданған:
Астық дақылдары: егін көгінің пайда болуы, түптену, түтікке шығу (сабақтану), масақтану (шашақтану), гүлдену (қара бидайда), сүттене, балауыздана және толық пісу;
қарақұмық: егін көгі, бұтақтану, гүлдену, сүттене және шаруашылықтық пісу;
дәнді-бұршақ дақылдары: егін көгінің пайда болуы, бүйірлік өркендердің және гүлшоғырларының пайда болуы, гүлдену және пісу;
көпжылдық астық тұқымдас шөптер: егін көгінің пайда болуы, түптену (сепкен жылы түптену фазасының басы), көктемде қайтадан өсіп шығуы (өсімдік тіршілігінің қайтадан жандануы), түтікке шығу, масақтану (шашақтану), гүлдену, шаруашылықтық пісуі, тіршілік ету кезеңдерінің соңы;
бұршақ тұқымдас шөптер: егін көгінің пайда болуы, бүйірлік өркендердің пайда болуы, гүлшоғырларының пайда болуы, гүлдену, шаруашылықтық пісуі, тіршілік ету кезеңдерінің соңы (өлу); сонымен қатар көпжылдық шөптерде тіршілігінің екінші және кейінгі жылдарында көктемдегі қайтадан өсіп шығуы (өсімдік тіршілігінің қайта жандануы), шабылмалы пісу фазалары, шауып алғаннан кейінгі шөп отының қайтадан өсуі сияқты фазалары белгіленеді;
жүгері: егін көгі, үшінші жапырақтың пайда болуы, шашақбасының шашақтануы, собықтың гүлденуі, собықтарда шоқ гүлдің пайда болуы, сүттене пісу, балауыздана пісу, толық пісу;
күнбағыс: егін көгінің пайда болуы, бірінші негізгі жапырақтың пайда болуы, сабақтың өсуінің басы, себеттердің қалыптасуы, гүлдену, пісу;
тамыржемістілер: егін көгінің пайда болуы, бірінші қос жапырақтың пайда болуы, үшінші негізгі жапырақтың пайда болуы, тұқым жарнағының жуанданған жері, сыртқы жапырақтардың солуы, сонымен қатар жапырақтардың бір қатарға, қатараралықтарға қатар түзелуі, қатараралықтарда жапырақтардың ажыратылуы.
Бақылау сұрақтары
Фенологиялық бақылаулардың маңызы қандай және өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдерінің фазалары – тіршілік фазасының басы және толық фаза қалай белгіленеді?
Танаптық тәжірибелерде әр түрлі дақыл топтары үшін қандай тіршілік ету фазалары белгіленеді – астық, дәнді-бұршақ, жүгері, мал азықтық біржылдық және көпжылдық, астық және бұршақ тұқымдас шөптер?
Зертханалық - тәжірибелік сабақ № 14
Достарыңызбен бөлісу: |