10.2 Тозаң қоспасымен тозаңдандыру әдісі.
Аналық өсімдіктің аналық аұзына баска әр түрлердің, тіпті туыстардың тозаңды қоспасын салады. Мичурин осы әдіспен алма мен алмүрттың, сары өрік пен кара өріктің, шие мен мойылдың, айна мен алмұрттың будандарын адды.
И.В. Мичурин географиялықалыс формаларды будандастыруға ерекше маңыз берді. Алмүрттың Бере кыскы сорты жабайы уссұрий алмұрты мен оңтүстікте өсетін француздың Бере роль сортын будандастыру арқылы алынды. И. В. Мичурин Бельфлер-Китайка сортын шығару барысында буданның қолайсыз белгілерін көшіріп, бағалы белгілерін күшейтетін ментор әдісін жасады. Мичурин жасаған Бұл әдістерді казіргі кезде ғалымдар тәжірибеде кеңінен қолдануда.
Мәдени түрлерді жабайы түрлермен будандастырудан алынған алшақ будандарда, әдетте, соңғыларының белгілері басым келеді. Мәдени түрге тән бағалы белгілер мен касиеттерді күшейту үшін каныктырушы будандастыру әдісін қодцанады.
Будандардың төмен өсімталдығы немесе толық тұқымсыздығы жаңа мөселе болып танылады. Бірінші ұрпақ буданының тұүқымсыздығын болдырмау үшін қайыра будандастыру мен өсімдіктің хромосомалар саньгн екі еселеуді қолданады.
Буданның ұрықсыздықдөрежесі будандастырылатын түрлердің филогенездік қатынастарына, бірінші қүрпақ өсімдіктерінде гомологиялық хромосомалардың немесе тұтас геномдардың бар-жоктығына байланысты. Толық асинтез жағдайында өсімдіктер толығынан тққым бере алады, мысалы, кара бидай-бидайық, бидай-жаукияқжәне баска будандар.
Ең болмаса жекелеген тіршілікке икемді гаметалары бар будандастырудың тұқымсыздығын болдырмау амфидиплоидия жолымен ғана емес, сонымен қатар ата-ана түрлерінің бірімен қайта будандастыру (бекросс) арқылы да жоюға болады.
Сөйтіп алшақ будандастыру адамға түр күбылыстарын жасауды бастап беріп, оларды іске қосуға, қайыра будандастырулар (беккросс) арқылы оны тиімді арнаға бағыттауға, жаңа түрлерді "конструкциялауға" мүмкіндік береді.
Белгілі бір транслокациялар және клеткалар культурасын шығаруға мүмкіндік туды (еске сала кетейік, транслокация дегеніміз - хромосоманың бөлігін басқа хромосомаға көшіру). Олардың құндылығы қайсыбір геннің кай хромосомада орналасқаньш ғана емес, сонымен бірге осы хромосоманың нақты қай учаскесінде орналасканын анықгауға болады. Қайсыбір генмен қоса, бөтен хромосоманың бөлігін қосып алған хромосома жоғалғанда, ол өзімен қоса нақ қандай геңді ала кеткені дереу айкын болады (әрине, егер оның өз гендері анықталып тіркелген болса). Түрлі транслокациялары бар клеткаларды қолдан жасап ала отырып, хромосомалардың жеке бөліктерін кезекпен "алып тастауға" және осылайша жеке гендердің орналасқан жерлерін дәл анықтауға болады.
Қазіргі тұраралық будандар әдісінің шапшаң дамып бара жатқандығы соншалық, кезекші хромосоманың жоғалуы мен белоктың құрып кетуі арасындағы байланысты анықтау үшін ЭВМ-ді пайдалануға тура келіп отыр.
Гендерді айкындаудың барлық осындай әдістері әзірге адамның шамамен 100 шақты генінің орнын табуға мүмкіндік берді. Тұқым куалаушьільгқтьщ толық картасын жасау алдымен бала туғанға дейін тұқым куалайтын ауруларды болжап айтуға, ал кейін генетикалық аппаратқа операция жасауға, оның ақауы бар бөлшегін жаңа, сау клеткадан алынған немесе лабораторияда синтезделген бөлшекпен (гендерді синтездеу) ойдағьщай іске асыруға мүмкіндік береді.
Кейбір мамаңдардың пікірінше, бес-он жылдан кейін іс жүзіңде барлық тұқым қуалайтын ауруларды эмбрионның дамуының ерте кезеңдерінде анықтау мүмкін болады. Бұған дейін, сірә, адамның генетикалық картасында шамамен мың шақты тендер орналасқан жсрлері аньгқталады.
10.3 Инбридинг.
Генетиктер жыныстьщ жолмен көбеюдің екі тәсілін ажыратады: аутбридинг және инбридинг. Аутбридинг (туыстық емес көбейту) жақын туыс емес, туыстық тегі жоқ организмдерді будандастыру арқылы іске асырылады. Инбридинг (инцухт, жақын туысты кебейту) жақын текті организмдерді будандастыру арқылы іске асырылады.
Инбридингтің генетикалық нәтижесі гетерозиготаның азаюы болып табылады, аутбридинг оны көбейтеді.
Өсімдік түрлерінің көбісі - айқас тозаңданатындар, яғни табиғи жағдайда аутбридинг тәсілімен көбейеді. Айқас тозанданатын өсімдіктердің табиғи және сорттық популяциялары генотипі жағынан әр алуан гетерозиготалы жеке организмнен түрады. Бұл популяциялардың маңызды бейімдеушілік мәні бар, немесе шаруашылық бағалы белгілер бойынша біршама тегіс болып келеді. Басқа белгілері, солардың ішіңде морфологиялык белгілері бойынша олар біркелкі болмайды.
Кез келген, соның ішінде бақылайтын тозанданудан алынған бір өсімдіктің ұрпағын семья деп атайды. Айқас тозанданатын өсімдіктің еріксіз өздігінен тозандануы (инцухт) аркылы алынған генотипі жағынан біртегіс ұрпағы инцухт-линия деп аталады. Инцухтан алынған бірінші линия екінші линия және т.с.с. белгіленеді.
Ұрпақтан ұрпаққа инцухтауды (еріксіз өздігінен тозаңдандыруды) соза берсек, генотипі жағынан біртегіс, бірақ бір-бірінен айкын өзгешеленетін линиялар пайда болады. Шамамен инцухтың бесінші ұрпағында іс жүзінде біркелкі яғни гомогенді линиялар пайда болады, бұл өсімдіктердің гомозиготалығының жоғары дөрежеге жетуімен түсіндіріледі.
Барлық локустары бойынша гомозиготалы өзін-өзі ұрықтандыратын бір өсімдіктің ұрпақ изогенді, немесе таза линия деп атайды.
Айқас тозанданатын организмдер еріксіз инбридинг кезінде линиялар белгілерінің сандық көрсеткіштері (биіктігі, салмағы, өшмділігі және т.б.) төмендейді және олардың өлген, үрықсыз және азған даналары аласталады. Бұл процесс инбредті азғындау, немесе инбредті депрессия (инцухт-депрессия) деп аталады.
Он бірінші дәріс
Дәннің « Полиплоидия және оны селекциалық тәжрибеде пайдалану
11.1 Полиплоидия және оның түрлері
11.2 Гаплоидия
11.1 Полиплоидия және оның түрлері
Ағза жасушаларында хромосомалар санының еселеніп көбейю құбылысы полиплоидиядеп , ал ағзалардың өзі – полиплоидтар деп аталады.
Полиплоидия құбылысы эволюциалық өзгергіштіктің ең маңызды көздерінің бірі болып таблады және ол табиғатта кең таралған. Эволюция процесі көбінесе полиплоидизация негізінде хромосома жиынтықтарының еселі көбеюімен байланысты екенін көп өсімдіктерде анықталған. Оны туыс, жақын топтар немесе түр ауқымында жақын(расалар) түршелер топтары( хромосомалары негізі санға еселі) болып табылатын полиплоидты қатарлардың табиғатта болуы дәлелдейді.
Полиплоидияны қолдан индукциялау үшін әр алуан факторлар пайдаланылады:Физикалық ,( температура, иондаушы сәулелер);механиқалық зақымдаулар(ценрофугалар) және химиалық заттар (колхицин, аценафтен, ауренция, фенилуретан , хлорлы сангуйнарин, гамексан, вератин, линдан, хлоралгидрат, азот тотығы ,хлороформ). «Полиплоидия» терминін 1910 жылы Е. Страсбургер енгізді.
Полиплоидты мутантардың жалпы көлемі, гүлдері,тұқымдары, жемістері үлкейеді. Биохимиялық ерекшеліктері де өзгереді, мысалы , полиплоидты томаттардың жемісінде С витамині көп болады.Бидай, картоп, мақта, темекі көптеген жеміс ағаштары, т.б. ауылшаруашылық және техникалық дақылдар полиплоидтарға жатады.
Полиплоид алудың түрлі әдістері бар. Ең тиімдісі – колхицин. Колхицин- С22Н26О6 жасуша орталығының( цетросома) қызметін тежейтін әсері бар алкалоид, соның салдарынан жас хромосомалардың плюстерге ажырауы тоқталып, олар жасушада қалады, яғни хромосомаларда саны екі еселенген жасуша түзіледі. Ол үшін мына шарттарды сақтау керек:
1.Хромосомалардың санын екі еселеу үшін , бөлінетін жасушалары көп мерисТақырып ұлпаларына колхицинмен әсер ету керек.
2.Турлі өсімдіктердің колхицинге сезім талдығы әркелкі екенін есепке алу керек.
3.Тәжірибе жасалған өсімдітердің өніп - өсуіне өндеу кезінде де ,сондай-ақ одан кейін де қолайлы жағдай жасау керек.Осы айтылғандарды есепке ала отырып колхицинді пайдаланудың бірқатар әдістері жасалады.
Тұқымды өңдеу. Құрғақ тұқымды колхицин 0,1-0,2 процент ерітісінде 3 -10 күн бойы ылғандандырып, себеді. Мұрты шығып , өне бастаған тұқымды 0,01 – 0,2 проценті коценитрацияда 6 -24 сағат өңдейді.
Өскіндерді өңдеу. Ең карапайым тәсіл - өскіндерді колхициннің судағы ерітіндісіне толық батыру немесе оларды колхицинмен ылғалданған сүзгі қағазға орналастру ( концентрациясы 0,01 – 0,2 проценті, өңдеу уақыты 3 – 12 сағатжәне одан да көп).
Сеппе шыбықтарды өңдеу. Жас сеппе шыбықтардың өсу нүктелерін тамшы әдісімен өңдеу үнемді де тиімді ( 0,1 -04пр. ,8 – 14 күнге деиін). Полиплоидтар пайда болу тегіне қарай негізгі екі түрге автополиплоидтар (аутополиплоидтар) және аллополиплоидтар деп бөлінеді.
Автополиплоидия. Бір түрдің геномдарының көбеюі негізінде пайда болатын полиплоидтар автополиплоидтар деп аталады. Егер хромосомалардың негізгі санын (геномды) А әрпімен белгілесек, онда А гаплоидқа, АА – автодиплоидқа, ААА – автотриплоидқа, АААА – автотетраплоидқа және т.с. сәйкес келеді.Табиғи автополиплоидия ауыл шаруашылығы үшін құнды түрлер берген жоқ.Құнды түрлер бергендер ретінде беденді,тарғақты, арахисті, қарақұмықты келтіруге болады.
Аллополиплоидия. Әр түрлі геномдердің көбеюі негізінде пайда болған полиплоидтар аллоплоиплоидтар немесе амфидиплоидтар деп аталады. Аллополиплоидтар әркелкі түрлерді будандастыру негізінде түзіледі Мысалы , егер түраралық буданда және геномдары үйлесетін болса, онда одан алынған аллотетраплоид (амфидиплоид) аавв болады. Аллополиплоидияны басқаша буданды полиплоидия деп атайды.Бидайдың гексаплоидты түрін қара бидаймен будандастырудан алынған сомалық жасушаларында хромосома саны 56 октаплоидты амфидиплоидтар , содай-ақ тетраплоидты бидайды қара бидаймен будандастырудан шыққан хромосома саны 42 гексаплоидты амфидиплоидтар болып табылады.
Көбіне алыс будандар бедеу( ұрықсыз) болады. Бұл құбылс себептерінің бірін қарастырайы. Шомыр мен капустаның геномдары А және В үйлеседі делік, онда шомыр – капуста буданында әр түрлі екі а геном және в болады.Шомырдан будан зиготасына 9 хромосоадан тұратын а геномы, капустадан да 9 хромосоадан тұратын в геномы енеді. Мұңдай алыс буданның 1 сомалық жасушаларында хромосомалардың жалпы саны 18 болады.Мұндай буданда аналық гаметалардың да , аталық гаметалардың да бір бөлігінде 18 хромосомадан « 9Р *9В)болады.Бұл гаметалар редукциаланбаған деп аталады. Ұрықтану процесінде екі түрдің де хромосомалар жиыны екі еселенген зигота – аллотетраплоид түзеді. Онда шомыр ( 9Р+9Р) + капуста (9В+9В) барлығы 36 хромосома болады да ұрықты болып шығады.
11.2 Гаплоидия.
Түрлі өсімдіктердің түұқымынан көбею кезінде тұрақты гомозиготалық формалар алу әдісі ретінде тәжрибелік гаплоидияның маңызы ерекше.Мұндай гомозиготалық формалар гаплоидтардағы хромосомалар жиынын екі еселеу арқылы алынуы мүмкін.Гаплоидтардың арасынан зиянды рецессивті гендері бар формаларды тауып,оларды аластау(жарамсыз) оңтайлы.Гаплоидтардың диплоидтардан айырмашылығы мынада: аласалау , жасушалары ұсақ, ұрықсыздығы күмәнсіз.
Гаплоидтарды алудың әдістері:1.Осы түрдің жұмыртқа жасушаларын ұрықтандыруға қаблетсіз , бірақ партеногенездік дамуға түткі болатын басқа түрдің тозаңдаымен тозаңдандару.2.Рентген сәулелерімен тозаңдандыруды ұрықтың партеногенездік дамуына әсер етеді.3. Тозаңданған өсімдіктерге жоғары және төмен температурамен әсер ету нәтижесіндғе ұрықтау болмайды да ,партогенздік даму жүреді.
Гаплоидтық жиынтыққа бір түрдің хромосомдар санының еселеніп көбеюі автополиплоидия деп аталады;сонымен қатар , ол дақылдар қатарында кеңпрактикалық қолданыс тапты.Көптеген дақылдарға автополиплоидия құблыстары пайдалы әсерін тигізеді.
Мысалы , өсімдекткерде жемістерінің үлкен көлемі, жоғары өнімділігі, дәннің салмағы, сұламалыққа беріктілігі, кейде қанттың, витаминнің, т.б. сапалы белгілердің жоғары болуы.
Индукцияланған полиплоидтар селекциялық тиімділік бере алады. Полиплоидия құбылысын пайдалану селекцияда жай тетраплоидтарды алумен шектелмейді.
Полиплоидтардың ұрықтық өнімділігін арттыруға текқана сұрыптау арқылы жетуге болады. Индукциаланған полиплоидтардың ұрықтығының төмендеуі тағы бір құбылыс анеуплоидияны анықтайды.
Анеуплоидия деп геном құрамында хромосома сандарының азаюын немесе көбеюін айтады
Белгілі генетиқалық айырмашылықтары бар сорттар мен линиялар будандастырылады, гаплоидтар алынатын аналық линиялардың рецессивтік белгілері, ал аталық линиялардың доминантық белгілері болу керек. Ұрпақтар доминанттық белгілері белгілен бегенкезінде талданып зерттеледі, ал кейінгі зерттеулерге қарағанда сұрыпталған гаплоидтар іріктеледі.
Диплоидтық ағзалардағы хромосомдар саны бір немесе бірнеше хромосомға азайғанда немесе көбейгенде генетиқалық теңдік міндетті түрде өзгереді, осындай ағзалар диплоидтық түрден ерекше болады да, кейбір жағдайда өмір сүру қабілеттігі нашарлайды.
Полиплоидтық түрлер жеке хромосомдардың жетіспеушілігіне әлде қайда берік болып шықты( жұмсақ бидай, сұлы,күріш,т.б.). Диплоидтық түрлердің
анеуплоидтық формалары үш немесе тетрасомик түрінде болады ( арпа,жүгері)
Моносомдық серияларды пайдалану жолымен жекеленген хромосомдардың генетиқалық тиімділігі маңызды, мысалы , бидайдал донор сорттардың хромосомдарының гомогиялық жұптарына реципиент сортының жекеленген хромосомдарын ауыстыруды іске асыруды жолға қою. Моносомдық серилар мен ауыстырылған линияларды шығару процесі жалпылама өте ұқсас; моносомды будандарды цитологиялық бөліп алу мен бэккростау.
ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ АНАЛЫҚ ЖӘНЕ АТАЛЫҚ АҒЗАЛАР РЕТІНДЕ РЕЦИПИЕНТ ПЕН ДОНОРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Он екінші дәріс
Дәннің «Мутация және мутагенез, оның селекция тәжрибесіндегі маңызы»
Сұрақтар:
12.1 Мутациалық өзгергіштік және оның селекциядағы маңызы
12.2 Мутантты түрлерді алу тәсілдері
12.3 Тәжрибелік мутагенздің селекция процесіндегі нәтижелері
12.1Мутациалық өзгергіштік және оның селекциядағы маңызы
Әр түрлі жағдайларда гендердің кызыметі өзгеріп, особьтар белгілерінің тұқым құаламайтын өзгерісіне келеді.
Тұқым қуаламайтын өзгегіштіктің бұл категориясын паратиптік немесе модификациялы өзгергіштік деп атайды.
Тұқым қуалайтын өзгерістердің ішіндегі орасан мол вариациялар ажырау мен кроссинговорге байланысты.Тұқым қуалалайтын өзгерістердің бірінші формасына мутациалардың пайда болуы жатады.
Өзгеріс ДНҚ молекуласында жеке локустың ішінде жеке генде болған жағдайда гендік немесе нүктелік мутациалар, ал хромосомалық құрылымы немесе саны өзгергенде хромосомалық мутациалар деп бөлінеді (цитоплазмалық мутациалар).
Өз генотипінде мутация бар және оның әсерін фенотипте көрсететін особьтар мутантар деп аталады.
Белгілердің кенеттен секірмелі тұқым қуалаушы өзгерістері мутация деп аталады. Азғада табиғи мутациялар ұрық ( генератвті мутациялар) және сомалық (сомалық мутациалар) жасушаларда пайда болады.
Мутация сыртқы жағдайлардың әсерінен емес, қандай да бір ішкі күштердің әрекетінен болады деп есептеледі. Осы нәтижені профессор С.И. Коржинский және мутациялық теорияның авторы Де Фриз де көзқарасты ұстады.
Де Фриз мутациялық теориясының мәні мынандай:
мутация ешқандай аралық формасыз, кенеттен пайда болады;
жаңа формалар толығынан константты, яғни тұрақты
мутациалар сапалық өзгерістер болып табылады
мутациялар пайдалы , содай – ақ зиянды да болуы мүмкін;
- бір мутациалар қайталап пайда болуы ықтимал;
Де Фриздің териясы бойынша жаңа тұқым куалаушылық өзгерістердің бірден – бір көзі мутациалар болып табылады. Соған қарамастан ол мутация теориясын табиғи сұрыптау теориясына қарама – қарсы қойып, принципті қателік жіберді.
Ол кез келген түрдің өмірінде екі кезең болады: бірінші кезең – ұзақ мутация алдындағы кезең, бұл кезде түр өзгемейді, екіші – қысқа мутациялық кезең, бұл кезде түр кенеттен тұқым қуалайтын өзгеріштерге ұшырайды деген болжау айтты.
Ал іс жүзінде мутациялар ұзақ уақыт бойы сұрыптау үшін материал беретін тұқым қуалаушылық өзгерістердің көзі болып табылады, сұрыптау нәтижесінде жаңа түр пайда болуы мүмкін
Мутациялық өзгерістердің түрлі табиғи жағдай әсерінен тосыннан пайда болуы табиғи немесе спонтанды деп аталады. Мутациялық өзгерісті тудыру қабылеті бар агенттер - мутагендердеп аталады. Мутагендердің арасында иондаушы сәулелердің, температураның, химиялық қосылстардың әсерін атап көрсетуге болады.
Мысалы табиғи мутациалар:
-өткен ғасырдың басында Францияда- теректің сеппе шыбықтарының арасынан қызыл жапрақты формасы байқалды
-Ч.Дарвин тұшаланың бір бұтағында түсі әр түрлі жидекткрге, сары жемісті өріктің ағашында қызыл жеміс бар бұтақтар
-1791 жылы Анкон фермасында аяғы қысқа қозының тууы болды
-1930 жылы Швецияда аң өсіретінфермада жүні платина түсті қара күзен байқалды
Осы мутантар алдағы жаңа турлер пайда болуға әсер етті. Бұл өзгерістерге себеб болған Т. Морған айтуынша мутант гені.
Жануарлар мен өсімдіктердің , сондай – ақ микроағзалардың әрбір түрі үшін спонтанды мутациялардың пайда болуының белгілі бір жиілігі тән.
Спонтанды мутациялық құбылыс жасшалардағы физиологиялық күй мен биохимиялық өзгерістерге байланысты.
Спонтанды мутациаплардың жиілігі табиғи сұрыптаудың бақылауында болатынын және тіршілік күресте ең қолайлы деңгейде сақталатынын ашып айту керек.Мутацияларды зерттеу жұмыстарында арпа пайдалнылады.
Генетиқалық зерттеулер хлорофилл синтезі көптеген гендердің әсеріне байланысты күрделі процесс екенін көрсетті. Арпа хромосомаларының барлық жұптарында жиналған бұл гендер мутацияланғанда альбинизм пайда болады. Альбинизм мутациялары рецессивті болатындықтан , олар Ғ2 жан ұялары ажырауы бойынша есепке алынады.
Айқас тозаңданатын өсімдектер формаларының мутацияларын талдау қиындау. Жүгеріде 500- ден астам мутациялар анықталған, томатта бір неше жүз мутантты гендер белгілі. Инбридинг арқылы жапон бөденесінде , тауықтарда және басқа ағзаларда көптеген мутантты гендер анықталған. Адамда да мутация құбылысы жақсы белгілі. Барлық тұқым қуалайтын аурулар және басқа қалыптан ауытқулар, адамдардың генетиқалық жағынан алуан түрлілігі, түптен келгенде – мутациялардың пайда болуының салдары.
Адам гаметаларындағы мутациялардың орташа жиілігі 1 млн – ғашаққанда бірге жуықтайды. Әдетте мутациялардың үш түрлі пайда болу жолддары бар:
1)табиғи жағдайда өздігінен пайда болатын табиғи мутациалар;
2) гендерді өзгертетін жағдай жасалып эксперимент нәтижесінде пайда болған индукцияланған мутациялар.
3) Адам әрекеті нәтижесінде пайда болған өзгерген орта тудыратын шартты – табиғи мутациялар
Соңғы отыз жыл ішінде радиация мен химиялық агенттердің барлық зерттелген ағзаларға мутагендік әсері бар екендігі анықталды. Олардың әсерінен гендік мутацияларды, сондай-ақ хромосомалық мутацияларды индукциялауға болады.
Мутациялың өзгергішті қолдан алу геннің табиғатын, мутациялардың мәнін, хромосомалар ішіндегі генетикалық материалдың қүрылыс ерекшеліктерін зерттеудің, өсімдіктер, микроқзалар және кейбір жануарлар селекциясы үшін бастапқы материал жасаудың аса маңызды құралына айналды.
Радиациялық және химиялық мутагенез әдістері мутациялар санын күрт көбейтуге мүмкіндік берді, ал мүның өзі селекция үшін бастапңы материалды байытты.
Хромосомалар мен хроматидтердің қүрылымын қайта құру арқылы пайда болатын өзгерістерді хромосомалық мутациялар деп айтады, олар хромосомалық және хроматидтік оперрациялар деген терминмен белгіленеді.
Мутациялар хромосомалардың қайта қүрылу сипатына қарай бірнеше түрге жіктеледі.
Кеміс - хромосома бөлігінің жойылуы. Егер хромосоаның үшы жойылса, онда терминалды (үштык) кеміс түзіледі.
Дупликация - бір хромосоманың бірдей учаскелер санының көбеюі. Олар, бір хромосомадан шығып қалған үзік жойылмай, гомологиялық хромосомаға косылған жағдайда делециялармен бір мезгілде пайда болады.
Инверсия - хромосома бөлігінде локустардын алмасу ретінін, өзгеруі. Бір хромосомада екі үзілу болып жөне үзіктер төңкеріліп түскеннен кейін, үзілген жердің бітіп қосылуы арқылы оның бүрынғы қүрамының қалпына келуі нәтижесінде пайда болады.Егер инверсияланған үзік түтас хромосоманың бір иінінде жатса, онда инверсияны парацентрлік, ал егер центромераға тиіп жатса, онда перицентрлік деп атайды. Жоғарыда аталған мутация типтері хромосома ішілік өзгерістерге жатады.
Транслокация - гомологиялы емес хромосомалар арасында учаскелер алмасу. Хромосомалық мутациялар спонтанды (тосыннан) пайда болады немесе дәл гендік мутацияны тудыратын мутагендермен индукцияланады.
Гендік мутациялар. Гендер қүрылымдарынын өзге-
руінен туатын мутацияларды генді немесе нүктелі му-
тациялар деп айтады. Бұл өзгерістер бір немесе бірнеше
мононуклеотидтердің түсіп қалуынан, ендірілуі немесе
ауыстырылуынан пайда болады.
Мутанттық аллельдердің көбі бастапқыларына ("жабайы" типті) қарағанда рецессивті, ал бір геннің екі ал-лелі, әдетте, бір мезгілде өзгермейді. Сондықтан мутациялар екінші үрпақтан бастап, көбіне өздігінен тозаңданғанда, әсер етуінен бастап есептегенде гомозиготалың күйде ауысуына қарай анықталады. Бірінші мутанттық үрпақта (М,) тек өте сирек доминантты мутациялар ғана көрінеді.
Селекция үшін мутацияларды қолдан индукциялаудың маңызы бар. Мутацияларды индукциялау әдісін кейбір жеке белгілер бойынша жақсартылған сорттар алу үшін, мысалы, қысқа сабақты және жатып қалмайтын немесе ауруға төзімді сорттарды алуда қолданады.
Мутанттардың жақсы қасиеттерімен қатар көбіне зиянды қасиеттері де болады, сондықтан оларды жаңа рекомбинациялар алуда бастапқы материал ретінде пайдаланады.
Плазмондық мутациялар. Плазмондық ядродан тыс мутациялар деп цитоплазманың генетикалың элементтерінің өзгеруінен болатын мутациялық өзгерістерді айтады. Бұл мутациялар толық зерттелмеген.
12.3 Тәжірибелік мутагенездің селекция процесіндегі нәтижелері
Соңғы он жылға дейін селекцияның әр түрлі бастапқы материалдарын алу үшін будандастырумен қатар индуциялың мутагенез кеңінен қолданылып келді. Мутация деп рекомбинацияға байланысты емес, әр түрлі химиялық немесе физикалық жағдайлармен ағзалар мен жасушалардың тұқым қуалаушылық қүрылымына әсер ету арқылы белгілердегі тұқым қуалаушылық өзгеріқстерді айтамыз. Кең мағынада айтқанда мутация тек қана жекеленген гендердің (почкалық мутация) функциясы мен қүрылымының өзгерістерін емес сонымен қатар жеке хромосомдардың (абберрациялар) құрылым өзгерістерін немесе олардың сандарының (полиплоидия, гаплоидия, неанеуплоидия) азайып, не көбеюін де білдіреді. Соңғы жылдары мутагенез жолымен дүние жүзінде әр түрлі дақылдардың 150 мутанттық сорты шығарылған, оның ішінде 1/4 бөлігі бидай мен арпаның үлесіне келеді.
Атап айтарлық бір жай, мутагенезбен дайын селекциялың түрлер шығарылмайды, оның негізгі маңызы келешектегі селекция жүмысына пайдаланатын дәстүрлік тәсілдерді қолданып, әр түрлі бастапқы материалдарды шығару болады. Бірак кейде жекеленген белгілер мен
қасиеттерді де тікелей жақсартуға болатындығын ескерген жөн. Мутагенездің көмегімен тез пісушілік, өнімділік, беріктік, әр түрлі сапалық заттардың сақталуы (аңуыз, әр түрлі амин қышқылы, крахмал, қант, май) ауруға төзімділік, ортаның қолайсыз жағдайларына бей-імделушілік сияқты белгілері жақсарған өзгерістер алынады. Өсімдіктер ағзаларында жекеленген сапалы белгілердің жақсаруымен қатар, сапасы өзгерген өнімдер беретін мутация маңызды орын алады. Мысалы, дәнді да-
қылдардағы ақуыздын, сан көрсеткіштері мен қоректік бағалылығын атауға болады. Осылай деп аталатын жоғары лизиндік мутанттардың көпшілігі лизинге бай фракция үлесінің қайта түзілуімен сипатталады. Егер осындай кайта бөліну ақуыздың жалпы санынын, және өнімділіктің төмендеуімен қабаттасып жүрмейтін болса,онда оның үлкен селекциялық маңызы болады. Жоғарыда аталған мутанттардың көпшілігі ақуыздың немесе өнімділігінің төменділігімен сипатталатын болғандыктан, сапалық белгілері өзгерген мутанттарды алуға ізденісті кеңейту керек.
Гендердің молекулалық қүрылымының өзгеруі физиологиялың-биохимиялық және морфологиялык белгілердің фенотиптік түр өзгеруіне әкеліп соқтырады. Аз көлемдегі гендер жүйесінен сапалы морфологиялық белгілердің дамуын бақылайтын гендер өзгергенде осы белгілердің өзгеруін оңай бақылауға болады. Оларды макромутация деп атайды. Олар көптеген шаруашылыққа қүнды белгілердің жақсаруына немесе нашарлауына да әкеліп соқтырады.
Сандың белгілердің полигендік жүйесінде жекеленген гендердің мутациясы микромутацияға, яғни пайда-лы белгілердің тиімділігінің шамалы өзгеруіне әкеліп соқтырады. Микромутациялар ағзалардағы жалпы генетикалық тепетеңдіктің ағза өзгерістерін туғызады, сон-дықтан ағзалардың тіршілік етушілігі мен бейімделуіне көп әсерін тигізбейді. Микромутацияларды бөліп алу өте қиын, алайда олар жалпы түсімділіктің сандың белгілерінің жақсаруына көп әсерін тигізеді. Бір ағзада бір уақытта екі немесе бірнеше мутациялардың пайда болуы мүмкін емес нәрсе, мутацияға іліккен белгінің тиімділігі әдетте плейотропияның салдарынан бірнеше белгілердің өзгерістерінен анық көрінеді. Бір генотипте бірнеше пайдалы мутацияның қосарлануын немесе мутацияны басқа генотипке ауыстыру тек қана тікелей будандастыру арқылы немесе бэкросстық будандастыру арқылы мүмкін болады.
Мутанттардың көпшілігі морфологиялық немесе физиология-биохимиялық белгілердің өзгеруінен басқа, олардың бейімделушілік қасиеттерінің өзгеруімен сипатталады, олар әрине өздерінің мүмкін болатын жоғары сапалылығын белгілі бір экологиялың жағдайларды көрсетеді. Осыған байланысты селекция орталығының қызмет аймағында мутагенез жүмыстарын біріктіріп үйымдастыру немесе біріккен айырбас "мутанттық генофонд банкісін" кұру және алынған мутанттық материалдарды кең экологияльщ ортада сынау керек.
Осындай және басқа да индукцияланған мутагенез бойынша жүргізілетін жүмыстың табысы көп жағдайда талданған материалдың нәтижесіне байланысты, ал жүмыстың өзі, белгілер бойынша мутацияның бөлінуіне байланысты жүргізілуі тиіс.
Мутагендік факторлардың әсерімен болған хромосома сандарының өсуі, хромосомдардың ажырауы және репликация қүбылысы кезінде олардың қүрылымдарының өзгеруіне әр түрлі хромосомдың абберрациялардың пайда болуына әкеліп соқтырады, оның ішінде жетіспеушілікке (делециялар, дефишенси), екі еселенуге (дупликация) бүрылыстарға (инверсиялар) ауыспалылыққа (транслокация). Хромосомдық абберациялардың эволюциялық маңызы селекциялық бағалылықты дәлелдейді. Мысалы, Швецияда Густавсон арпаның 9 транслокациялық линияларын алған, олар өнімділігі жағынан алғашқы сорттан басым болған. Хромосомдык; абберрациясы бар түрлердің тікелей селекциялық бағалылығымен қатар, генетикалык жеке белгілерінің де зерттеуде үлкен теориялың маңызы бар.
Хромосомдағы жетіспеушілік, гендер бөлігінің жоға-луына әкеліп соқтырады, ал егер олар ірі функционалды учаскелерді қамтитын болса, онда үрыксыздыққа әкеліп соқтырады немесе тіршілік қабілеттілігін жояды. Үсақ жетіспеушілікті нүктелік мутациялардан айыру өте қиынға түседі. Хромосома санының жетіспеушіліктері бар ағзаларда белгілердің пайда болуы бойынша, гендердің қайсысы болса, сол хромосомдардың ци-тогенетикалық картасын жасауға жетіспеушіліктерді пайдалануға болады. Егер жетіспеушілікте жағымсыз белгілердің дамуын бақылайтын гендер болатын болса, онда мүндай ағзалар бастапқы түрден жақсы болып шығады. Дупликация белгілері бір учаскелерде генетикалық ақпараттың қосарлануына әкеп соқтырады. Егер өнімнің пайдалылығын бақылайтын гендері қосарланған болса, онда олардың айқын селекциялық артықшы-лықтары болады (арпадағы амилаз және т.б. фермент-тер). Бір белгінің әр түрлі аллельдерінің қосарланған учаскеде болуы гетерозис қүбылысының дамуын тудырады. Инверсиялар хромосомда гендердің орналасуы тәртібінің өзгеруіне әкеледі. Инверсияның негізгі цитогенетикалың тиімділігі, инверсия кезінде гетерозиготтық ағзаларда инверсияланған учаскелер мен дүрыс сегменттер арасындағы кроссинговер басылып қалады. Жекеленген гендердің тіркесуін күшейту осылай басталады. Учаскелерде бір хромосомның гомологсыз түрімен ауысуы бастапқы хромосомдағы транслокацияны тудырады, бәрінен бүрын гендердің тіркесу топтарын өзгертеді. Табиғат заңы бойынша оперрацияның осы түрі бар, екі гомологсыз хромосомдар реципроктың транслокация түрінде өзара телімдерін ауыстырады. Жүмсақ бидайдың көптеген сорттары бір-бірінен реципқроктік транслокациялар арқылы ажыратылады, олар бір белгіні анықтайтын гендердің әр түрлі хромосомаларына орнығуына әкеліп соқтырады. Селекция тәжірибесінде мәдени сорттарға туыстық түрлерден хромосом телімдеріндегі транслокациялар аркылы ерекше бағалы белгілер ауысады. Табиғи жағдайларда олар спонтанды түрде дамиды, бірақ алшаш будандарда өте сирек кездеседі. Мүндай транслокацияның жиілігі туралы "анеуплоидия" бөлімінде жазылған. Ірі реципроктық транслокациялар екі түрлі хромосомнан түратын трисомик деп аталатын формалардың дамуын тудырады. Соңғы жылдары гетерозистік будандарды цитоплазмалық негізде емес, аталық үрықсыздық генін пайдалану арқылы алады. Бұл жүйелер туралы белгілі бір дақылдар бойынша гетерозистік селекция бөлімінде нақты жазылды.
Ауылшаруашылық егістік дақылдардың сандық және сапалық белгілерін жақсарту үшін оның ішінде астық даңылында ақуыздың мөлшері мен сапасын арттыруға тәжірибелік мутагенез тәсілі кеңінен қолданылуда. Соңғы жылдардағы мәліметтерге қарағанда дүние-жүзілік ауылшаруашылығы өндірісінде бидайдың 85 сорты осы мутагенез тәсілімен, 13-і мутанттарды будандастыру арқылы шығарылған. Оның ішінде дәнді дақылдардың 54 сорты (8 жүмсақ және 4 қатты бидай) алынған.
Өткен ғасырдың 80-жылдары Қазаң ғылым академиясіна қарасты Ботаника институтының генетика және өсімдіктер селекциясы бөлімінде жаздық бидай дақылы селекциясына индукциялық мутагенездің (этиленимин, нитрозо-этил-мочевина) тиімділігін зерттеу жүмыстары
жүргізіліп (Тынбаев Т.Т., Шкуренко С.В., Балан Г.И., т.б.)өнімі, стандарттық сорттан 2-5 ц-га жоғары, әрі сапа-лы мутанттар МТ-13 және МТ-14 алынған. Сонымен қатар, жүгері тозаңын гамма иондық сәулесімен өңдеп, сабағы үлкен, дәні көп, жазғытүрымғы үсікке төзімді жүгері линиялары: А-73, А-165, Г-380, С-114алынды.
Ботаника институтының ғалымдары - Богданова Е.Д, Омарова Э.И, Хусаинова Г.К жаздық бидай Казахстанская 126 сортына никотин қышқылы, пиридинкорбон кышқылдарының өндіріс түрлерімен әсер етіп, өнімі де, сапасы да жоғары, әрі қыстың қолайсыз жағдайларына төзімді мутант 1, мутант 301 және мутант 306 сорттарын алды.
Он ұшінші дәріс
Дәннің «Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдары»
Сұрақтар:
13.1Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдар
Гетерозис - күрделі генетикалық қүбылыс, бірінші жылғы ұрпақтардың тіршілік ету қабілеттілігін, дамуының күштілігін, өнімділігінің көптілігін білдіретін құбылыс. Ол будандардың түрлерімен пайда болуы тегіне (линия аралық, сорт аралық, жекеленген) байланысты түрлі екпінділігінен айқындалады. Гетерозистің жоғары түрде көрінуі үде байқалып, кейіннен төмендейді. И.Кельрейтердің будандық күштер туралы алғашқы мәліметтері, содан кейін Ч.Дарвиннің гетерозистің себептерін түсіндіру туралы талпыныстары осы құбылыстың ғылыми зертгеулеріне жол ашты.
Гетерозис - белгілі бір белгілерімен касиетгерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата-ана формасының әрқайсысынан ерекше басым болуы. Гетерозис түр аралық будандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады. Жүгереде түрлі таза немесе инцухт-линияларды будандастырғанда гетерозис қүбылысы күшті көрініс береді. Бұл кезде будаңдардың өнімділігі кейде (ең тәуір) ата-ана формасымен салыстыргаңда 20-50% артады.
Әсіресе Г.Шелл, Е.Иста, Х.Хэйстердің жүмыстарында айқын көріне бастады. Ғылыми Әдебиеттерде "гетерозис" термині 1914 жыддан болатын. Гетерозистің себептері мен генетикалық негіздерін түсіндіру үшін бірнеше пікірлер айтылды да, онда негізінен өзара әсер етуші түрлерінің қайсысына және қандай жағдайларға басты көңіл бөлінетіні айқындалады. Гетерозисті баяндауға бірнеше болжамдар айтылды.
Айкас тозанданатьш организмдердің популяцияларында гендердің зиянды рецессивті аллельдері аутобридинг нәтижесіңде доминанты аллельдермен қалкаланады, әрі сақгалады.
Еріксіз инбридинг нәтижесінде айқаспалы ұрықтанатын организмдер популяциясының генофондысына кіретін зиянды рецессивті гендер гомозиготалы түрде ауысады, фенотиптік керініс береді және инбридті азғындауды туғызады. Ұрпак сайын көп қайтара еріксіз инбридингті іске асырғанда жаңа зиянды мутациялардың барлығы гомозиготалы күйде ауысады да, соның нәтижесінде толық гомозиготалылық басталғанда барлық зиянды гендер көрініс беріп, инбредті минимум пайда болады.
Истгің айтуы бойынша гетерозис - рецессивтілікке байланыссыз тұқым қуалаушылықгың сандық әрекеті. Әрбір локус бойынша физиологиялықайрыкдіа ерекшеліктері бар кептеген алледдер пайда болуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар қалыпты аллелдермен салыстырғанда неғярлым көп болса, онда гетерозиготты организмдерде гетерозистің дәрежесі жоғары болады дейді.
Халл (1945) аса доминанттылық болжамын үсынды. Бұл болжамның жогарыда айтылған болжамдар мен көп жағдайлары ортақ және бір локустағы аллелдердің функциональдық айырмашылығына негізделеді. Осының нәтижесінде (Аа) гетерозиготты алледдер гомозиготгық (АА, аа) аллельдерден артық болып шығады. Ол әсіресе жүгерінің буданаралық будандарында кездеседі.
Гетерозистің физиологиялық (генетикалықтепе-теңдік) болжамы кең қолданыс тапты. Оның бастамасы буданда мерисТақырыплық белсенділікті кэлыптастыру деп есептеуге болады. Содан кейін көптеген зерттеулердің нәтижесінде ферменттік белсенділіктің, гендердегі комплементерлық әсерлердің айырмашылықтары көрсетілді, ең соңында будандық энзимдер деген идеялар жаңа зерттеуде нақгы нәтижелерге ие бодды.
Осы бағытгағы зерттеулер көп жағдайларда комбинациялық қабілеттілік пен гетерозисті алдын ала болжаудың негізін құрады. Биохимия мен молекулалық генетиканың зертгеулері гетерозистік жалпы концепциясының өзгеруіне келіп соқтырады. Болашақга гетерозисті генетикалық негізделген әртүрлі механизмдері бар таза физиологиялық қүбылыс ретінде айтуға болады. Бүдан басқа да аз тараған болжамдар бар, мысалы: эмбриональды, қатерлі, хромосомдағы кемшілік, плазмалық өзгерістер сияқгы болжамдар. Гетерозисті түсіндіретін негізгі болжамдардың қысқаша шолуларынан осы қүбылыстың күрделілігін байкэуға болады. Бұл болжамдар (гипотезалар) бір-біріне карама-карсылықтудырмайды, керісінше гетерозисті әртүрлі түрғыдан түсіндіреді. Табиғатта гетерозистің көптеген түрлері кездеседі, олардың әрқайсысы тұқым қуалаушылықгың бір түрімен және өзара олардың өрекеттерімен байланысты болады. Н.В. Турбин түрлі болжамдарды түйықтауға тырысып, гетерозистің генетикалық тепе-тендік теориясын үсынды. Н.В. Турбин осындай концепцияларға сүйене отырып, организмдердің дүрыс фенагапі өнімнің үйлесімді жөне теңесгірілген биохимиялық екпінділігінің нәтижесінде іске асады дейді. Олар ядролық және плазмалық тұқым қуалаушылық арқылы дамыды. Кез-келген дұрыс белгі, кейбір генетикалық тепе-теңдіктің организмдегі тұқым қуалаушылық концепциясы мен сүрыптау тиімділігінің нәтижесі деп тұжырымдалды. Бұл концепция селекцияда тәжірибе түрде анеуплоидия мен полиплоидия күбылыстарында дәледденді.
Генетикалық баланстың 2 түрі бар: ішкі, ол - автогамды түрге үқсас және айқас тозаңданатын салыстырмалы өздігінен тозанданушы дақылдарға іріктеу гомозиготгы организмдерге әсер етеді, содан кейін әрбір геномның ішінде және хромосомдардың гаплоидтықжиынтығында баланс іске асады. Айкдс тозанданатын дақылдарға іріктеу гетерозиготтык, жекелер іріктеуге жатады, ал оларда дишгоидтық организмдердің тиісті популяциясында ғана балансқа жетеді.
Гетерозис туралы болжамдардың көпшілігі айқас тозаңданатын дақылдарда тексертілген. Бірақ сонымен қатар гетерозис қүбылысы өздігінен тозанданатын дақыддарға да тән. Аллелдер будандасу кезінде үйлесетін генетикалық баланстан неғұрлым жоғары болса, олар бірін-бірі гетерозиготгы жағдайда толықгырып отырады. Егер яг-де гетерезиготтық тиімділік толығырақ жүзеге асырылса, онда кейінгі генерацияларда сақталады. Бастапқы материалдық гомозиготтың дәрежесі каңдай болса да, тозанданатын линиялардың арасында азғантай айырмашылықгың өзі жеткілікті болады.
Ғылым көрсеткендей өздігінен тозанданатындарда гетерозистің көрінуінің 2 басты себебі бар: 1) қолайлы аллелдері немесе ата-аналардын қолайлы генетикалық факторлары бар будандардын комбинациялануы; 2) аз доминанттық аллельдердің әсері. Осымен кей жағдайда аралықтұқым куалаушылык пен автогаңдық (өздігінен тозанданатын) өсімдіктердің тобындағы жағдайлар түсіндіріледі.
Болашақ будандарда аналық формалардың жаппай ұрықсыздандыру үшін гаметоидтердің дамуын тежейтін химиялык косылыстардьщ катарлары - гиббереллиндер, этрел т.б. үсыныдды. Гендік аталық ұрықсыздык (ГАҮ) өсімдіктердің гетерозистік селекциясында аз ғана түрде қолданьшады. Оны қодданудың қиындығы мынада: ГАҮ-формалары өздігінен тозаңдануда қолданылмайды, ал гетерозигот есебінен жай көбеюде үрықгы өсімдіктер қатынасымен ажырайды, бірак, оларды гүлдену кезіне дейін кесіп тастайды.
ГАҮ (Хакат және Эслик, 1967) негізіңде будандық арпалықтұқым шаруашылығының жүйесін жасады. Арпа макро- және микроспорогенез генетикалық бақылау мен сәйкестірілген, осыған байланысты аналық ұрықсыздық аталық ұрықсыздықпен қатар болуы селекция тәжірибесіңде өте маңызды болады. Будандық тұқым шаруашылығында аналықтар орнына осындай формалар пайдаланады. Аталған генетикалық жүйелер гетерозистік селекция жөне баска да өздігінен тозанданатын немесе айқас тозанданатын дақыддарда олардың гентикалық спецификасы мен биологиялық ерекшеліктері есебінен пайдаланылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы дақылдарда гетерозисті пайдаланудың жаңа жүйесі мен тәсіддерін жасау аддағы 10-20 жыл ішінде зерттеу мәселесін көтерді. Олар гетерозистің гентикасы мен биохимиясы бойынша фундаментальдық жүмыстарға негізделіп, біздің еліміздің және шетелдердің ғылыми зертгеу орталықтарында жүргізіледі. Кезкелген жағдайда, қандай қиындықтарда болмасын гетерозисті пайдалану мүмкіндігі - алдағы уақьпта елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғарылатудың маңызды резерві болып қалады. Сондықган жай селекция жүмысымен қатар осы бағытта зерттеу жүмыстарын жүргізу міндеті алға қойылған.
Он төртінші дәріс
Дәннің «Бастапқы материал түрлері және соларды алу тәсілі»
Сұрақтар:
14.1 Бастапқы материал түрлері
14.2 Дүниежүзілік коллекциясын жасау және оларды селекцияда
пайдалану
14.3 Бастапкы материал ретінде селекция жолымен алынған шетелдік сорттарды пайдалану
14.1 Бастапқы материал түрлері
Селекцияда бастапқы материал деп, жаңа сорттарды шығару үшін пайдаланылатын есімдіктердің мәдени және жабайы формаларын айтады.
Бастапқы материал ретінде мыналар пайдаланылады:
1.Табиғатта кездесетін өсімдіктердің сан алуан формалары мен сорттары;
2:Селекция процесінде будандастыру жолымен және түрлі сыртқы жағдайлардың жасанды әрекетімен жасалған бастапқы материал болуы мүмкін.
Н.И.Вавилов атап керсеткендей, селекциялық жұмыста табыскд жету бастапкы материалды сұрыптаудан басталады.
Осы заманғы селекцияда бастапқы материал алу үшін қолданылатын негізгі түрлері мен тәсілдері мыналар:
3. Табиги популяция. Оған өсімдіктердің жабайы өсетін формалары, мәдени өсімдіктің жергілікті сорттары және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әлемдік коллекция сындағы үлгілер.
4.Бұдан популяциясы. Бұдан популяциясының екі түрі бар:
а) бір түрдегі сорттар мен формаларды тозаңдандыру арқылы алынған ішкі түрі; б) өсімдіктердің әр түрлері мен тектерін тозандандыру арқылы алынған (тұраралық және туысаралық) будандар.
Өздігінен тозаңданатын линиялар (инцухт - линия). Өсімдіктердің айкас тозаңцануы селекция ісіңдегі бастапқы материал алудың көзі болып табылады. Олар өсімдіктерді көп рет еріксіз өздігінен тозандандыру арқылы алынады.
Жасанды мутация және полиплоид формалары. Бастапқы материалдың бұүл түрі өсімдіктерге радиация, химиялық заттар, температура және баска мутаген құралдарын пайдалану жолымен жасалады.
7. Биотехнология әдісін пайдалану.
14.2 Ауыл шаруашылығы дакылдарының дүниежүзілік коллекциясын құру және оларды селекцияда пайдалану
Бұрынғы БүкілоДақтық өсімдік шаруашылыгы институты - бес континент елдеріне және бұрынғы КСРО-на енген мемлекеттер бойынша материалдардың нәтижелерін жинақтау үшін, үш жүзден астам экспедиция ұйымдастырды. Осы мекеме ұжымдарының еңбегінің аркасында шетеддердің көптеген ғылыми мекемелерімен сорт үлгілерін алмастыру кеңінен жүргізілді. Н.И.Вавиловтыц басшылығымен Бүкіл одақтық өсімдік шаруашылығы институтының ғалымдары ұжымының көпжылдық жұмысы нәтижесіңде көптеген жаңа сорттар шығарыдды.
Селекция жұмысымен шұғылданатьш ғылыми-зерттеу мекемелері ауылшаруашылық дақылдардың жаңа сорттарын шығару үшін, дүниежүзілік коллекцияның материалдарын кеңінен пайдалануда.
Өсімдік селекциясындағы үздіксіз жүргізіліп отырған прогрестің генетикалық негізі барған сайын азаюда. Сондықтан, "ұрық плазмасын" сақтау, өсімдіктердің дүниежүзілік ресұрстарын пайдалану, "ген банктерді" жасау соншалықты маңызды. Бұл мақсат үшін, көптеген елдерде арнаулы мекемелер ұйымдастырылды, ал ФАО (Б-ның жанындағы ауылшаруашылықжәне азық-түліқұйымы) құрамында өсімдіктердің генетикалық ресұрстары жөнінде.
Халықаралық комитет құрылды. Мексикада жүгері және бидай сорттарын жақсарту жөніндегі Халықаралық орталық күрылды. Халықаралық ғылыми-зерттеу күріш институтында (Филиппинде) осы дақылдың 14 мыңнан астам сорт үлгілері жинакталды, өсімдіктердің ұлттық ірі коллекциясы АКДІ-та құрылды, басқа да біркатар елдерде бұл жұмыс кеңінен жүргізілуде.
14.3 Бастапкы материал ретінде селекция жолымен алынған шетелдік сорттарды пайдалану
Жергілікті сорттар өте бағалы болғанымен, олар бастапкы материал алудын дара көзі болып табылмайды. Экологиялық бейімдігіне қарамастан бұл сорттарда жаңа селекциялык сорт шығаруға қажетті қасиеттер бола бермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің талаптарына толық жауап беретін сорттар шығару үшін, басқа еддердегі және басқа континенттердегі шет аудаңдық бастапқы материалдарды селекциялык жұмысқа пайдалану қажет.
Себебі, шетелде көптеген дақылдардың селекциясы дұрыс жолга қойылып, соның арқасында үлкен табыстарға жеткен. Жоғары өнімділігі, ауруларга төзімділігі өнім сапасының жақсылыгымен ерекшелінетін селекциялық жаңа сорттар шығарылған. Олардың көпшлігі алғашкы материал ретінде әсіресе будаңдастыруда кянды болып отыр. Ол үшін тәжірибе ретіңде, жыл сайын көп мөлшерде шетелдік сорттар келінуде.
Біздің қуаңшылыққа төзімді жергілікті сорттарымыздың негізінде шығарылған АКДІ пен Канаданың бидай және арпа селекциялык сорттары жоғары бағаланады. Селекцияда мал азығына арналған бидай сорттарын шығаруда канада мен Мексика селекционерлерінің жоғары өнім беретін сорттарын пайдалану керек.
Күздік бидайдың аргентиналық сорты жапырақтың қоңыр татына, піскеннен кейін төгілуге, жығылуға төзімді.
Германия, Финляндия, АҚШ-та арпаньщ қысқа төзімді сорттары аласалығымен, қыстап шығуға бейім, сабан сабақтары жығылмайтындығымен ерекшеленеді.
Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтында әлемдік коллекция зерттеліп, Болгария, Молдавия, Иран, Румын елдерінің сорттары ішінен қатты қара күйе, сары тат ауруына төзімді Георгена, Загорка және т.б. қатысуымен аталган ауруларға төзімді бидай үлгілері алынды.
Он төртінші дәріс
Дәннің «Бастапқы материал түрлері және соларды алу тәсілі»
Сұрақтар:
14.1.Өсімдіктердің табиғи популяциясы мен сорттарын селекцияда пайдалану
14.2.Жабайы өсетін өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың қайнар көзі
14.1 Өсімдіктердің табиғи популяциясы мен сорттарын селекцияда пайдалану
Табиғи сұрыпаудың негізінде халық селекциясының жергілікті сорттары шығарылды. Сұрыптаудың ұзаққа созылуына байланысты өсімдіктердің әр түрлі экологиялық жағдайларда қуаңшылық пен суыққа төзімділігі, тез пісетіндігі және басқа да жеке белгілері қалыптасып, өсудің белгілі жағдайларьша бірте-бірте икемделуі және сұрыпталуына қарай пайда болу процестері өтеді.
Мәселен, Полтавка жаздық бидайының жергілікті жеке түрі Поволжьеде ХІХ-ғасырдьщ екінші жартысында және ХХ-ғасырдың басында калыптасты. Бидайдың мүндай жергілікті жақсы жеке түрі селекциялық сорттардың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік берді. А.П. Шехурдин 1911 жылы Полтавка сортын сынау және іріктеу кезінде 727 осімдік тандап алған, осы өсімдіктердің ішінен 62 номірлі линиясы озінің жақсы коөрсеткіштері үшін көзге түскен, ол икемге келгіштігі және төзімділігі, өнімділігі, сапасы жағынан талапқа сай болғандыктан сол кездегі кең тараған Лютесценс 62 жаздық бидай сортын шығарудың бастапқы демеушісі болды.
Жақсы сорт ретінде пайдаланылған жеке түр талданып, сұрыпталады, көбейтіледі, содан кейін жаңа селекциялық сорт ретінде одан әрі пайдаланылады. Осылай аналитикалық селекция тәсілі пайда бодды.
Табиги өсімдіктердің жеке түрін және жергілікті сорттарды пайдалану негізінде көптеген сорттар шығарылды. Жергілікті сорттар сол өскен жерінде ұзақ сұрыптау әсерінен калыптаса отырып, өсірудің қолайсыз жағдайына бейімделеді, сондықтан да олар алғашқы материал ретіңде өте маңызды болып саналады.
Жергілікті сорттар мен табиғи популяция тұрлерінің селекциялық құндылығы олардың тұқым қуалаушылық өзгергіштігі және экологиялық бейімділігі арқылы анықталады.
Оларды коллекциялық питомниктерде сеуіп, жақсы үлгілерді сүрыптау немесе селекциялык, сорттармен будандастыру үшін пайдаланылады.
Алайда, соншалықты құнды болғанына қарамастан, коп дакылдардьщ жергілікті сорттары селекциялык, жолмен шығарылған сорттармен ығыстырылуда. Жергілікті сорттарды ығыстыру кезінде бастапқы материалдардың маңызды формалары селекция үшін мүдде жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан, кеңінен тараған жергілікті сорттар мен табиғи өсімдіктердің популяция түрлерін аныктап, оны сактау жөнінде қажетті шаралар қолдану керек. Барлық селекциялық орталықтарда оларды сактау үшін арнаулы питомниктер болуы кажет.
14.2 Жабайы өсетін өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың қайнар көзі
Селекция үшін жабайы өсімдіктердің түрлері бастапқы материалдың басты кайнар көзі болып табылады. Оларды келешек сорттың негізін салуда іріктеу және будандастыру үшін пайдаланады. Бастапкы материалдардың құндылығы олардың көптеген жағдайларға бейімділігі мен төзімділігі болып табылады. Солтүстік Қазақстанда жабайы шөптердің 70-тен астам түрі кездеседі, олардың ішінде суыққа, ыстыққа, қуаншылыққа тозімді, тұзды топырақгарда есуге кабілетті түрлері бар. Олар селекцияда бастапкы материал ретінде құнды.
Жабайы осетін Тимофеевка бидайын дүние жүзінің коптеген елдерінде бидайдың буданды селекциялык сортын шығарғанда пайдалануда, әсірісе буданды бидай шығарған кезде оны ЦМС -маңызды көзінің бірі ретінде қолданады. Бидаймен будандастырғанда бидайык пен кьштаң шөптің жабайы осетін түрі ерекше құнды болып есептелінеді.
Ауғанстаннан алынған қос қатарлы жабайы өсетін арпа акүнтақ ауруына төзімді болғандықган оны будаңдастыруға қолдана отырып, осы ауруға бой бермейтін сорттар қазірдің езінде алынып отыр.
Танаптық арамшөп қарабидайының біркатар түрлері құрамында белоктың мөлшері жоғарылығымен ерекшеленуде. (Secale kuprianovii Сговвһжәне баскалары), олар Закавказье мен Орта Азияда кеңінен тараған. Мұндай түрлер күздік қара бидай астығының сапасын арттыру резерві болып саналады. Secale sylvestre Host жабайы қара бидай астықгың тамырында өсуіне карсы донор болып табылады. Германияда оны мәдени қара бидаймен будандастыруға, ұлыбританияда жабайы осетін арпамен будандастыруға (Hordeum spontaneum С. Koch) пайдаланады, одан алынган будан төзімді болады. Бидайықтың көптеген түрлерінің ішінде осу қуаттылығымен ерекшеленіп, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суыкқа, қуаншылыққа бой бермейтін, топырақты тандамайтын, тұзға төзімді және тағы баска да бағалы биологиялық қасиеттері көп түрлері кездеседі.
Казақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бидайдың құнды биологиялық және шаруашылыққа пайдалы белгілері бар формаларын алу үшін 1980 жылдан бастап, қатты және жұмсақ бидайдың аудандастырылған және перспективалы сорттарын эгилопстың көптеген: Ае. triarisfaja, Ае. venjricosa, Ае. biuncialis, Ае. ovala, Ае. cylindrica, Ае umbellulafa, ag. elengolum түрлерімен туысаралық будандастыру жүргізіледі.
Оңтүстік Америкада Люпиннің жаңа түрі Lupinus mutabilis табылған. Олардың дәнінде қытай-бұршақтағыдай белок болады, ал майлылыгы - 22%жетеді. Ол майлылығы жөнінен ақ және сары люпин сортьшан 2-3 есе асьш түседі. Абиссин қатты бидайы (Triticum durum subsp. Abyssinicum Vav.) жапырақтатына төзімді келеді. Беде, жоңышқа қылтанақсыз арпабас, еркекшөптің жабайы өсетін жерінкті түрлері еліміздің табиғаты әр түрлі аймақтарында тәжірибе жүзінде селекциялық, құндылығымен жоғары болып табылады. Солтүстік, Орталық және Онтүстік Америка елдерінде күнбағыстың жабайы өсетін біржылдық түрі үлгілернің ішінде зиянды ауруларға ақ және сұр шірігіне төзімділері табылған.
Америка мен Австралияда мақтаның жабайы өсетін 25 түрі табылған, ол солдырма ауруына, оның ішінде ерекше агрессивтік нәсіддеріне төзімді.
Селекционерлер сорттар мен дақылдардьщ түрлерін, әр түрлілігін білу кажет, себебі осы тұрлермен жұмыс істегенде, оның кез келген қажетті үлгілерін пайдаланады, яғни Н.И. Вавиловтың бейнелеп айтуына қарағанда селекционерлер "глобуспен бірге айналуы қажет
III - т а р а у
Сұрыптау – селекцияның негізгі тәсілі
Он бесінші дәріс
15.1 Сұрыптау тәсілдерін жіктеу
15.2 Өсімдіктердің көбею және тозандау тәсілдеріне байланысты сұрыптау тәсілдері
15.1 Сұрыптау тәсілдерін жіктеу
Органикалық дүниенің эволюциялық даму теориясында Ч. Дарвин ауыл шаруашылығында жаңа асыл мал тұқымдары мен өсімдік сорттарының және жаңа түршелер мен түрлердің пайда болу негізі бір ғана ортақ бағыт сұрыптау екендігін анықтады. Ч. Дарвин табиғи және қолдан сұрыптау ғылымының негізін салды.Табиғи сұрыптау ұзақ мерзім ішінде жүретін құбылыс. Қоршаған табиғи жағдайда, осы ортаның әсерінен түрлі өзгерістерге ұшырап, бейімделе алатын, икемділік қасиеттері бар тіршілік қана ұрпақ беріп, тірі қалады. Икемделіп, бейімделе алмаған организмдер құрып кетеді.
Даму құбылысының ең кішкенебірліғі—бір үрпақтың өмірі. Бір немесе бірнеше ұрпақта қосылыстарында(популяцияда) жүргізілген сұрыптаулар болашақ үрпақтарда аса анық болмаса да белгілі әсер жасап, із қалдырды.
Табиғи сұрыптау қоршаған ортада екі бағытта жүреді: олар үнемі даму және тұрақты немесе тоқталған сұрыптау.
Үнемі даму сұрыптауы кез келген ұрпақтар қосындысында (популяцияда) жаңа өзгерістің (мутация) немесе бірнеше өзгерістер қосындылары (комбинация) болуын қамтамасыз етеді, Өмір сүретін орта жағдайлары өзғергенде, тіршіліктің оған тез икемделуі керек.
Тоқталған немесе тұрақты сұрыптау ұрпақтағы тұқым қуу қасиеттерінің тұрақтылығынан, бірнеше ұрпақ (популяциядағы) бойынша тіршіліктің бір-бірінен айырмашылығының болмауына жағдай жасайды.
Қолдан сұрыптау арқылы қазіргі бүкіл малдардың тұқымдары мен өсімдіктер сорттары шығарылған. Адамдар колдан сұрыптау арқылы табиғатта бұрын болмаған, жаңа тіршілік ала алатындығын Ч. Дарвин баса айтқан болатын.
Сұрыптаудың негізі — организмдердің өзгергіштігі және тұқым қууы болып саналады, бірақ қол қасиеттер адамға қажетті белгілері бар жаңа формалардың не себептен пайда болатындығын түсіндіре алмайды.
Пайдалы жаңа қаеиеттер тек сұрыптау арқылы алынады. Американың атақты селекционері Л. Бербанк тәрбиелеу немесе қоршаған ортаның қандай күшті құбылысы болмасын, ғасыр бойына әсер етсе де, сұрыптаусыз, селекция жетістігіне байқаларлықтай із қалдырмайтындығын
көрсеткен (атап өткен) болатын.
Өзгергіштік, көптеген тіршілік топтарынан жаңа белгісі немесе қасиеттері бар, жаңа тіршіліктердің (особалардың) пайда болуына ұшыратады. Бұл жаңа белгілер, қасиеттер әр түрлі, кез келген бағытта сыртқы ортаның және тіршіліктің ішкі қабылдауына байланысты әр түрлі, тіпті қаламайтын бағытта жүрулері мүмкін. Аса пайдалы жаңа өзгерістер тек ұрпақтардың кейбріеулеріне ғана сұрыптау арқылы беріледі. Анықталмаған, әр түрлі бағыттағы өзгерістердің, ағымының белгілі бір бағытта сұрыпталуы арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жаңа белгілер мен қасиеттер жинала келе, жаңа формалрадың немесе өсімдік сорттарынын пайда болуын қамтамасыз етеді.
Ч. Дарвин жасанды, қолдан сұрыптауды ерсі түрге бөледі санасыз немесе ретсіз және әдістемелік немесе жүйелі әдістік сұрыптаулар. Мыңдаған жылдар бойына адамдар сұрыптауды санасыз, белгісіз бағытта жүргізді. Тұқымды көбейту үшін ең жақсы масақтарды, ірі Дәндерді немесе ең дәмді тамырларды, жемістерді және т. б. таңдап отырды. Осындай белгілі мақсаты жоқ, ретсіз сұрыптауды ұрпақтан ұрпаққа қолданудың нәтижесінде барлык мәдени дақылдар алынды.
Жүйелі, мақсатты әдістемелер арқылы сұрыптау кезінде адамдар бір немесе бірнеше дақылдарды жақсартудың қандай қасиеттерін, қандай бағытта өзгерту үшін белгілі мақсаттар қойып, өсімдікке қажетті өзгерістерді жинап, бекітуге кіріседі. Жүйелі сұрыптауды қолдану ХVІП-ғасырдың аяғында ғана басталғанымен, қысқа мерзім ішінде, талай жетістіктерге жеткізді.
15.2. Өсімдіктердің көбею және тозандау тәсілдеріне байланысты сұрыптау тәсілдері
Қоршаған ортаға байланысты пайда болған өсімдік топтарының өз ерекшеліктері болады. Сұрыптау нәтижесінде құрғақшылық аймақтарында пайда болған өсімдіктер топтары ылғалды жерде пайда болған топтарға қарағанда өнімді аз береді, масақтары қысқа, ал дәндері ұсақ келеді. Бұл икемделгіш көрсеткіші мен өсімдік өнімінің кері байланыста болатындығымен түсіндіріледі. Құрғақшылық жерлерде, кейбір өсімдіктерде жоғары өнім беретіп белгілері болуы да мүмкін, бірақ олардың құрғақшылыққа төзімділігі төмен болады. Масақтардың кішілеу, дәндерінің ұсақ болғандары ғана, ірі масақты және ірі дәнділерге қарағанда құрғақшылыққа төзімді келеді, ал сұрыптау осылардың ұрпақтар ішінде алғашқысының көбейіп, екіншілерінің құрып кетуіне ұшыратады. Өте сирек болса да, құрғақшылық аудандарда пайда болған ұрпақтардың ара сында икемделгіш келген, ұсақ дәнді ұрпақтарды ығыстырып шығаратын ірі дәнді өсімдік топтары болуы мүмкін. Осындай өсімдіктер селекцияда аса бағалы ұрпақтар болып саналады. Егер құрғақшылық аудандарда ірі дәнді өсімдіктер, ұсақ дәнді топтардан басым болса, олардын тұқым қуушылық қасиеттерінің — соның ішінде тамыр жүйесінің жақсы дамып немесе аса көп жарық мөлшеріне икемділгі болғандығын, құрғақшылыққа төзімділігі жоғары өнімділігімен қатар жүріп, кейбір заңдылықтың бұзылатындығын байқатады.
Тегі ылғалды жерлерден шыққан, ірі дәнді өсімдіктер ден алынған сорттарды құрғақшылық аудандардан шыққан ірі дәнді сорттармен салыстырсақ, соңғылардың өнімі жоғары келеді, 1000 дән салмағының жоғары болуы сорттың Құрғақшылыққа салыстырмалы ғана төзімді екендігін көрсетеді. Сорттардың ірі дәнділігі мен өнімділігі арасындағы байланыс, беретін өнім корсеткіштері, құрғақшылық ауданда орналасқан тәжірибе станцияларында, бір мезгілде алынған жағдайда салыстырылса анық көрінеді. Бір-бірін ауыстырып отырған өнімді сорттардың өздері ірі дәнді болып келеді. Егер ылғалды аудандар жағдайында, мол тыңайтқыш беру арқылы алынған, жоғары өнімді сорттар болса, олардағы құрғақшылыққа төзімділік белгілері нашар байқалады. Осы жоғарыдағы сұрыптау жолы, күздік дақылдардың суыққа төзімді үрпақтары мен сорттарын алу кезінде байқалады. Бірақ өнімі мол және суыққа төзімді қасиеттер бір өсімдікте бірікпейді, физиологиялық тұрғыдан үйлеспейді де.
Күздік бидайдың батыс еуропалық сорттары өте жоғары өнім бергенімен суыққа төзімсіз келеді, ал шығыс аймақтарында алынған — Ульяновка, Алабас, Лютесценс 329 сорттары суыққа төзімді, бірақ масағы қысқа, дәндері ұсақ болып келеді.
Осында кері байланыс картоп өсімдіғінен де байқалады. Түйнектің құрамында протеині көп, өнімі мол бағалы қасиетті бір сортта кездестіру өте қиын. Дән өнімінің жоғары, құрамында белогының көп болуы да кері байланыста болады, алынатын дән өнімі жоғары болған сайын, оның құрамындағы белокта азая түседі. Батыс еуропалық мол өнімді бидай мен арпа сорттарының құрамындағы белок мөлшері аз келеді. Ал, осы дақылдардың қуаңшылық-далалық аудандарда алынған сорттарының өнімдері аздау болғанымен, дән құрамындағы белок мөлшері жоғары болады. Өсімдіктердің көптеген шаруашылықтың кажетті белгілерінің физиологиялық біріге алмайтындығы сірескен, өзгермейтін қасиеттер емес. Селекция арқылы бұл кері байланыстарды аз да болса жеңілдетуге немесе бір сортқа жинақтауға болады.
Мысалы: Әрі өнімді, әрі суыққа жане құрғақшылыққа төзімді (күздік бидайдың Мироновтың 808, жаздың бидайдың Альбидум 43 және т. б.) мол өнімді, дәнінің құрамында белоғы мол (күздік бидайдың Безостая I) кері байланыстардың бұзылуын кейбір алынған сорттардан көруге болады.
Сұрыптаудың еңбектік маңызы және тұқым қуалаушылықтың сіреспе еместігі, өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге төзімді топтары мен сорттарын шығарғанда анық байқалады. Өсімдіктердің жәндіктермек заңымдануы нәти жесінде немесе осы зақымдану арқылы оған қарсы тұру қасиеттерінің пайда болмайтындығы айдан анық.
Мысалы, картоп қоңызының өсімдік жапырақтары мен сабақтарында алькалоид демиссин барларын зақымдамайтындығы баршаға мәлім.
Бидайдың тұқым салуға қолайсыз, жапырақ қолтығы түкті түрінен басқа түрлерін Швед шыбыны толық зақымдай алады. Осы жағдайдағы бидай түрінің зақымданбауы тек сұрыптаудың ғана нәтижесі, өсімдіктердің өздігінен өзгеруі — икемделуі емес. Осындай құбылыстар ауруларға төзімді өсімдік топтарының пайда болуынан да байқалады. Мысалы, татқа төзімді өсімдік топтары мен сорттарының алынуы, осы аурудың кең тараған аудандарында ғана байқалады, ол кездейсоқ құбылыс емес. Н. И. Вавилов қандай да болмасын ауруға төзімді өсімдіктерді жер шарының осы ауруды туғызушыларының пайда болган аудандарынан іздеу керек деп көрсеткен болатын.
Кенияда бидайдың ең қауіпті ауруы — сабақ татының кең дамуына қолайлы жағдайлар бар екені белгілі. Сондықтан Кения бидайлары сабак татына қарсы тұра алатын, сақтанғыштығы жоғары болуы керек, Аргентина және Чили мемлекеттерінде сары және қоңыр тат
аурулары кеңінен тараған, алайда, осы аймақта, осы ауруларға жағдайында төзімді келетін өсімдік топтары мен сорттары да көптеп кездеседі.
Сонымен, барлық селекциялық тәжірибелер, Ч. Дарвиннің табиғи даму ғылымына сәйкес, өзгергіштік өздігінен икемділік жасап алмай, жаңа тіршілік топтарын және өсімдік сорттарын шығара алмайтындығын дәлелдейді.
Селекцияның мақсатына байланысты сұрыптау жекелеген немесе бірнеше, не көптеген белгілерін ескеру арқылы жүргізіледі. Біржақты, өсімдіктің басқа ерекшеліктерін ескермей, тек бір белгісіне қарап жүргізілген сұрыптау, егер өсімдіктің өнім құраушыларына немесе өнім мөлшеріне әсер ететін, қалыптасқан құбылыстардың өзгеруіне ұшыратса, кері нәтиже беруі де мүмкін. Айталық, тек тұқымның ғана ірілігіне қарап жүргізілген сұрыптау, бір уақытта осы өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуын ескеріп жүргізілмесе, нәтижесіз болып есептеледі. Дәннің ірілігін сұрыптау арқылы бекіту, көп жағдайда масақтағы дән санының азаюына әкеліп соғады. Жекеленген аудандар үшін өсімдік өсіп-өну мерзімдерінің өзіндік қолайлы ұзақтығы болады, ол мерзімдерден ауытқу — өнімнін азаюына соқтыруы мүмкін. Сондықтан, тек тез пісуіне қарап жүргізілген сұрыптау, кейбір ауа райы жағдайларында өсімдік өнімінің азаюына ұшыратуы мүмкін, қант қызылшасы тамыр түйнегін үлкейту бағытында жүргізілген сұрыптау көп жағдайда оның құрамындағы қант мөлшерінің азаюына әкеледі және т. б.
Өсімдіктерді сұрыптау кезінде аса көңіл аударылатын басты көрсеткіштер — әр гектардан алынатын өнім мөлшері, өсірілетін ортаның қолайсыз жағдайларына (қуаңшылық, құрғақшылық, суық және т. б.) төзімді, алынатын өнімнің жоғары сапалы, ауру және зиянкестерге төзімді болуы, өндіру, өсіру, баптау, жинау жұмыстарында техникаларды пайдаланудың икемділігі.
Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтындағы картоппен жүргізілетін селекциялық жұмыстар бірден сұрыптаудың көптеген көрсеткіштеріне қатар жүргізілуін қалайды, олардың бастылары: тез пісетіндігі, егістіктегі күн жарығын ұстайтын жапырақтардың мол болуы, түйнек қабығы мен жұмсағының реңдері, түйнектердің кескіні және ірілігі, түйнек көзшелерінің орналасу тереңдігі, әр гектардан беретін өнімі, түйнек құрамындағы крахмал мөлшері, сақталу ұзақтығы, тұқымдык түйнекті басқа елдерге шығаратындықтарынан рак, фитофтора, картоп азғыны (парша), түйнек жұмағыныңның темір торлыққа (железистая пятнистость), жапырақтардың жиырылма ауруына, түрлі вирустарға, түйнек жұмсағының көгеруі ауруларына, түйнектердің уақытынан бұрын өсуі және қуаңшылыққа төзімділігі.
Бірақ, кейбір дақылдарда, жоғарғы өнім және онан алынатын пайдалы өнім арасындағы кері байланыстық болатындығын естен шығармаған дұрыс. Мысалы, біздің еліміздегі және шетелдерде соңғы 30—40 жыл бойына, қант қызылшасы селекциясының болашағы мол әдісі — бір рет
сұрыптау арқылы жоғары қантты линиялар шығарып және болашақта оларды өзара шағылыстыру арқылы мол өнімді гетерозистік қасиеттері бар будадар алу болып отыр.
Селекция тәжірибесінде сұрыптаудың екі әдісі қолданылады: жалпылама және жекелеп сұрыптау. Ол әдістеменің әр қайсысы алға қойылған селекцияның мақсатына, гүлдеу биологиясына, алғашқы шығу тегіне және басқада жағдайларға байланысты.
Оналтыншы дәріс
Дәннің «Жаппай сұрыптау»
Сұрақтар:
16.1.Жаппай сұрыптау
16.2 Жекелей сұрыптау
16.3 Педигри әдістемесі
16.4 Мүшелік сұрыптау (Клоновой отбор).
16.1 Жаппай сұрыптау
Жаппай сұрыптауда алғашқы оз ерекшеліктері бар ұрпақтар тобы бір мезгілде коптеген жүзден, бірнеше мыңға дейін жетеді. Сұрыптауды көп жағдайда кәдімгі егістікте жүргізеді, ол егістіктен болашактағы сортқа ұқсас белгілер тобы бар жақсы өсімдіктерді таңдайды.
Барльгқ тандалып алынган өсімдіктердің сүрыптау мақсатына сай келетіңдігі, дәнінің толыктығы, аурулармен зақымданбағандьгғы және т.б. лабораториялық жағдайда қаралады. Кейбір жарамсыз белгілері бар өсімдіктерді боліп тастайды. Тандау жүргізілгеннен кейін алынган барлық өсімдік тұқымдары біріктіріліп араластырылады да, келесі жылы бірге, себіледі. Сонда, жаңа сорт сұрыпталып алынган жақсы өсімдіктердің ұрпақтары больш саналады.
Кейбір жағдайда алғашқы ұрпақтың қажеті қасиеттері бір рет сұрыптаудың нәтижесінде алынса - оңдай сұрыптау бірреттік деп аталады. Ондай сұрыптау тек өздігінен тозанданатын осімдіктерде болуы мүмкін. Айкас тозанданатын өсімдіктерде, әдетте алға қойылған мақсатка жету үшін сұрыптау бірнеше рет қайталанады.(18-сұрет)
Алғашқы жылы бастапқы ұрпақтан (жергілікті сорттан) элиталық ең жақсы өсімдіктер бөлініп алынады. Олардың дән өнімдерін қайта қосылып, тағы себеді де, өсімдіктер ішінен жақсыларын сұрыптап алады. Алғашқы алынған ден өнімін екіге бөліп, бір жартысын сорт сынау учаскелеріне себеді. Бұл жерде бірінші сұрыптаудың өсімдіктері бастапқы ұрпақтағы және ең жақсы аудандастырылған сортпенен салыстырылады.
Екінші сұрыпталған өсімдіктердің өнімі үшінші сүрыптау жүргізілетін егістікке және келесі сортсынау учаскелеріне себіледі. Егер сорт сынауда жақсы нәтижелер алынса, онда жаңа сортты күні бұрын көбейтеді де, мемлекеттік сорт сынау учаскелеріне себеді. Келесі жылдары да осы үлгідегі жұмыстарды жалғастырып, қойылған мақсатка кажетті нәтижелерді алғанша жүргізе береді.
Кейбір дақылдардың сорттарының ішінде сүрыптау жүмысы тоқталғанда, көрсеткіштерінің төмендейтіндігі байқалады, мысалы, қант қызылшасының қанттылығы төмендейді. Сондықган, жаппай сұрыптау осы сорттың ондірісте пайдаланылған мерзімдерінде үзілместен жүргізіліп отырылады - оны жаппай үзбей сұрыптау деп атайды.
Жаппай сұрыптау әдісінің басты артықшылығы - оңайлығы, тездігі және кез келген жағдайда жүргізуге болатындығы. Осы артыкшылығын пайдаланып, бұл сұрыптауды ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғана емес, ондіріс жагдайында да пайдалануға болады.
Жаппай сұрыптаудың өзгерген бір түрі - қарама-қарсы (негативный) сүрыптау кезінде жақсы өсімдіктерді тандамай, егістіктен ең нашар ұрпақтарды жұлып тастайды. Қарсы сұрыптау тұқым шаруашьшығы жұмысьгнда да жиі қолданылады. Жаппай сұрыптау өздігінен тозанданатын өсімдіктерге қарагғанда, айқас тозанданатын өсімдіктерде айрықша жүреді.
Жаппай сұрыптау дісімен көпжылдық шөптердің барлық және қарабидайдың көптеген сорттары алынды. Бұл әдістің ең байқаларлықгай кемшілігі - тандалып алынган өсімдіктердің әр ұрпақтарын тексеру мүмкіншінің жоктығы. Жаппай сүрьштауды топырақ құнарлылығы және жер тегістігі бір қалыпты келген учаскелерде жұргізуге тырысады. Осыған қарамастан, жаппай алынған өнімнің ішінде, аса бағалы тұқым қуалау қасиеттері бар өсімдіктер ұрпақтарымен қатар, топырақтың ылғалды болып, жер бетінің ойпандығының, қыраттарының және баска да кездейсоқ қолайлы жағдайлардың әсерінен жағымды өзгерістерге ұшыраған өсімдіктер де кездеседі. Жаппай сұрыптау жалпы ұрпақтар арасынан, селекцияға аса бағалы өсімдіктердің өнім берудегі артықшылығын анықтап, толық корсете алмайды.
Жаппай сұрыптау әдісіне тән кемшіліктер, жекелей сұрыптау өдісін пайдалану арқылы жойылады.
16.2 Жекелей сұрыптау
Бұл әдістің негізі - жекелеген өсімдіктерді сұрыптап алып, болашақта әрқайсысынан алынган ұрпақтарды жекелей сақтау, көбейту. Алғашқы тандалған өсімдіктердің ұрпактарын көп рет тексеруден өткізеді.
Әлсіз, кездейсоқ сүрьшталған өсімдіктер жарамсыз деп табыльш, шетке шығарылады. Өсу ортасының бірдей жағдайында, әр түрлі жылдары таңдалып алынган жүздеген өсімдіктердің ұрпақтары салыстырылады. Сондыктан ол өсімдіктердің тұқым қуалаудағы, генотиптік және тұқым қуалау тұрақсыздыгы, фенотип өзгергіштігіндегі айырмашылықтар анықталып, соның аркасында ең жақсы өсімдік ұрпақтарын тандап, көбейтуге жағдай жасалады.
Өздігінен тозанданатын дақылдармен жұмыс істегенде, әдетте бір рет жекелей сұрыптау қолданылады. Алғашқы ұрпақтар ретінде табиғи, будандық және бір-бірінен айырмашылықтары бар ұрпақтар (мутанттар) пайдаланылады. Тандап алынған табиға бір өсімдіктің ұрпақтары – линиялық деп аталады, оның негізінде алынган сорт -линия, ал тандалып алынған будан
Өздігінен тозандатылған өсімдіктерге бір рет жүргізілген ұрпақтары будандық линия, одан алынған сорт - будандык сорт деп аталады.
Өзгергіштік туғызатын заттар аркылы (мутагендер) тандап алынган өсімдіктер - өзгергіштер (мутанттар), оның ұрпақтары -мутанттық линия, болашак сорт - өзгергіш сорт (мутанттық) деп аталынады. 19-сұретте өздігінен тозанданатын өсімдіктерді бір рет жекелеп сұрыптау жүргізудің кескіні келтірілген Алғашқы жылы ұрпақ топтарынан (популяциядан) сүрыпталып алынған ең жақсы өсімдіктер жекеленіп бастырыпады. Тандальш алынған өсімдіктердің тұқымдары келесі жылы селекция питомнигінде жеке-жеке себіледі. Бұл жерде нашар туыстар (линиялар) шетке шығарылып, ең жақсы туыстар құлдырылады.
Шетке шығарылмаған нөмірлер үшінші жылы - екінші жылдық селекция питомнигіне, ең „ жақсылары – бақылау.
(БП) себіледі де нашарлары шеттетіліп, жақсы нөмірлер іріктеліп бөлінеді. Ең жақсы нөмірлер осы әдіспен сорт сынау, салыстыру (СС) кейде күні бұрын (КБ), кейде соңынан мемлекеттік сорт сынауга (МС) беріледі. Осы және бір уақытта ең жақсы нөмірлердің күні бұрын тұқымдары көбейтіліп (КБ), олармен тұқым жақсарту жұмыстары жүргізіледі.
Жекелей сұрыптау әдісі жаппай сұрыптауға қарағанда күрделі және көп еңбек етуді талап етеді. Жекелей сүрыптау әдісімен алынған жаңа сорт ең таңдаулы өсімдіктің бір масағынан немесе щашақбасынан алынған, астық тұқымдас өсімдіктерде салмағы көп жағдайда 1 г аспайтын тұқымдардан пайда болады. Сондыктан, жаңа сортты шығаруға және тұқымын көбейтуге көп уақыт кетеді. Дегенмен, бұл көрсетілген кемшіліктер - осы әдістің беретін жоғары нөтижесі есебінен білінбей кетеді.
Өздігінен тозанданатын дақыл сорттарының басым көпшілігі табиғи өсімдіктерді немесе будан қосындыларын жекелей сүрыптау әдісін қолдану аркылы алынған.
Будан қосындыларынан жекелей сұрыптау арқылы төмендегі атақты селекциялык сорттар шығарылған. Олар: күздік бидайдың Безостая 1 және Кавказ, жаздық бидайдың Саратов 29 және Мелянопус 26, жаздық арпаньщ Нутанс 244 және Москвалық 121, сұлыньщ Львовтык 78, тарыньщ Саратов 2, ас бұршактың Рамондық 77 және т.б. коптеген сорттары.
Жекелей сұрыптау әдісімен шығарылған сорттар, өздерінің жоғары біркелкі ұрықтық (гомозиготалык) қасиетіне байланысты, әдетте өзінің шаруашыльгқ-биологиялық қасиеттерін көп ұрпақтар бойьша жақсы сақтайды.
Мысалы, күздік бидайдың Безостаұ 4 сортынан сорт ішіндегі қайталап сұрыптау арқылы Безостая 1 сорты шығарылған. Осы әдіспен жаздық бидайдың Шортандинка сортынан Пиротрикс 28, тарының Мироновтық 85 сортынан - Мироновтық 51, күріштің Красноармиялық 173 сортынан - Кубань 9 сорттары және т.б.
16.3 Педигри әдістемесі
Педигри әдістемесі (Ағылшын тілінен алынған padigree – тектілік, генеалогиялық деген ұғымды білдіреді). Кейде өздігінен тозаңданатын дақылдардың будан қосындыларында жекелей сұрыптау бірнеше рет қайталанады, ал таңдалып алынған өсімдік ұрпақтары, шыққан тектері кеп жылдар боны белгілі болғандықтан, олармен салыстырып отырады. Осы әдіспен жүргізілген селекциялық жұмыс ең сапалы (элиталық) өсімдіктердің тек екінші (Ғ2) ұрпағынан басталады. Сұрыпталған өсімдік туыстарын (линияларын) жекелей себеді. Үшінші (Ғ3) ұрпағында нашар өсімдіктерге өте қатты шеттету жүргізіледі, егуге қалдырылған туыстарға қайтадан жақсы өсімдіктерді жіктеу үшін, қайтадан жекелей сүрыптау қолданылып, келесі ұрпақтарда да тексеру жүргізіледі. Шаруашылыққа қажетті қасиеттері және морфологиялық белгілері түрақты болғаннан кейін (көбінесе бесінші, алтыншы ұрпақтарда), өзара қосады да, ең сапалы туыстарды салыстыру арқылы селекциялық және бақылау питомниктеріне егеді
16.4 Мүшелік сұрыптау (Клоновой отбор).
Жыныс мүшесіз көбейетін өсімдіктерде жүргізілетін жекелей сұрыптау мүшелік немесе клондық сұрыптау деп аталады. Мүше немесе Клон — шыққан тегі бір, жыныс мүшесіз көбейетін - (бұтақтар, кесілген тамырлар, кесілген түйнектер, пияздың басы, бадана және т. б.) өсімдіктердің ұрпақтары. Мысалы, картоптың бір бұтасының түбінен алынған түйнектер мүше, немесе клон болып саналады. Мүшелік сұрыптауды жаңа сорттарды шығару үшін немесе тұқым жақсарту жұмыстарында пайдаланады. Мүшелік сұрыптауды будандарда да немесе егіліп жүрген сорттарда да жүргізуге болады. Ең жақсы мүшелік туыстар ұрпақтары сынау және көбейту жұмыстарында алға қойылған мақсаттарга толық жауап беретін болса, сортқа айналады.
Вегетативті көбейетін өсімдіктер популяциясында селекциясының ерекшелігі - болашақ сорттың туыстасы бірінші ұрпақта алынуы мүмкін, ал кейін кажетті мөлшерде көбейтіледі.
Картоп дакылымен жүргізіпетін селекциялык жұмыстың жүйесі
Селекциалдық материалдарды
көбейту питомнигі
Коллекциялық ата-аналар Тұқым шаруашылығының
пиктомнигі
1-ші жылғы өскін питомнигі
Алдын ала көбейту
2-ші жылғы өскіин питомнигі
3-ші жылғы өскін питомнигі Өндірістік
сортсынау
Экологиялық
Алдын-ала сынау
Мемлекеттік
сортсынау
Негізгі сортсынау
Конкурстық сортсынау
Динамикалық сортсынау
Тұқымдық материалдың көбею дәрежесінің төмендігінен картоп селекциясы ұзақтау болады. Мемлекеттік сортсынауға өткізу үш 2 т картоп түйнегін жинау керек.\
1V - т а р а у
СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ БАҒАЛАУ
ТӘСІЛДЕРІ
Он жетінші дәріс
Сұрақтар:
17. 1 Селекциялық материалдардың негізгі көрсеткіштері
17.2 Өнімділігін бағалау
17.3 Қысқа төзімділігін бағалау
17. 1 Селекциялық материалдардың негізгі көрсеткіштері
Селекциялық материал деп барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған номерлер мен сорттарды айтады.
Сорттың немесе селекциялық номердің басты көрсеткіші — олардың өнімділігі мен сапасы. Бұл өте күрделі көрсеткіштер болып табылады. Себебі, оларды анықтау үшін, біріншіден көптеген жай белгілерін қарастыру кажет болса ал екіншіден қоршаган ортаның әсеріне және өсу жағдайына байланысты өзгеру деңгейін анықтау қажет.
Белгілі бір климаттық жағдайга байланысты жүргізіліп жатқан селекциялық жұмыстың барысында сол дақылдың өнімділігі мен сапасының қандай болатынын селекционер алдын ала болжап, көре білуге тиіс. Жыл сайын болатын әрбір дақылдағы өнімділік пен сапа көрсеткіштері өзгеруінің не себепті болатынына дұрыс жауап беруі керек. Бұл көрсеткіштер негізінен дақылдың әр түрлі өнімділігіне, климаттық жағдайға, ауруга төзімсіздігіне және т. б. байланысты болып келеді.
Әрбір алынған және өндіріске ендірілген жаңа сорттар жыл сайын жоғары өнім беріп, саласы жақсы болуы үшін, селекциялық материалдарды мынадай негізгі көрсеткіштері бойынша бағалайды:
өнімділігі;
қолайсыз климаттық жағдайға төзімділігі;
ауруға төзімділігі;
егу, күту, жинау жұмыстарында техниканы пайдалануға бейімділігі;
сапасы.
Селекциялық материалдарды сынау, бағалау үшін мынадай үш тәсілді қодданады;
егістік жағдайда;
лабораториялық жағдайда:
лаборатория-егістік жағдайда.
Сынауды әдеттегі жағдайда жүргізеді. Қарастырылған материалды екі түрлі белгісі бойынша бағалайды, Олар тура және жанама деп аталады. Тура бағалауға сорттар мен селекциялық номерлері, есептеу, өлшеу және т. б. жолдармен багаланады. Ал, жанама тәсіл сорттардың кей, бір қасиеттерін биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерін анықтауга негізделген.
Селекциялық материалды бағалауда аталған үш тәсілдің үшеуі де қолданылады. Егістік тәсіл салыстыруға алынған сорттарды есептеу және қадағалау жұмыстарын егістік жағдайда жүргізуге негізделген. Бұл тәсіл сорт пен селекциялық номерлерді бағалауда дәлірек әрі толығырақ бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан осы тәсіл негізгі тәсіл болып есептеледі. Бірақ егістік тәсіл басқаларына қарағанда біршама үзақ уақыт алады.
Көптеген жағдайда жаңа сортты бағалағанда қолайсыз жағдайға төзімділігі зерттеледі. Ал, бұл колайсыз жағдай жыл сайын болып тұрмайды. Мысалы, күздік дақылдардың қыстап шығу кезеңін, суыққа төзімділігін зерттегенде алынған жылдардың қысы қатты болуы тиіс. Бұлай болмаған, жағдайда, аязды жылдарды күтуге тура келеді. Қолайлы жағдай туған кезде сорттарды белгілері бойынша бағалайды. Егер қыс қатты болмай, ол сорттың аязға төзімділігін зерттеп, сол сортты өндіріске енгізсек, бұл бағалау дұрыс болмайды да алғаш суық болған жылы үсіп кетуі мүмкін.
Селекциялық материалды далалық тәсілмен бағалаганда Құрғақшылыққа төзімділігі, ауру мен зиянкестерге зақымдалуы, жатып қадуы, т. б. белгілері есепке алынады.
Селекция тәжірибесінде іріктеудің жаппай және жекелей екі түрі қолданылады. Өсімдіктерде көбінәсе жекелей іріктеу тәсілі пайдаланылады.
Осы әдіспен жұмыс істегенде бастапқы масақтан алынған дән өз алдына жеке-жеке себіліп, зерттеледі. Олардың ұрпақтарын ерекше шаруашылық белгілері бойынша стандартпен салыстыра отырып зерттеп, жарамдыларын тағы да іріктеп алып, келесі жылы қайтадан бөлек-бөлек себеді. Ал, іріктеуден қалған дәндер алынып тасталады. Осылайша бір текті белгілері бар ұрпақ алғанша жарамдыларын іріктеп, жарамсыздарын шығарып тастау қажет. Селекциялық жұмыс кезінде ұрпағы бойынша зерттеу оның ең негізгісі болып табылады. Ал, карапайым іріктеу жолымен жүргізілген селекция көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың ісейбір белгілері бойынша ажыратуда талапка сай сорттарды шығаруда жауап бере алмайды.
Міне, осыған байланысты, шаруашылықта пайдалы қасиеттері бар жаңа сорттар алу және оларды тұрақтандыру үшін, селекционер будандастыру әдісін кеңінен қолданады. Ол үшін ең алдымен селекциялық материалдарды іріктеп зерттейді, сонан соң будандастыру жолдарымен көбейтіп, радиациялық немесе химиялық мутагендерді пайдаланып, қажетті белгілері бар сорттар алады.
Селекциялық материалды сынаған кезде жан-жақтылық, дәлдік және бағаны қысқа уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады. Оларды әр түрлі белгілері және қолайсыз жағдайларға төзімділік дәрежесі бойынша бағалағанда, әдетте бес баллдың көрсеткішті қолданады. Соңғы кездері көптеген селекционерлер тоғыз баллдық жүйені де пайдалануда. Бұл жүйе халықаралық жүйе болып табылады.
17.2 Өнімділігін бағалау
Өнімділік — бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткшке байланысты анықталады. Олар: өнімділіғі және өсімдіктің орташа саны.
Астық тұқымдастарының өнімділігін анықтағанда әдетте, бір масақтағы дәннің орташа саны мен 1000 дәннін салмағын негізге алады. Көп жагдайда бұл көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баға береді.
Селекциялық материалды бағалағанда оның белгілерінің қатты модификациялануына байланысты өте күрделене түседі. Азғандай көлемдегі егістіктің өнімділігі сорттық жағдайға байланысты әр түрлі болып келеді. Әсіресе өнімді түп, масақтағы дәннің саны, 1000 Дәннің салмағы секілді көрсеткіштер осындай жағдайға байланысты қатты өзгеріске ұшырайды. Сондықтан селекциялық номерлер мен сорттарды өнімділігі бойынша бағалаганда тәжірибе участоктарында модификациялық өзгергіштіктің әсерін азайтатын бірдей жағдай жасау қажет.
Астық тұқымдастарының интенсивті сорттарын шығарғанда мынадай физиологиялық көрсеткіштерге: фотосинтездік өнімділік, фотосинтезбен демалу арасындағы қатынас және жалпы өнімдегі дәннің мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Фотосинтез өнімділігі көп жағдайда өсімдіктің фотосинтездік органдарының, әсіресе жапырақтың көлеміне байланысты болады. Сонымен қатар, бұған жапырақтың пішіні, орналасқан жері де әсер етеді.
Қазіргі жағдайда астық тұқымдастарында фотосинтездік өнімнің дәндік және дәндік емес бөлігіне таралуы да негізгі көрсеткіш болып табылады. Мысалы, сабағы қысқа сорттарда өнімдегі дәнмен масақтың қатынасы 1 : 1 тең болады. Ал, биік сабақты түрінде масақтың көрсеткіші біраз жоғары.
17.3 Қысқа төзімділігін бағалау
Күздік дақылдардың қысқа төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұңым қуалаушылық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Республиканың барлық жерінде күздік дақылдарды егу барысында қыстың кейбір қолайсыз жыдларында бұл дақылдардың жиі шығынға ұшырайтыны байқалады. Кейбір жылдары өнімнің болмауы да мүмкін.
Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалыңдығының аздығынан немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Қазіргі кездегі түсінік бойынша өсімдік клеткасының ішінде және сыртында мұз пайда болу арқылы клетка мембранасына әсер етіп, оның құрылысын бұзады да өсімдіктің өлуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температура да әсер етеді. Күздік бидай күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кетуі өте қауіпті.
Сонымен өсімдіктің қыстап шығу қасиеті немесе қысқа төзімділігі биологиялық қасиеттерге байланысты өте күрделі белгі.
Қысқа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдерді ұзақ әрі тұрақты түрде пайдаланғанда жақсы көрсеткіштер алуға болады. Егістік тәсіл негізгі әдіс болып есептеледі. Өйткені, бұл әдіс бойынша, сорттардың шынығу немесе оның әр түрлі жағдайда өліп кету себептері жөнінде білуге болады. Кей-бір селекциялық орталықтарда кез келген жылда (соның ішінде қолайлы жылдары да) сорттарды бағалау үшін әдейі дайындалған қатар аралығы 15 см. болып келетін бөлшектерде сынайды. Қысты күні мүндай егістікте қолдан әр түрлі қолайсыз жағдайлар, мысалы: бөлшекке қарды жинау немесе қардан тазалау, бетінде мұз қату үшін су құю сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Қыстап шығуды көз жобасымен анықтау. Ол үшін көктемде, яғни өсімдіктер өсіп жетілгенде әр қайсысын қарастыру арқылы бес баллдық жағдайда бағалайды. Егер бөлшекте өлген өсімдік байқалмаса, онда қыстап шығу бес баллга тең болады, ал шығын азғантай болса — төрт балл. Бөлшектегі өсімдіктің жартысына жуығы өлсе онда үш баллға тең де, ал жартысынан көп болса 2 балл қойылады. Тек өсімдіктер толық өлгенде немесе жекелеген өсімдіктірі қалғанда қыстап шығу 1 баллға тең болады. Бұл жағдайда барлық селекциялық материалдарды бір адам бағалағаны дұрыс.
Күздік бидайдың қысқа төзімділігін 9 баллмен бағалайды:
1 — өте төмен (30 процент): 3 — төмен (30—45 процент); 5 орташа (45—60 процент); 7 — орташадан жоғары (60— 85 процент); 9 — жоғары (85 процент).
Күздік дақылдардың аязға төзімділіғін анықтауға арналған тәсілдердің ішінде негізгісі болып, табиги аязға немесе қолдан жасалған төмен температураны пайдалану арқылы жасалатын тура үсіту тәсілі болып табылады.
Екпе жәшіктерге егу. (В. Я. Юрьев тәсілі) зерттеліп жатқаң сортты еккен кезде бір бөлігін сол жердің топырағы салынған жәшікке егеміз. Жошіктің келемі әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе кездесетін түрі — ұзындығы 40 см., ені 30 және тереңдігі 12—15 см. болып келеді. Жәшіктегі өсімдік күз бойы ашық жерде табиғи жағдайда шынығады да, алғашқы қар түскеннен кейін жабық бөлмеге әкелінеді. Бұл жерде өсімдік төменгі температурада (қарсыз жағдайда) зерттеледі.
Сонымен қатар өсімдіктің аязға төзімділігін зерттегенде әр түрлі жаймаларды пайдаланады. Жайманың 2 түрі болады:
топырақ бетінен 40—50 см биіктікте орналасқан, беті жылу өткізбейтін материалмен жабылған жайма;
топырақ бетінде орнатылған жайма.
Он сегізінші дәріс
Сұрақтар:
18.1 Ауруға төзімділігін бағалау
18.2 Зиянкес, жәндіктерге төзімділігін бағалау
18.3 Жатып калуга төзімділігін бағалау.
18.5 Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау
18.4 Өнімнің сапасын бағалау
18.1 Ауруға төзімділігін бағалау
Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолд армен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы өте зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады.
Сорттарды бағалағанда арнайы ауру жиынтырақтын питомниктерде тәсілін пайдаланады.
Тат ауруына төзімділігін бағалау.
Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі рі өте қатты байқалса, сорттық төзімділігін оның шалдығу дәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұндай жағдай болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру бетінде тат дақылдардың көлемін процентпен есептеу арққылы анықтайды (25-26-сұрет).
Астық дақылдардың тамыр шірігіне төзімділігін бағалау. Тамыр шірігі - астық дақылдары үшін бірден бір зиян келтіретін, кең тараған аурудың бірі.
Селекциялық материалдың бұл ауруға төзімділігін бағалауды әдеттегі жағдайда, eric алқабында немесе арнайы инфекциялық питомниктерде жүргізеді. Ол үшін дақыл толық пісіп жетілген кезде әрбір сынақ нөмірінен осы ауруға шалдығыдан өсімдікті сабағынан ұстап жалып тастайды. Бұл кезде, егер өсімдік толық зақымдалса, топырақтан жеңіл суырылып алынады, ал зақымданбаса сабағынан жолынады. Топырақтан суырылыл алынған өсімдіктің саны бойынша сынақ нөмірінің закымдану деңгейін анықтайды.
19.2 Зиянкес, жәндіктерге төзімділігін бағалау
Өсімдіктің зиянкестерге төзімдшгі дегеніміз - оның жөндіктермен зақымданған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбау қасиеті.
Ауыл шаруашылық дақылдардың әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты:
1 .Анатомиялық-морфологиялық ерекшелігі.
өсіп-жетілу ерекшелігі.
Сорттардың зақымдалған мүшелері мен тканьдерін калыпка келтіру мүмкіндігі.
4.Өсімдіктердің тканьдері мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі.
Көптеген өсімдікгердің жекелеген органдары мен тканьдері өзінің құрылысы бойынша жәндіктердің қоректенуіне немесе зақымдануына кедергі келтіретін мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір сорттар өзінің өсіп-өну кезеңінде жәндіктердің көбею уақытынан кеш немесе ерте өтіп аз зақымданады. Мысалы, арпа немесе жаздың бидай сорттары өзінің шығуы және түптенуі кезеңі бойынша швед шыбынының жұмыртка салу уақытынан ерте өтеді де, бұл зиянкеспен аз зақымданады.
Сорттардың төзімділік дәрежесін зақымдалған өсімдіктің орташа немесе белгілі бір көлемдегі (1м 2) зиянды жәндіктердің саның есептеу арқылы анықтайды. Ал, дәннің ішінің зақымдануын егісгіктен алынған өсімдік дәнін лабораторияда тексеру арқылы анықтайды.
Ауыл шаруашылық дакылдарын өндіруді толық механикаландыру үшін, әрбір жаңа дақыл осыған сай белгілер мен қасиеттерге ие болуы тиіс. Дәнді дақылдар үшін оның жатып қалуға және тігілуге төзімділігі басты көрсеткіштің бірі больш табылады.
18.3 Жатып калуга төзімділігін бағалау.
Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механикалық жолмен жинауды қиындатуымен катар, көптеген шығынға ұшыратады.
Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылады.
Дәнді дақыддардың жатып калуын екі түрге бөледі:
дақылдардың сабақтан жатып қалуы;
тамыр түбінен жатып қалуы.
Бірінші жағдайда өзінің бойынан майысса, екінші жағдайда сабақтың түбінен майысады.
Сорттың жатып қалуға төзімділігі мен төзімсіздігі оның сабағының анатомиялык құрылысына байланысты болады. Жатын қалуға төзімді сорттардың тамырлары жуан әрі берік, жан-жаққа шашырап тараса, ал жатып қалуға бейім сорттардың тамырлары тігінен тарайды да, механикалық тканьдері нашар жетілген болып келеді.
Селекциялық материалдардың жатып қалуға төзімділігін егіс жағдайында бес балдың көрсеткіш бойынша анықтайды. Жатып қалу байқалмаса 5 балл, аздап байқалғанда (сабағы кішкене майысса) 4 балл қояды. Егер сабақтын топырақ бетімен арадағы бұрышы 45 жуық болса 3 балл, қатты жатып қалғанда 2 балл қояды. Егінді механикалық жолмен жинауға мүмкін болмай өте катты жатып калғанда 1 баллмен бағаланады. Төзімділікті 9 баллдың көрсеткішпен былайша бағалайды: 1-өте төмен, 3-төмен, 5-орташа, 7-жоғары, 9-өте жоғары.
Дәннің төгілуіне төзімдіаігін бағалау. Сорттық төгілуге төзімділігін анықтайтьш өте қарапайым ері кең тараған тәсілі - оны егіс алқабында, өсіп тұрған кезінде бағалау болып табылады. Ол үшін әрбір 5, 10 және 15 күн сайын зерттеу жүргізілген бөлімшеден масақтар алып, ондағы тегілген дәнің есептеп процентін шығарады.
18.4 Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау
Құрғақшылық бзідің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары олар үлкен жер көлемін алып ,барлық іауыл шаруашылық даңылдарының өнімділзгін төмендетеді. Құрғақшылықтың әсерінен өсімдікте қанттың фосфорилденуі тоқтап, энергия алмасу деңгейі төмендейді әрі бүкіл биохимиялық процесс комплексі бұзылады. Құрғақшылықпен күресудің бірден-бір жолы - бұған төзімді сорттар егу болып табылады.
Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз — олардың жоғары температурада, ауаның төменгі ылғалдылығында, топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы суды дұрыс пайдалану арқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі. Құрғаққа төзімділік өте күрделі процесс. Ол әр түрлі жоғдайға байланысты болып келеді, негізгілері: а) өсімдіктің анатомия-морфологиялық ерекшілігі; ә) цитоплазманың жоғары температурага және тұз концентрациясына физиологиялық шыдамдылығы; б) биологиялық өсіп жетілу ерекшелігі.
Құрғақшылық үш түрде кездеседі:
1) топырақтағы құрғақшылық;
2) ауадағы құрғақшылық;
3) аралас құрғақшылық.
Толырақтағы құрғақшылықтың бір ерекшелігі кенеттен пайда болмай, біршама уақыт аралығында жүруі. Осы кезеңде көптеген өсімдіктер, әсіресе құрғақшылыққа төзімділері әр түрлі деңгейде мұндай колайсыз жағдайға бейімделеді. Сөйтіп, бар ылғалды үнемді түрде пайдаланады. Осындай жағдайда күрғақшылықка төзімді сорттардан қанағаттандырарлық өнім алуға болады.
Ал, ауадағы (атмосфералық) құрғақшылық кенеттен пайда болады. Бұл кезде ауаның температурасы 38—40°-қа дейін көтеріледі де, ылғалдылығы 18—20 процентке дейін төмендейді. Бұл құрғақшылықтың түрі көптеген аудандарда дақылдың дән салу кезеңіне тура келіп, өнімділігін күрт төмендетеді. Құрғақшылықтың осы үш түрінің ішінде топырақтагы және ауадағы құрғақшылықпен қатар келетін аралас құрғақшылық өте қауіиті болып есептеледі.
Құрғақшылыңқ көктемгі, жазгы және өсімдіктің бүкіл өсіп-өну кезеңіндегі болып үшке бөлінеді. Көктемгі құрғақшылық көбінесе жаздық дәнді дақылдардың түптену кезеңіне тура келсе, ал жазғы құрғақшылық сәл көшірек дақылдың масақтануынан басталып, дән пайда болғанға дейн жүреді. Әсіресе, көктемгі құрғақшылық жаздың құрғақшылыққа ұласқан кезде, яғни өсімдіктің өсіп-өну кезеңіне тура келгенде өнімділігі кемиді. Мұндай құбылыс көбінесе Қазақстанның солтүстік аудавдарына тән.
Құрғақшылыққа төзімді сорттар ретінде тез пісіп жетілетін сорттарды атау қате пікір екендігі көптеген тәжірибе жұмыстары арқылы дәлелденген. Ерте пісетін дақылдар өсіп жетілудің алғашқы кезеңіндегі Құрғақшылық әсерінен өнімділігін азайтуы мүмкін. Құрғақшылыққа төзімді өсімдікте ең бастысы, физиологиялық процестің дұрыс жүруі тиіс. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік төзімсіз өсімдікке карағанда өз бойында. байланысқаң суды көбірек ұстайды.
Біздің республиканың егістік алқабында жыл сайын құрғақшылық-қолайсыз кезең қолайлы кезеңмен алмасып келіп отыратыны белгілі. Сондықтан, алынған жаңа сорт құрғақшылыққа төзімді болуымеи қатар, ылғал мол жылдары да жоғары өнім беруге тиіс. Қазіргі кезде жаздық бидайдың ішінде Әритроспермум 841, Саратов 29 сорттары осындай талапқа сай.
Құнғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық материалды бұл қасиеті бойынша көзге көрінетін белгілері арқылы егіс алқабында бағалауға болады. Топырақтың және ауа Құрғақшылығының әсерінен ең алдымен оның өнімділігі мен дәнінің толық пісіп жетілуіне қарап бағалайды. Сонымен қатар дақылдың биіктігі, масақтың ұзындығы, дәннің пішіні және жапырақтың түсі секілді белгілері бойынша да анықтайды. Егістік тәсілдің көмегімен сорттардың құрғақшылыққа төзімділігін тек қана құрғақ жылдары бағалауға болады.
Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау үшін «қолдан жасалған құрғақшылық» тәсілін қолданады. Мүндай «құрғақшылықтың» ені 6 м, ұзындығы әр түрлі болып келеді. Оңың үсті ағаш немесе жеңіл металдың комегімен.
18.5 Өнімнің сапасын бағалау
Кез келген сорттың шаруашылықтық құндылығы тек қана белгілі бір жерден алынған өнімнің көлеміне қарап емес, сонымен қатар оның сапасымен де анықталады. Бұл көрсеткіш өсімдіктің биологиялық ерекешлігіне байланысты болып келеді.
Өнімнің сапасы «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау» курсында толық қарастырылатын болғандықтан, бұл жерде ол көрсеткіш тек жалпы түрде келтірілген.
¥н алуға арналған астық тұкымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т. б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшірлігі, нан пісіретін сапасы сияқты белгілерін пайдаланады.
Ұнның нан пісірерлік қасиетін багалағанда 100 г ұннан шыққан нанның көлемі, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойыша анықтайды.
Батыс және Орталық Еуропаның кейбір елдерінде дәннің сапасын анықтау үшін, бірнеше корсеткіштен шығатын сапалық коэффициент қолданылады. Бидайдың барлық сорты дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді: А - ең жоғарғы сапа; В — орташа сапа, С —төменгі сапа.
Өнімнің сапасын бағалаған кезде оның негізгі көрсеткіштері (дәннің химиялық құрамы, май белок, крахмал, қанттың көлемі, талшықтың ұзындығы мен жіңішкелігі т. б.) температура, ылғал, жарық, топырақтың құнарлығы, тыңайтқыш сияқты жағдайларға байланысты қатты өзғеріске ұшырайды. Сондықтан, мұндай бағалауды барлық сорттарды өсіргенде агротехникалық және табиғи жағдайлар бірдей, тең жағдайда жургізу қажет. Сонымен қатар өнімнің сапасы әр жылдары әр аудаяда ауытқып отыратындықтан, оларды әр түрлі географиялық аймақтарда көп қайтара тексереді.
Төменде селекциядағы кейбір дақылдардың сапалық көресеткішін жүргізуге мысалдар келтірілген.
Күріштің сапасын бағалағанда ең алдымен оның мөлдірлігіне, пішіні мен үлкендігіне назар аударылады. Әдетте күріш клеткасы мәлдір және мөлдір емес болып келеді. Мөлдір емес дәннің клеткасында суга еритін көптеген декстрин мен мальтоз болғандықтан крахмал түйіршіктері борпылдақтанып орналасуымен ерекшеленеді. Мұндай күрішті суға пісіргенде желім тәрізденіп кетеді. Күріштің осындай сорттары Қытайда, Жапонияда, Индонезияда кең тараған. Сондықтан, палау, басқа да тағамдар пісірген кезде ісініп бір-біріне жабыспайтын сорттарды пайдаланады. Осындай қасиеттерге клеткасында судан ісінетін күрделі крахмал түйіршіктері бар жатыны мөлдір дәндер ие.
Күріш дақылының көп сорттары молдір болып келеді. Оларды сыртқы пішіні бойынша және йодтық спирт ерітіндісінде бояу арқылы анықтайды. Бұл кезде мөлдір емес дәндер сұр түске боялады.
Талшықты дақылдардың (мақта, кенеп, жұт т. б.) сапасын талшықтың ұзындығы, жіңішкелігі, беріктіғі, жұмсақтығы сияқты көрсеткіштері бойынша анықтайды. Талшықтың түсі ашық болған сайын, ол сапалы болып есептеледі. Сапалық белгілерінің жиынтығы бойынша әрбір зерттеліп жатқан сорттың талшығына номер беріледі.
Тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың проценті, дәнде ұзақ сақталуы, қант қызылшасының қанттың құрамы есепке алынады. Крахмалды оның тығыздыгы бойынша 5 кг өлшеммен арнайы таразыда анықтайды. Түйнек аз болған жағдайда химиялық жолмен тұз ертіндісі тәсілін қол данады.
Өнімнің сапасына деген талап күшейген нарықтық жағдайда селекционерлер де бұл көрсеткіштреге баса назар аударуда.
Дәннің сапасы бойынша құнды деген белгілерін тауып, оларды пайдалану үшін, коптеген химиялық және биохимиялық талдаулар жасалуда. Мысалы, бір ғана бұрынғы Бүкілодақтық селекциялық-генетикалық институтының (Одесса қаласы) биохимия лабораториясында жыл сайыы жаңа құралдардың көмегімен 90 мыңга жуық талдау жұмыстары жургізіледі
Он тоғызыншы дәріс
СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ІІРОЦЕСТІҢ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҮЙЫМДАСТЫРУ
19.1 «Егістіктегі жұмыстардың техникасы»
19.2 Фенологиялық байқаулар
19.3 Өнімді жинау және есептеу
Селекциялық-тұқымдык жұмыстарды механикаландыру — өте маңызды міндет, өйткені даладағы және селекциялық-тәжірибелік мекеме лабораторияларындағы жұмыстардың біразы әлі қолмен істеледі. Оның өзіне тән ерек шелігі бар. Селекциялық жұмыстарға пайдаланылатын машиналар пайдалануға қолайлы және көлемі шағын мөлдектер мен тұқымдар партиясы көп болған кезде жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге тиіс. Аталған машиналар түріне қойылатын маңызды талап — технологиялық операцияларды дәл орындау (егіс кезінде берілген аралыққа тұқымдарды қатарлап орналастыру, астықты толықтай бастыру т. б.), сондай-ақ бір сорт жұмыстарынан екінші сорт жұмыстарына өткен кезде, олардың жұмыс және транспорт органдарын тез, жеңіл әрі толық тазарту. Тұқымдарды зақымдауға жол бермеу. Аталған машиналар жан-жақтылық, үйлесушілік талаптарына және тракторлардың маркаларын аздап пайдалану мүмкіндігіне жауап беруге тиіс.
Ауыл шаруашылығын механикаландырудың ғылыми-зерттеу институты астық, жарма, бұршақтұқымдастар дақылдарымен, күнбағыс және қант қызылшасымен жүргізілетін селекциялық-тұқымдың жұмыстарды механикаландыру үшін, машиналар жүйесін жасады. Оған әр түрлі габаритті машиналардың 200-ге жуық атаулары мен типтік мөлшерлері енеді.
19.1 Егістіктегі жұмыстардың техникасы
Сыналатын сорттар мен селекциялық материалдардың салыстырылатындығы — селекциялық процесті ұйымдастырудың ең маңызды талаптарының бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде барлық жұмыстарды бір мезгілде және жоғары сапалы етіп өткізу қажет. Көң мен минералдық тыңайтқыштардың құрамы бойынша біркелкілерін енгізу, оларды учаскеге біркелкі етіп бөлу және бірдей тереңдікке сіңіру керек. Учаскені бөлшектей отырып, мөлдектерде атыздардың құламауын, Бұлінбеуін бақылау қажет. (18-сұрет).
Себу — сорт зерттеу процесіндегі ең жауапты жұмыстардың бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде тұқым себу үшін трактор аспалары, қолмен тұқым себетін және егетін машиналар қолданылады. Кезкелген сорт сынау питомнигі мен учаскесінде тұқым себу бір күн ішінде бітуі тиіс. Себілген тұқымның біркелкілігі мен тереңдігіне мұқият бақылау жасау қажет. Сорт сырауда тұқымдық материалды дайындау және тексеру, себу нормаларының есебі, тұқым себетін машинаны құру өте маңызды.
Селекциялық егісті күту. Селекциялық егісті үлгілі етіп үстау керек. Барлық зерттелетін сорттар үшін біркелілікті сақтай отырып, оларга дер кезінде және мұқият күтім жасайды. Сорт сынау уческесіндегі және питомниктердегі қатар аралықтары мен жолдар борпылдақ жұмсақ күйде ұсталуы және арам шөптерден мүлде таза болуы керек.
Селекциялық орталықтарда селекциялық питомниктердің қатараралықтарын өңдеу үшін, МР—300 ротациялы шабықтаушы жасалған. Ол еңбек өнімділігін 20 есе, кейде одан да көп арттырады. Топырақтың қатараралығын өңдеу және қатарлары кең селекциялық питомниктерде арам шөптерді жою үшін, төрт қатарлы РФ—4 фрезер қопсытқышы қолданылады.
19.2 Фенологиялық байқаулар.
Селекциялық материалдарды зерттеген кезде фенологиялық байқаулар жүргізу өте маңызды. Сорттарды бағалау үшін ор кезеңдерінің басталу уақытын, ұзақтығын және күндер ішіндегі толық көктеуден толық піскенге дейнігі уақыт деп түсінілетін өсіп-өну дәуірінің жалпы ұзақтығын білу қажет. Әрбір фенологиялық кезеңнің басталуы мен аяқталуын белгілейді. 10% болған кезде басталуын, ал мөлдектердегі өсімдіктердің жалпы сакының 75%-і осы кезеңге түскенде аяқталуын белгілейді. Сорт сынау егістігінде немесе қандай болмасын питомникте бір адам фенологиялық бақылауды тәуліктің бір уақытында өткізуге тиісті.
Сорт сынайтын мөлдектерде өсімдіктердің өсу қоюлығын өсептеу үшін, барлық қайталауларда толық көктеу болғаннан кейін қиғаштамасы бойынша бірдей қашықтықтарға бөледі және сыналатын алаңдарды бекітеді, жаздық дақылдар бойынша — 3, күздік дақылдар бойынша —4.
Жаппай себілетін дақылдар үшін аралас екі қатарды бөледі, ал кең қатарлы егіс дақылдары үшін бір қатарды бөледі. Бөлінген қатарларды қазықшалармен белгілейді.
Сыналатын алаңдарда толық көктеу кезіндегі (көктөу толықтығың анықтау үшін) және жинау алдында өсімдіктер санын есептейді (өсіп-өну кезеңіндегі сорттардың сирексу дәрежесін анықтау үшін).
Мөлдектердегі нашарлаған жерлерді бөлу. Жұмыстарды жоғары сапалы етіп орындау және селекциялық егістерді қорғау жөніндегі барлық шараларға қарамастан, осы немесе өзге қайталудың мөлдектерінің аздаған жеке бөліктерінде кездейсоқ себептердің салдарынан, кейде өнім күрт төмендеп кетеді (тұқым сепкенде түспей қалу, құстардың шоқып тастауы, зиянкестердің Бұлдіруі т. б.). Мұндай жағдайларда мөлдектің есептеу алаңынан ажырату алаңдарын бөледі, әдетте нағыз өнім жинау алдында бөледі. Олардың формасы квадрат немесе дұрыс тікбұрыш тәріздес болады.
19.3 Өнімді жинау және есептеу.
Сорт сынайтын мөлдектердегі, питомниктердегі өнімді жинау және дәнді дақылдарды көбейту үшін егін оратын, бау байлайтын шағын аспалы машиналар мен шағын габаритті аспалы «Сидмайстер-125», «Сампо-500» т. б. комбайндарды қолданады. Кішкентай мөлдектердегі өнімді жинаған кезде «Хега-125 Б» комбайндарын пайдалану өте тиімді, олар әрбір мөлдектегі өнімді жинағаннан кейін, жұмыс органдарын тазартуга арналған пневматикалық құрылғылармен жабдықталған. Сорт сынайтын мөлдектердегі баулар МПСУ-509 немесе «Фортшритт» фирмасының молотилкаларымен бастырылады. Мұндай молотилкалармен 1 сағат ішінде 100— 200 бау бастыруға болады.
Өнім ысырабы мен сорттар араласуының барлық түрлерін жою үшін қажетті шаралар қабылдайды. Өнімді бірдей ылғалдылыққа келтіреді (дәнді дақылдар үшін — 14%). Картоптың сортын сынаған кезде түйнектердің жалпы және товарлы өнімін жеке-жеке есепке алады, ондағы крахмалдың мөлшерін және оның 1 гектардан (крахмалдың артығын) жиналған мөлшерін анықтайды. Сондай-ақ ұялардың тығыздығын, тамырсабақтардың ұзындығын, түйнектердің ірілігіне қарап, өнім туралығын белгілейді.
Қорғаныш алқабы. Есептік мөлдектерге бөгде әсерлерден және олармен шектесіп жатқан танаптар тарапынан зиян келуден сақтандыру үшін, қорғаныш танаптарын құрады. Олар кәмкеруші, шеткі және ақырғы болып бөлінеді
Көмкеруші қорғаныш алқабының жалпақтығы 2—3 метр болады, олар сорт сынау немесе қандайда болмасын питомник алып жатқан учаскелерді баска тәжірибелік немесе егіс алқаптарынан бөліп тұрады. Шеткі қорғаныш алқаптары жолдарға жанасатын қайталаулар шетіне қарай бөлінеді. Олардың жалпақтығы да есептік мөлдектер жалпақтығындай болады. Шеткі қорғаныш алқабы — бұл мөлдектерінің ұзын жақтары бойынша бөлінетін шағын алаңдар.
Жиырмашынсы дәріс
МЕМЛЕКЕТТІК СОРТ СЫНАУ ЖӘНЕ СОРТТАР МЕН БУДАНДАРДЫ АУДАНДАСТЫРУ
20.1 Мемлекеттік сорт сынауды ұйымдастыру
20.2 Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінде сорттарды өндірістік сынаудан өткізу
Ғылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылатын селекциялық сорттардың жетістіктерін жақсы пайдалану үшін, оларды жан-жақты сынап, бағалап, келешекте егіп-өсірілетін аудандарын тиянақты анықтау қажет. Бұл міндет мемлекеттік сорт сынау мекемелері арқылы шешіледі. Мемлекеттік сорт сынаудың басты міндеті мынада: ауыл шаруашылығы дақылдардың барлық сыналатын сорттары мен будаңдарды аудандастыру мен өндіріске енгізу неғүрлым өнімді, өнім сапасы және басқа белгілері бойынша оларды ең құндыларын іріктеумен атқарылады.
Дақылдар мен сорттарды жергілікті жағдайларда пайдаланудың қолайлылығын анықтау үшін, салыстырып сынау әрекеті Ресейде өткен XIX ғасырда қолданылды 1848 жылы К. И. Арсеньев ауыл шаруашылығы дақылдары мен сорттарын әр түрлі топырақ-климат жағдайларында сынау жөніндегі алғашқы ғылыми еңбегін жариялады және аудандастырудың жалпы принциптерін атап көрсетті. Бірақ ұйымдастырылған, жоспарлы сорт сынау Кеңес өкіметі тұсында ғана іске асырылды. 1923 жылы Бүкіл украиналық тұқым өсіру қоғамы құрған сорт сынау учаскелерднің жүйесі жұмыс істей бастады (Укрсортсынау жүйесі). 1924 жылы РСФСР территориясында Мемлекеттік тәжірибелік агрономия институты жанынан мемлекеттік сорт сынау жүйесі (Мемсортсынау жүйесі) құрылды (қазір Н. И. Вавилов атындағы өсімдік шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты деп аталады). 1929 жылы КСРО-да дәнді дақылдардың алғашқы сорттық барлық жұмыстары Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бірыңғай Мемлекеттік сорт сынау жүйесі бөліміне біріктірілді. Ол уақытта Мемлекеттік сорт сынау жүйесі негізінде селекциялық және тәжірибе станциялары базасында жұмыс істейтін 450 сорт сынау учаскелері бар еді. КСРО Үкіметінің 1957 жылғы 29 маусымдағы «Дәнді дақылдар тұқымын жақсарту шаралары туралы» қаулысына сәйкес бұрынғы КСРО халық егін шаруашылығы комитетінің жанынан ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын сынайтын Мемлекеттік комиссия құрылды. Қазір әрбір жақтарға орналасқан мемлекеттік сорт сынау учаскелері 12—3 әкімшілік аудандарына біреуден келетін әр түрлі аймақтарға орналасқан мемлекеттік сорт сынау учаскелері бар.
20.1 Мемлекеттік сорт сынауды ұйымдастыру
Қазіргі уақытта бұрынға КСРО территориясында 1500-ге жуық сорт сынау часкелері мен сррт сынау станциялары жұмыс істейді. Олардың жүйелері топырақ-климат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды. Мәскеуде өнім сапасын, анықтау мәліметтері бойынша сорттарды бағалайтын ауыл шаруашылығы дақылдары сортын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Орталық лабораториясы бар. Басқа республикаларда да сол сияқты ондаған республикалық, облысаралық лабораториялар бар. Сорт учаскелерінің көпшілігі кешенді: мүнда әр түрлі танап дақылдары сортын сынайды. Кейбір сорт сынау учаскелерінде сорттардың кеңейтілген тобын сынау өтеді. Кешенді сорт учаскелерімен қатар, мамандандырылған сорт учаскелері де жұмыс істейді.
Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сынау учаскелері мынадай түрлерге бөлінеді: егістік дақылдар учаскесі (суарылмайтын, суармалы, құрғап қалған және торфты-батпақты топырақтарда); көкөніс дақылдары учаскесі; субтропикалық дақылдар учаскесі (суарылмайтын және суармалы); жібек өсіру учаскелері (Мемлекеттік комиссия ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын емес, тұт жібек көбелегі тұқымдарын да сынайды); арнаулы (фитопатологиялық және энтомологиялық). Әрбір облыста (өлкеде) сорт учаскелерінің бірінде энтомолог-фитопатолог мамандарының басшылығымен сорттардың аурулар мен өсімдік зиянкестеріне төзімділігін тереңдетіп зерттеу жұмысы жүргізіледі. Көптеген сорт учаскелерінде дәнді дақылдар сортын өсімдіктердің татпен, шаңмен, қатты қаракүйемен жасанды зақымдануы көзінде бағалайды. Сынауды оңашаланған арнаулы танаптарда жүргізеді. Сорттардың тат ауруына төзімділігін бағалай отырып, өсімдіктерге осы аймақтағы осы аурудың қоздырғыштар нәсілінің анағұрлым агрессивті спорларын жұқтырады. Өзбек республикасы кейбір сорт сынау учаскелеріне макта сорттарының алдамшы фойда жасанды зақымдануы кезінде вилт (солдырма) ауруына төзімділігіне сынау және бағалау жүргізеді.
Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау учаскелері мен сорт сынау станциялары перспективалы және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістің әр түрлі алғы дақылдарына байланысты себу мен қоректендіруді, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.
Көпшілік сорт сынау учаскелерінің тұрақты қызметкерлерінің штаты үлкен емес: меңгеруші, оның көмекшісі және 2—3 техникалық қызметкер. Совхоз (колхоз) шарт бойынша сорт сынау учаскесімен бірге барлық дала жұмыстарын атқарады, жұмысшы күштері мен ауыл шаруашылық техникасының қажетті мөлшерін бөледі. Сорт сынау учаскелері шаруашылықтармен сорт сынауға байланысты жұмыстар үшін есеп айырысуда, оларға бекітіліп берілген өнімділік мөлшері мен бағалау бойынша жүргізіледі.
Сорт сынау мен жаңа сорттарды көбейту үшін, шаруашылық тұрақты жер учаскесін бөледі, оған өзінің ауыспалы егісін енгізеді. Барлық жұмысты ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия бекіткен бірыңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады, ол сорт бақылаушы (стандарт) қызметін атқарады. Тәжірибелердегі қайталану — төрт-алты дүркін. Мөлдектің есептеу алаңы қағида бойынша 100 шаршы метр. Шағын габаритті техниканы кайдаланған кезде мемлекеттік сынау әдістемесі дақылдар қатары бойынша мөлдектер мөлшерін 25, тіпті алты дүркін қайталану кезінде 10 шаршы метрге дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік сорт сынауға берілетін жаңа сорттарды бір мезгілде, ірі топырақ-климат аймағының барлық сынау учаскелерінде лезде сынауға мүмкіндік береді.
Сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттерінің мынадай жиынтығы бойынша жан-жақты бағаланады: өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады. Сорт сынау нәтижелері бойынша хабарламаны жинау, сақтау пайдаланылады, Сорт сынау мәліметтерін статистикалық өңдеу үшін «Мир» және «Минск» электронды-есегітеу машиналарында бірнеше бағдарлама жасалады. Мемлекеттік сорт сынау мәліметтерін машиналық өңдеу үшін, сорт сынау учаскелері есептерінің бірыңғайланған формалары енгізілген.
Мемлекеттік сорт сынау әрбір сорт сынау учаскесінде 3 жылдан кем болмайды, қағида бойынша бес жылдан артыққа созылмайды. Негізгі сорт сынаумен бір мезғілде мөлдектерде ең жақсы, анағүрлым перспективалы сорттарды 2—3 жыл ішінде өндіріс жағдайларында сынайды. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал перспективасыз сорттарды әрі қарайгы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруга рұқсат етіледі, мысалы, күздік бидайдың Мироновская 808 және Прибой сорттары, жаздық бидайдық Саратовская 45 сорты, күздік қара бидайдың Восход сорты, бұршақтың Неосыпающийся 1 сорты, жүгерінің қарапайым жемаралық Днепровская 50 буданы кейбір облыстарда екі жылдық сорт сынау нәтижерсінде аудандастырылған.
Ауыл шаруашылығы дақылдардың мемлекеттік сорт сынауын ұйымдастырудың әр түрлі елдерде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Польшада Бұл жұмысқа Слупи Велькейдегі ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын бағалау жөніндегі Орталық басшылық етеді, ол мемлекеттік орган болып есептелінеді, оған 80-нен астам сорт сынау станциялары бағынады, бұл станциялар барлық өңірлерге біркелкі орналасқан. Канадада мемлекеттік сорт сынайтын арнаулы институт жоқ. Селекциялық мекемелер өз сорттарын кооперативті негізінде бірлесіп сынайды. Шағын мөлдектерді пайдалануға байланысты тұңымдарды көп үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл сорт сынау осы дақылдың селекциясымен айналысатын барлық селекция станцияларында жүргізуге мүмкіндік тудырады. Бұл сорт сынау мерзімдерін шұғыл қысқартады және үлкен алаңдарда бір мезгілде жаңа сорттарды енгізуге мүмкіндік береді.
20.2 Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінде сорттарды өндірістік сынаудан өткізу
Өндіріс үшін перспективалы сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау өндірістік сорт сынау жолымен жүргізілуі мүмкін. Мөлдектерге бір-екі жылдық сорт сынау нәтижелері бойынша сорт сынау учаскесі өз аймағының шаруашылықтарында жаңа перспективалы сортты аудандастырылған стандартты сортпен салыстыра отырып сынауды ұйымдастырады. Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2— 4, картоп үшін 1—2 гектар болады. Жоғары өнім алу үшін өндірістік жағдайлардың толық типтілік мүмкіндігі мен жағдайлары қамтамасыз етіледі. Сорттарды сынау жоғары агротехника фонында жүргізіледі. Сорт сынау учаскелерінің басым көпшілігі төңірегіндег шаруашылықтар үшін, егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады. Олар өздері сынайтын барлық ауыл шаруашылығы дақылдардың жоғары өнім беретін сорттарын егеді. Сондықтан да еліміздің сорт сынау учаскелеріндегі дәнді дақылдардың орташа өнімділігі колхоздар мен совхоздарға қарағанда 2 еседей жоғары.Сорт сынау мекемелері жаңа перспективалы сорттың тұқымдарын көбейтеді және оларды өздерінің территориясында тұрған шаруашылықтарға, сондай-ақ қатар орналасқан колхоздар мен совхоздарға егу үшін береді.Бір облыстағы (аймақтағы) аудандастырылған сорттардың саны туралы мәселе өте маңызды. Әр жылдары, сондай-ақ әр түрлі облыстардың, аудандар мен шаруашылықтардың ішінде қашанда әркелкі жағдайлар қалыптасуда. Сондықтан, бір облыста немесе аймақта биологиялық даму кезеңі әр түрлі, бір-бірін қайткенде де толықтыратын сорттарды (мысалы, ерте пісетіндер мен кеш пісетіндерді, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суару жағдайларында анағұрлым өнімді, немесе таза пар мен парсыз алғы дақылдармен бірге және т. б. егіс үшін белгіленген торфты-батпақты топырақтарда жақсы өсуге қабілетті жұмсақ және қатты бидайларды аудандастыру пайдалы ғана емес, әбден қажетті де. Сөйтіп, Сібір жағдайларында бір шаруашылықта жаздық бидайдың екі сортын егіп-өсірудің мәні бар (орташа ерте пісетін және орташа кеш пісетін немесе кеш пісетін). Украина мен Кавказдың оңтүстігінде күздік бидайды таза парға еккен кезде жоғары интенсивті Безостая 1 және Зерноградка 3 сорттары үлкен өнім береді, ал екпе парға еккен кезде немесе парсыз алғы дақылмен бірге еккенде Прибой немесе жартылай аласа Дон сияқты далалық экологиялық сорттары да жоғары өнім береді. Қазіргі кезде бір шаруашылықта биологиясы мен шаруашылыққа пайдалануы жөнінен ұқсас сорттардың екі немесе одан да көп мөлшерін аудандастыру мен егіп-өсіру пайдалы емес. Бұл керексіз көп сорттылыққа әкеп соқтырады, сорттарды ластайды және тұқым өсіру жұмыстарын қиындатады.Канадада бір топырақ-климат аймағында әрбір дақылдың 1 сортын ғана егіп-өсірумен шектелетін ереже 40 жылға жуық өз күшін жоймай келеді. Бұл көп сорттылықтан арылуға мүмкіндік береді және тұқым шаруашылығы жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді, Швецияда бір фермада екіден артық сортты өсіруге рұқсат етілмейді.
Жиырма бірінші дәріс
ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Сұрақтар:
21.1Тұқым шаруашылығының жалпы негіздері
21.3 Сортың сапасы
21.2 Сортжаңарту
21.1Тұқым шаруашылығының жалпы негіздері
Тұқым шаруашылығы ауылшаруашылығы дақылдардың аудандастырылған сорттар мен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылыктарды қамтамасыз етумен катар, тұқымдық дәннің сорттық, билогиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласы.
Тұқым шаруашылығы бір бірімен тығыз байланысты екі міндетгі аткарады.
Біріншісі, белгілі бір аймаққа енгізілген жаға сорттық жоғары сапалы тұқымын қажетті мөлшерге дейін көбейту. Бірақ жалпыламай көбейтудің нәтижесінде және сортты өзара пайдаланудың әсерінен, олардың өнімділігі азаяды.
Екінші міндеті - аудандастырылған өндірістегі сорттың тұқымның сапасын сақтау. Сондықтан тұқым шаруашылығында сорталмастыру және сорт жағарту қызметтері жүргізіледі.
Сорталмастыру - мемлекеттік сынақтық қорытындысы бойынша өндірістегі ескі сортты өнімділігі мен сапасы жоғары жақа сортпен алмастыру.
21.2 Сортжаңарту –
Сортжаңарту – сорттық, биологиялық қасиеттері төмендеген тұқымдарды сол сорттық жаға тұқымдарымен алмастыру.
Тұқым жағарту негізі - элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда - өте жақсы, деген мағынаны білдіреді. Сорттық ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.
Сорттық генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда - жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.
Элиталы тұқым өсіру кестесі:
I- жекелей сұрыптауда:
І-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі
2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі
1-4 жылғы көбейту питомнигі
4)суперэлита
5) Элита
Жаппай сұрыптау:
1)1-2 жылғы көбейту питомнигі
суперэлита
Элита
Өздігінен және айқас тозанданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитгі (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.
Сорттық бағалық, шаруашылық және биологиялық қасиеттерінің толығымен сақталып, жоғалмауы - сұрыптау кезінде жоғары өнімді, жақсы құрылған, сырт белгісі сортқа тән өсімдіктердің масақтары мен шашақ бастарын алу; жоғары агрофонда өсіру; тірлік және сорттық тазалауды жүргізу; сортқа сырт белгісі тән емес, нашар дамыған ауруға шалдыққан өсімдіктерді алып тастау арқылы жузеге асады. Жақсы ұйымдастырылған тұқым шаруашылығы тұқымдардың өнімін ұлғайтудағы өте қажетті сала.
Сорттық өнімділік сапасы егістікті тек кана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байкалады. Егістік материалдық құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады.
Тұқымның егістпік сапасы - оның тазалығы, өскіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.
21.3 Сортың сапасы
Сортың сапасы - сорттық тазалығы және сәйкестілігімен сипатталады.
Сорттық тазалығы процентпен көрсетілген, осы өсімдіктің негізгі сортының сабақсанының жаттыдамыған сабақсанына қатынасын айтады.
Тұқым өзінің тұқым қуалаушылық белгілерімен, касиетін, оның ішінде жоғарғы өнімділігін, тек кана жоғары сорттық тазалығымен қамтамасыз етеді.
Жоғары сапалы тұқымның, жоғарғы сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сортың тазалығына байланысты үш категорияға бөлінеді.
Бірінші класты және бірінші категориялы тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартка сәйкес келетін тұқымды кондициялы деп айтады.
Тұқымдық егіске бірінші кластық тұқым, ал өндірістік егістікке - бірінші және екінші класты тұқым пайдаланылады.
Өздігінен тозанданатын деңгейі және дәнді бұршақ дақылдардың 1, 2 және 3 категориялы тұқымдарының сорттық тазалығы 99, 5, 98, 0 және 95, 0% кем болмауы керек.
Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, е.гістік сапасы 1 кластан темен болмауы керек, тұқым жақсы толыкқан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдың салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.
Сорт жағартуда 5 және одан төменгі репродукциялық тұқым сол сорттың элитасымен немесе 1 продукциямен алмастырылады.
Сорт сапасының төмендеу себептері - тұқымның механикалык ластануы, биологиялық, мутациялық және айқас тозаңдану салдарынан ажырау болып табылады.
Механикалық, қоспа басқа сорттардың тұқымдарының қоспасы. Себу кезінде, тасымалдау немесе қырмандағы жұмысты нашар ұйымдастырудың нәтижесінде болады. Мысалы: күздік бидайда -кара бидай, жұмсақ бидайда - қатты бидай, сұлығаа - кара сұлы мен арпа, арпада - сұлы және бидай.
Биологиялық қоспа - егістіктегі сорттьщ баска сортпен немесе түрмен тозандануының әсерінен болады.
Жіктеу мутацияның пайда болуы – көбінесе буданды сорттардың гетерозиготты болуынан байқалады. өсімдіктердің аурулармен зақымдануының ұлғаюының салдарынан.
Өніп-өсу жағдайдың тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататын агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.
Тұқым шаруашылығы жүйесі кез келген дақылдың жоғары сапалы тұқымын жеткілікті мөлшерде қажетті қамтамасыз етіп өндіретін бір-бірімен тығыз байланысты өндірістік бірлік.
Ауылшаруашылық өндірісінің осы маңызды саласы қазіргі нарықтық қатынастағы жағдайға дайын емес.
1976 жылғы қабылданған тұқым шаруашылығының ақырғы жүйесі, осы саланы өндірістік негізде толық көшіруді карастырған, бірақ ол өндіріске толық енгізілуге үлгермеді. Қалыптасқан тұқым шаруашылығы жүйесіндегі құрылым, бағаның және экономикалық ұйымдасқан қатынастар, материалдық, техникалық, қорлардың казіргі жағдайлары осы саланың басты міндеті - селекция жетістіктерін жедел және толығы пайдалануга толық мүмкіндік бермейді.
Сондықтан тұқым шаруашылығының осы келесі мәселесі елдегі тұқым шаруашылығының жүйесін дамытуда тек көзқарасты өзгерту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тұқым шаруашылығы жүйесіндегі жұмыстарды ғылыми негізге жүйене отырып дұрыс ұйымдастыру керек.
Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастыруда бірінші ғылыми-өндірістік тұр, 1996 жылы қазак егіншілік ғылыми-зерттеу институтында құрылған республикалық "Асыл-тұқым" ассоциациясы.
Асық-тұқым" ассоциациясының қызметінің арадсында ғылым мен өндірістік күштері бірігіп, нарығы жағдайға бейімделген, тұқым шаруашылығының мүлдем жаңа жүйесі іске аса бастады.
Оның айырмашылығы бұрынғы 7-8 жылмен салыстырғанда құрағанда, жаңа сортты 3 жылда өндіріске толық енгізуге болады.
Ассоциация құнды сорттардың тұққымын жедел көбейтуді келісім негізінде жүргізеді.
Жоғарғы репродукциялық тұқымның көлемі керек тұқым көлемінің сұраным санына байланысты.
Казір ассоциация жүйесінде келісім бойынша 70-тен астам элита тұқым шаруашылығы және тәжірибе шаруашылыктары табысты жұмыс істеп жатыр.
Бірақ еліміздегі тұқымның сапасын бақылайтын жүйе құрылымдық және технологиялық өзгерістерді талап етеді. Тұқымның сорттық және егістік сапасын бұрмалауға жол бермеу үшін, оригинал сорттық бірдейлігіне кепілдік беру үшін және Қазақстандық тұқым өндірушілерінің халыкаралық нарыққа шығуы үшін, Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен: "Міндетті түрде сертификат толтыруға жататын өнімнің тізбесіне", тұқымды енгізіп, тұқымдық материалды сорттық сертификат толтыру жуйесіне кіргізу керек. Тұқымға сертификат толтыру әлемдегі барлық дамыған елде қабылданған. Осы елдердің тұқым бақылау әдістемелік жұмыстары халықаралық тұқым бақылау (ИСТА) ассоциациясында шоғырланған, әлемдік ғылымның нәтижелеріне сүйенеді.
Жиырма екінші дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |