Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет8/20
Дата03.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#8730
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Жапырақ - сабақ буындарында кезектесіп орналасқан, олар жапырақ қынабы мен жапырақ тақгасынан тұрады. Жапырақ қынабы түбіне дейін ажыраған, буынаралықгы түтік түрінде орап, сабақ буынан бекітілген. Жапырақ тақтасы сызықгы, паралелль жүйкеленген. Жапырақ қынабы мен жапырақ тактасының шекарасында тілше (лигула) бар. Тілше - өткізгіш шоқгары жоқ, сабақга тыіыз орналасқан жіңішке қабықша. Тілшенің екі жағынан сабанды күлақшалар орайды. Құлақшалар жапырақ тақгасының бүктелген жеріндегі жапырақ қынабының шетіндегі есінділер. кұлақшалардың кебіне кірпікшелері бар, ал кейбір бидайларда тілше де, құлақша да болмайды, жапырақ қынабынан тақтасының аралыгы анық емес.

Гүлшоғыры - масақ. Масақ білігі мүшелерден тұрады. Әрбір мүшенің жоғарғы жағында бір-бір масақша боладьх. Масақтың бүйір жағынан екі кдтар байкалады, олар масақкд 2 қатарлы пішін береді. Бет жағынан масақшалар кертпеше тәрізді орналасқан: өрбір масақша жоғарғы жағымен жоғарыда орналасқан масақша негізіне жатады

Масақша екі масақ қабыршақтарынан тұрады, олардың

жүйкелерінің кыры және негізгі бүйір жүйкесі күшті дамыған тісшемен аяқгалады.

Масақ кабыршақгарынын қыры (киль), масақша тісшесі және иіні бар. Сыртқы гүл қабыршақгары ұзынша немесе ұзынша-жүмыртқа төрізді, дөңес тегіс немесе түкті: қылтықгы бидайларда қылтық болады. Ішкі гул қабыршақгары дөнекті қүрсак куысы жағынан жауып тұрады, кылтығы жөне кылтық тәрізді күрылымы болмайды, екі қыры болады. Масақ қабыршактары көбіне қабықты, тек кейбір бидайдың тұрлерінеде жарғақгы немесе шөптесін.

Гүл қабыршақтары - бидайдың көптеген сорттары мен түрлерінде масақша қабықшаларынан ұзынырақ немесе бірдей.

Масақ білігі негізінен сыңғакты емес, жай, бүтакгы емес, масақ. піскен кезде биік мүшелерімен масақшаларға шашылмайды. Бидайдың кейбір түрлерінің (полба) масақтары пісіп жетілген кезде масақдіаларға оңай ажырайды.

Жалаңаш дәнді бидайдың дәнегі егін бастыру кезінде қабыршақтарынан оңай босатылады, ал қабықты жене полба бидайлары қиын бастырылады. Біліктің сырғақтығы -бидай түрінің айкрш белгісі, есіресе ол айқын айқалатын болса. Қабыкды бидайларда масақ шашылғанда масақшалар өзінің мүшесінің жоғарғы жағына бекінеді, ал полба бидайында білік мүшесінің төменгі шетіне бекінеді.

Бидай гүлдері сыртқы және ішкі гүл қабыршактарының арасында орналаскан. Гүлі қауырсынды, қоскалақгы аұзынан, түйіннен жөне 3 аталықтан тұрады. Түйін жоғары, бір ұялы. бір тұқым бүрісінен күралады.

Түйін түбінде аталықтардың артында 2 түссіз қабықша (лодикулалар) бар.



Тозаңқап тозаңның шашылып таралуына әсер етеді. Олар Гүлдену кезінде жарылады.

Тозаңның шар тәрізді, ұсақ, тегіс болып келеді. Түйін түбіндегі 2 лодикула гүлдену кезінде бөртіп, гүлдер жетілмеген дән береді немесе олар стерильді болып келеді.

Бидай дәнегі бос, яғни гүлқабыршақтарымен бірікпеген. Пішіні шар тәріздестен ұзарған сопақшаға дейін, бір дәндерінде – жапырайған болады. Дәнек ұзынша конус тәрізді пішінді, калиоптильден 2-4 ұрық жапырақтарынан және өсу нүктесінен тұрады.

Қандай сортын анықтау үшін оның қандай түрге жататынын білу қажет.

Дақылдардың апробациялық белгілері.

Бидайдың апробациялық белгілерін анықтау 3 кезеңнен тұрады. Ол үшін бидай түрін, түршесін және сортын анықтайды.



Түрді анықтау. Барлық астық дақылдардың ішінде бидай туысы түр құрамы бойынша алуан түрлі. Олар хромосомамен соматикалық клеткасының саны бойынша диплоидты 14 хромосомалы, тетраплоидты 28, гексаплоидты 42 хромосомалы 27 түрі анықталып отыр.

Диплоидты тобы жабайы бидайлар түрлерін: жабайы бір дәнді және урарту формалары (Tr. Boeoticum; Tr.urartu) мәдени қабықты – бір дәнді (Tr. Monococcum) біріктіреді.

Тетраплоидты тобы жабайы, мәдени қабықшалы жалаңаш дәнді бидайларды біріктіреді. Оларға жабайы тетраплоидты түрлер – арараттық (Tr.araraticumjak), жабайы қос дәнді (Tr.dicoccoides), мәдени қабықты - Тимофеев бидайы (Tr.timopheevi zhuk), полба (Tr.dicoccum), колхид полбасы (Tr.poleocolchicum), исфаган бидайы (Tr.isphahanicum), мәдени жалаңаш дәнді қатты бидай (Tr.durum), эфиопиялық (Tr.aephiopicum jakubs), турандық (Tr.turaricum), қатарлы немесе парсы (Tr.carhilicum), тригидум (Tr.turgidum), поляк (Tr.polonicum) бидайларынан тұрады.

Бидайдың гексоплоидты тобы мәдени қабықты Мах бидайын, спельтаны,Жуков бидайын, Вавилов бидайын, мәдени жалаңаш дәнді жұмсақ бидайды, ергежейлі бидайды, дөңгелек дәнді бидайды қамтиды.

Бидайдың түрлері масақтың тығыздығы мен ұзындығы бойынша, қылтықты ұзындығы және олардың бағыты бойынша, масақша қабықшалары – оның құрлысы және басқа да белгілері бойынша ажыратылады.

Кең таралған мәдени бидайдың негізгі түрлерінің ерекше белгілерікестеде көрсетілген.

Біздің елімізде өсірілетін бидай сорттарының көпшілігі қатты және жұмсақ бидай түрлеріне, сондай-ақ аз көлемде ергежейлі, қарталы (персикум), полба және тригидум түрлеріне жатады.

Жұмсақ бидай. Жұмсақ бидайдың масақтары қылтықты және қылтықсыз, піскен кезде масақшалары шашылмайды. Дәнектері қабыршақтары тығыз орналаспаған, оңай ажыратылады. Масақтық ұзындығы 5-19 см, енінен 4-5 есе ұзын болады. Масақтары орташа, тығыз және борпылдақ. Масақ қабықшасы көк тәрізді (қабықты) ұзындығы гүл қабықшасымен бірдей немесе сәл қысқа. Сыртқы гүл қабықшасы ішкі сұлы қабықшасынан қысқа немесе бірдей. Қылтықтары бүйір жағы бет жағынан жіңішкерек немесе тең. Кильдің тісшесі кей жағдайда қысқарған қылтыққа ауысады. Масақтың бүйір жағында білік масақшаларынан көрініп тұрады.дәні жартылай шынылы немесе шынылы, кейде ұнтақты. Айдары жақсы дамыған.

Қатты бидай. Масағы қылтықты, қылтықсыз формалары сирек кездеседі. Қылтықтары білікпен параллель және масақтан ұзын. Бүйір жағы бет жағынан кең және квадрат пішінді болып келеді. Масақ білігі масақшаларымен жабылған және байқалмайды. Масақ қабықшасының килі кең және оның түбіне дейін айқын көрінеді. Киль тісшесі көбіне кең, қысқа үшкір немесе доғал. Масақ астындағы сабан доғалдау. Масақ ұзындығы 5-13 см. Дәнегі орташа тығыз, пішіні дөңгелек-сопақ пішіндіден орақ тәрізді пішінге дейін кездеседі, ұзындығы 6-12 мм, шыны тәрізді.

Тритикум бидайы. Масағы жай немесе бұтақтанған, ұзындығы 7-15 см, орташа тығызды, кейде өте тығыз болып келеді. Масақша қабықшалары сопақ , көмпиген, гүл қабықшаларынан қысқа. Қылтықтар гүл қабықшаларының бір бөлігімен бірге оңай сынады. Дәнегі қысқа, ұзындығы 5-9 мм, домалақша немесе сопақ, көбіне ұнтақты.

Ергежейлі бидайы (компактум). Масағының құрлысы және биологиялық қасиеттері бойынша бұл түр жұмсақ бидайға жақын. Масағы қысқа және тығыз, біліктің 10 см ұзындығында 32-ден жоғары мүшелер орналасады. Оларда қысқа. Масағының ұзындығы енінен үш есе артады. Масақтың білігі қабырға жағынан масақшаларымен жабылған.

Поляк бидайы. Қатты бидайға жақын және қандауырлы қабыршағымен ерешеленеді. Қазақстанда көбінесе қабықсыз дәнді мәдени бидайлар өсіріледі. Көп тараған түріне – жұмсақ бидай, оның күздік және жаздық формалары, сонымен бірге жаздық қатты бидай жатады.

Түршелерді анықтау. Бидайдың түршелерін қылтықтың бар жоғымен, масақшаның қабыршағының түктілігімен, масақтың, қылтықтық және дәннің түсіне қарай анықтап біледі.

Түршелердің белгілерін анықтағанда өсімдіктің өсу жағдайын еске алу керек, өйткені бұл белгілері қоршаған ортаға байланысты өзгеруі мүмкін.

Төменде апробаторға сортты анықтау үшін белгілерді келтіреміз.

Қылтықты және қылтықсыз. Қылтықты формаларына тән болатыны – ұзын, егер масақтан ұзын болса, орташа – масақпен қылтық бірде, қысқа қылтық масақтан қысқа.

Орташа қылтықты формаларына тән болатыны –төменгі масақшаларында қысқа қылтық, ал үстінгілерінде ұзындары орналасқан.

Инфлятивті формаларда қылтық тәріздес тісшелер, әлде астыңғы жағы жалпақ және иілген үшкірлер кездеседі.

Қылтықсыз формаларында қылтық тәріздес тісшелер,үшкіршелер сыртқы гүл қабыршақтарында болады, әлде үстіңгі масақшада 2-3 см ұзындығы бар 2-3 қылтық өседі.

Өсімдікте масақ түктілігі байқалады, ол гүл қабыршағында әр түрлі шырайлы да сорттық белгі болып есептеледі.

Масақтың түсі. Түсімен 4 түрін бөледі: ақ- ақшыл- сары және сары қамыс тәріздес масақ, ал масақ қабыршағы сәл қызғылт-сары болады;

қызьл-боз қызылдан қызғылт - қызыл кызылға дейін;

сұр- қызғылт-сұр, қоңыр және сарғылт түстес;

қара-қара, көгілдір қара және қабыршақ шеттері қараланған;

Апробация жүргізгенде масақтың түсіне сырт жағдайлардыи экологиялық аудандарының ауысқаны, сондай-ақ, агротехникалық тәсілдердің қалай қолданылуыньң әсер ететіні естеріңізде болсын.

Қылтықтың түсі. Масағы ақ әлде қара болғанда, қылтық қабыршақ түстес немесе қара болуы мүмкін. Кейбір жағдайда қылтықтың қара түсі көрінбеуі мүмкін.

Дәннің түсі. Бидайды дәннің түсіне қарап, былай бөледі: дәнді -дән таза ақ, ұнтақ, жақұт түстес, шыны тәріздес ақ және сары; қызыл дәнді - дән қызғылттан шымқай қызылға дейін.

Келтірген кестелерде (1,2) бидайдың ең басты жұмсақ және қатты түрлерінің түршелеріне анықтама берілген.



Сортты анықтау. Сортты анықтап білу үшін оны қандай түр және түршеге жататынын байқау қажет. Содан кейін апробатор келесі - белгілерін жаза бастайды - масақтың пішіні, ұзындығы, тығыздығы, қылтығы, масақ қабыршағы, иықша тісшесі, масақ түсі, дәні, жапырақтары, бұта пішіні, өскіндері.

Масақтың пішіні. Масақтың үш пішінін ажыратады: І(сұрет) ұршық тәріздес, призма және шоқпар төріздес, ұршық тәріздес масақтыңң басы мен түп жағы сопақ;. цилиндрлікте - масақтың бар ұзындығы бірдей жалпақ; шоқпар тәріздесте - масақтың басы төменгі жағына қарағанда жалпақтау және тығыз.

Масақтың бүйірі мен бет жағы бірдей болса, көлденең кесіндісі квадрат тәрізді, ал бір жағы екінші жағынан жалпақ болса, онда тік бұрыш тәрізді болады. Масақтыңң пішіні көбінесе ұршық сияқтыдан призма тәріздеске дейін өзгереді.



Қазақстанда өсетін көптеген жүмсақ жаздық және күздік бидайдың сорттарының масағы ұршық немесе призма тәрізді, ал катты бидай масағы - призма төрізді болады.



1-сұрет, Бидайдың масағының пішіні:

- шоқпар тәріздес;

- ұршық тәріздес;

– цилиндр (призма) тәрізді



Масақ ұзындығы

Жұмсақ бидай сорттарының масақтарының ұзындықгары:

8 см болса - қысқа;

8-10 см болса - орташа;

10 см және одан көп болса - ұзын.

Қатты бидай сорттарынікі:

6 см болса - қысқа;

7-9 см болса - орташа;

3) 10 см және одан көп болса - ұзын.

Аудандастырылан сорттар үшін ең ұзын шама -15-19 см, ең азы 6 см.



Масақтың тығыздығы

Масақ тығыздығы масақша білігінің ұзындығы мен масақтағы

масақ санына байланысты. Масақ тығыздығын анықтау үшін
масақша санын біліп, ұзындығына бөліп, (1-ге шегеріп), 10-ға
көбейтеміз.

Д= (А-1)х10/В

мұңдағы,


А- масақша саны;

В- білік ұзындығы, см;

Д - масақ тығыздығының индексі.

Жұмсақ бидайдың 10 см білігіне 16 масақша сәйкес келетін болса, масақ борпылдақ, 17-22 масақша болса - орташа тығыз, 23-28-ден көп болса - өте тығыз болады.

Қатты бидайда сәйкесінше 25 масақшадан аз болса - борпылдақ, 25-29 масақша болса - тығыз, 29 масақшадан көп болса - өте тығыз болып саналады.
Қылтықтылық

Сипатына қарай бидай қылтықтары дөрекі (қалың, қатты), нәзік (жұқа), аралық (орташа) күйде болады. Өсімдік ылғалға қаныққан сайын қылтығы нөзіктене бастайды, немесе керісінше процесс жүреді. Бидай тісшеленуіне қарай ірі немесе ұсақ тісшелі болады.

Сынуына байланысты бөледі:

Дөрекі қылтықтар онша иілмейді, жеңіл бастырылады.

Жұмсақ бидайдың қылтықсыз сорттарында масақ, гүлдерінің жоғарғы бөлігінде қылтық тәрізді өскіншелер болады.

Дән консистенциясы (құрылымы)

Консистенциясы бойынша бидай дәні ұнды, жартылай ұнды, жартылай шынылы және шынылы болады.

Айдарша мөлшері және оның түктілігіне байланысты ажыратылады.

Көпшілік жағдайда қатты бидай дәндері сәл ғана дамыған айдаршасымен ерекшелінеді. Ал, жұмсақ бидайда айдарша жақсы дамыған.

Жұмсақ жөне қатты бңдайдың экологиялық топтарынын
айырмашылық белгілері кестеде берілген. Олардың ұзындығы -2-3 см.
Масақтыңң ортаңғы бөлігінде олар қысқа, төменгі бөлігінде мүлде
болмайды.

Масақша пішіні

Бидайда масақша пішіні түрімен сорттың тобына байланысты болады. Кең тараған жұмсақ бидай сорттарының көпшілігінде масақшасы ұзынша, яғни ұзындығы енінен ұзын болады.

Масақша қабықшасының пішіні. Масақша қабықшасының негізгі
пішіндері немесе формалары:

1) Сопақша - ұзындығы енінен екі есе ұзьн;

2) Қандауырлы - ұзындығы енінен екі еседен ұзынырақ болады;

3) Жұмыртка тәріздес -жоғарғы бөлігі жіңішке, төменгі жағы немесе негізі жалпақ;



4) Күрек тәрізді - аздап созылыңқы, қабықша ұзындығы енінен екі
есе немесе екі еседен сәл ұзын.

Масақша қабығының мөлшері. Әр пішіндегі қабықшалар


қампиған және тегіс болуы мүмкін. Ол мөлшері бойынша былай
бөлінеді:

7-8 мм - қысқа;

9-10 мм - орташа;

11-12 мм - ұзын. Ені 3 мм болса - жіңішке, 4 мм -орташа, 5 мм- жалпақ.

Жұмсақ бидай сорттарының масақша қабықшасынынң мөлшері тұрақты, бидайдікі құбылмалы болады.

Масақша қабықшасының иығы - бұл қабыкшаның түйін тісшесі, негізі мен қабықша сыртқы аралығындағы жоғарғы кескіні.

Иықша ені бойынша тұйір қыр былай бөлінеді:

1) Жіңішке 1 мм аз болса;

2) Орташа 1-2 мм;

3) Енді немесе жалпақ 2 мм-ден көп әдетте масақтың төменгі
масақшалырында иықша болмайды, ортаңғыларында тік жоғарғысында
- көтеріңкі болады.

Масақша кабықшасының қыры (киль) анық немесе аздап көрінеді. Қабықша негізіне дейін жетіп тұрады, немесе төменгі бөлігінде мүлдем болмайды, ал қатты бидай сорттарында - жалпақ, ете анық көрініп тұрады.

Түйіннің тістілігі де сорттың жақсы бір белгісі, бірақ оны үлкейткіш шынымен (лупамен) ғана көруге болады.

Масақша қабыкшасының, қырының тісшесі. Мұны: ұзындығы мен пішініне байланысты ажыратады.

2 мм-ге дейінгі ұзындықта болса - тісше қысқа;

3-5 мм - орташа ұзын;

6-10 мм - ұзын;

4) 10 мм жөне одан көп болса, қылтық; тәрізді. Пішіні бойынша:

1) Тік;

2) Бүгілген, еңкіш.



Иықша жақ бетіне бүгілген тісшені күршек тәрізді деп атайды.

Қысқа тісшелердің көшпілігі төмені масақшаларда, ұзындары -жоғарғы масақшаларда болады.

Кабықша негізі - бұл түр және топтың белгісі, кейде сорттың белгісіне жатады,

Жұмсақ бидайдың көпшілігінде негізі жіңішке тік, көлденең, қыртысты және еңкіш, катты бидайда кең, жартылай дөңгелек қыртыссыз және сығылмаған.



Дәні. Бидай дәнін мөлшері, пішіні, іршігі, түсінің,

қарқындылығы, шынылығы, айдаршасының бар-жоқгығына және фенолмен реакцияға түсуіне байланысты ажыратады.

Дән пішіні сопақша - ортаңғы бөлігі жалпақ және ұшы мен негізіне қарай сүйірлене біткен.

Жұмыртқа төрізді – төменгі бөлігінен немесе жалпақ, жоғарғы жағы - сүйір, бөшке тәрізді - қысқа, дөңгеленуге икем, ұзындығы енінен сәл ұзын.

Жұмсақ бидай дәнінің ұзындығы сортына байланысты 3,8-ден 11,1 мм-ге дейін ауытқып отырады, қатты бидайда 5-тен 12,2 мм-ге дейін мөлшері бойынша:

ұсақ - 5-6;

орташа - 7-8 мм;

ірі - 8-мм-ден көп.

Ірілігі (мың) 1000 дән массасына байланысты болады. Ірі дәнділер сортына 1000 дән массасы 30 г-нан асатындар жатады. Ірілігі орташаға 25-30 г; ұсақ дәнділерге - 25 r-нан төмендегілерге жатады.

ЖАЗДЫҚ БИДАЙ СОРТТАРЫ

Безенчукская 98

Бұл сорт Куйбышев мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибе станциясының ДС-11-24-44 солтүстік американ буданы мен әрироспермум Б - 47 будандастырылып алынады.

Ботаникалық сипаттамасы

Түршесі әритотросперум (erythrospermum ). Масақтары қылтықты, ақ, қабықшасы түксіз, дәні қызыл. Далалық - еділдік экологиялық топқа жатады. Масағы таспа тәрізді, ұзындығы орташа (8-9 см), борпылдақ (10 см ұзындыққа 15-17 масақша келеді), кейде орташа -тығыз (18-20 масақша).

Масақша қабықшасы дөрекілеу, сәл қампиған, сопақша жұмыртқа тәрізді (ұзындығы 7, 5-8,0 мм, ені 3-4 мм) қабықша негізінде әжімдер мен сығылған күйі жақсы байкалады.



Қырының тісшесі үшкір, қысқа, 2 мм немесе 3-5 мм. Дәні сопақша немесе жұмыртқа тәрізді, шыны немесе жыртылай шыны тәрізді, орташа ірі немесе ірі. 1000 дән массасы -30-35 г.

Фенолмен боялғандағы түсі қара немесе қоңыр. Шашылып қалуға төзімді, жақсы бастырылады.

Сабағы, жапырағы, бұтақ пішіні

Сабағы - сабан, биіктігі орташа немесе биік (85-120 см), жатып қалуға төзімді.

Жапырағы ашық - жасыл, түктілігі сирек.

Бүтағы тік, егін көгі сәл түкті, колеоптилі антоцианмен боялмаған.

Шаруашылықтык бағалы белгілері.

Орташадан кем пісетін сорт.

Өсу-даму кезеңі 86-96 тәулік.

Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Сортаң тапырақта жақсы өседі. Бурыл тотпен, тозаң ауруына сәл ғана шалдығады.

Тамыр шірігімен және септериозбен орташа зақымданады. Нандық және дәмдік сапасы жоғары, күшті бидай тобына жатады. Қызылорда облысында аудандастырылған.



Жигулевская. Бұл сортты Куйбышев ғылыми институында Безостая I (күздік) мен Безенчукская 98 /жаздық/ сорттарын будандастырылып алынған.

Ботаникалық сипаттамасы.

Түршесі - әритросперум. Масағы қылтықты, ақ, қабықшасы түксіз, дәні қызыл.

Еділдік - орманды-далалық экологиялық топка жатады.

Масағы - призма пішіндес, ұзын, тығыздығы орташа (10 см ұзындыққа 18-20 масақша келеді.) Ортаңғы бөлігіндегі масақшалары төрт дәнді.

Масақша қабықшасы жұмыртқа тәрізді (ұзындығы 6-8 мм).

Қыры анық көрінеді, масақша қабықшасының тісшесі үшкір. Гүл қабықшасы дәндерін толық жауып тұрады.

Дәні сопақша, шыны тәрізді, қарқынды, ірі. 1000 дән массасы -30,7- 45,6 г.

Шашылып қалуға төзімді, жақсы бастырылады.

Сабағының биіктігі орташа (96-100 см) жатып қалуға төзімді. Жапырақтары ашық-жасыл орташа енді. Егін көгі орташа түкті.

Шаруашылықтық бағалы белгілері

Орташа мерзімде, 76-86 тәулікте жетіледі, құрғақшылыққа тезімді. Ауруларға орташа төзімді. орташа өнімділігі 21,3 - 33 ц/га. Күшті бидай сортына жатады. Солтүстік Казақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында аудандастырылған.



Иртышанка 10

Сібір АШҒЗИ-да будандық попудяциадан сұрыпталынып алынған (СКАЛАХ Саратовская 36).

Сорттың авторлары: В.П.Высокос, В.С.Сусляков, Л.А.Михеев 1986 ж аудандастырылған.

Ботаникалық сипаттамасы

Лютесценс (Lutescens) түршесіне жатады. Масағы ақ, түксіз, қылтықсыз, дәні қызыл. Орманды-дала сібір-жайық экологиялық тобына жатады.

Масағы призмалы, ұзындығы 8-10 мм, ені -4-6 мм. Қабықшаларының тікенектері жақсы көрініп тұрады. Масақша қабағының тісшесі қысқа (1-мм-ге дейін), иығы орташа, тік ұзындығы 3-мм-ге дейін болады.

Дәні сопақша, қызыл, ірі.


1000 дән массасы-37-2-42,1 г. ...

Сабағы - орташа биіктіктегі сабан, жатып қалуға төзімді.



Шаруашылықгағы бағалы белгілері

Орташадан ерте, Саратовская 29-дан 1-4 тәулік ертерек пісетін сорт. Көктемгі-жазғы құрғақшылықка орташа төзімді, шашылуға төзімді. Тот ауруымен орташа залалданады, тозаңды қара күйе ауруына, тамыр шірігіне бейім.

Күшті бидай сортына жатады.

Нандық сапасы жоғары.


Өнімділігі бойынша Саратовская 29-дан қалыспайды. Солтүстік

Қазақстан облысында интенсивті технология жағдайында

аудандастырылған.

Саратовская 29.

Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да Альбидум 24хЛютесценс 55/11 сорттарының будандарын сатыла будандастыру арқылы алынды. Авторлары Шехурдин А.П., Мамантова В.И., т.б.



Ботаникалық сипаттамасы

Түршесі лютесценс (Lutescens) "Масағы қылтықсыз, ақ, қабықшасы түксіз, дәні қызыл.

Далалық-Еділдік зкологиялық топқа жатады. Масағы призма пішіндес, жоғары (8-10 см) мен тығыздығы орташа (10 см ұзындығына 18-20 масақша келеді). Масақ ұшында қылтық тәрізді 1,5 см мұртша бар. Масақша қабықшасы жұмыртқа - қандауыр пішінді, мөлшері орташа (ұзындығы 8-9 мм, ені З,5-4 мм) дөрекі, жүйкешелері (нервация) анық көрінеді. Гүл қабықшалары дәнді тығыз, көмкермеген.

Дәні ірі, шыны немесе жартылай шыны тәрізді, ұзынша, 1000 дән массасы 32-42 г. Сабағы- сабан, биіктігі орташа немесе биік (75-120см), жатып қапуға орташа төзімді.

Жапырағы ашық сары түсті, ұзындыіы мен ені орташа. Егін көк түсті болады.

Шаруашылықгағы бағалы белгілері:

Орташа пісетін сорт, 80-120 тәулікте пісіп жетіледі. Құрғақшылыққа төзімділігі орташадан жоғары, шашылуға төзімді. Тозаңды қара күйеге аз шалдығады, бурыл тот жөне қатты қара күйемен қатты залалданады. Швед шыбыны мен сабақ бүргесіне орташа төзімді.

Нандық сапасы жоғары.

Күшті бидай тобына жатады, оның ұнына тең келетін сорт жоқ. Ақтөбе, Шығыс-Қазақстанда, Жезқазған, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, т.б.облыстардың барлығында аудандастырылған. Егіс көлемі (1982) 10088,7 мың га.



Целинная 21

Қазақ астық шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында жаздык бидайдың Ласточка және Саратовская 29 сорттарын будандастырып алывды. Авторлары З.К.Мовчан, В.И. Кандауров.



Ботаникалық сипаттамасы

Түршесі лютесценс (Lutescens)

Масағы ақ, қылтықсыз, түксіз, дәні қызыл, далалық- шығыстық экологиялық топқа жатады. Масағы цилиндрлі жоғары қарай сәл қысыңқы, тығыздығы (10 см білік бойында 17-20 масақша) және ұзындығы орташа 7-9 см.

Масақша қабықшасы дөрекілеу, шығыңқы, жұмыртқа-қандауыр пішіндес. Тісшесінің ұзындығы орташа, тік, сүйір.

Дәні: сопақша-ұзынша, ашық-қызыл, ірі. 1000 дөн массасы 31,1-/ -43,6 г.

Сабағы - сабан, биіктігі орташа. Жапырағы қара-жасыл, түкті.



Шаруашылықгаш бағалы белгілері.

Өсу-даму кезеңі бойынша орташадан кеш пісетін сортқа жатады. Бурыл тот және тамыр шірігімен күшті залалданады, жатып қалуға бейім.

Нандық сапасы жоғары күшті бидай тобына жатады. Солтүстік Казакстан және Ақмола облыстарында аудандастырылған.

Казахстанская 25 (Лютесценс 60S) -В.Р.Вилъямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ-да ҒЗ будандық популяциядан (Россиянка х Набат) жеке сұрыптау өдісімен алынып шығарылған.

Лютесценс түршесі.

Сорт орташа піскіш, вегетациялық кезеңі 86-101 күн. Биіктігі 95 см-ге дейін. Құрғақшылыққа, шашылып қалуға төзімді. Тозаңды және қатаң қара күйеге орташа төзімді, қоңыр және сабақтық татқа қанағатганарсыз төзімді.

Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.



Целинная 3с - А.И.Бараев атындағы Қазақ астық
шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған.

Лютесценс түршесі.

Орташа піскіш, вегетациялық кезеңі 77-80 күн. Биіктігі 70-100 см. Жатып қалуға 3-4 балл. 1000 дәннің массасы 29-35г. Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
ЖАЗДЫҚ ҚАТТЫ БИДАЙ СОРТТАРЫ
Алмаз (леукерум 52)

Сібір АШҒЗИ-да жаздық қатты бидай мен полба сорттарын кұрделі айқастыру арқылы алынды. (Ракета х Көкшетау полба) х Церулесценс 95 х леукурум 18.

Авторлары В.А. Савицкая, Г.М.Летова.

1981 жылдан бастап аудандастырылған.



Ботаннкалық сипаттамасы

Леукурум түршесі.

Масағы ақ, қылтыққы, қабықшасы түксіз, қылтықтары ақ, дәні ақ. масақ пішіні призмалы, ұзындығы орташа, тығызырақ. Қылтықтары масаққа параллельді, ұзын тісті. Масақша қабықшасы сопақша, жүйкешелері /нервация/ әлсіз, тісшесі ұзын, үшкірленген.

Дәні сопақша, айдаршасы түзу, ірі. 1000 дән массасы 39-47г, сабағы -сабан, биіктігі орташа, 80-110 см, жатып қалуға төзімді, жапырағы жасыл.



Шаруашлықтағы белгілері:

Орта мерзімде пісетін сорт, өсу-даму кезеңі 78-92 тәулік. Қара күйемен орташа залалданады, қоңыр тот ауруымен әлсіз. Макарондық сапасы жақсы, стандартқа жақын.

Көкшетау, Қостанай облыстарында аудандастырылған.

Безенчукская 139

Куйбышев ғылыми-зерттеу институтында будан популициясын бір ретті сұрыптап алу әдісімен /Гордейформе 10 х Леукурумб-40/ х Харковская 46 алынды.



1982 жылдан бастап аудандастырылды. Авторлары В.Д-Артамонов, А.И.Каширова, т.б.

Ботаникалық сипаттамасы

Гордейформе түршесі

Масағы кылтықгы, қызыл, қабықшасы түксіз, дәні ақ. Масағы призма пішіндес, тығыздығы орташа /10 см білік ұзындығына 25-28 масақша келеді/. Қылтықтары тісті, масақтан екі есе ұзын және оған параллельді.

Масақша қабықшасы сопақша- қандауыр пішінді. Масақша қабықшасының тісшесі қысқа /2 мм- дейін/. Гүл қабықшалары дәнді тығыз жауъш тұрады жөне шашьшып қалудан қорғайды.

Дәні шыны тәріздес, ақ, сопақша, ірілігі орташа, кейде ірі. 1000 дән массасы 36-45 г.

Сабағы - сабан, ұзындығы /113-ІЗІсм/, жапырағы жасыл,әлсіз түкгі.



Шаруашылықгағы бағалы белгілері:

Орташа пісетін сорт жатып қалуга және құрғақшылыққа төзімді. Қара күйемен орташа деңгейде залалданады, бурыл тотпен-әлсіз, макарондық сапасы өте жоғары. Көкшетау, Павлодар, Алматы, Қостанай және Ақмола облыстарында аудандастырылған.



Тапсырмалар:

1. Бидайдың сорттық белгілерге 1-кестеде сипаттаңыздар.

2. Жұмсақ және катты бидайлардың экологиялық-географиялық

топтарымен танысыңыздар. 3- Жаздық бидайдың Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған.

Сорттарының сипатын 2- кестеге жазыңыздар.

1.2 АРПА

1) Апробациялық белгілері

2) Арпа сорттарының экологиялық топтары

жаздық арпа

3) Жаздық арпа соттары

Ботаникалық сипаттамасы: Арпа (Hordeum) туыстасына, астық тұқымдасының туысына жатады. Оларда бір мәдени (hordeum vulgare) және 24 жабайы өсетін түрлері бар. Соңғылардың ішінен тек (H.spontsneum) дәнінің көлемімен мәдени түрге жақын. Ал басқалары өте ұсақ дәнді бір және көп жылдық мал азықтық өсімдіктер. Бұл түрлердің тобы, арпа шөптері (Subgenus Hordeastum /Doell/ Royemend Trof) түр тармағына жатады.

Мәдени арпа- бір жылдық ірі дәнді күздік және жаздық типті өсімдік. Нағыз нандар тобына жатады. Бұл түр үш түр тармағына бөлінеді: көп қатарлы, екі қатарлы және аралық.

Қазақстанда мәдени арпаның екі түр тармағының сорттары өсіріледі.

1. Вульгаре түр тармағы (H.vulgare) - көп қатарлы немесе
кәдімгі арпа. Масақ тығыздығына қарай ол дұрыс алтық атарлы (алты
қырлы) және бұрыс алтықатарлы (төрт қырлы) арпаға бөлінеді.

2. Дистихум түр тармағы (H.dictichum) - екі қатарлы арпа. Кер-
Кертпешеде орналасқан үш масақшаның ортасындағы дән береді,
ал бүйіріндегілер жеміссіз.

Өз кезегімен түр тармақтары (жиылған топтарға) бөлінеді, яғни қауыссыз және қауызды арпаларға.



Апробациялық белгілері

Мәдени арпаның түршелері: түр тармағын анықтағаннан кейін сорттың ботаникалық түршесін белгілейді, ол үшін мынандай морфологиялық белгілерді алады: масақтың түсі мен тығыздығы, масақша қауызының ені, дәннін түсі, қылтықтың ұзындығы, тісшелігі және түсі, екі қатарлы арпалардың бүйріндегі жеміссіз масақшалардың гүл қауызының даму деңгейі. т.б. Мәдени арпаның 200 астам ботаникалық түршелері бар солардың ішіндегі кең тарағандары кестеге кірген. Ыңғайлы болу үшін олар 6 топқа белінген.

Сорттардың белгілері. Сортты анықтағанда ботаникалық түршелерінен басқа морфологиялық белгілерін ескеру керек - масақ пішін мен оның иілуі; гүлдік қауызы мен негізінен түктенуі, т.б. белгілеріне қосымша жататындар - сабақгың жуандығы, биіктігі, жапырылуға төзімділігі, балауыздың жапырақ қынабында, жапырақта және масақта қоюлануы, антоционды білінуі, иммунологиялык, биологнялқ, технологиялық және биохимиялық ерекшеліктері.

Масақтың белгілері:

Масақтың пішіні. Алты қатарлы, көлденеңінен қарағанда ромб, шаршы, тікбұрыш пішіндес болып келеді.

Масақтьщ тығыздығы ең басты сорттық белгі және масақ өзегінің 4 см-ге мүше санымен анықталады, Бұл белгі бойынша масақ келесі топтарға бөлінеді: өте борпылдақ (d z 8), борпылдақ (d = 9-11), орташа тығыз (d =12-14 8), тығыз (d=15-19) және өте тығыз (d=20-дан көп).



Масақтың ұзындығы. Бұл белгі өсіру жағдайына байланысты, борпылдақ масақты формаларының масағы тығыз формалыға қарағанда ұзындау келеді. Екі қатарлыға қарағанда ұзындау келеді. Бірақ та, масақ ұзындығы өнімділікті көрсетпейді, егер дәндердін саны мен 1000 дәннің массасын көрсетпесек.

Қылтықтары. Қылтықтың айырмашылығы сортты анықтауға үлкен көмек береді. Ол үшін түсін, ұзындығын, тісшелігін, дөрекілігін, енін, гүлдік қауыздардың қылтықка ауысуын т.б. еске алу керек. Қылтықтың орнына үш қанатты қалақтар, яғни фуркалар өсуі мүмкін.

Дәннің белгілері. Дәннің пішіні іші жағынан анықталады, ол ұзынша, эллипс немесе ромб тәріздес болуы мүмкін. (2 сұрет).


2 -сұрет. Дәндер пішіні

1.Ұзьнша;

2омб тәріздес;

3.Элиипс төріздес;

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет