Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


инвесторлардың қызметiн құқықтық қорғау



бет140/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   160
инвесторлардың қызметiн құқықтық қорғау
кепiлдiктерi
1. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.
2. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген зиянды инвестордың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.
3. Тараптардың келiсiмi бойынша шарттарға өзгерiстер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Бұл кепiлдiктер:
1) акцизделетiн тауарлар импортының, өндiрiсінiң, оларды өткiзудің тәртiбi мен шарттарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуіне және (немесе) олардың өзгерiстерiне;
2) ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.
277-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi
Инвесторлар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн өзiнiң қызметiнен алынған кiрiстердi өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан Республикасының банк және валюталық заңнамасына сәйкес ұлттық валютада және (немесе) шетелдiк валютада банк шоттарын ашуға құқылы.
278-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет