монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органды осы Кодекстің 201-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.
Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.
Монополияға қарсы органды:
1) екi және одан көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерi, байқаушы кеңестерi немесе басқа да басқару органдарының құрамына кіретін жеке тұлға, олардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын болса, аталған жеке тұлға;
2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқаулар беру не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру үшін мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденетін (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.
207-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып