кездегі тұрақтылық кепілдігі 1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Кодекстің 286-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
290-бап. Салықтар бойынша преференциялар 1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды, сондай-ақ инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
1) инвестициялық басым жобалар үшін:
есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
2) инвестициялық басым жобаларды және инвестициялық стратегиялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін – инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдың импортын қосылған құн салығынан босату;
3) инвестициялық стратегиялық жобалар үшін:
инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
291-бап. Инвестициялық субсидия 1. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі инвестициялық субсидия болып табылады.
2. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.
3. Инвестициялық субсидия растайтын құжаттар негізінде қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын, іс жүзіндегі шығындардың орнын отыз пайызға дейін өтеу арқылы беріледі.
4. Инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар болып табылады.
5. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
6. Инвестициялық субсидияны төлеу инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған кезде, өндіріс инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
7. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
292-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған