шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы 1. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органға хабарлама келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк қырық бес күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермесе, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі.
2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасау бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтаса, монополияға қарсы орган мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiс нұсқама шығарады.
3. Мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның осы нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.
210-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы